Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет256/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

-
 
зерттеу жəне іздену əдістерін терең меңгеру жəне оны студенттермен ұйымдастыру; 
-
 
студенттердің өз пікірін еркін айта алатындай дискуссиялар ұйымдастыру; 
-
 
студенттерді қойылатын мəселені шешу жолын іздестіруге бағыттау; 
-
 
жобаның проблемасын шешу үшін ғылымның əртүрлі саласынан алған білімді кіріктіруге үйрету. 
Жобаның түрлері: тəжірибеге бағытталған жоба, зерттеушілік жоба, шығармашылық жоба, ақпараттық 
жоба. 
Жобалау  əдісі  əруақытта  студенттің  əдейі  бөлінген  уақытта  (бірнеше  минуттан  бірнеше  аптаға, 
кейде айға дейін жеке, қосарлы, топпен) өзбеттерінше əрекет етуіне бағытталған. Жобалаудың зерт-
теуден  айырмашылығы  –  ол  тəжірибеге  бағдарланған.  Жобаны  жүзеге  асырушы  адам  жаңаны  ғана 
емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді. 
Жобалау  əдісін  мəселенің  нақтылығы;  алынған  нəтиженің  практикалық,  теориялық,  танымдық 
мəні; студенттің өзіндік əрекеті; жобаның кезеңдері көрсетілген мазмұндық бөлімін құрастыру; жобаны 
орындауға зерттеушілік əдістерді қолдану; зерттеу əдістерін, алынған мəліметтерді талдау, қорытын-
дысын  шығару,  соңғы  нəтижені  түзетіп,  реттеу,  тұжырым  жасауға  байланысты  «жобалау  технологиясы» 
деп атайды [4]. Өкінішке орай, қазіргі студенттердің басым бөлігі ақпарат алудың əртүрлі əдебиеттер, 
электрондық  басылымдар,  интернет  сияқты  көптеген  көздері  бола  тұрса  да  білім  алуға  белсенділік 
көрсетпейді.  Бұл  жерде  негізгі  мəселе  қоғамдағы  өте  көп  ақпарат  ағымына  байланысты  студенттер 
өздеріне керекті мəселелерді іздеп табу жолдарын біле бермейді, дайын материал алуды көздейді. Бұл 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
167
 
мəселені шешу үшін студенттерді жобалау əрекетіне үйретудің мынадай кезеңдерден тұратын дайын-
дық жүйесі ұсынылады:  
- жобалау алды қызмет; 
- қысқа жəне орта мерзімді жобаларды орындау; 
- оқытудың классикалық құралдарын қолданып, орта жəне ұзақ мерзімге арналған моножобаларды 
орындауды ұйымдастыру; 
- жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдану арқылы ұзақ мерзімді моножобаларды орындау; 
- пəнаралық жəне факультетішілік жобалармен жұмыс [4].  
Жобалау технологиясы студенттерді өз ойларын өздеріне ыңғайлы уақытта, шығармашылық түрде 
ұйымдастырылып, ойластырылған түрде жеткізе білуге дағдыландырады, өздерін - өздері іске қосып, 
өз іс - əрекетіне баға беруге, тексеруге əсерін тигізеді. Дəстүрлі сабақтардан гөрі жобалау технологиясын 
қолданған  сабақтар  оқытушыға  да,  студентке  де  жауапкершілік  жүктейді,  шығармашылық  ізденісті 
талап етеді. 
Жоба  технологиясын  қолдану  студенттердің  болашақ  мамандығына  қызығушылығын  арттыруға, 
оны  меңгеруіне,  мектепке  барған кезде  балалармен  жаңаша жұмыс істеу  іскерлігін  қалыптастыруға, 
кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.   
Американ  педагогтары  Д.  Дьюи,  Килпатрик  жəне  көптеген  басқа  педагогтар  бір  ортақ  мəселені 
шешу жолында дəріс алушылардың біріккен шығармашылық жəне белсенді танымдық мəселелеріне 
көңіл аударған еді. Оның шешімі түрлі салалардың білімін қажет еткен еді. Сондықтан да бастапқы 
кезеңде жобалау əдісі проблемалы деп аталатын. Проблема, əдеттегіде таза прагматикалық мақсатты 
көздеді.  Оның  шешімі  нəтижелерді  шынайы  түрде  көруге  мүмкіндік  берді.  Белгілі  австриялық  педагог 
Рудольф Штайнер де дəріс алушыларды алған білімдерін тəжірибелік мақсаттарды шешуге қолдануға 
үйрету  керек  деп  есептеген,  Дəріс  алушының  теориялық  тұрғыдан  таныған  нəрселерін  өз  өміріне 
қатысты мəселелерді шешу үшін қолдана білуі тиіс. Ол өз білімін тəжірибе жүзінде қай кезде қалай 
қолдануын білу керек, егер дəл қазір болмаса да болашақта қажет [5]. 
В.А.Афанасьевтің жоба жөніндегі пікірі мынандай: «Жобалау педагогикалық тəжірибедегі субъек-
тілердің шығармашылық қызметінің ерекше түрі болып табылады. Сонымен қатар ол «педагогикалық 
практика  теориясымен»,  болжаумен,  ұйымдастырумен,  модельдеумен,  басқарумен  тығыз  байланысты. 
Тек  қана  қызметтердің  осы  түрлерінің  мүмкіншіліктеріне  сүйене  отырып,  толыққанды  қызметі  бар 
жобаны іске асыруға жəне нақты құруға болады» [6]. 
Бұл  талданған  мəселелер  қазіргі  қоғамға  сай  білікті  мамандарды  даярлауда  жаңаша  өнімді  білім 
беру тұғырларын дұрыс таңдап, жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлаудың сапасын 
арттыруа тиімді деп танылатын оқыту технологиялары мен жалпы басшылыққа алынатын модельдің 
құрылымын жасап, оның тəжірибие жүзінде басшылыққа алынуы маңызды деп санаймыз.  
 
1
 
Маркова  А.К.  Формирование  мотивации  учения  в  школьном  возрасте:  пособие  для  учителя.  –  М.: 
Просвещение, 1983. – 96 с. 
2
 
Фонарев  А.Г.  Формы  становления  личности  в  процессе  ее  профессионализации  //  Вопросы  психологии. 
1997. № 2. 
3
 
Сластенин В.А., Исаев И.Ф. Ведущие тенденции и принципы формирования профессионально-пеадгогической 
культуры  преподавателя  высшей  школы//  Формирования  личности  учителя:  //межвуз.сб.научн.тр.  –  М.: 
Прометей, 1995. – С. 3-23. 
4
 
Буланова-Топоркова  М.В.  Педагогические  технологии:  Учебное  пособие  для  студентов  педагог.-х 
специальностей. Ростов-на Дону, 2002. 
5
 
Штайнер Р. Сущность социального вопроса в жизненных необходимостиях настоящего и будущего. -1919. 
6
 
Афанасьев В.А. «Проектирование педтехнологии» //Высшееобразование в России, 2001, №4, 149 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет