МАМАННЫҢ ИМИДЖІ – СПОРТ ҰЙЫМЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ А. Дошыбеков – Қазақ спорт жəне туризм академиясының 3 курс докторанты, Doshybekov@mail.ru
Берілген мақалада дене шынықтыру жəне спорт саласындағы маманның имиджін қалыптастыру мəселесі
қарастырылады. Ғылыми-педагогикалық жəне психологиялық əдебиет сараптамасы негізінде осы категорияның
мəні ашылады. Зерттеу жұмысында студенттік дəуір студенттің имиджін қалыптастыру үшін ең қолайлы кезең
болып табылады. Кəсіптік имиджді иелену – іскер адам, бизнесмен, көшбасшы, спортшы үшін мақсат емес,
алайда иеленген жағдайда аса елеулі тұлғалық жəне кəсіби сипаттама құрар еді, ал іси жүзінде терең мағынасы
бар. Өз имиджінің қамы – ол адамдардың санасында өзін сақтап қалуға жанталасу жəне өзін таныстырудың ең
дұрыс рəсімі болып табылады.
Спортта имидждің педагогикалық жағы - спорт арқылы өз Отанына, мемлекетіне сүйіспеншілік сезімін
тəрбиелеу; спорт аренасында жеткен жетістіктері арқылы мемлекет беделін күшейту жəне құру сияқты
маңызды мəселелерді тікелей бейнелейді. Мемлекетте спорттың даму деңгейі оның бұқарашылдандыру, еліміз-
дің мүмкіндіктері мен жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Біздің өркениетіміздің тарихында əр кезеңде
өскелең ұрпақты тəрбиелеу спортпен тығыз байланыста болғаны айтылған.