Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет435/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
294
 
көтерiп, ұмыт болуға айналған тəуелсiздiкке қайтадан қозғау салатын ұлттық сананы басқаша қалып-
тастыруға  əрекет  жасаса,  оны  өз  уақытындағы  батыл  қадамға  баламай  болмайды.  Осы  тұрғыда  зерттеу 
Ақан  Серi,  Мəди  Бапиұлы,  Сегiз  Серi,  Бiржан  Сал,  Үкілі  Ыбырай  т.б.  өнер  иелерiнiң  өнердегi  өмiр 
жолынан терең мағлұмат берiп, қазақ елi бастан кешкен сал-серiлiк дəуiрдiң қилы кезеңiн жан-жақты 
зерттеу  сөзсiз  қажет  екендігі  мəлім.  Қазақ сал-серiлерiнiң  өмiрiн  кiтап  етiп шығару,  өнер  адамының 
тағдырын  жинақтап,  бiр  iзге  түсiрумен  бiрге,  ХIХ  –  ХХ  ғасырдағы  «бал  көмей,  жез  таңдай,  нəзiк 
сезiмдi тапқыр ойлы əншi-жыршы ақындардың» өмiр сүрген ортасын талдау қазақ ұлтының тарихына 
ой жүгiртуге мүмкiндiк береді [11]. 
Музыка  зерттеуші  ғалым  М.  Ахметова  қазақ  халық  əндерінің  орындалуына  байланысты  халық 
əндерін төрт аймаққа бөліп қарастырады: 
Сарыарқаның халық əндері (Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мəди, Үкілі Ыбырай, Естай, т.б.)  
Батыс халық əндері, (Мұхит, Нартай т.б.)  
Жетісу халық əндері (Жамбыл, Кенен, Сүйінбай т.б.)  
Шығыстың халық əндері (Абай, Əсет т.б. ) [11]. 
Бір ұлттың заманалар мен дəуірлер сырын шерткен көркем шежірелерінің өнегелі өмірі мен өрісті 
өнерін  тұтастай  сөйлетіп  баяндау,  талдап  таразылау,  жүйелеп  зерттеу  мүмкін  емес.  Қашанда  үздік 
туған  хас  талант  мұрасы,  рухы,  жарқын  бейнесі  толқын-толқын  буындардың  жүрегін  толқытып,  бойын 
балқытып, қиялын шарықтатып, болашақ биігіне бірге адымдап, бірге жасайды. Əркім дүниетанымына, 
рухани болмысына, ұғым-түсінігіне орай өзінше нəр-қорек тауып, эстетикалық лəззатқа ой сəулесіне 
бөленіп, адамзат пен ғаламзаттың құпиясына үңіледі, белгілі бір өзіндік ой-пікірлер түйеді. 
Оқушыларға көпмəдениетті жəне көркем-эстетикалық тəрбие  беруді зерделей келе, оқушылардың 
бойында  эстетикалық  құндылықтарды  қалыптастыруда  төмендегiдей    шараларды  іске  асырудың 
қажеттiлiгi туындады: 
-
 
 білім  беру  жүйесінде  көпмəдениетті  жəне  көркем-эстетикалық  тəрбие  беруде  ұлттық  өнерді 
кеңінен енгізуді бүгінгі күн талабы тұрғысынан жетілдіруі керек. 
-
 
 Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіруге ұмтылысы қоғамдық 
қарым-қатынаста  ұлттық  құндылықтарын  қалыптастыруға  бағытталған  іс-шараларды  ұйымдастыру 
негізгі мəселе болып табылады. 
-
 
12 жылдық білім беру жүйесіне негізделіп отырған оқулықтарға енгізу, сабақтан тыс уақыттағы 
іс-шараларға  (тəрбие  сағатары,  диспуттар,  конференция,  семинар,  т.б.)  халық  композиторларының 
мұраларын  оқушылардың  көпмəдениетті  жəне  көркем-эстетикалық  мəдениетін  қалыптастыруда  кеңінен 
пайдалану. 
-
 
Республиканың  барлық  мектеп-гимназияларында  дəстүрлі  мұражай  ұйымдастыру,  кездесу 
кештерін, саяхат сабақтарын өткізіп отыруды дəстүрге айналдыру керек. 
-
 
оқушылардың  бойында  көпмəдениетті  жəне  көркем-эстетикалық  көпмəдениетті  құндылықтарды 
қалыптастыруға негізделген көркемфильмдер, электронды оқу-əдістемелік құралдарды жəне тəуелсіз 
Қазақстанның дамуына үлес қосып отырған өнер қайраткерлері туралы əдеби шығармаларды шыға-
руды қолға алу қажет. 
Көпмəдениетті жəне көркем-эстетикалық тəрбие беру сабақта жəне сабақтан тыс уақытта сабақтастықта 
жүргізілуі арқылы  жақсы нəтижеге жете аламыз. 
 
1
 
Тəрбиенің    тұжырымдамалық    негіздері.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы,  2015.  –  21  б.  Қазақстан  Республикасының    Білім  жəне  ғылым  министрінің  2015  жылғы  22 
сəуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген.  
2
 
 Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тəрбие  тұжырымдамасы.  Қазақстан 
Республикасы Білім жəне ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген. 
3
 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір 
мүдде, бір болашақ»  атты  халыққа жолдауы. – Алматы, 2014. - 40 б. 
4
 
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 131 б. 
5
 
Педагогический энциклопедический словарь. – М.: Большая Российская энциклопедия, 2003. – 528 с. 
6
 
Балтабаев М.Х. Қазақ халық музыкасы жəне студент жастары. - Алматы, «Ана тілі», 1991. – 40 б. 
7
 
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тəрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.  
8
 
Джардемалиева  Р.Р.  Методические  рекомендации  по  вопросам  совершинствования  педагогической 
практики будущих учителей музык. – Алма-Ата, 1986. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
295
 
9
 
Дүйсембінова  Р.Қ.  Қазақтың  əншілік  өнері.  /оқу  құралы/.  –  Алматы:  Республикалық  баспа  кабинеті, 
1998, – 110 бет. 
10
 
Альмухамбетов  Б.А.  Эстетическое  воспитание  учащихся  Ү-  ҮIII  классов  средствами  националього 
изобразителього  искуства  (на  материалах  общеобразовательных  школ  Казахстана).    Диссерт. 
…канд.пед.наук. - Алматы, 1990. –184 с. 
11
 
Ахметова М. Қазақ əндері. Музыкалық зерттеу. – Алматы: Жазушы, 1970. - 84 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет