Түйіндеме Сураганова А.К. - Абай атындағы ҚазҰПҮ 6М011900 - Екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранты
Букабаева Б.Е. - ф.к.ғ, Абай атындағы ҚазҰПУ Кəсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасының доценті
Проблемалық-диалогтық оқыту арқылы өзге тілде қарым-қатынас жасау Бұл мақала қандай да бір мəселені екіжақты талқылау арқылы шет тілін үйрену мəселесіне арналған. Екі
жақты қарым-қатынас жасауды оқытып-үйрету үшін көптеген ғалымдар, əдіскерлер, ұстаздар еңбек етті, жасап
та жүр, бірақ бұл мəселе өзінің ерекшелігіне байланысты əліде болса өз шешімін тапқан жоқ. Екіжақты
əнгіменің ерекшелігі сонда, ол аяқасты қалыптасқан жағдайдан туындайды, сондықтан да əнгіменің барысын жəне
қалай аяқталатынын болжау қиын. Бұл мақалада екіжақты əңгіменің тұп-тамырына, табиғатына талдау жасалынған,
екі жақты қарым-қатынасты негізгі жəне бұрыннан белгілі жолдары арқылы оқыту жəне де екіжақты əңгімені
сөйлесу амалының бір қыры ретінде өзіміздің жеке көзқарасымыз ұсынылды. Дегенмен, «мəселені екі жақты
талқылап үйрету» деген сөз тіркестері оқытудың əдіс-амалдары емес, оның (оқытудың) жеке бір түрі деп қараған
жөн. Оқытудың осы бір түріне арналған біздін əдіс-амалдарымыз оқушыларды өзара қарым-қатынасқа жете-
гейді жəне де олардың ойлау қабілетін жандандыра түспек. Оқушылардың екі жақты əңгімені қолайлы түрде
құрастыра алмауларының себебтері, олардың тіл байлығының аздығы немесе грамматикалық кемісшігінен емес,
ол психологиялық кедергі мен қалыптасқан жағдайдың жасандылығынан туындайды, осы бір себептер олардың
өзара қарым-қатынастарына кедергі болып табылады
Түйін сөздер: екі жақты əнгіме, өзара сөйлеу, қарым-қатынас, мəселені екі жақты талқылап үйрету, кəсіби
қарым-қатынас, екіжақты əңгімелесу, екі жақты əңгіменің бір тұтастығы, қандайда бір мəселені оқытып үйрету.