Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
166
Оқу модульдерін жобалауда білімді жəне білік, дағдыларды меңгеру деңгейіне сəйкес оқу тапсыр-
маларының жүйесін жасалды. Модульдік оқыту жүйесінде оқу тапсырмаларының орындалысы
бақылау мен өзін -өзі бақылаудың тиімді тəсілі ретінде тест арқылы тексеріледі.
Интерактивтік технологиялароқытудың əдістері мен түрлерінің, бағдарламаларының интерактивті
мүмкіндіктері кері байланысты іске асыра отырып, студенттің белсенділігін арттыруға, дəстүрлі
оқыту жүйелерінің көбінде орындалмайтын диалог пен тұрақты көмекті де іске асыруға мүмкіндік
береді. Демек, бір –бірімен бетпе – бет кездесусіз – ақ студент пен оқытушы арасында интерактивті
қарым – қатынас орнату жəне пəн бойынша білім мен дағдының белгілі бір мөлшерін өз бетінше
игеру.
«Интерактивтік» термині ағылшынның өзара белсенділік мағынасындағы «interaction» сөзінен шыққан.
Бұл термин көбіне – көп информатика, коммуникация жəне өндірістік дизайн саласында кеңінен
қолданылады.
Біздің тəжірибемізде интерактивті дəріс педагог жетекшілігімен ұйымдастырылатын дəстүрлі оқыту
тəсілі мен жекелей компьютерлік оқытудың ұтымды жақтарының үйлесімінен тұрады. Компьютер
мұғалімнің белсенді көмекшісіне айналды. Интерактивтілік келесі құралдар арқылы жүзеге асырылады:
- ақпараттық құралдар: компьютер мен интерактивті тақта. Компьютер ақпаратты өңдеуге арналған
əмбебаб құрал, интерактивті тақта – компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жəне дəріс беру-
шіге немесе баяндамашыға ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіру арқылы
дəріс өткізуге мүмкіндік беретін құрал;
- программалық құралдар немесе «электрондық басылымдар»: электрондық оқулықтар, электрондық
дидактикалық материалдар, электрондық анықтамалар, электрондық энциклопедиялар, жаттықтырушы
жəне дамытушы компьютерлік программалар.
Жобалау технологиясытек қандай да білім беріп қоймайды, ақпарат алу, оларды теориялық, прак-
тикалық кəсіби қызметінде қолдана білу тəсілдеріне, студенттерді топпен де, жеке де жұмыс істеуге
үйретеді; əртүрлі ұйымдастырушылық шешімдерді өз бетінше қабылдай білу біліктілігін қалыптастырады;
коммуникативтік біліктілігін дамытады; фактілер мен құбылыстарды талдау, салыстыру, сəйкестен-
діруді үйретеді; студенттердің идея тастау, болжау жəне оларды шешу біліктілігін дамытады; білім
беру үдерісінде танымдық шығармашылық құзыреттілігінің негізі ретіндегі субъектінің шығармашылықпен
ойлау қалыптасады; студенттердің түйіндік құзыреттіліктерін қалыптастыру жүзеге асады.
Жобалау технологиясының негізгі идеясы – студенттің нəтижеге бағытталған оқу – танымдық
əрекеті. Нəтиже практикалық немесе теориялық маңызды проблеманың шешімі болуы тиіс.
Қажетті құзыреттіліктер: жауапкершілікті өзіне алу; бірлесіп шешімге келу; таңдау жасау; талдау,
бағалау.
Тұжырымдық позициялар: ізгілендіру ұстанымы; ынтымақтастық; басқаның пікірін сыйлау; нəтижеге
жауапкершілік.
Оқытушының міндеті:
Достарыңызбен бөлісу: