Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет2/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

133 
 
 
 
136 
 
 
 
 
 
 
 
140 
 
143 
 
 
149 
 
 
154 
 
 
157 
 
 
160 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 

(Тәуелсіздік алған жылдардан кейін енген кірме сӛздер).............. 
Zhumalieva  A.  Interlingual  change  in  the  Kazakh  and  Russian 
languages (Vzaimstvovannye words after years of Independence)..... 
Тҥймебай Б.―Қара‖ сӛзінің семантикалық ӛрісі........................... 
Tuymebay B. The semantic development of the word "black".......... 
 
Біздің авторлар. Наши авторы.Our authors..................................... 
Абай  атындағы  ҚазҦПУ  Хабаршы  «Жас  ғалымдар»  сериясының 
ғылыми мақалаларды қабылдау ережесі......................................... 
Правила  приема  научных  статей  в  журнал  «Вестник  КазНПУ 
имени Абая» серия «Молодые ученые».......................................... 
The rules of publishing scientific articles in journal ―Vestnik. Series 
of ―Young scientists. KazNPU named after Abai‖.............................. 
162 
 
163 
 
163 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 

ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР МӘСЕЛЕСІ 
ВОПРОСЫ ОБЩЕСТВЕННЫХ НАУК 
PROBLEMS OF SOCIAL SCIENCES 
 
ӘОЖ 811.411.21.04  
 
ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
(АНТУАН ДЕ СЕНТ-ЭКЗЮПЕРИДІҢ «КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДАСЫ» ЖАЙЫНДА) 
 
Г.Б. Тоқшылықова – Абай ат. ҚазҦПУ, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистр, аға оқыт. 
 
Мақалада әскери барлаушы ҧшқыш, жазушы Антуан де Сент-Экзюперидің "Кішкентай ханзада" атты ӛміршең, 
аллегориялық  туындысының  негізгі  идеясы,  кӛтерген  мәселесі  сӛз  болады.  Автордың  шынайы  ӛмір,  ересектер 
жӛнінде айтқысы келген ойы мен ҥні кішкентай баланың кӛзі, жҥрегі, сӛзі арқылы нанымды берілгендігі талданады. 
Адамдарға,  ересектерге  ой  салу  ҥшін  адамзат  игілігі  ҥшін  жасалған  дҥниенің  ойран  болып,  қисапсыз  қанның 
тӛгілуіне  гуманист  жазушының  жҥрегі  шыдамай  осы  туындыны  жазды.  Жазғанда  да  ӛзінше  бір  жаңа  тәсіл  ойлап 
тапты. Яғни, бар ой, арман-мақсатын баланың сӛзімен жеткізіп, әлемді кіршіксіз, тап-таза баланың кӛзімен таныды. 
Кілт сӛздер: ертегі, аллегория, бала, кішкентай, соғыс, адамгершілік 
 
Әдебиет  әлемінде  басқа  кәсіппен  бірге  шығармашылықты  қатар  алып  жҥрген  жазушылар  аз  емес. 
Олардың  қатарында  неміс  романтигі  Гофман  (заңгер),  француздың  сыншыл  реалисі  Мериме  (тарихи 
ескерткіштерді  қорғау  инспекторы),  тарихи  роман  жанрының  негізін  салушы  Вальтер  Скотт  (шериф), 
әдебиет  саласы  бойынша  Нобель  сыйлығының  иегері  Уильям  Черчилль  (Ҧлибританияның  премьер-
министрі)  секілді  танымал  тҧлғалармен  қатар  Антуан  де  Сент-Экзюпериді  айтуға  болады.  Экзюпери 
қамшының  сабындай  қысқа  ғҧмырын  (44  жыл)  әуе  кемесін  бағындыруға  арнаған  әскери  ҧшқыш 
барлаушы  болды.  Әскери  мамандықпен  қатар  жазушылық  кәсіппен  шҧғылданған  жазушының 
«Атажҧрт»,  «Адамдар планетасы»,  «Оңтҥстік пошта»,  «Тҥнгі ҧшу»,  «Цитадель» атты туындылары бар. 
Зерттеушілердің  пайымдауынша,  автордың  мыңдаған  оқырманның  жҥрегін  жаулаған  және  кӛптеген 
атақты  әдеби  жҥлделерді  жеңіп  алған  «Адамдар  планетасы»  атты  туындысы  «Кішкентай  ханзада» 
шығармасын жазуға алғашқы баспалдақ, дайындық кезеңі іспетті болған.  
Жазушының  аталған  шығармаларының  ішінде  шоқтығы  биік  тҧратын  туындысы  –  «Кішкентай 
ханзада» шығармасы. Мҧны оқырман қауым ересектерге арналған ертегі десе, әдебиеттанушылар аллего-
риялық ертегі, автобиографиялық туынды деп таниды. Қалай атасақ та, бҧл шығармаға сыя береді. Себебі 
шығарманың  кӛтерген  мәселесі  ӛзекті.  Шындығында  оның  ересектерге  арналған  ертегі  екендігінде 
ешкімнің  дауы  жоқ.  Ӛйткені  аталмыш  туындыны  ертегі  деп  атағанымызбен,  оны  ертегіге  қызығатын 
кішкентай бала ӛз бетінше оқып тҥсіне алмайды. Себебі бҧл кӛпқатпарлы, символ, метафора, аллегорияға 
толы дҥние. Ересек адамның ӛзі шығарманы бір оқып шығып, жазушының айтқысы келген ойының бәрін 
бірден кӛңілге тоқып алады деп айта алмаймыз. Аспан әлемінде жаңалық ашқан тҥрік сҧлтаны туралы: 
«бҧл  жҧлдызды  тек  бір  мәрте  ғана,  1909  жылы  тҥрік  астрономы  қуатты  дҥрбі  арқылы  байап  қалған. 
Ғалым ӛзінің ашқан жаңалығын Халықаралық астрономиялық конгресте дҥние жҥзіне паш етеді. Бірақ 
оған ешкім сенбеген, ӛйткені ол ҧлттық тҥрік киімін киіп шыққан екен... Бір тәуірі, тҥрік сҧлтаны Б-612 
жҧлдызының атын сақтап қалу ҥшін ӛз халқын еуропалықтарша киінуге мәжбҥр еткен... 1920 жылы сәнге 
сәйкес әдемі киінген астроном ӛзінің жаңалығы жайында тағы бір баян етеді. Бҧл жолы барша жҧрт оның 
айтқанын  қҧптайды»  деген  жолдардың  ӛзінен  кӛп  сырды,  бҧғып  жатқан  шындықты  аңғаруға  болады. 
Біріншіден, қандай жаңалықты ашып тҧрса да, азия жҧртшылығынан шығып, оның ҥстіне ҧлттық киім 
киіп тҧрған оқымыстыны еуропалық ғылыми ортаның қабылдамауы, мойындамауы байқалса; екіншіден, 
ӛз  халқын  кҥштеп  еуропашаландыру  арқылы  кӛптеген  жетістікке  жеткен  Ататҥріктің  әрекетін  жалпы 
жҧртшылық бірден тҥсіне қоймайды. 
Екінші  дҥниежҥзілік  соғысты,  фашизмнің  қатігездігін,  билікқҧмар  пенделердің  елерген  есірігі  ҥшін 
жазықсыз  жандардың  қҧрбан  болып  жатқанын  ӛз  кӛзімен  кӛрген  жазушы  қоғамында  болып  жатқан 
озбырлықты  тоқтатқысы  келді,  адам  қолымен  істеліп  жатқан  жауыздықты  ауыздықтауды  кӛздеді. 
Адамдарға,  ересектерге  ой  салу  ҥшін  адамзат  игілігі  ҥшін  жасалған  дҥниенің  ойран  болып,  қисапсыз 
қанның тӛгілуіне гуманист жазушының жҥрегі шыдамай осы туындыны жазды. Жазғанда да ӛзінше бір 
жаңа тәсіл ойлап тапты. Яғни, бар ой, арман-мақсатын баланың сӛзімен жеткізіп, әлемді кіршіксіз, тап-
таза  баланың  кӛзімен  таныды.  Кішкентай  баланы  сӛйлету  арқылы  ол  ӛз  қоғамында  орын  алып  жатқан 
әділетсіздікті  тҥсінбейтінін,  тҥсінгісі  де  келмейтінін  ашық  айтты.  Ағылшын  әдебиетінің  ӛкілі  Алек 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
10 
Голдинг  те екінші дҥниежҥзілік соғысты ӛз кӛзімен кӛріп, оның салған жазылмас зардаптарының шын 
мәнінде  кӛп  адам  ӛмірінің  астаң-кестеңін  шығарып,  соғыс  сҧмдықтары,  фашизмнің  қатігездігі  талай 
адамды бақытсыздыққа душар еткендігінің куәгері болды. Жазушының тҥсінігінше, адамдар жауыздықты 
оп-оңай, тез әрі ҥйреншікті әрекетіндей жасайды. «Соғыс даласын кӛріп, мен адамдардың неге қабілетті 
екендігін жақсы тҥсіндім. Адамдардың бір-біріне жауыздықты араның гҥлден бал жинағанындай оп-оңай 
жасайтындығын  тҥсінбеген  адамның  кӛкірек  кӛзі  жабық  немесе  есі  дҧрыс  емес»  деп  шошына  жазады 
Голдинг. Гуманист Экзюпери де Голдинг секілді асқан қатігездікпен қисапсыз тӛгілген қаннан қорықты, 
жаны  тҥршікті.  Мҧны  Экзюперидің  1939  жылы  жазылған  хатындағы  «Мен  бҧл  соғысқа  қатысуға 
міндеттімін.  Ӛйткені  менің  жаныма  жақын,  жақсы  кӛретін,  сҥйетін  нәрсемнің  бәріне  қауіп  тӛніп  тҧр. 
Прованс отқа оранғанда оған бей-жай қарап қала алмағандар қолына шелегі  мен кҥрегін алып жҥгірді. 
Сол секілді менің де шайқасқым келеді, бҧған мені ішкі жан дҥнием, дінім мен махаббатым итермелеп 
отыр. Мен бҧл жайды сырттай бақылап, қалыс қала алмаймын» [1] деген сӛздері де растайды.  
Соғыстың әлі де жалғаса беретінін тҥсінген жазушы бәрін тастап Америкаға кетіп қалады. Америкаға 
келгенде ол мҧндағы француз еркін эмигранттарымен араласып кете алмады. Себебі, олардың неше тҥрлі 
алып  қашты  сӛзге  еріп,  ӛз  беттерінше  ҧйым  қҧрып,  одан  қала  берді  пендешілікке  салынғандығына 
жазушы  тӛзе  алмады.  Сол  ҥшін  бәрінен,  барлық  былықтан  бойын  алшақ  ҧстап,  жалғыз  қалды.  Ал  бҧл 
жалғыздық  жазушыны  рухани  тоқыратып,  кҥйзеліске  әкелді  деп  айта  алмаймыз.  Әлем  әдебиетінде 
жалғыздықтың азабын кӛп тартқан, бірақ соның нәтижесінде кӛркем туындылар тудырған мысал атасы – 
Эзопты  айтуымызға  болады.  Грек  әдебиетінің  архаикалық  кезеңінің  ӛкілі  Эзоп  бҥкір  қҧл  болды.  Бҥкір 
болғандығы ҥшін ӛзі секілді қҧлдардан бір қорлық кӛрсе, қҧл ретінде қожайынынан екі есе қорлық кӛрді. 
Жан баласы ӛзін менсінбей, адам қатарына санамай, ешкім онымен сыр бӛліспек тҥгілі, тілдесуді қалама-
ғандықтан Эзоп байғҧс жалғыздықта жаны жапа шекті. Осы жалғыздық, адамдарға деген ашу-ыза, реніші 
кҥндердің кҥнінде мысал болып жарып шықты. Эзоптың адамзат баласы туралы барлық ойы мен кӛзқара-
сы, айтайын деген ойы мысалдарында кӛрініс тапты. Сол секілді Америкадағы жалғыздықтың нәтижесін-
де Антуан де Сент-Экзюперидің дҥниеге «Кішкентай ханзада» атты туындысы келді. Ертегі деп санала-
тын бҧл туындының кӛтерер жҥгі ауыр. Ондағы кӛтерілген проблема біздің қоғамымызда қазір де бар. 
Сондықтан  да  бҧл  шығарманың  оқырмандары  кҥн  санап  кӛбейіп  келеді.  Әлемнің  бірнеше  тілдеріне 
аударылып, миллиондаған тиражбен басылып шығуын да осымен тҥсіндіруге болады. Нақтырақ айтсақ, 
шығарма 1943 жылы Нью-Йоркте жазылып, жарық кӛрсе, Францияда 1946 жылы соғыстан кейін жария-
ланды. Міне, осы кезеңнен бастап аталмыш туынды миллиондаған оқырмандардың жҥрегін жаулап, ҥсті-
ҥстіне  шығарылып  келеді.  Бҥгінде  «Кішкентай  ханзада»  180  тіл  мен  диалектілерге  аударылған,  соның 
ішінде  еуропалық,  азиялық,  африкалық,  американдық  негізгі  тілдерде  жарық  кӛргенін  айтпағанның 
ӛзінде, Италияда фриуль, Малиде бамана, Испанияда арагон, Кюрасаода креол, Францияда гаскон диалек-
тісіне  аударылған.  Тіпті  Ҥндістанның  ӛзінде  хинди,  телугу,  маратхи,  панжаб,  тамиль,  малаяла,  бенгал, 
конкани  тілдерінде,  Қытайда  30-дан,  Кореяда  60-тан  астам  басылымы  жарық  кӛрген.  Ал  қазақ  тіліне 
тҥпнҧсқадан Жанар Қонаева аударған (2013). Бҧл жӛнінде Е.Шайхыҧлы: «Экзюпери кейіпкерлері бейбіт-
шілік, ғаламшарымызды сақтау, балаларды қорғау, сабырлылық, мәдениет алмасу және білім алуға қҧқық 
секілді адами қҧндылықтардың әлемдік бейнесі мен таратушысына айналды» деп дәл кӛрсеткен [2]. 
Балаларға арналған ертегі дегенімізбен бір оқып шығып, ӛз бетінше тҥсіну қиын. Біріншіден, ханзада-
ның  аралайтын  «планеталарына»  кӛңіл  бӛлсек;  325  астероидта  барша  қарапайым  халық  ол  ҥшін  «қара 
халық»  саналатын  патша,  326  астероидта  атаққҧмар,  327  астероидта  маскҥнем,  328  астероидта  ӛзін 
«байсалды,  ҧлағатты  кісі»  санайтын,  мҧрнынан  шаншылып,  ештеңеге  қолы  тимей  есептеп  жатқан,  не 
ҥшін  есептеп  жатқанын  ӛзі  де  тҥсінбейтін  іскер  адамға  кездеседі.  Ал  кішкентай  баланың  жан-дҥниесі 
ҥшін  маскҥнемдік,  атаққҧмарлық,  даңғойлық,  мақтаншақтық  деген  мҥлде  тҥсініксіз,  жаман  қасиеттер. 
Баланы  қызықтыратын  қызыл-жасыл  әлем,  тҥрлі  ойыншықтар  екенін  білсе  де  Экзюпери  ертегіші 
Андерсен сияқты ӛз оқырмандарын – балаларды тҥрлі ойыншықтар әлеміне, қайырымды жандар мен бар 
арманын  орындайтын  сиқыршылардың  арасына  апармайды.  Ол  балаға  қоршаған  ортаның,  қоғамның 
шынайы  бейнесін,  ащы  шындығын  ашып  кӛрсетеді.  Яғни  ӛмірдің  барлық  кӛлеңкелі  тҧстарын 
шымылдықтың  артына  жасырып,  шығарманы  бақыт,  қуанышпен  аяқтап  оқырмандарын  алдағысы 
келмейді (Теккерей стилі). Сыншыл реалистер секілді «қарғыс атқан қоғамның» бар шындығын жайып 
салады.  Екіншіден,  мҧнда  ой  ашық  айтылмайды,  жазушы  астарлап,  тҧспалдап  жеткізеді.  Мысалы, 
жоғарыда  айтып  ӛткеніміздей,  тҥрік  астрономы  жаңалығын  конгресте  паш  еткенімен,  оны  ешкім 
мойындамайды  да,  ешкім  оған  сенбейді  де.  Ӛйткені  ол  ӛзінің  ҧлттық  тҥрік  киімін  киіп  шыққан.  Бірақ 
тҥрік  елінің  басшысы,  сҧлтаны  ӛз  ҧлтынан  шыққан  ғалымның  аты  сақталып,  еңбегі  мойындалу  ҥшін 
барлық  халқын  мәжбҥрлеп  еуропаша  киіндіріп,  1920  жылы  сәнге  сәйкес  киініп  шығып,  астроном  ӛз 
жаңалығын  қайта  айтқанда,  барлығы  оны  бірауыздан  қҧптайды.  Автордың  бҧл  жазып  отырған 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
11 
мысалынан Тҥрік елінде ҥлкен реформа жасап, барлық жҧртшылықты сауаттандырып, еуропашалануға 
әкелген,  бар  саналы  ғҧмырын  ӛз  ҧлтының  жарқын  болашағы  жолында  сарп  еткен  Мҧстафа  Ататҥрікті 
тану қиын емес. Ал жазушының осы арқылы айтқысы келгені – нәсілдік кемсітушілікке қарсылығы. Ол 
азиялық тайпаларды кӛп уақытқа дейін еуропалықтардың менсінбей, мойындай қоймағанын меңзеп отыр. 
Экзюпери  жан-дҥниесімен  осындай  дҥниелерге  қарсы  болды,  ол  бҥкіл  адамзат  баласын  ақ,  қара  деп 
бӛлмей, тең қарады. Соның арқасында ол ҧшағы бҧзылып, шӛл далада қаншама еуропалықтар «жабайы, 
тағы»  деп  таныған  тайпалардың  қолына  тҥсіп,  ажал  бҧлты  тӛніп  тҧрғанда  да  аман  қалды.  Олармен  тіл 
табыса білді, себебі оның жҥрегі кең болды. Оны тіпті арабтар «қҧстар капитаны» деп атады. 
М.Горькийдің «балаларға арналған дҥниені ересектердікінен де артық етіп жазу керек» дегені белгілі. 
Шығармада  жиі  қолданылатын  сӛздер:  кішкентай  –  ҥлкендер.  Кішкентай  сӛзі  тек  ханзадаға  қатысты 
қолданылса, ҥлкендер жӛніндегі жазушының ойы бір арнаға саяды: «ҥлкендер ешкімге сенбейтін халық», 
«ҥлкендер  қызық  халық»,  «ҥлкендер  шынымен  де  тҥсініксіз,  таңғаларлық  жандар»,  «ҥлкендер  кінәлі» 
дегенді кӛп айтады. Тіпті «оларға ашуланудың қажеті жоқ» деп қорытады. Кейде автордың айтқан уәжіне 
тоқтап, бҧл ойымен келісуге де болатындай. Мәселен, баласы «жаңа дос таптым» деп келсе, ата-анасын 
оның досының даусы қандай екендігі, қандай ойын тҥрін ҧнататыны қызықтырмайды. Керісінше, жасы, 
қанша ағайынды, әкесінің қанша ақша табатындығы қызықтырады. Ал кішкентай баласы, оның психоло-
гиясы ҥшін ең маңыздысы – досы екеуінің тіл табысып, бір ойынды қызыға, қҧмары қанғанша ойнауы 
шынында  да  ҥлкендер  ҥшін  маңызды  емес.  Шығармада  ҥлкендердің  әрекеті  барынша  сынға  алынады: 
«адамдар бірдеңе білейін деп талпынбайды, оған тіпті уақыттары да жоқ. Олар саудагерлерден дап-дайын 
заттарды сатып ала салады. Дайын достар сататын дҥкен болмағандықтан, адамдар достарсыз қалады»; 
«адамның кӛңілі тҧрған жеріне ешқашан толмайды. Адамдар жҥрдек пойызға қысыла-қымтырыла мініп 
алады, бірақ не іздеп жҥргендерін ӛздері де білмейді. Сонда да олар бір жерде тыныш отыра алмай, ары-
бері сапырылысады». Осындай сарындағы тіркестер ертегіде кӛптеп кездеседі. Хаосқа толы мына әлем 
жаны таза, барлық нәрседен тек жақсылық іздеп тҧратын кішкентай ханзада ҥшін мҥлде тҥсініксіз. Оның 
«адамдар  бір  бақтың  ӛзінде  бес  мыңдап  раушан  гҥлін  ӛсіреді,  сондықтан  олар  оның  ішінен  ӛздерінің 
іздеген  жалғыз  нәрсесін  таба  алмайды.  Әйтсе  де  іздегендерін  жалғыз  бір  гҥлден  немесе  азғана  судың 
кӛмегімен табуға болар еді ғой» [3,80] деуі де бекер емес. 
Ал балаларға деген автордың кӛзқарасы ерекше. «Балалар ҥлкендерге мейірімділікпен қарап, олардың 
кемшіліктерін  кешіре  білулері  керек»  дейді  автор.  Яғни  ҥлкендер  ӛздерінің  балалардың  алдындағы 
міндетін  дҧрыс  атқара  алмайды,  атқара  алмағандығы  ҥшін  ӛздерін  ҧятты  сезінуі  былай  тҧрсын,  тіпті 
кінәліміз  деп  те  ойламайды.  Оларға  қарағанда  балалар  ақылды,  балалар  кӛп  нәрсені  тҥсінеді,  себебі 
олардың бойында тҥсінуге, білуге деген талпыныс бар. Сондықтан балалар ҥлкендердің ӛздері байқама-
ған кемшіліктерін кешіре алады деп пайымдайды. Суреткердің «жҥректің ғана кӛзі ӛткір» деуі бекер емес. 
Баланың  жҥрегі  таза,  сол  себепті  ол  ақ  пен  қараны  ажырата  алады.  Ал  ересектер,  яғни  ҥлкендер  тек 
материалдық  жағдайын  бірінші  орынға  қойғандықтан,  шынайы  ӛмірде  баланың  жҥрегі,  тілегі  назардан 
тыс қалып жатады.  
Тҥйіндей келгенде, кішкентай ханзада секілді шындық, махаббат, жауапкершілік, сенгіштік, мейірімді-
лік  сынды  барлық  ізгі  қасиеттерді  бойына  сіңірген  бала  жҥрегінің  аңғалдығы,  албырттығы,  тазалығын 
дәріптейтін мҧндай туындылар ғасырлар бойы ӛмір сҥретіндігі анық. Себебі адамгершілік сезімді жоғары 
қойып,  насихаттайтын  шығармаларды  оқу  адам  жанын  ізгілендіріп,  оның  бойына  жақсылық  пен 
мейірімділіктің  дәнін  себеді.  Аспан  әлемінде  із-тҥзсіз  жоғалған  жазушы  Антуан  де  Сент-Экзюперидің 
(1944) ӛзі: «мені жазған дҥниелерімнің ішінен іздеңдер» деген екен. Шындығында ӛмірді, туған Отанын 
шексіз  сҥйген  жазушының  бҧл  туындысынан  адам  баласына  деген  ҥлкен  махаббатты  аңғармау  қиын 
емес. Ҥлкен сезімдер ғана осындай мәңгілік туындыларды тудыра алмақ. 
 
1 Цендровский О.Ю. Философия Антуана де Сент-Экзюпери: опыт реконструкции // Филологические исследова-
ния. – 2013. - №4. С. 1-33. URL: http://www.e-notabene.ru/fil/article_10651.html 
2 Шайхыҧлы Е. Оқырман қолында – «Кішкентай ханзада» // Айқын. 04.10.2013. 
3 Сент-Экзюпери А. де. Кішкентай ханзада. Ауд. Ж.Қонаева. – Алматы: Атамҧра, 2013. - 96 бет. 
 
Резюме 
Тоқшылықова Г.Б. - Ст преподователь кафедры казахский язык и литературы, КазНПУ им. Абая 
Особенности сказок для взрослых (на основе сказки А. де. Сент экзюпери Маленький Принц) 
В данной статье рассматривается вопрос о главной идее и основных поднятых проблемах произведения военного 
разведчика, летчика и писателя Антуана де Сент-Экзюпери «Маленький принц». Реальная жизнь автора и правдивые 
мысли о жизни взрослых мастерски показаны взглядом маленького мальчика, пронизаны его сердцем и словами. 
Ключевые слова: сказка, аллегория, дети, маленький, война, нравственность 
Summary 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
12 
Tocshylycova G.B. - St the teacher of chair the Kazakh language and literatures, KAZNPU of Abay 
Specific features of fairy tales for adults (based on the fairy tale by A. de . Saint Exupery's The Little Prince ) 
This article discusses the main idea and the main problems of the novel "The Little Prince" written by the military officer, 
aviator  and  writer  Antoine  de  Saint-Exupery.  The  real  life  of  the  author  and  truthful  ideas  about  the  life  of  adults  were 
masterfully described through the words of a little boy and were depicted from his view point. 
Keywords: tale, allegory, children, small, war, morality 
 
ӘОЖ 811.93 
 
ХАЛЕЛ ДОСМҦМЕДҦЛЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҦРАСЫ 
 
Ж.Әшіров – Абай ат. ҚазҦПУ, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистр, аға оқытушысы 
 
Мақалада халықтың бҥтін болмысы мен тҧтас танымының кӛрінісі тілде жатқанын ерте танып, ата тілге араша 
тҥскен  ардагер  тҧлғаларымыдың  бірегейі  –  Халел  Досмҧхамедҧлының  лингвистикалық  мҧрасы  қарастырылған. 
Қоғам ӛмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан кӛп қырлы дарын иесінің тіл білімімен байланысты туындылары 
да  осы  ҥшінші  кезеңде  дҥниеге  келді.  Ғалымның  тіл,  әдебиет  саласындағы  ізденістері  мен  қайраткерлігі  біртҧтас, 
бағыттас болды.  
Кілт сӛздер: лингвистика, тҧлға, ғылыми мҧра, термин, сингорманизм, дыбыс, графика 
 
Тіл – халықтың қазыналы мҧрасы. Ӛткен жиырмасыншы ғасырдың басында халық қызметіне келген 
елеулі топ ӛкілдерінің қай-қайсысын алсаңыз да, ӛз  елін ӛркениет биігінен кӛру  мақсатында ғылымын, 
қайраткерлігі  мен  шығармшылығын  этностық  қҧндылықтармен  байланыстырады,  соларға  негіздейді. 
Халықтың  бҥтін  болмысы  мен  тҧтас  танымының  кӛрінісі  тілде  жатқанын  ерте  танып,  ата  тілге  араша 
тҥскен ардагер тҧлғаларымыдың бірегейі – Халел Досмҧхамедҧлы. 
Халел  Досмҧхамедҧлы  қазіргі  Атырау  облысы  Қызылқоға  ауданындағы  Тайсойған  қҧмында  1883 
жылдың сәуір айында дҥниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған Х.Досмҧхамедҧлы жергілікті орыс-
қазақ мектебінде білім алады, Орал қаласындағы әскери-реалды училищені ҥздік аяқтайды. 1903 жылы 
Петербордағы  әскери-медицина  академиясына  оқуға  қабылданып,  1909  жылы  алтын  медальмен 
тамамдайды.  Оқу  орнынан  кейін  1909-1913  жылдар  аралығында  Ресей  және  Қазақ  жері  аумағындағы 
әскери мекемелерде дәрігерлік қызметте болады. 1913-1917 жылдар аралығында ел аумағында дәрігерлік 
қызмет атқарады.  
Ҧлтжанды  азаматтың  ӛмірі  мен  шығармашылығын,  қайраткерлігін  зерттеушілер  шартты  тҥрде  тӛрт 
кезеңге бӛледі: 
«Бар-жоғы 55-56 жыл ғҧмыр кешкен Халекеңнің қысқа да мәнді тәржіме халін (ӛмірбаянын), біздіңше, 
тӛрт кезеңге бӛліп қарастырған орынды: 
1)  Тҧлғалану жылдары (1916-ншы дҥрбелең жылдарға дейін); 
2)  Ат ҥстінде ӛткен кҥрес жылдары (1916-1920); 
3)  Ғылыми-шығармашылық  һәм  қоғамдық  педагогикалық  қызметпен  айналысқан  жылдары  (1921-
1928); 
4)  Қуғын-сҥргінге ҧшыраған азапты жылдары (1929-1939)». (1,12 б.) 
Қоғам ӛмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан кӛп қырлы дарын иесінің тіл білімімен байла-
нысты туындылары да осы ҥшінші кезеңде дҥниеге келді. Ғалымның тіл, әдебиет саласындағы ізде-
ністері  мен  қайраткерлігі  біртҧтас,  бағыттас  болды.  1922  жылы  Тҥркiстан  АССР-iнiң  орталығы 
Ташкент  қаласында  қазақ  зиялылары  ҧлттың  ӛркендеуіне  бағытталған  «Талап»  атты  деби-мәдени 
қауымдастық қҧрды. «Оның кӛш басында ―Алаш‖ қозғалысының белгiлi қайраткерлерiнiң бiрi Халел 
Досмҧхамедов  тҧрды.  Бҧл  ҧйым  мемлекеттiк  ғылыми  кеңестiң  жанынан  қазақ-қырғыз  мәдениетiн 
кӛркейтушiлер  қауымы  ―Талап‖  деген  атпен  қҧрылды.  Қауымның  мақсаттары  былай  анықталды: 
қазақ-қырғыз халқының әдеби тiлiн, ғылым атауларын (терминология), емлесiн, әрi басқа мәселелердi 
тексеру;  ҧлт  ӛнерiн  тәптештеу;  қазақ-қырғыз  халқының  тарихын  әрi  салтын  тексерiп  қарастыру; 
қазақ-қырғыз мектептерiнде оқыту мәселесiн реттеп, жӛнге салу; қазақ-қырғыз халқының бiлiм қыз-
меткерлерiне әрi ӛнер қайраткерлерiне жәрдем кӛрсету» (2,96 б.).  
Шығармашылықпен  айналысуға  мҥмкіндік  туған,  Ташкентте  ӛткізген  ӛмірінің  кезеңі 
Х.Досмҧхамедовтың ҧйымдастырушылық, ғылыми-педагогикалық талантын  жарқырата кӛрсетті. Халел 
бір  басына  бірнеше  қызметтерді  қатар  атқара  жҥріп,  ҧлттық  мектептердің  жаңа  жҥйесін  қҧруға,  қазақ 
тіліндегі ғылыми еңбектер жазу және терминология жасау ісіне белсене араласты.  
Негізгі мамандығы дәрігер ғалымның тіл біліміне қатысты еңбектері ғылыми шығармашылығында аса 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
13 
қҧнды оқшау бір топ қҧрайды. Х.Досмҧхамедҧлын тілші маман ретінде тануымызға оның 1924 жылы 51 
беттік  кітапша  тҥрінде  басылып  шыққан  «Қазақ-қырғыз  тіліндегі  сингармонизм  заңы»  атты  еңбегін, 
«Диуани лҧғат ат-тҥрк» атты мақаласын (1923) және әліпби мен жазу мәселесі және терминология (пән 
сӛздері) туралы (1924 жылы Орынборда ӛткен қазақ білімпаздарының съезінде сӛйлеген сӛздері, латын 
жазуына байланысты байламдары негіз болады.  
Тілші-ғалым Халел Досмҧхамедҧлының тіл туралы негізі пайымы «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармо-
низм заңы» деп аталатын еңбегінде берілген. Автор ӛз еңбегінде тілдің дыбыстық табиғатының ҥйлесімін 
тілдің ішкі қҧрылымдық (сӛзжасамдық, тҥркі, оның ішінде қазақ тілінің жалғамалық сипаты т.б.) заңды-
лықтарымен тығыз бірлестікте қарастырады. Ғалым тілдің ҧлттық ерекшелігін танытатын табиғи заңды-
лықты талдамас бҧрын, тілдің таза сипатта дамуына кедергі болып отырған экстрлингвистикалық фактор-
ларды  анықтап  алады.  «Оянған  жҧрт  қарқынды  келеді.  Елестеген  мҧратқа  жету  ҥшін  кӛбіне  алды-
артына,  жан-жағына  қарамай  екпіндейді.  Әдет,  заң,  тіл  секілді  ӛзінде  барды  кемге  санап,  соларды 
жылдамырақ  кӛңілдегідей  ӛзгертуге  салынады.  Жаймен  тергеп,  ақырындап  тексеруге,  талпынған 
жҥрек сабыр бермейді. Қарқынды жарыста, екпінді жҧмыста елдің елдігіне негіз болып тҧрған нәрсе-
ледің де абайламастан ӛзгеріп кететіні болады. Мәдениет қуған жҧрттың ең алдымен тілі ӛзгермекші. 
Шеттен кірген біліммен, әдетпен, заңмен жаңалықтарға ҧғым беретін жаңа сӛздер де келмекші» (1, 
139 б.). Автордың бҧл пайымдауында ӛткен ғасырдың басындағы қазақ ӛміріндегі, тҧрмысы мен шаруа-
шылығындағы  бетбҧрыс  кезеңнің  тілге  әсері  мен  ӛзгерістер  кзеңіндегі  халықтың  психологиясы  тҧтас 
қамтылған.  Халел  Досмҧхамедҧлы  шет  жҧрттың,  білімі  артық,  мәдениеті  озық  елдің  білімін  ҥйренуді, 
әдетіне  дағдылануды,  заңын  меңгеруді  теріске  шығармайды.  Жалғыз-ақ  «елдің  елдігіне  негіз  болып 
тҧрған» тіл сияқты байлығымыздың кемге саналмай, таза, саф қалпында сақталуын кӛздейді. «Топан су-
дай қаптап, тілімізді жат сӛздер басып бара жатқан мезгілде тіліміздің ескерілмей ҧмтылуға айналған ті-
ліміздің негізгі бір» заңын жат сӛзге тосқауыл кӛреді. Бҧл заң – қазіргі қазақ тілінің фонетика ғылымында 
зерттелініп, теориялық тҧжырымдары толықтай дерлік анықталған Сингарманизм заңы. Ҥндесім заңы – 
«буын  не  сӛз  қҧрамындағы  дауысты,  дауыссыз  дыбыстардың  бір  әуезбен  айтылуы.  Тілде  сӛздің 
қҧрамындағы дыбыстарды ҧйыстырып, бҥтін сӛз етіп тҧратын лингвистикалық қҧбылыс» (3). «Сингармо-
низм (грек. Sun – бірге, harmonia – байланыс, ҥндесу) - тҥркі тілдеріне тән аса кҥшті заң» (4, 12 б.). «Қазақ 
тіліне  тән  сӛз  просодикасы  ҥндесім  (сигармонизм)  болып  табылады.  Егер  қазақ  тілінде  ҥндесім  әуезі 
дҧрыс айтылмаса, ол қазақ сӛзі болмады немесе сӛз мағынасы ӛзгеріп кетеді. » (5, 22б.).  
«Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңында» Халел Досмҧхамедҧлы тілдің фонетикалық иірімде-
рін ғылыми дәлдікпен айқындай алған. Автор қазақ тіліне тән дыбыстық ҥйлесімділікті тек дауыстылар-
дан іздемейді, дауыссыз дыбыстардың да ҥйлесімділік танытанытына баса назар аударады. «Бір сӛздің я 
жуан,  я  жіңішке  болып  екі  тҥрлі  айтылуы  қазақ-қырғыз  тіліндегі  әр  дыбыстың  біресе  жуан,  біресе 
жіңішке  болып  қос  айтылуынан.  Дыбыс  жуан  айтылғанда  тілдің  тҥбімен  айтылып,  тамақтан 
(кӛмекейден)  шыққандай  болып  сезіледі;  сол  дыбыс  жіңішке  айтылғанда  тілдің  ҧшымен  сӛйлегендей 
болып, ауыздың алдыңы жағынан шыққандай болып сезіледі» (1, 140 б.).  
Х.Досмҧхамедҧлы ӛз еңбегінде тілдің басты дыбыстық заңдылығын тілдік қҧрылымнан тыс қарастыр-
майды,  қазақ  тілінің  (тҥркі  тілдерінің)  морфологиялық  сипатының  ӛзгешелігімен  тығыз  байланыста 
қарастырады. Шындығында да, «Қазақ тілі морфологиясының жіктелім ерекшелігі оның жалғамалылы-
ғында (агглютинатив), басқаша айтқанда морфолгиялық ӛзгерістер тҥбір+қосымша (немесе қосымшалар) 
тіркесінен  болып  жатады.  Мҥндай  тілдік  қҧбылыс  қазақ  тіліне  тән  болғандықтан,  оны  қазақ  тілінің 
жіктелім белгісі деп қабылдау керек» (5, 21б.). Тілші ғалым сӛз етіп отырған тіл заңын морфологиялық 
бірліктердің  деңгейінде  қарастырады.  Сӛз  тҥбірі  сингармонизм  заңына  бағынатыны  дәлелденген  соң, 
қосымша  деңгейіндегі  бірліктері  шын  және  шала  жҧрнақтарға  жіктеліп  тілдің  дыбыстық  табиғатына 
негізделген тҥсініктер беріледі. Автор шала жҧрнақтарды сӛз еткенде олардың дыбыстық табиғаты мен 
тҥбірге әсерін ашып кӛрсетеді.  
Х.Досмҧхамедҧлы еңбегіндегі сингармонизмнің тағы бір кӛрінісі – тілдің осы заңдылық арқылы кірме 
сӛздерді игеруі. Тілдің кірме элементті лексикасын игеруде автор кірме сӛздердің арнасын анықтап (араб, 
парсы сӛздері және ауропа сӛздері) әдеби (әдебиет) тілдің тҥзілісіне тӛндіретін қаупін сарлайды. Тҥзілісін 
жаңа  бастаған  әдеби  тілдің  сингорманизм  заңдылығымен  сараланған  қара  тілге  негізделуін  кӛздейді, 
шҧбарланған  «шатақ»  тілден  сақтаған  факторлар  ретінде  кӛшелі  ӛмір  салты  мен  ауызша  айтылған 
әдебиет байлығын атап кӛрсетеді.  
Қорыта айтқанда, Халел Досмҧхамедҧлы «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты еңбегінде 
қазақ  тілінің  әуезділік  сипатын  фонетика  ғылымы  аясында  ғана  емес,  тілдің  ҧлттық  сипаты  ретінде 
танытты.  Осы  ҧлттық  ерекшелік  белгіні  графикада  (шын  және  шала  жҧрнақтардың,  қос  сӛздердің 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
14 
жазылуы), әдеби тілдік норманың қалыптасуында да негіз етуді мақсат тҧтты. Осы арқылы тілші ғалым 
тілдің  фонетикалық  сапа  белгісін  тек  теория  жҥзінде  ғана  емес,  іс  жҥзіндегі  маңызын  айқындап  берді. 
Тіліміздің басты фонетикалық заңын ҧлттық оқу ретінде меңгеріп алмай, ӛзге тілді оқу ҥлкен қауіп екенін 
шебер дәлелдеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет