Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
172
жəне т.б.), мемлекеттік құрылым (біртекті мемлекет, федеративтік мемлекет жəне т.б) формаларына
байланысты имидждің қалыптасу процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Кəсіптік имиджді иелену – бұл іскер адамның, бизнесменнің, көшбасшының, спортшының қойған
мақсаты емес, алайда осындай мақсаттың болуы елеулі тұлғалық жəне кəсіби сипаттама құрайды,
практикалық тұрғыда терең мағынасы бар. Өз имиджінің қамы – бұл адамдардың санасында оны
сақтап қалу, өзін ең жақсы таныстыру рəсімі.
Имидж ұғымы дербестендіру ұғымына жақын, бірақ соңғымен салыстырғанда тұлғаның табиғи
қасиеттері ғана емес, арнайы құрылған қасиеттері де жатады. Бұдан басқа, имидж адамның сыртқы
бейнесін ғана емес, адамның ішкі дүниесін, оның психологиялық түрін көрсетеді.
Түптеп келгенде имидж – тұлға қалдыратын əсер. Тұлғаға, адамдардың сол немесе өзге тобын
ұйымдастыруына қатысты əрекеттер, фактілер, мəліметтер қалай қабылдануына жəне түйсіндіруіне
баға беру ептілік – спорттық жүйеде имидж басқарудың ең маңызды психологиялық негізі болып
табылады.
Гносеологиялық жəне психологиялық тұрғыда көптеген спорт имиджінің ішінен келесі негізгі
топтарды белгілеуге болады: Олимпиялық спорт имиджі, Көне əлемдегі спорттың имиджі, жаңа
уақыт (XVII-XVIII ғғ) кезеңдегі спорт имиджі, екі дүниежүзілік соғыс арасындағы кезеңдегі спорт
имиджі; бұрыңғы КССР, ТМД елдерінің спорт имиджі, спортшының имиджі, жаттықтырушының
имиджі, спорттық команданың имиджі жəне т.б.
Сонымен, дене шынықтыру мұғалімінің имиджі ішкі жəне сыртқы өзара байланысты компоненттер
жататын құрылымы бар біртұтас жүйелі білім.
Ішкі компоненттерге жатады: білім (жалпы кəсіптік білім, педагогикалық имиджелогияның
теориялық негіздер білімі); жасай білу (əдістемелік, психотехнология, болдау-бағалау саласындағы
ептілік); эмпатия мен толеранттылыққа қабілет; түсіністікке, бірге мазасыздануға, білім алушылардың
тəуелсіздігі мен дербестігіне, кəсіби жеке басының өсуі мен дамуына бағдар жасалған нұсқаулар;
құндылықтар (бала өмірінің құндылығы, өзі мен денсаулығының құндылығы); мұғалімнің өзін-өзі
баламалы бағалауы.
Сыртқы компоненттер: мұғалімнің сыртқы келбетінде, іскерлік мəнер мəнмəтінінде; мұғалімнің
сөзінде; мұғалімнің басқаруының демократиялық деңгейінде; мұғалімнің білім алушымен бірлесіп
дене шынықтыру-спорттық іс-əрекетке əуесқойлық негізінде қатынасу мəнері.
1 Валеева О.Н. Имидж личности: социально-психологический анализ феномена// Личность, семья и общество:
вопросы педагогики и психологии. 2014. – №42.
2 Волков Б.С. Психология юности и молодости: Учебн. пособие. – М.: 2006. – 256 с.
3 Дагаева Е.А. Методология изучения имиджа как социально-психологического феномена // Психологическая
наука и образование psyedu.ru. 2011. – №1
4 Насыбуллин А.Р. Социально-психологические особенности имиджа будущего бакалавра: Автореф. дис. …
канд. пед. наук / А.Р. Насыбуллин. – Казань, 2015. – 27 с.
5 Симонова И.Ф. Педагогика имиджа / И.Ф. Симонова. – СПб.: Ультра Принт, 2012. – 304 с.
Достарыңызбен бөлісу: