Түйін сөздер: емдік-сауықтыру туризмі, емдік балшық, минералды су, рекреация, шипажай.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік аудандардың рекреациялық əлеуетін игерудің перспективті
бағыттарының бірі болып табылады. Атақты неміс ғалымы W.Nahrstedt анықтамасына сəйкес, емдік-
сауықтыру туризмі жергілікті жəне шетелдік туристердің тұрақты елді мекенін ауыстырған жəне
оларға сауықтыру бағдарламалары ұсынылған жағдайда бальнеологиялық жəне өзге де курорттарға
баруын қамтиды [1]. Доктор Aris Ikkos емдік-сауықтыру туризмі, негізінен, термальды туризммен
жəне емдік мақсатта минералды бастауларға барумен байланысты деп есептейді [2]. Туризмнің бұл
түрі табиғи-ресурстық бағытталуымен ерекшеленеді.
Қазақстан республикасы аумағында бальнеологиялық мақсатта пайдаланылатын минералды су
қорлары тəулігіне 29800 м
3
құрайды, олар барлық жер асты минералды суларының 0,5%-ын құрайды
[3]. 1970 жылдың басында Ж. Сыдықов Қазақстан аумағында жер асты минералды суларының
6 бальнеологиялық тобын бөліп қарастырды жəне əр топтың сипаттамасын берді [4]. Қазақстан, сонымен
қатар, емдік қасиеті бар минералды балшықтардың шексіз қорына ие.
Табиғи рекреациялық ресурстарды талдау негізінде рекреациялық тартымдылығы мен емдік-
сауықтыру туризмін дамыту мүмкіндіктерін салыстырмалы бағалау мақсатында 20 гидроминералды
аудан бөлініп алынды. Аудандарды кешенді бағалау үшін анықтаушы көрсеткіштері мен жекелеген
табиғи элементтердің өзара байланысын ескере отырып баллдық жүйе пайдаланылды (1-кесте).
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 280
Кесте-1. Қазақстанның гидроминералды аудандарының рекреациялық əлеуетін бағалау