Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
111
жаңалық; 3)бұрыннан таныс емес, беймəлім енгізілген жаңалық [13]. Л.Румянцева өз зерттеуінде
"жаңа" ұғымының екі типін атап көрсетті: 1) алғаш жасалған, таза жаңа, бұл жаңалық ашу, жаңа
ақиқат, ұстаным; 2) жаңалық, құрамында ескі жəне жаңаның араласуы, екеуі қосылып бұрынғы
білімді толықтырады,нақтылайды[14].
Сонымен инновациялық оқыту – саналы ұйымдастырылған, жобаланған, басқарылатын, болашаққа
ұмтылған, оны жүзеге асыруға дайын тұлғаны дамытуға бағытталған оқыту үрдісі.Инновациялық
оқытуға көшу дегеніміз инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану болып табылады.
Бұл білім беру орындарының білім мазмұны мен оқыту əдістері, бағдарламаларын, формаларын,
жаңашыл педагогтердің тəжірибесін, соның ішінде педагогикалық жүйенің қазіргі талаптарға сай
əдістемелік жаңаруы болып табылады. Осы аталған жаңа құралдарды біз педагогикалық технология
ұғымы шеңберіне жинақтасақ, ол "əдістеме" немесе "бағдарламаға" қарағанда ауқымды, білім беру
мен тəрбиенің жаңа мазмұнын айқындайды.
«Оқыту технологиясы», «білім беру технологиясы» ұғымдары ғылыми зерттеу жұмыстары бары-
сында қолданысқа енуде. Бұл мəселелерді зерттеген ғалымдар Б.Т. Лихачев (1998) [15], В.В. Сериков
(1994) [16], В.П. Беспалько (1989) [17], С. Сполдинг (1972)[18], В.М. Монахов (2006) [19], М.В. Кларин
(1989) [20], И.Я. Лернер (1981) [21], П.И. Пидкасистый (2004)[22], В.В. Гузеев (1998) [23], Н.Д. Хмель
(2008) [24], Н.Н. Тригубова., Н.Н. Хан (2007) [25] т.б. өз үлестерін қосқан.
Ақпараттандыру заманында оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану, жаңаша оқыту
технологияларын пайдалану, осы орайда болашақ мамандар дайындауда білім, білік, дағдысын қа-
лыптастыруда білім беру мазмұны кеңейіп, өзгеріп отыр.Болашақ биолог мамандарын дайындау
саласында да бүгінгі ақпараттық құралдар мен жаңа зерттеу құрылғыларының дамуы, білім беру
саласында біраз өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Ақпараттық технологияларды пайдалану,
жаңаша оқыту технологияларын сабақ барысына енгізу арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тəсілдерін іздестіру бүгінгі оқытушы-
ның келбеті мен біліктілігіне айналуы қажет. Аталған жағдайлардың бірі ретінде биология сала-
сындағы соңғы ғылыми зерттеуде пайланып жүрген қондырғылар мен зерттеу нəтижелерін білімгер-
лерді оқыту мен оқу процесіне ендірудің қадамдары ретінде генетикалық-молекулярлық зерттеу
əдістерін айтуға болады. Заманауи зерттеу жұмыстары генетикалық-молекулярлық əдістерді пайдалану
шетелде ғана емес Қазақстанда да кең етек алуда. Осы əдістерді үйрену, маман дайындауда сабақ
барысына пайдалану қажеттілігі туып отыр. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты білімгерлерде алдыңғы
қатарлы жетекші ғылыми зерттеу жүргізу ұйымдарының зерттеу жұмысын ұйымдастыру нəтижесінде
ғылыми зерттеудің спецификасы, модернизацияланған генетикалық зерттеу əдістері туралы жалпы
көзқарасы қалыптасады, инновациялық құралдарды пайдалана отырып, зертханалық жұмыстардың,
білімгерлердің ғылыми жобалық, бітіру жұмыстарын орындау кезінде сапасын арттыру, ғылыми көз-
қарасын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру болып табылады.
Биолог мамандарын дайындауда «Микология», «Фитопатология», «Гендік инженерия», «Молекулалық
биология» т.б. сабақтарында ақпараттық-молекулалық білім беруде пайдаланылатын əдіс түрлеріне
тоқталайық. «Саңырауқұлақ түрлерінен ДНҚ бөліп алу. ДНҚ концентрациясын анықтау» зертханалық
сабағы.
Достарыңызбен бөлісу: