Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет322/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін сөздер: ұлттық патриотизм, ұлттық дүниетаным, ұлттық тəрбие, бəсекеге қабілетті маман. 
 
«Тəрбиеден  мақсұт  -  бала  тəрбиесінің  дəл  өзіндей  шығаруында  емес,  өз  заманына  лайық  қылып 
шығару.  Əр  тəрбиешінің  қолданатын  жолы  -  ұлт  тəрбиесі»  деп  М.  Жұмабаев  айтқандай,  ұрпақ  тəр-
биесі білікті де, білімді ұстаздар қолында. Ұстаздың пайдаланатын негізгі қолданатын құралы –  ұлттық 
тəлім-тəрбие. Əр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің 
ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тəрбиелеу. Бұл хақында, халқымыздың ұлы батыры 
Бауыржан Момышұлы «Ұстазға ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тəрбиелейді. Болашақтың басшысын 
да,  данасын  да,  ғалымын  да,  еңбекқор  егіншісін  де,  кеншісін  де  ұстаз  өсіреді.  Өмірге  ұрпақ  берген 
аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тəрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз», - 
деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шəкірттің жанына нұр құйып, 
өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы 
да бөлек. 
Халықтардың ұлт болып қалыптасуында ұлттық тəрбиенің негізгі кілті халық даналығынан бастау 
алатындығы туралы М.Қ.Жұбанова «Ұлттық тəрбие тағылымы» атты еңбегінде: «Ғылыми педагогика 
əр  халықтың ұлттық  тəрбиесінің  сол  үздік  амал-тəсілдерін  зерделеп,  оқу-тəрбие  ісінің  ғылыми  əдіс-
терін дамытып, молайтып отырады: Олай болса, ұлт өкілдерінің ұлттық тəрбие тəсілдеріне көңіл аударып, 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
210
 
оны  зерттеп,  ғылым  елегінен  өткізуінің  маңызы  зор.  Ол-ұрпақ  тəрбиесінің  жаңа  қыры  мен  сырын  ашуға 
үлес қосатын қазына» деген құнды пікірін білдірген. Олай болса, халықтық салт дəстүрлердің тəлім –
тəрбиелік, білім танымдық ролі зор. Осындай қазынаны ұрпақ беруші, жеткізуші ол - білікті маман.  
Сонымен қатар, ұлттық тəрбиенің тағы бір өзіндік ерекшілігі мынада, ғылыми педагогика тəрбиені 
оқыту  мен  білім  беру  үдерісімен  бірлікте,  тұтастықта  іске  асыруында.  Ұлттық  тəрбие  тəрбие  мен 
білімді бірлікте қарастырады. Ұлттық тəрбие бір орында тұрып қалмайды. Қоғамныңөзгеруіне, адам-
ның санасының дамуына байланысты жаңарып отырады. 
Ел  Президенті  Н.  Назарбаев  халыққа  жолдауында:  «Еліміздің  ертеңі  мен  бүгіні  -  жас  ұрпақтың 
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» - деп, ұстаздарға үлкен міндет жүктеген. 
Сол себепті, қазіргі формация мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, жаңалыққа жаны 
сергек, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, білім алушылардың қызығушылығы мен қабілетін, сондай-ақ, 
өз іс-əрекетін ұйымдастыра алатын əрі шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуы тиіс.Сонда 
ғана еліміздің  болашағына  өз  үлесін  қоса алады.  Сонымен қатар,  өзінің  қабілетін, шеберлігін,  алған 
теориялық  білімін  тəжірибемен  ұштастырғанда  ғана  құзыретті  мұғалімге  тəн  іскерлік,  шеберлікті 
қалыптастырады.
 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру мен тəрбиелеу саласының түбегейлі өзгеруі 
қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге ұлттық сананы, əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімізді, халықтық қадір-
қасиетімізді жаңартуымызға елеулі септігін тигізіп отыр. 
Мемлекеттің  одан  ары  өркендеуiнiң  негiзгi  тұтқасы  болатын  парасатты  жəне  бiлiмдi  тұлғаны 
дайындауда  ұлттық  тəрбиенiң  атқаратын  маңызы  орасан  зор  екенi  сөзсіз.  Бұған  дəлел  ретінде  бір-
қатар  ғалымдарымыздың  пікірін  келтіргім  келіп  отыр.  Қазақстан  ПҒА-ның  президенті,  п.ғ.докторы, 
профессор,  академик  А.Құсайынов:  «Білім  беру  деңгейі  –  экономикалық  жəне  ғылыми-техникалық 
прогрестің  бастау  көзі,  мемлекет  пен  қоғамның  табысты  кепілі.  Қазақстанда,  тарихи  тұрғыда,  білім 
беру  идеялары  қашан  да  берік  рухани-адамгершілік  бағдарларға  сүйеніп  келген.  «Мəңгілік  Ел» 
жалпыұлттық  патриоттық  идеясын  іске  асыру  мақсатында  балаларды  тəрбиелеуде  жəне  оқытуда 
ғасырлық  тарихи  дəстүрі  бар  қазақ  халқының  ұлттық  тəрбиесінің  негізгі  идеялары  мен  құндылық-
тарын  қалпына  келтіріп, кеңінен  пайдалануымыз  керек»  десе,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  ректоры,  ҚР 
ҰҒА  академигі  С.Пірəлиев:  «Біз  Қазақстан  «Ұлы  Дала  Елі»  бедел-бейнесінің  терең  мағынасы  бар 
екеніне сенімдіміз. Бұл идеяны бүгінгі жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, патриоттық рухын, азамат-
тық  жəне  əлеуметтік  белсенділігін,  тарихи  санасы  мен  əлеуметтік  жадысын  дамытпайынша  жүзеге 
асыру мүмкін емес» деген құнды пікірлерін аңғаруға болады [1]. 
Расында  да,  озық  жетiстiктерге  негiзделген  бiлiм  нəрiмен  қатар,  ұлттық  тəрбие  құндылықтарын 
бойына  сiңiрген  ұрпақ  қана  ұлт  тағдырын  терең  таразылап,  болашағын  болжай  алатын,  қоғам  сұра-
ныстарына жауап беретін бəсекеге қабілетті тұлға ретiнде танылады. 
Тарихи  тəжірибе  көрсетіп  отырғандай,  өз  халқының  мəдениетін,  оның  өткені  мен  бүгінін  білмеу 
жалпы адамның жəне халықтың дамуына орны толмас шығын əкеледі: 
1) ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен уақыт байланысының бұзылуына;  
2) жастар арасында сан алуан діни көзқарастардың белең алуына;  
3) кəмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстың өсуіне;  
4) маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық; өзіне қол жұмсау жағдайларының, жезөкшеліктің, қа-
тігездік пен зұлымдықтың көбеюіне;  
5) əскери борыш пен əскери кəсіпке деген жағымсыз қатынас жəне дене дайындығының əлсіреуі 
арқылы сипат алатын жас ұландарымыздың өз Отанын қорғауға дайын еместігіне. 
Қазақстанның  əлемдегі  бəсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын  белгілеген 
Елбасы Жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлар біліктілігі мен оларды қайта даярлау 
жүйесіне зор маңыз берілген. Сондықтан, егеменді еліміздің ең басты мақсаты - өркениетті елдердің 
қатарында болу, бүкіл əлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім 
беру жүйесінің даму бағыттарын жаңа арнаға, жаңа сапаға жеткізудің қажеттілігін алға тартады.  
Əл-Фараби  ізгі  қоғам  құру  үшін  мəселені  ең  алдымен  жастар  тəрбиесінен  бастау  керек  –  дейді. 
Себебі,  келешек  қоғамның  болашағы  тəрбиелі,  білімді  жастар.  Сондықтан  тəрбие  мəселесін  білім 
беруден  бөліп  алуға  болмайды.  Қайта  оны  үнемі  басты  назарда  ұстап,  ең  маңызды  мəселе  ретінде 
қарастыру  толыққанды  ұлттық  тұлғаны  тəрбиелеуге  негіз  болады.  Білім  сапасы  саналы  тəрбиемен 
ұштасқанда  ғана  ұлт,  мемлекет  жəне  халық  мүддесіне  қызмет  етіп,  қоғам  өзінің  рухани  дамуында 
үлкен серпіліс жасайды. Тəрбие мен білім бірегей, қатар жүретін үрдіс. Кез-келген білім - таным мен 
тағылымның  нəтижесі.  Олай  болса,  тəрбиеден  тыс  білім  –  рухани  нысанадан  алшақ,  патриоттық, 
отансүйгіштік сезімі жоқ, біржақты ұрпақты тəрбиелеуге əкеледі. Тəрбие абстрактілі берілмейді. Тəрбие – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет