Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет401/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
270
 
мəдениеті  болып  табылады.  Құндылықтар  -  өмірге,  еңбекке,  шығармашылыққа,  адамгершілік  наси-
хаттарға,  адам  өмірінің  мəніне  деген бағалаушы  қатынас.  Құндылықтар  -  материалдық жəне  рухани 
қажеттіліктерді өтеу үрдісіндегі қалыпты нəрселер. Қалыпты мəнге қайырымдылық, сұлулық, əділет-
тілік идеялары ие болуы мүмкін” – деп мəдениет, тəрбие тұрғысынан ұсынады [3]. 
Мектеп  оқушыларының  құқықтық  мəдениетін  қалыптастыруда  қалыптасқан  материалдық  жəне 
рухани  мəдениеттің  маңызын  түсіндіре  отырып,  олардың  даму  жолдарын  мəдениет  адам  қолымен 
жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы (техника, құрал-жабдық, əр түрлі бағыттағы 
обьектілер, т.б.). Рухани мəдениет (интеллектуальдық) адамдардың табиғат пен қоғамды қабылдауы 
мен  бейнелеуіндегі  белгілі  бір  ғылым  немесе  өнереде  айқындалған  болмысы  ретінде  қабылданады. 
Əлеуметтік  қалыптағы  мəдениет,  қоғамдық  өмірді  ұйымдастыру  (экономика,  құқық,  саясат,  т.б.)  мінез-
құлыққа  тəуелді  еместігімен  ерекшеленеді.  Мəдениетте  пайда  болатын  əлеуметтік  идея  жеке  тұлғаның 
бойына  адамды  əлеуметтендіру  үрдісі  барысында енеді,  яғни   жеке  адамға жалпы  адамзаттық  мəде-
ниеттің  жиынтығын  бүгінгі  нарықтық  экономиканың  талаптарына  негіздей  отырып  меңгерту  көзде-
леді. Осымен байланысты мұғалімнің кəсіби біліктілік бағыты күшейеді. Жеке тұлғаны қалыптастыру 
процесін    ұйымдастыру  үшін  оның  үнемі  мəдениетке  кіруіне  зер  салу,  бүгінгі  мəдени  жетістіктер 
дəрежесінде əлемдік мəдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы тұлғаның əлеуметтік өмірдің мағы-
насына  енуін  қарастыру  көзделеді.  Жеке  тұлғаның  осы  заманғы  тəрбиесінің  негізіне  адамзаттық 
мəдениеттің бүкіл дүниежүзілік қоры алынуы керек. Атап айтқанда, мəдениеттің барлық түрі:  ақыл-
ой,  адамгершілік,  эстетикалық,  этикалық,  экологиялық,  экономикалық,  саяси,  құқықтық  мəдениеті, 
тұлғаның кəсіби бағдары мен политехникалық, еңбек мəдениеті қамтылады [2].  
«Құқықтық  мəдениетті  ұлт  менталитетінің  темірқазығына  айналдыру  дегеніміз  –  ұлттық  сана-
сезімнің құқықтық  беріктігін күшейту, агрессиялық пиғылдағы ойлар мен іс-əрекеттерге заң жүзінде 
тойтарыс  берудің  рухани  қамалын  жасау»  [2].  Құқықтық  тəрбие  жəне  балалар  арасындағы  тəртіп 
бұзушылықтың  алдын  алу  үшін  тұлғаның  өзін  -  өзі  дамуына  аса  мəн  беру  қажет.  Бұл  жерде  біз 
құқықтық білім мен өзін өзі тану пəнін өзара кіріктіре жүргізуді негізге алуымыз керек. Яғни, өзін - 
өзі тану дегеніміз: 
Өзін тану – адамның өзін өзгемен салыстыра пайымдауы, бағалауы жəне бір тоқтамға келуі. Ол – 
адамның өзі туралы сауатын ашуы, білімін үнемі жетілдіруі. 
Өзін тану – адамның өмірі туралы өз көзқарасын дəлелдемек ынтасы, өзін - өзі тəрбиелеудің жолы 
мен бағыты. Ол болмыстағы бар мен болатын нəрсенің арасын дəйектейтін кезең. 
Өзін тану – адамның қабілет – қасиетін құндылықтың да, игіліктің де жоғары түріне балау, соған 
теңестіру. Жан – тəннің тазалығы жəне оның іс-əрекетке қабілеттілігі. Ол адамдар арасындағы мəде-
ниеттіліктің белгісі мен кəмелетті көрінісі. 
Өзін  тану  –  адамның  қол  жеткеніне  қанағаттануы,  діттеген  міндет  –  мақсатқа  ұмтылуы.  Мақсат 
адамның киелі қасиетіне, кісілігіне жол ашу.  
Өзін  тану  -  өзгені  тыңдай  білу,  түсіне  білу,  қолдай  білу  өнерін  үйренбек  ниеті,  сол  шешімге  жетпек 
ізденісі.  Ол  –  тіл  тану  жəне  тіл  табысу  мəдениетінің  құралы  мен  кезеңі,  əрбір  адамның  жарасым-
дылыққа, жақындасу мен бауырласуға деген ұмтылысы. 
Өзін тану – адамның өзін тұлға ретінде қалыптастыру мен жетілдірудің тізгіні, азаматтыққа жету-
дің  үзеңгісі,  тұлғалық  пен  азаматтыққа  лайық  жағдай  жасауға  талпыныс.  Кəсібімен  нəсібін  ұзарт-
қандар қолдағыға қанағаттанады, өзгеге шапағатын тигізеді. 
Өзін тану – жалғандық пен зұлымдыққа бармау, соқыр сенімге ұрынбау, керіағарлық көріністерге 
бей-жай  қалмай,  өзі  күйзелер,  өзгені  қобалжытар  күйде  ширату.  Өзін  ізгі  іс  пен  бастамаға  ұйым-
дастыра  алу.  Өзіндік  істе  тану  мен  табысу,  жарасу  мен  жарысу  бір  –  бірімен  қабаттасып  жатады. 
Бойдағы күш қуаттың еркін көрінісіне жəне қолдануына мүмкіндік іздейді, жағыдай жасайды. 
Өзін  тану  -  əркімнің  өз  шаруасының  бастамасы,  өз  шеңберлігінің  көрінісі  мен  қызметі.  Сол 
бағытта адамның өзіне деген талапты күшейтуі, əлеуметтік кəмелеттілікке ұмтылуы[4,390-391 б].  
Құқықтық мəдениетті қалыптастыруда қазақ халқының  ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт дəстүрлері, 
ырым жоралары да негізгі орын алады. Мектепте құқықтық тəрбиеге байланысты шараларды ұйым-
дастырғанда  ұлтымыздың  салт-дəстүрлеріндегі  құқықтық  тəрбиеге  бағытталған  іс  əрекеттерге  аса 
мəн  беріледі.  Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  дамып,  құқықтық  əдеп  болып  қалыптасып,  ол  салт  - 
дəстүрлерге,  ғұрыпқа  айналды.  Үлкенді  сыйлау,  ата-анаға  деген  құрмет,  сəлемдесу,  сəлемді  мəдениетті 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
271
 
түрде қабылдау, əртүрлі əлеуметтік ортада тұлғаның өзін-өзі ұстауы барлығы тұлғаның адамгершілік 
жəне құқықтық мəдениетін көрсетеді. 
Құқықтық мəдениетті қалыптастыруда тəртіп бұзушылықтың алдын алу үшін  мынадай жұмыстың 
сатылары жүзеге асырылуы керек:  
- тəртіп бұзушылыққа ықпал ететін жағдайлардың алдын алу (алғашқы профилактикалық жұмыс 
жүргізу);  
-  оқушыға  теріс  ықпал  ететін  ортаны  сауықтыру,  жеке  бастық  ұстанымын  түзету  (профи-
лактиканың  бірінші сатысы);  
-  тəртіп  бұзған  жəне  құқық  қорғау  орындарында  тіркелген  (кəмелетке  толмаған  балалар  инспек-
циясы  мен  комиссиясы,  учаскелік  инспекторлар)  оқушылардың  тəрбиелік  ортасын  ұйымдастыру, 
жеке бастық ұстанымын түзету жəне жетілдіру (профилактиканың  екінші сатысы); 
- үнемі тəртіп бұзатын оқушыларға құқықтық ықпал ету, қылмысқа бару қауіпін алдын ала болжай 
білу (профилактиканың  үшінші сатысы); 
- қылмыс жасаған  оқушыларға жаза қолдану немесе ұжымнан ажыратылмай тұрып шара қолдану 
(бүліну профилактикасы). 
- Оқушылардың құқықты бұзуының алдын алу үшін  мектеп, отбасы жəне қоғам құқықтық тəрбиені 
жүзеге асыруы шарт [2]. 
Жоғарыдағы көрсетілген шараларды, іс-əрекеттерді болдырмау үшін тұлғаның ішкі жан дүниесіне 
игі ықпал ете отырып, олардың өзіндік дамуына жағдай жасалуы керек, адамның өзін өзгемен салыс-
тыра бағалауы, адамның өзі туралы білімін үнемі жетілдіруі, өзін-өзі тəрбиелеудің жолы мен бағытын 
айқын білуі, жанның тазалығы, адамның қол жеткеніне қанағаттануы, өзгені тыңдай білуі, тіл табысуы, 
адамның өзін тұлға ретінде қалыптастыруы, тұлғалық пен азаматтыққа лайық жағдай жасауға талпы-
нысы, адамның өзіне деген талапты күшейтуіне ықпал ету. 
 

Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 
2015.  –  21  б.  Қазақстан  Республикасының    Білім  жəне  ғылым  министрінің  2015  жылғы  22  сəуірдегі  №  227 
бұйрығымен бекітілген. 
2 Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тəрбие теориясы мен əдістемесі. Оқу-əдістемелік құрал. – 
Алматы, 2009. - 260 б. 
3  Алтаев  Ж.,  Қасабеков  А.,  Ғабитов  Т.  Философия  жəне  мəдениеттану.  Оқу  құралы.  –  Алматы: 
Жетіжарғы, 1998. –272 б. 
4 Молдабеков Ж. Қазақтану. –Алматы: Қазақ университеті. 2003. – 459 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет