Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет323/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   464
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
211
 
белгілі  бір  қоғамда  өмір  сүруде,  ұлыс  пен  ұлтты  дамытуда  нəтижеге  қол  жеткізетін,  ұлты  мен  қоғамды 
дамытатын қозғаушы күш. Ендеше, жас буынның бойында ұлтжандылықты қалыптастыру – жаппай 
жаһандану заманында ұлттық үрдістерімізді сақтап қалудың бірден-бір жолы.  
Жаңа білім парадигмалары бірінші орынға тұлғаның білімін, білігі мен дағдысын емес, оны жан – 
жақты дамыту, ұлттық тəлім – тəрбиені бойына сіңірту, рухани жан дүниесін қалыптастыру міндетін 
қойып,  мемлекетіміз  білім  кеңістігіне  аяқ  басқан  кезеңінде,  ғылым  –  білімнің  құндылығын,  рухани 
маңыздылығын қояды. 
Қазақстан  ғасырлар  тоғысында  тəуелсіз  елге  айналып,  саяси,  əлеуметтік  жəне  экономикалык  жүйесі 
елімізде  өркениет  улгісінде  қайта  құрылуы  білім  беру  саласындағы  –  қазақтың  ұлттық,  мектебін 
жасау, окушыларға ұлттық, тəрбие беру, оған қaзipгi мектеп мұғалімдері мен болашақ, мұғалімдерді 
дайындау проблемаларын шешу қажеттігін койып отыр. 
Қоғамның ұлттық негізде жаңаруы жоғары мектепте ұлттық тəрбие ісін дамытудағы жетекші фактор 
болып  саналады.  Бұл  оқу  орындары  жұмысын  ұлттық  негізде  құру,  яғни  ұлтымыздың  өмірінен  орын 
алган ұлттық білімдер жүйесін тандап, соның негізінде студенттерді даярлау қажеттігін дəлелдей түседі. 
Ұлттық мектепке ұлтжанды ұстаздар даярлау педагог мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының 
басты  міндеті.  Сондықтан  болашақ  ұстаздарды  арнайы  этнопедагогикалық  дайындықтан  өткізу  қазіргі 
кезде  ең  басты  көкейкесті  проблемалардың  бірі.  Оған  дəлел,  М.  Дулатов  қазақ  ұлттық  мектебінің 
мақсаты: «... жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге ұлттық тəрбиені қоса беру», қазақ ұлттық 
мектебінің  міндеттерін  М.  Жұмабаев:  «Əрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының  арасында,  өз  ұлты  үшін 
қызмет қылатын болғандықтан, тəрбиеші баланы сол ұлт тəрбиесімен тəрбие қылуға міндетті» деген 
ойларын ерекше атап көрсетуге болады [2]. 
Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға 
тырысуы керек жəне сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық əлеуетін жан-жақты іске 
асыра алады. 
Болашақ мамандардың білім-біліктері, кəсіби құзіреттіліктері адамның жалпы мəдениетке, соның 
ұлттық  мəдениетке  қатынасын  анықтайтын  қажетті  компонент  болып  табылады.  Себебі,  қазіргі 
кезеңде  Қазақстанда  білім  жəне  тəрбие  беру  саласындағы  саясаттың  негізгі  бағыттарының  бірі  – 
жастарды  демократиялық  өркениеттілік  мемлекетте  өмір  сүре  білуге,  қоғамдық  жауапкершілікті 
көтеруге дайын ерікті азаматтарды құндылығы жоғары, адамгершілік мақсатқа бағыттап тəрбиелеу. 
Соның ішінде ұлттық жəне жалпыадамзаттық, құндылықтарды, тарихи тəжірибелерді, сан ғасыр-
лық, мəдени ұлттық дəстүрлерді ескере отырып, қaзipгi білім мазмұнын жаңғырту болашақ мұғалім-
дерді  даярлау  процесіне  жаңа  талаптар  қояды,  солардың  ең  бастыларыныц  6ipi  -  болашақ  мұғалім-
дерді оқушыларға ұлттық тəрбие беруге дайындау проблемасы. 
Ендеше,  жоғары  мектептің  алдындағы  міндет:  студенттерді  жаңа  қоғамда  өмір  сүру  жағдайына 
жəне  кəсіби  іс-əрекетке  даярлау,  оларды  осы  ортада  əрекет  жасауға    үйрету,  оның  мүмкіндіктерін  
пайдалану, жағымсыз жағдайлардан қорғана білуге бейімдеу.  
Болашақ мамандардың білім-біліктері, кəсіби құзіреттіліктері адамның жалпы мəдениетке, соның 
ұлттық  мəдениетке қатынасын анықтайтын қажетті  компонент болып табылады. Себебі, қазіргі кезеңде 
Қазақстанда  білім жəне  тəрбие  беру  саласындағы  саясаттың  негізгі  бағыттарының  бірі  — жастарды 
демократиялық  өркениеттілік  мемлекетте  өмір  сүре  білуге,  қоғамдық  жауапкершілікті  көтеруге  дайын 
ерікті азаматтарды құндылығы жоғары, адамгершілік мақсатқа бағыттап тəрбиелеу. 
Соның ішінде ұлттық жəне жалпы адамзаттық, құндылықтарды, тарихи тəжірибелерді, сан ғасырлық, 
мəдени  ұлттық дəстүрлерді  ескере  отырып, қaзipгi  білім  мазмұнын  жаңғырту  болашақ  мұғалімдерді 
даярлау  процесіне  жаңа  талаптар  қояды,  солардың  ең  бастыларының  6ipi  -  болашақ  мұғалімдерді 
оқушыларға ұлттық тəрбие беруге дайындау проблемасы. 
Еліміздің болашағы – жастар, сондықтан оларға ұлттық тəрбие беру – басты міндет. 
Жастарды  ұлттық  рухта тəрбиелеу  мен  оларға  этномəдени  тəлім-тағылым  беру  бүгінгі  Қазақстан 
дамуының, оның бəсекелестікке қабілетті елге айналуының бірден – бір көзі. 
 
1
 
М.Ахмет.  «Ұлы  Дала  Елі»  болашағы  –  қазақ  тілі  мен  ұлттық  тəрбиеде  //Білімді  Ел.  Образованная 
страна. 2016. №7(44). – Б. 12-13. 
2
 
Жұбанова М. Ұлттық тəрбие тағылымы.– Алматы, 2012.  
3
 
Жусупова Ж.А. Болашақ маманды ұлттық тəрбие құндылықтары негізінде тəрбиелеу мəселелері//Қазақ 
хандығының  550  жылдығы,  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  20  жылдығы,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  жылына  арналған  «Мəңгілік  Ел»  Ұлттық  идеясы  Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім 
саласындағы жүйеқұраушы фактор: оның мəселелері мен іске асыру перспективалары» атты республикалық 
ғылыми-практикалық конференция, - Алматы. 24 желтоқсан 2015 жыл. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
212
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет