Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
139
Мысалы, «желі» сөзінің бұрынғы мағынасы мен қазіргі термин саласындағы мағынасын салыстыруға
болады. Екі жағына екі терминнің айырмашылығы жазылса, ортасына ұқсастығы жазылады. Осы
арқылы студенттер əр терминнің шығу төркінін ұқсастық пен айырмашылығын ажырата алуға
мүмкіндіктері болады.
«Топтастыру» əдісін «Венн диаграммасының» алдында қолданып кеткеніміз де дұрыс. Бір сөзді
алып, сол сөздің синонимдерін жан-жағына жазып шығады немесе қазақша, орысша, ағылшынша
аудармасын да жазып шығуға болады. Əдісті түрлендіру оқытушының өз тапсырмасына байланысты.
Осы терминдерді түсіндіру, қайталау үшін тағы бір əдіс сабақ барысында берілген мəтіннен үзінді
оқу барысында студенттер түсінік беретін бір немесе бірнеше дəйексөзді теріп жазып алады. Жазып
алған дəйек сөзіне жоғарыдағы əдістер арқылы өзі анықтама береді жəне осы дəйексөзді не үшін
алғандығын түсіндіреді. Студент түсіндіріп болған соң оқытушы басқа студенттерден осы дəйексөз
туралы өз көзқарастарын білдіруін сұрайды.
Қорыта келе, «Кəсіби қазақ тілі» сабағында түрлі əдістер мен ойындарды жəне ақпараттық тех-
нологияны пайдалану – студенттердің дүниетанымын кеңейтуге, пəнге деген ынтасын, танымдық
қызығушылығын арттыруға, ізденімпаздыққа баулып, нақты, тұжырымды сөйлеуге, дербес ой-өрісін
дамытуға ықпал етеді.
1.
Əлімов А. «Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану». -
Алматы, 2009
2.
Салқынбай А.Сөйлеу тіліміздің тазалығы қандай? Ана тілі №19, 2010.
3.
Абнасырова Р. «Кəсіби қазақ тілі» (Есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету мен
ақпараттық жүйелер мамандықтарының орта жəне жалғастырушы топтарына арналған). - Алматы, 2013.
Достарыңызбен бөлісу: