Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет454/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Түйінді сөздер: математика, геометрия, модель, GeoGebra, комплекс сандар. 
 
Математиканы  заманауи  тұрғыдан  оқыту  жаңа  əдістемелерді,  жаңа  ақпараттық  технологияны 
енгізуді,  креативтік  əдістемелер  мен  интерактивтік  тəсілдерді  пайдалануды  талап  етеді.  Оқушылардың 
математикаға  қызығушылық  танытуы  сабақ  берудегі  əдістемелерге  жəне  қаншалықты  оқу  жұмысының 
дұрыс  құрастырылуына  тікелей  тəуелді  болады.  Оқушыларды  математика  пəніне  қызығушылығын 
арттыру  негізінде  олардың  логикалық  ойлау  қабілетін  қалыптастыру  арқылы  базалық  бағдарлама-
ларды игеруі мен өзіндік дамуға бағытталуы математикадан білім берудің негізі болып табылады. Бұл 
өз кезегінде жаңа ақпараттық технологиялар мен əдістемелік құрылымдарға сүйенеді, осының көме-
гімен математикалық ойлауды қалыптастыру, математикалық логикалық бағытты қалыптастыру, дарынды 
оқушыларды  тереңдетіп  оқытуды  қамтамасыз  ету,  математикалық  дүние  танымды  қалыптастыру, 
оқушылардың  жалпы  білімдік  сапасын  жоғарылату.  т.б  [1].  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  қазіргі 
математикалық білім беруді ақпараттық технологиялардың сүйемелдеуімен, нақтырақ айтқанда мате-
матикалық  есептерді  компьютер  арқылы  шешуге  мүмкіндік  беретін  арнайы    математикалық  пакет-
тердің көмегімен іске асыру математикалық білім беруді əрі нақты, əрі түсінікті, əрі тиімді етеді.  
Математикалық  есептерді  шешуге  арналған  арнайы  программалық  пакеттер  көптеп  табылады, 
яғни олар: MathCad, MathLab, Maple жəне т.б. Солардың ішіндегі ең соңғысы жəне де қазіргі кездегі 
ең кең таралғаны ол – GeoGebra. 
GeoGebra – бұл білім берудің барлық деңгейіне арналған динамикалық математиканың программалық 
қамтамасы,  геометрияны,  алгебраны,  электрондық  кестені,  графиктер  салуды,  статистика  мен  есеп-
теулерді бір отраға біріктіріп пайдалануға мүмкіндік беретін қарапайым пакет. 
GeoGebra əр түрлі елдердегі миллиондаған пайдаланушылардың жылдам өсіп келе жатқан қауым-
дастығы.  GeoGebra  əлемдегі  динамикалы  математиканы,  ғылымды,  технологияны,  инженерия  мен 
математиканы, білім мен инновацияны, оқыту мен білім беруді сүйемелдеуші программалық қамта-
масыз етушілердің ең алдығы қатарлысы болып отыр[1]. 
GeoGebra  –  циркуль  мен  сызғыштың  көмегімен  салынатын  сызбаларды  салуға  мүміндік  беретін 
тегін  таралатын  динамикалық  геометриялық  орта.  Сонымен  қатар,  бұл  бағдарлама  ондағы  кіріктірілген 
програмалау  тілінің  командаларының  (геометриялық  салуларды  басқаруға  мүмкіндік  беретін)  есебінен 
функция графиктері мен жұмыс істеуде (графиктер салу, түбірлерді есептеу, экстремумдар, интегралдар 
жəне  т.б.)  бай  мүмкіндіктерге  ие. Java  тілінде жазған  бағдарлама  Австриялық  Маркус  Хохенвартер. 
Бағдарлама  интерфейсі  əлемнің  39  тіліне,  соның  ішінде  қазақ  тіліне  де  аударылған  (аударған 
Қарағандылық  Байназаров  Т.).  Қазіргі  таңда  белсенді  даму  үстінде  [2].  GeoGebra  компьютерлік  ортасы 
математиканы визуальзациялауға, математикалық есептерді шешу кезінде эксперименттер мен зерт-
теулер жүргізуге мүмкіндік береді. 
Осы орайда математиканың негізгі тарауларының бірі комплекс сандар теориясын мектепте оқытуға 
болашақ  бакалаврларды  «Комплекс  айнымалы  функциялар  теориясына  элементар  кіріспе»  атты 
факультативті  курсты  жүргізуге  дайндау  қажет.  Факультативтік  курс  мазмұны  зертеу  нəтижелері 
бойынша төмендегідей анықталды: 
-
 
Geogebra ортасының интерфейсі жəне мүмкіншіліктері. 
-
 
Алгебралық формадағы комплекс сан. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
308
 
-
 
Комлекс сан ұғымы жəне оларға амалдар қолдану. 
-
 
Түйіндес комплекс сандар. 
-
 
Комплекс саның квадрат түбірін табу. 
-
 
Комплекс саның геометриялық кескіні. 
-
 
Тигонометриялық формадағы комплекс сандарды көбейту, дəрежеге шығару жəне бөлу. 
-
 
Муавр формасы. Тригонометриялық тепе-теңдіктерді комплекс сандарды пайдаланып дəлелдеу. 
-
 
Тигономериялық формадағы комплекс санының түбірлерін табу. 
-
 
Көпмүшеліктер алгебрасының  негізгі теоремасы. 
Факультативтік  кустың  мақсаты  –  оқушылардың  өз  таңдауларымен  алынған  білім  саласы  бойынша 
білімдерін  кеңейту,  тереңдету,  қызығушылықтарын  жəне  икемділіктерін  арттыру,  сондай-ақ  оларда  
белгілі бір дəрежедегі өз бетімен жұмыс істеу дағдыларына тəрбиелеу. Факультативтік курсты жоғарыда 
аталған  Geogebra  ортасында  іске  асыру,  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  ең  басты  əдіс  тəсілдердің  бірі 
болып  табылады.  Сөзіміз  дəйекті  болуы  үшін  факультативті  курстағы  «Комплекс  сан  ұғымы  жəне 
оларға  амалдар  қолдану»  негізгі  тарауының  «Комплекс  сандарға  амалдар  қолдану  тақырыбын» 
Geogebra ортасын пайдаланып оқыту мазмұнына тоқталайық.  
Сабақтың мақсаты комплекс сандарға қолданатын амалдарды Geogebra ортасында оқыту 
Міндеттері  комплекс  сандарды  геометриялық  қосу,  комплекс  сандарды  геометиялық  көбейту, 
комплекс сандарды геометриялық бөлу болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет