Түйін сөздер: өнер, мəдениет, əн-күй.
Тарихи əндерде өз дəуірінің оқиғасы, замандастарды толғантқан нақтылы құбылыстар алынып,
олар замандас көзімен бағаланады. Кейде "тарихи дəлелдікті бұзудың" өзі - оқиғаны білмегендіктен
емес, оны белгілі дүниетанымға бейімдеп суреттеудің нышаны. Тарихи əндер - жалпы өмірде болатын
оқиғалар емес, белгілі кезеңдегі əлеуметтік-тарихи тартыстардың елесі.Тарихи əндерді жасаушы -
белгілі уақиғалардың куəгерлері, əрі қатысушысы халықтың өзі.Мəселен, А.В.Затаевич 20-шы жыл-
дардың басында халық жанында сақталып қалган байыргы əн - Александр Македонский /біздің
эрамызга дейінгі 356-323/ туралы "Ескендер", Орта Азия қолбасшысы жəне жаулап алушы Əмір
Темір /1370-1405/ туралы "Асқақ Əмір" əндерін жазып алғаны мəлім. Халық өмірінде өздерінің туған
елін басқа бөтен жаққа тастап, үдіре көшуі сияқты жайлар ғасырлар бойы халық есінде ұмытыл-
майтын қайғылы оқиғаға айналып, халық əндерінде кескінделген. Сондықтан да тарихи тақырып-
тарындағы əндер жүрек сыздатар қайгылы қасіретті болып келетіндігі осыдан.Қазақ халқының
тарихындағы өте-мөте қайғылы жай 1723 жылдың көктеміндегі жойқын жоңғар басқыншылығының
жорығымен байланысты болды. Мұндай қиын-қыстау кезең қазақ тарихында Ақтабан шұбырынды"
деген атпен қалды. Осындай трагедияны бүкіл қааақ халқының қайғы-қасіретін білдіретін эпизод-
тардың бірі "Елім-ай" əнінде суреттелген. Туған елін сагынган, зарыққан сарындар, елдің кенеттен
тиген соққыден есеңгіреп қалғаны, түпсіз қасіретке душар болғаны əсерлі де анық айтылады. Қазақтың
XX гасырдагы тарихи əндерінің бір тобы Жан-қожа, Бекет Досан есімдеріне байланысты. Осы əндер-
дің жанрлық бітімінде кейде дəл тарихи əндердің, енді бірде қаһарман эпостың, тағы бірде салт
əндерінің /қоштасу, көңіл айту, естірту,жоқтау, жұбату/ белгілері молырақ ұшырасады. Тарихи оқигалар
желісіндегі əн нұсқалары "Бекет батыр", "Ерназар Бекет" тарихта өмір сүрген Бекет Серкебаевтың
басындагы оқига əңгімеленеді.
1916 жылғы ұлт-азаттың көтеріліс туралы да көптеген поэмалар мен əн-өлеңдер шығарылды.
Олардың көпшілігі дерлік Россия патшасының қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алу
жарлығына байланысты туған. Бұқара бұл жарлыққа наразы болып ңана қоймай, қолына қару алып,
патшаның жазалаушы əскерімен ұрысқа шықты. Майдан окобын қазуға алынған жігіттердің бастан
кешкендері, елді сағынуы, басындағы еріксіз мұңдары, ауылдағы жаңындарына сəлем хаттары, ұзақ
жолға шығардағы қоштасулары 1916 жыл əндерінен мол, нақтылы көрініс берді. Мағынасыз құрбан-
дыққа наразы болған халықтың күресі, кедей қолбасшыларының өкіметке бағынбандар деген үндеу-
лері "Құты қашты патшаның" деп аталатын əнде анық байқалады. Бұл əннің интонациялық құрылысы
өткір де жылдам ырғақты, көтеріңкі дауыспен айтылатын дəстүрлі терме өлеңімен келеді: Ел болмас
бұған солдат бергенменен, Патшаның дегеніне көнгенменен. Жақсылық таппас қазақ жауыздардан,
Соғысқа босқа барып енгенменен.
Ал "Амангелді маршында" азаттық үшін айқастың жеңіске жеткізетініне сенім білдіреді.Қазақ
халқының тарихындағы азаттың күресті бейнелейтін шығарманың бірі сол көтерілістің куəгері Кенен
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
242
Əзірбаевтың "Қайран елім қайда?" деген əні. Бала кезінен -ақ өмірдің ащы-тұщысын көріп өскен
Кенен ұлт - азаттық соғысына қатысады. Жетісуда болған жауынгерлік топтың ішінде болып, өз
əндерімен көтеріліске қатысушылардың көңілін көтереді.
1916 жылғы Торғай облысындағы көтерілістің басшысы ерекше көзге түскен Амангелді Иманов
/1873-19І9/еді. Оның атағы өзінің көзі тірісінде елге таралып, ақын-жауынгерлер батырдың ерлігі
жөнінде əндер шығарды. Сондай туындылардың бірі "Амангелді сарбаздарының əні". Жігерлі, батыл
интонациялармен ерекшеленіп, бірқалыпты ырғақпен келеді. Тарихи əндердің көріністері І94І-І945
жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде жалғастық тапты. Майданға жауынгерлерді аттандырып салудағы
қоштасулар, ұрыс далаларынан елге жазылған сəлем хаттар ұлы оқиға жылдарының көп сырларын
ұқтырды. Бүл топтағы шығармалар тарихи əндердің тағы бір кезеңін белгілейді.Тарихи əндердің бір
түрі - шежіре-əндер, терме түрінде ата-бабаларымыздың тарихи шежіресін тарату мақсатында өмірге
келгендер. Шежіре əуендерде ірі уақиғалар суреттелмегенімен, айбынды аталарымыздың кімдер
екенін, кім-кімнен тарайтындығьн анық көруге болады. Сонымен, тарихи əндер қазақ музыкасының
үлкен бір бөлігін құрайды, тақырыптарының идеялық мазмұны күшті, халық есінен өткендегі тарихи
жайлар ұмыт қалмай, ұл-қыздарымызды елін-жерін сүюге, ұлтжандылыққа тəрбиелеуде маңызы зор.
Əлеуметтік-теңсіздік əндерінің тақырыптары қазақтың əн жанрларының əр түрлерінде көрініс тапқан.
Олар əсіресе еңбек тақырыптарындағы сонымен бірге сатиралық əндерде көп кездеседі. Халық
творчествосында демократиялық бағыттарының дамуында болып, негізгі тақырыбында əлеуметтік
мəселе басты орын алады. Өзінің құрылым жағынан əлеуметтік-теңсіздік əндер лирикалық əндерге
жақын болғанымен, өзінің мақсаттылығымен, интонациясының қаһарлығымен, мелодиясының ай-
шықтылығымен жəне сергек те ширақ ырғағымен, кең диапозонымен ерекшеленеді. Əлеуметтік-
теңсіздік əн үлгілерінің ішінде халық композиторы, əнші-орындаушы, ғажайып талант иесі Біржан
Қожағұлұлының шығармаларын жатқызуға болады. Оның "Жанбота" атты əні -болыс Жанботаның
қорлығына шыдамаған ашу-ызасының айғағы. Мəнерлілігі əн мелодиясының диапозоны кеңіп,
шарықтай отырып, аса биіктен көрінеді. Əн өте ашулы жоғары регистрдегі биік дауыстан басталады
да, ол əнге ерекше ашу-ыза, назалы интонация туғызады.
Көптеген əндер 1916 жылдары қазақ жігіттерінің ақ патшаның жарлығы бойынша майданға қара
жұмысқа алуына байланысты туған еді. Осындай əндердің бір үлгісі "Аққалу" əні еді. Бұл əнде
халықтың шеккен азабы, еріксіздікке қарсылығы, артта қалған туған-туыстарының күні не болады
деген қайғылы көңіл -күйін білдіреді.Осы кезендегі тақырыпта К.Əзірбаевтың "Қайран елім қайда?"
атты əні де үн қосады.
Бұл топтағы əндерде теңдік, ерлік, жалғыздық, кедейлік, байлардың зорлық-зомбылығы жайында
ашу-ыза басым болды. Осы тақырыптағы əндерге Мəди Бапыұлының "Қаракесек" əні өзінің драмалық
қуаттылығымен ерекшеленеді. Əннің поэтикалық жəне музыкалық мазмұны ашу-ыза мен кекке толы.
Əлеуметтік-теңсіздік тақырыбындағы "Гүлдер-ай" əнінде қалың малдың құрбаны болған қыздың ішкі
зары мен жан азабы, толғанысы қарапайым да жайбырақат күйде берілсе, "Туған жер" əнінде сүйген
жарымен қол ұстасып ата-ананың рұқсатынсыз кетіп қалса да, артына қарайлап туған жерге қош
айтысып, өз арманына жетуге ұмтылған қыздың бел байлағанын көреміз. Қалың малдың құрбаны
болған Дайрабайдың қызы Дəмештің əні «Əупілдек» аса ғажап сұлу əндердің бірі. Қыз ағасы
Сыздыққа жазған хаты осы "Əупілдектің" негізгі мазмұны болса керек. Бірақ ағасы Дəмештің өз тағ-
дырына риза болуы керектігін айтады. Қасірет-қайғыға шыдамаған Дəмеш беліне тас байлап Əупіл-
декке тұншығып батып өледі. Осындай өз тағдырына нала айтатын, қам көңілділікті үйлену əні
«Көрісуден» де көруге болады.
Шаруа əндерінің мазмұны тіршілігінің тауқыметі, оған кінəлі залым адамдар туралы айта келіп,
келешектен күткен арман-тілектері жырланады. Осындай əндердің бірі «Қойшы». Əн шумағында жай
ғана өз өмірінің қиыншылығын хабарлап отырса, ал қайырмасында «Өте ме күнім осылай?» деп ішкі
арпалысын мелодияның биік регистрге өрлей дамуынан көруге болады. Əлеуметтік-теңсіздіктің ащы
шындығын «Бердібек» əнінен де көреміз» Бердібек тұрмыс тауқыметін айта келе,онымен күресуге
шарасыздығын, біраң өзінің адамгершілігін ешкімнің алдында бөгелмейтінін айтады.
XIX ғасырдың аяғында жəне XX ғасырдың басында қазақ пролетариаты пайда болды. Жұт пен
барымтаға, ауыр салым-салыққа төзе алмай, күн көрісі қиындаған қазақтар Қарағанды мен Успенскінің
шахтасы мен рудниктеріне, Спасскінің мыс заводына, Екібастұздың таскөмір кендеріне келіп, жал-
шылыққа жалданды. Сол кездегі ашу-ыза, теңсіздік тақырыбына «Ақшамды бермей қойды ғой», «Қайысты
қабырғасы», «Ауыр еңбек астында», «Бұл бір тұрған сұм өмір» сияқты əндерді жатқызуға болады.
|