Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет400/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйін сөздер: Мəдениет, рухани мəдениет, материалдық мəдениет, өзін - өзі тану, тұлға, құқықтық мəдениет. 
 
Мектеп оқушыларының құқықтық мəдениетін қалыптастыру өзекті мəселелердің бірі болып табылады. 
Құқықтық  тəрбие  беру  мəселесі  мемлекеттік  деңгейде  аса  мəн  беріліп  отырған  белгілі.  Қазақтан 
Республикасы «Тəрбие тұжырымдамасында» «тұлғаның саяси мəдениетін дамытуға, жаңа демократиялық 
қоғамда  өмір  сүруге  қабілетті,  азамат  жəне  патриоттық  құндылықты  қалыптастыруға  көмектесу, 
олардың  бойында  балалар  мен  жастар  ортасындағы  қатыгездік  пен  зорлық-зомбылық  көріністеріне 
қарсы  тұру  дайындығын,  құқықтық  санасын,  балалар  мен  жастардың  құқықтық  мəдениетін  қалып-
тастыру»,  -  негізгі  міндет  болып  табылады.  Расында  да,  тұжырымдама  да  құқықтық  тəрбие  жаңа 
демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті  азамат  жəне  патриот  қалыптастыруға,  тұлғаның  саяси 
мəдениетін  дамытуға  ықпал  ету,  балалар  мен  жастардың  құқықтық  мəдениетін,  құқықтық  санасын 
қалыптастыра отырып, Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға; 
ҚР Конституциясына, заңнамасына, мемлекеттік рəміздерге (елтаңба, əнұран, ту), құқықтық тəртіпке; 
елдегі  ұлтаралық  жəне  конфессияаралық  келісімге,  халықтар  достығына;  өз  елінің  экономикалық 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
269
 
жəне  əлеуметтік  мəдени  даму  саласындағы  жəне  əлемдік  аренадағы  жетістіктеріне;  басқа  адамның 
құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, 
мəдени-тарихи өміріне; құқықтық біліміне; заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; құқықтың 
əлеуметтік  құндылықтарына  құрметпен  қарауы,  мақтаныш  сезімінің  болуы  жəне  жауапкершілік 
танытуына мүмкіндік жасау қамтылады[1]. 
Сонымен қатар, құқықтық тəрбиенің іске асыру механизмдері сабақтар, оқу пəндері, сабақтан тыс 
іс-əрекеттер,  қосымша  білім  беру,  ерлік,  намыс  жəне  абырой  тағылымдары,  дебат  жəне  пікірталас 
клубтары,патриоттық форумдар, акциялар, оқушылардың мемлекеттілік нышандарын жəне Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  рəміздерін  білуге  арналған  байқаулар  мен  олимпиадалар,  қазақ  хал-
қының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мəдени мұрасы, дəстүрлері мен əдет-ғұрыптарын 
зерттеу  бойынша  өлкетану  экспедициялары,  мемлекет,  əдебиет,  өнер,  ғылым  қайраткерлері,  соғыс 
жəне еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, əділет органдары  қызметкерлерімен  
кездесулер,  балалар  мен  жастардың  бастамашыл  жобаларын  дамыту,  балалар  жəне  жастар  қозға-
лысымен, қоғамдық қорлармен бірлескен қызмет; əңгімелер, дəрістер, семинарлар, тренингтер, саяхаттар; 
ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтері», «Мен жəне заң» акциясын ұйымдастыру 
арқылы жүзеге асырылатынын  нақтылайды[1].  
Біздің  алдымыда  тұрған  мақсат  тұлғаның  мəдени  құндылықтарын  қалыптастыру.  Тұлға  –  ерік-
жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы жəне оның іске асуының нəтижесі. Ерік-
жігер  механизмі  дегеніміз  адамның  өзіне  тəн  жеке  бас  қасиеттерін  іске  асыруы.  Тұлға  дегеніміз  – 
сезімнің, əсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі. Ұлттық тұлға - тілі, діні, мəдениеті, 
салт  санасы  қалыптасқан  ортада  жеке  адамға  тəн  қасиеттермен  өз  ұлтының,  халқының  тұрмыс  тір-
шілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам жəне ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көр-
сетіп,  ең  жоғары  рухани  деңгейде  дамыған  адам  (К.Оразбекова),    шынайы  патриот  тұлға  –  жалпы 
адамзаттық құндылықтардың негізін салушы жəне таратушы (С.Л. Рубинштейн). 
Тұлғаның құқықтық  мəдениетін    қалыптастыру  жоғарыда  көрсетілген  механизмдер  жүйелі  түрде 
сабақтастық тұрғыда, бірізділікпен іске асқанда ғана мəдениетті тұлға қалыптастыруда үлкен табысқа 
жетуге болады. Біз, тұлғаның бойында құқықтық мəдениетті қалыптастыруда жалпы түйінді сөздерді 
теориялық  тұрғыда  түсіндіре  отырып,  оны  олардың  бойында  практикалық тұрғыда іске асуын  қада-
ғалуымыз керек. Мəдениет дегеніміз не, құқықтық тəрбие, құқықтық құндылықтар дегенімізді қалай 
түсінесіз  деген  сұрақтар  мен  практикалық  тұрғыда  тапсырмаларды  орындауды  талап  етуіміз  керек. 
Бұл жерде біз ғалымдардың  еңбектеріне, ғылыми зерттеулеріне сүйенеміз. «Мəдениет – адамдардың 
бірлесе атқаратын ғылыми, моральдық-əлеуметтік, көркем жəне техникалық құндылықтар жасаудағы 
қарым-қатынастар жиынтығы»[2]. 
Философиялық  тұрғыда  «Мəдениет  халықтың  мыңдаған  жылдар  бойыдағы  шығармашылығы, 
онда  қауым  мен  жеке  адамның  рухани  ізденісі,  халықтың  даналығы  мен  адамгершілік  нышандары  
жинақталады.  Адамзаттың  рухы  мен  келбеті,  оның  ерік  бостандығы    мен  тарихи  зейін  есі,  филосо-
фиялық жүйелері мен рəміз таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, 
діні  мен  тілі,  ділі  мен  мұраты  осының  бəрі  мəдениетпен  біте  қайнасқан,  -  деп  атай  келе,  мəдениет 
адам əлемі, мəдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл - ой, ізгілік пен əдемілік заттандырылып, 
игіліктер дүниесі құралған адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал екеніне тоқталады [3,210]. 
Құқықтық  мəдениет  -  Ата  заңды қорғау,    адамзаттың  ерік  бостандығы  мен  тарихи  зейін  есі,  ұлттық 
рəміздерге құрмет, діні мен тілі, діліне деген сыйластық негізінде құқықтық санасын қалыптастыру. 
Құқықтың  өзі  рухани  құндылықтардың  жиынтығы.  Құндылық  –  адам,  тұлға,  өмір,  адамдардың  бір-
біріне  мейрімділік  қарым-қатынасы,  шыншылдық,  əділеттілік,  білім,  ғылым,  еңбек,  Отан,  отбасы, 
еңбек, мəдениет, жер, бейбітшілік,- деп қарастырамыз. 
Т. Ғабитов “Құндылықтар – қасиеттер бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль 
негіздері  ретінде,  өз  тарихын,  мəдениетін,  əдет-ғұрыптары  мен  салт-дəстүрлерін  игеру  нəтижесінде 
орнығады.  Қасиеттер  адам  бойына  моральдық жауапкершіліктер  жүктейді,  сезімін  айқындай  түседі. 
Құндылықтар  əлемі  –  сөздің  кең  мағынасында  мəдениет  əлемі,  адамның  рухани  əрекетінің  саласы, 
тұлғаның рухани байлығы өлшемін білдіретін, оның адамгершілік санасының, басылымдықтарының 
саласы.  Құндылықтар  адам  болмысының  əр  түрлі  формаларына  деген  қатынасты  білдіретін  адамзат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет