Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
271
түрде қабылдау, əртүрлі əлеуметтік ортада тұлғаның өзін-өзі ұстауы барлығы тұлғаның адамгершілік
жəне құқықтық мəдениетін көрсетеді.
Құқықтық мəдениетті қалыптастыруда тəртіп бұзушылықтың алдын алу үшін мынадай жұмыстың
сатылары жүзеге асырылуы керек:
- тəртіп бұзушылыққа ықпал ететін жағдайлардың алдын алу (алғашқы профилактикалық жұмыс
жүргізу);
- оқушыға теріс ықпал ететін ортаны сауықтыру, жеке бастық ұстанымын түзету (профи-
лактиканың бірінші сатысы);
- тəртіп бұзған жəне құқық қорғау орындарында тіркелген (кəмелетке толмаған балалар инспек-
циясы мен комиссиясы, учаскелік инспекторлар) оқушылардың тəрбиелік ортасын ұйымдастыру,
жеке бастық ұстанымын түзету жəне жетілдіру (профилактиканың екінші сатысы);
- үнемі тəртіп бұзатын оқушыларға құқықтық ықпал ету, қылмысқа бару қауіпін алдын ала болжай
білу (профилактиканың үшінші сатысы);
- қылмыс жасаған оқушыларға жаза қолдану немесе ұжымнан ажыратылмай тұрып шара қолдану
(бүліну профилактикасы).
- Оқушылардың құқықты бұзуының алдын алу үшін мектеп, отбасы жəне қоғам құқықтық тəрбиені
жүзеге асыруы шарт [2].
Жоғарыдағы көрсетілген шараларды, іс-əрекеттерді болдырмау үшін тұлғаның ішкі жан дүниесіне
игі ықпал ете отырып, олардың өзіндік дамуына жағдай жасалуы керек, адамның өзін өзгемен салыс-
тыра бағалауы, адамның өзі туралы білімін үнемі жетілдіруі, өзін-өзі тəрбиелеудің жолы мен бағытын
айқын білуі, жанның тазалығы, адамның қол жеткеніне қанағаттануы, өзгені тыңдай білуі, тіл табысуы,
адамның өзін тұлға ретінде қалыптастыруы, тұлғалық пен азаматтыққа лайық жағдай жасауға талпы-
нысы, адамның өзіне деген талапты күшейтуіне ықпал ету.
1
Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
2015. – 21 б. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сəуірдегі № 227
бұйрығымен бекітілген.
2 Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тəрбие теориясы мен əдістемесі. Оқу-əдістемелік құрал. –
Алматы, 2009. - 260 б.
3 Алтаев Ж., Қасабеков А., Ғабитов Т. Философия жəне мəдениеттану. Оқу құралы. – Алматы:
Жетіжарғы, 1998. –272 б.
4 Молдабеков Ж. Қазақтану. –Алматы: Қазақ университеті. 2003. – 459 б.
Достарыңызбен бөлісу: