Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет51/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
22
 
шығармашылығын дамыту, біліктілігін жетілдіру, кəсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажет-
тігі туындайды. 
Осыған  байланысты  қоғамды  ақпараттандыру  мен  компьютерлендіру  жағдайында  болашақ  мек-
тепке дейінгі ұйым мамандарын кəсіби қызметке дайындау мен қайта дайындау сапасы жайлы өткір 
мəселе  болып  қойылады.  Қазіргі  заман  мектепке  дейінгі  ұйым  мамандарының  кəсіби  біліктілігінің 
маңызды  құраушысы,  педагогикалық  жүйені  ақпараттандыруға  қойылатын  талаптардың  əсерінен 
болашақ  мектепке  дейінгі  маманның  кəсіби-педагогикалық  біліктіліктерін  қайта  ұйымдастырудың 
нəтижесі ақпараттық  құзырлылық  болып  табылады.  Мектепке дейінгі  ұйым  маманының  ақпараттық 
құзырлылығы  –  педагогикалық  мəселелерді  тиімді  шешуге  мүмкіндік  беретін  ақпараттық  қоғамның 
субъектісі ретінде жəне кəсіптік пен өзіне тəн ақпараттық білім, біліктілікті сабақтастыру мақсатында 
туындайтын күрделі жеке тұлғалық-психологиялық білім. Мектепке дейінгі білім беру ұйым маманының 
ақпараттық  құзырлылығының  жеке  тұлғалық  құраушысы,  кəсіби  қызметте  ақпараттық  технология-
ларды қолдануға психологиялық дайындығын сипаттайтын жеке тұлғаның кешенді жағдайы ретінде 
мотивациялық-мұқтаждық, бағалы-мағыналық жəне рефлексивтік-бағалау аспектілерінен тұрады.  
Бүгінгі  күні 
м
ектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  АКТ-ны  енгізудің  халықаралық,  мемле-
кеттік,  аймақтық  жəне  жергілікті  деңгейде  іске  асырылып  жатқан  əртүрлі  бағдарламалары  бар. 
Халықаралық  деңгейде  іске  асырылып  жатқан  осындай  бағдарламалардың  бірі  Kidsmart  бағдарламасы 
болып  табылады.  Қазіргі  таңда  Kidsmart  бағдарламасын  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында 
тəжірибеден өткізу жоспарлануда.
 
Kidsmart  бағдарламасы  –  IBM  коопорациясының  ауқымды,  қайырымдылық  бағдарламасы. 
Бағдарламаны іске асырудың 10 жылында 21000 мектепке дейінгі балалар мекемелері қатыстырылды. 
Бағдарламаға  қатысқан  он  миллионға  жуық  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  оқу,  жазу,  санау  жəне 
логикалық ойлау дағдыларын белсенді меңгеру үшін ақпараттық технологияларды күнделікті пайда-
ланады. Бағдарламаға қатысушы əлемнің 60 елінің мектепке дейінгі мекемелерінің барлық тəрбиеле-
нушілеріне, олардың мəдени, əлеуметтік жəне физикалық айырмашылықтарына тəуелсіз, ерте жастан 
ақпараттық  технологияларды  меңгеру  мүмкіндіктеріне  сай  бағдарламаны  ұсына  отырып,  «цифрлық 
теңсіздік» проблемаларын шешуде өз үлесін қосуда.  
Kidsmart  кешені  ашық  түсті  пластикалық  партадан,  кіріктіліген  дербес  компьютерден  жəне  рұқсат 
етілген 19 дюймдік экраннан тұрады. Кешеннің ең маңызды бөлігі орыс тіліне лайықталған оқытушы 
программалық жабдық, оның көмегімен балалар ертегі кейіпкерлерінің сүйемелдеуімен «жас ғалым-
дар үйі» деп аталатын елге тап болады. Əрбір «жас ғалымдар үйі» балаларда белігілі бір дағдыларды 
қалыптастыруға  бағытталған:  «Қызықты  математика»  –  санау,  логикалық  ойлау,  талдау  дағдысы, 
«Ғалымдар  үйі»  –  Жер  жайлы,  жыл  мезгілдері  мен  уақыттың  ауысуы  жəне  т.б.  білім.  Kidsmart  бағ-
дарламасы  тек  бір  ғана  мақсаты,  балалардың  жаңа  дағдыларын  дамытуы  көздемейді.  Бағдарлама 
мектепке  дейінгі  мекемелердің  педагогтарына  ақпараттық  технологияларды  меңгеруге  жəне  ерте 
жастан оқытудың интерактивті білім беру əдістерін енгізуге көмектеседі. 
Еуропаның 6 елінің балалар мекемелерінде Kidsmart бағдарламасын іске асыру нəтижелерін баға-
лаудың тəуелсіз зерттеулердің мəліметтері бойынша бұл бағдарлама мектепке дейінгі оқытуға тиімділік 
пен оқыту үдерісінің сапасын арттыра отырып жағымды нəтижеге жетуге көмектеседі. Сараптамалық 
есепте  бағдарламаға  қатыспайтын  бақылау  топтарының  əріптестерімен  салыстырғанда  педагогтар 
ақпараттық  технологияны  неғұрлым  батыл  қолданатыны  аталып  өтеді,  сонымен  қатар,  бұл  жүйелер 
балалардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыратыны жайды факт ерекшелініп көрсетілді.  
KidSmart  бағдарламасын  іске  асыру  1999  жылы  басталды,  60-қа  жуық  əлем  елдерінің  мектепке 
дейінгі  мекемелері  42  мыңға  жуық  KidSmart  кешендерін  алды.  Қазіргі  кезде  бағдарламаға  20000 
мектеп жасына дейінгі балалар мен мыңға жуық педагогтар қатысуда.  
Бағдарламаға  қатысушылар  əр  түрлі  мақсатта  АКТ-ны  қолдану  жоспарының  мүмкіндіктерін 
арттырды.  Педагогтар  АКТ-ны  əртүрлі  мақсаттарда  қолданады.  Педагогтардың  АКТ-ны  өз  бетімен 
жəне  оқытуда  қолданудағы  сенімділігі  бағдарламаның  бірінші  жартысында-ақ  өсті.  Педагогтардың 
практикалық  білімдерінің  технологиялық  мазмұнының  недəуір  өскендігі  жəне  АКТ-ны  пайдалануда 
недəуір алға жылжу байқалады. Педагогтардың кіші жастағы балаларға білім беруде АКТ-ны қолдануға 
қатысының өзгергені, сонымен қатар балалар АКТ-құрылғыларға рұқсат алу деңгейі анық болады. 
Педагогтардың  біліктіліктерін  жетілдіру  үдерісі  егер,  ақпаратқа  мотивациялық-бағалылық  қаты-
настың  болуын  жəне  ақпараттық  іс-əрекетте  тұлғаның  жеке-шығармашылық  өз  ойын  білдіруін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет