Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Аннотация 
В  данной  статье  расматриваются  труды  русских  военных  историков  XVIII-ХIX  вв.  С.Б.  Броневского, 
М.И.Венюкова,  Е.К.Мейендорфа,  И.Г.Андреева,  Я.П.Гавердовского,  Ф.Назарова,  посвященные  изучению 
социально-экономического развития казахского общества. В основном все эти работы увидели свет в сборнике, 
издаваемым  Генеральным  штабом  России  «Материалы  для  географии  и  статистики  России,  собранные 
офицерами  Генерального  штаба  России».  В  работах  вышеуказанных  русских  офицеров  дается  описание 
традиционного кочевого хозяйства казахов, подробный анализ районов, уездов, городов Казахстан и анализ их 
экономического  состояния.  Приведен  огромный  материал  о  территория  занимаемый  казахами,,  народных 
промыслах,  обычаях,  системе  управления  местным  населением,  развитию  торговли  промышленного 
производства.  
Наряду  с  исследованием  хозяйства  казахов  русские  военные  историки  большое  внимание  уделили  и 
социальной  стратификации  казахского  общества  и  тем  изменениям,  которые  произошли  в  этой  сфере,  после 
полного  присоединения  казахских  земель  к  России.  Они  дали  подробный  анализ  феодальной  иерархии 
казахского общества. Они разделили  казахское общество на такие социальные категории как: «белая кость» – 
потомки  Чингис  хана,  ханы,  султаны  и  «черная  кость»  -  старшины,  бии,  батыры  и  духовенство  и  подробно 
рассмотрели имущественное положение и социальный статус этих категории казахского общества.  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
20 
Так  как  все  русские  офицеры  были  на  государственной  службе  и  были  проводниками  официальной 
имперской политики, ими не были затронуты вопросы  бедственного положения коренного населения. 
Ключевые  слова:  Военные  историки,  кочевое  хозяйство,  поливное  земледелие,  обычаи,  промыслы,  
феодальная  иерархия, ханы, султаны, старшины, бии, батыры. 
 
Summary 
In  this  article  we  are  risen  works  of  Russian  military  historians  XVIII-XIX  centuries.  S.B  Bronevsky,  M.I 
Venyukova,  E.K  Meyendorff,  I.G  Andreev,  J.P  Gaverdovsky,  F.  Nazarov,  devoted  to  the  study  of  socio-economic 
development  of  the  Kazakh  society.  Basically,  all  these  works  were  published  in  the  book,  published  by  the  General 
Staff of Russia "Materials for Geography and Statistics Russia collected by officers of the General Staff of Russia." In 
the  works  of  Russian  officers  of  the  above  describes  the  traditional  nomadic  economy  of  the  Kazakhs,  a  detailed 
analysis of districts, counties, cities, Kazakhstan and analysis of their economic status. An enormous amount of material 
on  the  territory  occupied  by  the  Kazakhs  ,,  folk  crafts,  customs  management  system  the  local  population,  the 
development of trade in industrial production. 
Along  with  the  study  of  the  economy  of  the  Kazakhs  Russian  military  historians  have  paid  much  attention,  and 
social stratification of Kazakh society and the changes that have occurred in this area, with the full adherence of Kazakh 
land to Russia. They gave a detailed analysis of the feudal hierarchy of the Kazakh society. They divided the Kazakh 
society in the social categories such as "white bone" - descendants of Genghis - Khan, khans, sultans and "black bone" - 
Foreman,  Bies,  batyrs  clergy  and  examined  in  detail  the  financial  situation  and  social  status  of  these  categories  of 
Kazakh society. 
Since  all  Russian  officers  were  in  the  public  service  and  were  agents  of  the  official  imperial  policy,  they  are  not 
touched on the plight of the indigenous population. 
Keywords Military historians, nomadic agriculture, irrigated agriculture and customs, the feudal hierarchy, khans, 
sultans, foremen, Bies, batyrs. 
 
 
316.334.2:331(574) 
 
ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ (ХХ Ғ. АЯҒЫ) 
 
Тулекова М.К. - т.ғ.д., профессор, Абай атындағы $аз%ПУ. 
 
Мақалада  негізінен  ХХ  ғасырдың  90-жылдарының  аяғындағы    Жетісу  өңіріндегі  халықтарды  жұмыспен 
қамту мəселесі қарастырылған.   
КСРО  ыдырағаннан  кейін  құрылған  тəуелсіз  мемлекеттерде  саяси  жағдай  бірден  тұрақталып  кетпеді, 
өнеркəсіп  орындарының  жабылуы  жаппай  жұмыссыздықтың  пайда  болуына  алып  келді.  Халықты  жұмыспен  
қамту  негізгі  проблеманың  бірі  болып  қалды.  Халық  өз  бетімен  жұмыс  іздеуге,  өздерінің  жеке  істерін  ашуға 
кірісті.  Осындай  шаруашылықтардың,  жеке  кəсіпкерліктің  бірі  -  нуклеарлық  үй  шаруашылығы  болды.  Осы 
нуклерлік  шаруашылықпен  Жетісу  өңірі  халқы  көп  айналысты.  Жекелеген  кəсіпкерліктер  де  шыға  бастады. 
Халық  арасында  жіктелу  процесі  тез  жүріп  халықтың  əлеуметтік  құрамы  өзгерді. Сырттан  келген  мигранттар 
мен отандастарымыздың елге оралуы да жұмыссыздардың санын көбейтті. Оларды жұмыспен қамту, орналас-
тыру  мəселесін  шешуде  көптеген  қиыншылықтар  кездесті.  Осы  мəселелер  мақалада  деректер  негізінде 
талданған. 
Тірек сөздер: миграция, репатрианттар, демография, оралмандар, нуклерлік. 
 
Қазақстан  Республикасының  саяси,  экономикалық  жəне  əлеуметтік  даму  тарихын  зерттеу  өзекті 
мəселенің  бірі  болып  табылады.  Еліміздегі  саяси  тұрақтылықтың  болуы  ел  экономикасының 
дамуына,  халықтың  əлеуметтік  жағдайының    жақсаруына  алып  келді.  Осындай  жетістіктерге  бір 
күнде қол жеткізген жоқпыз. КСРО ыдыраған алғашқы жылдары еліміздегі, оның ішінде аймақтар-
дағы  саяси,  экономикалық  жағдайлар  біркелкі  болмады.  Елде  жұмыссыздық  белең  алып  халықтың  
əлеуметтік  жағдайы  төмендеді.  Осы  мəселені  шешу  жолында  көптеген  жұмыстар  жүргізіліп, 
мемлекет  тарапынан  іс-шаралар,  қаулылар  қабылданды.  Бірінші  мəселе  жұмыссыздықты  жою, 
халықты күнделікті керек –жарақпен қамтамасыз ету мəселесі болды. 
Халық арасында ертеңгі күнге деген сенімсіздік те орын алды. Осындай өтпелі кезеңде халықты 
жұмыс  орнымен  қамтамасыз  ету  жəне  жеке  кəсіпкерлікті  дамыту  мəселелері  шешімін  тез  табуға 
тиісті мəселелердің біріне айналды. Қазақстанның барлық аймақтарында да жұмыссыздар саны өсті. 
Осы  тығырықтан  шығудың  жолдары  іздестірілді.  Ол  туралы  кейіннен жарық көрген  статистикалық 
деректер арқылы халық саны мен оларды жұмыспен қамтуға  ерекше талдау бере аламыз. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
21 
1999  жылғы  санақ  қорытындысы  бойынша  Қазақстан  Республикасында  тұратын  14953,1  мың 
адамның  4573,2  мыңы  (30,6  %)  -  балалар  мен  жас  өспiрiмдер,  8619,2  мыңы  (57,6  %)  -  еңбекке 
қабiлеттi жастағы адамдар жəне 1760,7 мың адам (11,8 %) - еңбекке қабiлеттi жастан асқандар.[1] 
Ал Жетiсу өңiрiнде тұратын барлық халықтың 1558534 адамның - 509013 – балалар мен жасөспi-
рiмдер, яғни жұмысқа жарамсыз жастағылар, 882199 - еңбекке қабылеттi жастағылар, 167322 – еңбек-
ке қабiлеттi жастан асқандар [2]. Ал аймақ бойынша жалдамалы жұмыста iстейтiндер: мекемелер мен 
кəсiпорындарда  -  271485,  шаруа  (фермер)  қожалықтарында  -  20034,  жекелеген  адамдарда  -  11247. 
Оның 23,8 % - еркектер, 15,3 - əйелдер. Жалдамалы емес жұмыс iстейтiндер: өзiнiң шаруа (фермер) 
қожалықтарында iстейтiндер - 4964 (0,3 %), өз кəсiпорындарында - 1932 (0,1 %), жеке кəсiпкерлiкпен 
айналысатындар - 31268 (2,0%), отбасылық кəсiпорындарында ақысыз iстейтiндер - 14873 (1,0 %), үй 
iргесiндегi қосалқы шаруашылығында - 74751(4,8 %).[3]. Барлық меншiк нысандарындағы кəсiпорын-
дар  мен  ұйымдарда  жəне  жекелеген  адамдарда  жұмыс  iстеушiлер  арасында  селолықтардан  гөрi 
(31,4%) қалалықтар үлесi (68,6%) артық. Жетiсу аймағы бойынша бұл көрсеткiш – 28,5% - 24,4%-ке 
тең.  Осылардың  iшiнде  шаруа  (фермер)  қожалықтарында  жұмысқа  жалданған  адамдардың  95,8% 
селолықтардың  үлесiнде,  олардың  78,6%  -  еркектер.  Аймақта  ол  көрсеткiш  -  1,7%  болса,  оның  ер 
адамдары – 2,7% [4].  
Ересек  халық  күнкөрiс  қаржысының  көздерi  бойынша  былайша  бөлiнедi:  зейнетақы  алатындар-
191449  (12,3%),  стипендия  -  12139  (0,8%),  жəрдемақы  -  36766  (2,4  %),  жұмыссыздарға  берiлетiн 
жəрдемақы  алатындар  -  8482  (0,5  %),  мемлекеттiк  қамсыздандыру  түрлерiн  -  11079  (0,7  %),  өз 
меншiгiнен  -  3024  (0,2),  өздерiн  бiреу  асырайтындар  859405  (55,1  %),  басқа  күн  көрiс  көзi  13912 
(0,9%).  Қазақстан  Республикасында  4152,7  үй  шаруашылығы  бар  (олардың  орта  мөлшерi  3,6  адам), 
олардың  2663,2  мыңы  (жалпы  санның  64,1)  қалалық  жерлерде  1489,5  мыңы  (35,9  %)  селолық 
жерлерде тұрады, олардың орта мөлшерi тиiсiнше 3,1 жəне 4,4 адам. Жетiсу аймағында үй шаруашы-
лығымен  айналысатындар  барлығы  -  386990,  олардың  -  118915-қалалық  жерлерде,  230540  селолық 
жерлерде тұрады, олардың орта мөлшерi тиiсiнше 3,7 жəне 4,6 адам. 
Өз  құрамында  нуклеарлық  үй  шаруашылығымен  туыстық  немесе  жекжаттық  (күйеуiнiң  немесе 
əйелiнiң  ата-аналары,  т.с.с.)  байланысты  басқа  адамдары  бар  үй  шаруашылықтары  ұлғайған  үй 
шаруашылықтарына жатады.      
Жетiсу аймағы бойынша нуклеарлык үй шаруашылығы 239039, олардың орташа мөлшерi 4,0 адам. 
2 адамнан тұратындары - 52720, 3 - адамнан 54216,4 - адамнан 66744, 5 адамнан - 38801,10 жəне одан 
артық  357.  Олардың  iшiнде  60  жəне  одан  жоғары жастағылардың  28168  еркектер,  əйелдер  -  28150. 
Қалалар  мен  қалалық  мекендерде  осындай  үй  шаруашылығы  -  140091,  ауылдық  -  246899  орта 
есеппен 3,3 жəне 4,4 адам. Кеңейтiлген үй шаруашылығы-106533, құрамдас үй шаруашылығы 3883 
бiрлiк  болды,  орташа  мөлшерi  4,4  адам.  Алматы  қаласында  үй  шаруашылығы  385758,  оның  iшiнде 
бiр  адамнан  тұратыны  81218,  нуклеарлық  үй  шаруашылығы  209401  -  оның  iшiнде  60  жастан  жəне 
одан асқандар - 42911, бiр адамнан тұратын - 21651, екi адамнан тұратын - 21221, үш жəне одан көп 
адамнан  тұратын  -  39,  олардың  орташа  мөлшерi  3,2  адам.  Алматы  қаласындағы  кеңейтiлген  үй 
шаруашылықтарының саны - 83379, қосалқы үй шаруашылықтары 11760 болды [5]. 
Нуклерлық  үй  шаруашылығын  қосқанда  туыстық  немесе  жекжаттық  байланыс  жоқ,  бiрақ  бiр 
тұрғын үйде бiрге тұратын мүшелерi бар үй шаруашылықтары  немесе туыс еместерден тұратын үй 
шаруашылықтары  құрамды  болып  табылады.  Олардың  саны  61,5  мың  бiрлiк  (республикадағы  үй 
шаруашылықтарының жалпы санынан 1,5 %), ал орта мөлшерi 3,9 адам. Құрамды үй шаруашылығы-
ның  80  %-дан  астамы  қалалық  жерлерде  тұрады,  олардың  саны  49,3  мың  бiрлiкке  жеттi,  ал  орта 
мөлшерi  3,7  адамға  тең.  Құрамды  үй  шаруашылықтарының  20  %-ға  жуығы  немесе  12,2  мыңы 
селолық  жерлердiң  үлесiнде,  бiрақ  олардың  мөлшерi  қаладағылардан  едəуiр  жоғары  -  орташа  4,6 
адамнан келедi. 
Алматы қаласындағы, - 2,9 адамнан 3,2 адамға дейiн, Алматы - 3,8-ден 4 адамға дейiн ауытқиды. 
Ал  Жетiсу  аймағында  18-ден  жасы  кiшi  балалары  бар  үй  шаруашылықтары  -  266795,  олар  1-ден  5 
жəне  одан  көп  адамнан  тұрады,  орташа  мөлшерi 4,8  адам.  Қалалық  жерлерде  олардың  саны  83080, 
орташа мөлшерi 4,2 адамнан келсе, ал селолық жерлерде 183715, орташа мөлшерi - 5,1 адам. Оларда 
1,2 баласы бар үй шаруашылықтарының саны басым. Қалалық жерлерде жасы жетпеген баласы бар 
анадан тұратын үй шаруашылықтары 77847 болса, бiр баладан тұратыны-37552, екi адамнан - 28561, 
3  адамнан-8669,  5  жəне  одан  көп  -  807,  ал  1  жастағы  балалары  бар  үй  шаруашылықтарының  саны-
5907. Ол селолық жерлерде-175137, екi баласы барлардан тұратындар - 63214 болса, ал 5 жəне одан 
көп  адамнан  тұратындары-788  болса,  1  жасқа  дейiнгi  баласы  бар  үй  шаруашылықтарының  саны  - 
16871 болды [6].    

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
22 
Республиканың 1229,9 мың үй шаруашылығында (жалпы үй шаруашылықтары санының 29,6 %) 
өз отбасында 60 жастағы жəне одан да кəрi адамдар бар, мұның өзiнде 870,8 мыңында (70,8 %)-бiр 
қарты, 349,9 мыңында (28,5 %)- екi қарты жəне 9,2 мыңында (0,7 %) үш жəне одан да көп қарты бар. 
Алматы  қаласында  өз  отбасында  кəрi  адамдары  бар  үй  шаруашылықтары  санының  30,5  %-дан 
33,3%-ға  дейiн,  жалғыз  басты  кəрi  адамдардан  тұратын  үй  шаруашылықтары  -  259,6  мың  бiрлiк 
(отбасында 60 жастағы жəне одан да кəрi адамдары бар үй шаруашылықтарының жалпы санынан 21,2 
%). Осындай үй шаруашылықтарының 78 %-дан астамы немесе 203,6 мыңы, қалалық жерлерде жəне 
22% немесе 56,0 мыңы селоларда тұрады. Алматы қаласында (15,3 %), Жетiсу аймағында (15,1) [7]. 
Елдегi экономикалық қайта құрулардың нəтижесiнде 80-жылдардың аяғынан бастап елдегi жоғары 
бiлiмдi маман кадрлардың шет жаққа көптеп қоныс аударуы байқалды, ол əсiресе немiстер, еврейлер, 
орыстар арасында болды. Сонымен қатар жоғары бiлiмдi жұмысшылар, қызметкерлер мен мемлекет-
тiк секторларда жұмыс iстеп жүрген көптеген жоғары бiлiктi мамандар ендi өздерiнiң жеке коопера-
тивтерi мен жеке кəсiптерiн аша бастады. 1989 жылы жұмысшылар, қызметкерлер жəне колхозшы-
лардың  саны  0,8  %  кемiп,  ал  жеке  еңбекпен  айналысушылар  саны  3  есеге  өстi  (1979  жылмен 
салыстырғанда) [8].  
Қол еңбегiмен айналысатындар саны азайып, керiсiнше ой еңбегiмен айналысатындар саны өстi. 
Жалпы  əлеуметтiк  жағдайға  тiкелей  əсер  еткен  ол  Қазақстан  Республикасының  Егемен  ел  ретiнде 
дамуындағы  экономикалық  қайта  құрулар  да  болды.  Көптеген  зауыт,  фабрикалардың,  өнеркəсiп 
орындарының  жабылып  қалуы  елдегi  жұмыссыздар  санының  өсуiне  алып  келдi.  Бұрынғы  жоғары 
бiлiмдi  техникалық  мамандар  қажет  болмай  қалды.  Жаңа  экономикалық  қайта  құруларға,  яғни 
нарықтық экономикағы халық даяр болмай шықты. Осының өзi тез əлеуметтiк жiктелiске алып келдi. 
Халық  арасында  қайтадан  байлар,  кедейлер,  орташалар,  əлеуметтiк  қорғауды  қажет  ететiн  топтар 
пайда  бола  бастады.  Жоғары  бiлiмдi  əлеуметтiк  топ  зиялылар  70-80-жылдардағы  тотаритарлық-
əкiмшiлiк  жүйе  кезiнде  көптеген  қиыншылықтарға  тап  болды.  Одан  бұрында  бұл  топ  көптеген 
қиындықтарды тарихта басынан өткерген едi. Ол соғыстар кезi, аштық, репрессия, Сталиндiк қуғын-
сүргiн  кезi.  Осылардың  барлығы  келiп  кейiнгi  кездерде  зиялы  қауымға  көп  керi  əсер  еттi.  70-80 
жылдардағы қоғамдағы жағымсыз көрiнiстер инженер, мұғалiм, дəрiгер, ғалымдарға деген сұраныс-
тың  азаюына  жəне  олардың  мамандығының  беделiнiң  түсуiне  алып  келдi.  Нəтижесiнде  осы  салада 
жұмыс iстейтiндер саны бұл кезеңде азая бастады. Бiрақ 80-жылдардың аяғынан бастап бұл маман-
дық иелерiнiң қайта өрлеуi байқалды. Бiз ғылыми қызметкерлердiң саны мен үлесiнiң жылдан жылға 
өсiп отырғанын байқаймыз. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша ғылыми жұмыспен айналыса-
тындар, мұғалiмдер – 35,7 % өстi. Бiрақ қазақ зиялы қауымын даярлауда көптеген жылдар бойы көп 
көңiл  бөлiнбей  келдi.  Олар  көбiнесе  құрылыстарда,  ауыр  қол  еңбектерiне  негiзделген  қосалқы 
жұмыстарда  iстедi.  Өз  тiлiнде  бiлiм  ала  алмады,  мемлекеттiк  тiлдiң  жоғары  қызмет  орындарында 
қолданбауы  да  олардың  қызмет  жағынан  өрлеуiне  бөгет  болды.  Олар  алған  бiлiмдерi  бойынша 
қызмет  iстей  алмады.  Қазiр  бұл  жағдайда  көптеген  өзгерiстер  болды,  бiрақ  экономикалық  қайта 
құрулар,  нарықтағы  да  қазақ  зиялыларына  ауыртпалықтар  ала  келдi.  Көптеген  маман  кадрлар 
жұмыссыздыққа душар болды.  
Тұрмыстық қызмет көрсету саласында - 78,8 %, өнеркəсiп пен құрылыста - 13,8 %, ауыл шаруашы-
лығында, орман жəне балық шаруашылығы -7,5 %. Қызмет iстейтiн əйелдердiң орта жасы 30 дан 50 
аралығы  (63,6  %),  жастар  (15-29  жас)  -  27,1  %  -  пенсия  жасы  алдындағылар  мен  кəрiлер  -  9,3  %. 
Жоғары  мемлекеттiк  қызметтегi  əйелдер  123,7  мың  (7  %)  -  олардың  жас  мөлшерi  40-49,  халыққа 
қызмет көрсету саласындағылардың жас мөлшерi 15-39. 191,6 мың мамандығы жоқ əйелдер (10,9 %) 
жас мөлшерi 30-49 аралығы (67,9). Жалданып жұмыс iстейтiн əйелдер саны 1463,0 мың адам (18,9 % 
жалпы саннан алып есептегенде), жеке меншiк өнеркəсiптер мен мекемелерде - 1352,7 мың адам (17,5 
%),  шаруа  (фермер)  шаруашылығында  -  40,3  мың  адам  (0,5  %),  жеке  адамдарда  -  70,0  мың  (0,9  %). 
Жалданып  жұмыс  iстейтiн  əйелдер  саны  қалалық  жерлерде  селоға  қарағанда  басым.  Əлеуметтiк 
трансферттер алатындар (стипендия, пенсия, жəрдемақы жəне басқа мемлекет тарапынан алынатын 
көмек) 1851,4 мың адам (23,9%), оның 1142,7 мыңы қалалықтар (25,6%) жəне 708,7 мың селолықтар 
(21,5%).  Жеке  меншiк  арқылы  күн  көретiндер  11,6  мың  (0,1%)  жəне  басқа  табыстар  287,1  мың  (3,7 
%).  Бiреудiң  табысы  арқылы  күн  көретiндер  3889,3  мың  əйел  (50,2  %),  оның  iшiнде  қалалықтар 
2006,3 мың (45,0 %), ал селода 1883,0 мың (57,2 %). Əйелдер арасында некеге отырғандар 3140,7 мың 
адам  (55,6  %).  Кейiнгi  жылы  некеге  отырушылардың  пайызы  4,8-ге  кемiп  кеттi.  Олардың  жас 
мөлшерi 15-49 жас аралығы. Ажырасқандар саны 461,6 мың əйел (8,1 %), некеге отырмаған əйелдер 
саны 1219,5 мың (21,6 %). Жесiр əйелдер санының өскенi байқалады, олардың мөлшерi 14,3 %-ден 
14,7 %-ге өсiп 830,9 мың адам. Бала көтеру жасындағы жесiрлер саны өсiп ол 1,1 пайызға артты [9].  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
23 
Қорыта келгенде, еліміздегі халықтардың əлеуметтiк-экономикалық жағынан дамуына əсер ететiн 
осы  республикада  болып  жатқан  əлеуметтiк-экономикалық  жəне  саяси  қайта  құрулар.  Ол  аймақ 
жалпы  дамудан  шет  қала  алмайды.  Халықтың  қазiргi  кезеңдегi  дамуынан  олардың  жасының 
«кəрiленуiн»  көруге  болады,  яғни  ол  көбiнесе  басқа  ұлт  өкiлдерiне  сай  келедi.  Ал  негiзгi  тұрақты 
халықтар  қазақтар  жасы  жағынан  жастар  жəне  балалар.  Осының  өзiнен  егер  мемлекет  келешекте 
халықтың  экономикалық  жағынан  дамуын  жақсартса  елдегi  демографиялық  жағдайды  дамытуға 
мүмкiндiк бар деп айтуға болады.  
Жалпы ел аймағындағы халықтардың əлеуметтiк- демографиялық дамуына əсер ететiн жағдайдың 
бiрi ол халықтардың бiлiм деңгейi. Жетiсу аймағы халықтың ең тығыз орналасқан, iрi өнеркəсiптер 
мен ғылым- бiлiм орталықтарының  шоғырланған жерi. Екiншi астана Алматы қаласының өзiндегi iрi 
ғылыми зерттеу институттары мен бiлiм ордалары жəне мəдени орталықтар жоғары бiлiмдi мамандар 
даярлауға  жан-жақты  мүмкiндiктер  берген.  Ел  өңiріндегi  жергiлiктi  ұлт  өкiлдерiнiң  өзi  сыртқы 
жақтарға көшiп кеткен маман кадрлардың орын ауыстыра алу мүмкiндiктерiне ие болу үшiн қажеттi 
жағдайлардың  барлығы  жасалған.  Бiрақта  кейiнгi  кездегi  еңгiзiлген  бiлiм  саласындағы  ақылы  оқу 
жергiлiктi ұлт өкiлдерiнiң бiлiм деңгейiнiң төмендеп кетуiне қауiптi жағдай туғызама деген қауiпте 
жоқ емес. 
Экономиканың  тұрақтылығы  мен  дамуы,  халықтың  материалдық  жағдайының  жақсаруы,  қазақ-
стандықтардың  рухани  жағынан  дамуы-халықтың  демографиялық  жағынан  дамуының  негiзi  болып 
табылады. Оған əсер ететiн факторлар қатарына Қазақстан мемлекетiнiң сыртқы қауiпсiздiгiн қамта-
масыз ету, саяси жəне ұлттар арасындағы тұрақтылықты сақтау. Қазақстандағы өнеркəсiп орындары 
жаппай  iске  қосылып,  жұмыссыздық  жойылып,  халықаралық  қоғамдастықтағы  тең  құқықтық  рөлге 
ие  болғанда  елдегi  жалпы  демографиялық  жағдай  да  жақсарады.  Еліміз  егемендігін  алған  жылдар 
ішінде  Елбасының  жүргізіп  отырған  кемелді  саясатының  арқасында  еліміз  əлемдік  аренада  белгілі 
болды. Елдің экономикалық жəне əлеуметтік дамуы артып сыртан инвестицияны қарқынмен кіргізіп 
отырған елдер қатарына қосылдық. Еліміздің экономикалық-саяси жəне əлеуметтік дамуына Жетісу 
өңірі, оның ішінде Алматы қаласы ерекше үлес қосып келеді. Экономикалық жəне мəдени орталық 
ретінде  дами  отырып  халықты  жұмыспен  қамту  жағынан  да  алдынғы  орында,  сонымен  қатар 
еліміздегі туризмнің дамыған аймағы ретінде өз келешегінен көп үміт күттірері сөзсіз. 
 
1 Миграция и новые диаспоры в постсоветских государствах. - М., 1996. 
2 Программа демографического развития Республики Казахстан на 2001-2005 годы // Официальная газета 
№46 (47), 17 ноября 2001. - 4 с. 
3  Вагнер  С.Казахстан  1996:  общественность,  теряющая  терпение,  ждет  реальных  реформ.  Вашингтон, 
Алматы, 1997. Садовская Е.Ю. Внешняя миграция. - С.60, 61. 
4  Климова  Т.  Тенденции  миграционных  процессов  в  Республике  Казахстан  (социологический  аспект) 
//Центральная Азия и Кавказ. № 3/15/, 2001. - С.206, 208. 
5 Садовская Е.Ю. Страна теряет населении. //Жизнь национальностей. 3-4, 1998. - 6 с. 
6.  Абдусамадов Г.С. Становление и развитие рыночных отношений в республике Таджикистан. - Душанбе, 
1996. - С.10-16. 
7 Актуальные вопросы географии Таджикистана. - Душанбе, 1990. - С.8-9. 
8 Артыкбаев Ж. Казахское общество: традиции и инновации. – Караганда:“Полиграфия”, 1993. - С.8-14. 
9 Бабаев А.Г., Дроздов Н.Н., Зонн И.С., Фрейкин З.Г. Пустыни. - М., 1986. - 33 с.  
 
Резюме 
Основным  повествованием  данной  статьи  является  проблема  занятости  населения  Жетысуского 
(Семиреченского) региона в 90-е годы ХХ века. 
После  распада  СССР  в  новых  образовавшихся  независимых  государствах  не  сразу  стабилизировалась 
экономическая  и  политическая  ситуация,  закрытие  производств  привело  к  росту  повсеместной  безработицы. 
Основной  проблемой  стало  обеспечение  рабочими  местами  населения.  Народ  так  же  стал  и  самостоятельно 
искать  себе  работу,  стали  появляться  частные  предприниматели.  Среди  таких  частных  предпринимателей, 
хозяйственников стали образовываться так называемые нуклеарные домашние хозяйства. Именно таким видом 
хозяйства и стали в большинстве своём заниматься среди населения в Жетысуском (Семиреченском) регионе. 
Стали  образовываться  помимо  прочего  и  отдельные  производства.  Начался  процесс  становления  социального 
изменения в составе населения. На рост количества безработных так же повлиял процесс притока мигрантов и 
соотечественников  из  зарубежья.  Процесс  обеспечения  таких  граждан  работой,  их  размещением  был  очень 
сложным  в  тот  период  и  встречал  на  своём  пути  множество  проблем.  Данные  проблемы  были  описаны  в 
настоящей статье на основе документальных данных. 
Ключевые слова: миграция, репатрианты, демография, оралманы, нуклеарное.  

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
24 
Resume 
The  basic  narration  of  this  article  is  a  problem  of  employment  of  population  of  the  Жетысуского 
(Семиреченского) region in 90th of ХХ of century. 
After disintegration of the USSR in the  new appearing independent states an economic and political situation  was 
stabilized not immediately, closing of productions resulted in the height of general unemployment. Providing became a 
basic problem the workplaces of population. People similarly became and independently to look for a to itself job, sole 
proprietors began to appear. Among such sole proprietors, managers the so-called нуклеарные housekeeping began to 
appear. By the just the same  type of economy  and began in  most to occupy among a population in the  Жетысуском 
(Семиреченском) region. Began to appear besides other and separate productions. Becoming of social change began in 
composition  a  population.  On  the  height  of  amount  of  unemployed  persons  similarly  the  process  of  inflow  of 
мигрантов and compatriots influenced from foreignness. Process of providing of such citizens work, their placing was 
to very difficult in a that period and met the great number of problems on the way. These problems were described in 
the real article on the basis of documentary data. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет