Резюме
Досанова У.Ж. – доцент кафедры музыкального образования Казахского национального педагогического
Университета имени Абая, dosanovau@mail.ru
Методические основы постановки и развития голоса
Предлагаемая статья содержит общую информацию о вокальном искусстве, о работе по основам постоновки го-
лоса, а также вокальные способности будущего учителя музыки, представлены методы их формирования и развития.
Доказана о ведущей роли музыки в формировании эстетического воспитания и когнитивного развития обучающихся
(внимание, мышление, восприятие, воображение). Также рассматриваются правила по сохранению голоса, чистоте,
гигиене и как себя вести в переходный период 13-14 лет, когда происходит изменение голоса (мутация). Так как пе-
ние - это результат физиологического явления, весь организм, мозг и нервная система, голосовой аппарат, гортань,
ротовая полость, нёба, горло, органы грудной клетки, легкие работают в тесном взаимодействии друг с другом. За
счет использования следующих методов и правил, таких как правильное дыхание, работа гортани, виды резонатора,
упражнения для языка можно достичь результатов. Тембром голоса является приятность или не приятность его на
слух, его тон, красота, плавность. Необходимо включать в репертуар и вдумчиво работать над освоением исполни-
тельского стиля разнообразные по характеру казахские народные песни, а также песни других народов, наследия
русской вокальной культуры. В настоящее время профессиональные оперные певцы освоив теоретические основы
современного искусства, признаются в нашей стране и за рубежом, в качестве примера сценического исполнения для
подрастающих специалистов. В статье рассматриваются казахские заслуженные народные артисты, вокальные
певцы, ветераны и профессора учителя, которые привели к вокальному искусству многих известных певцов.
Ключевые слова: певец, образование, таланты и способности, эстетическое воспитание, голосовой аппарат,
фонетика, типы резонаторов, типы дыхания
Summary
Dosanova U.Zh. - associate professor of chair musical education, KazNPU named after Abai, dosanovau@mail.ru
This proposed article provides general information about the art of vocal and written about the basics of voice as well as
features of the future teachers of music vocal abilities, their formation and development of the proposed methodology.
Children enrolled in school partial, personal training to raise their cognitive (attention, thinking, perception, imagination) the
formation of aesthetic education, including the leading role of the music is completely proved. 13-14 years old voice change
(mutation) what is the period of Passage way, how to behave, cleanliness, hygiene, treatment is oral care procedures. Singing
physiological phenomenon, because it is the body of the singing of the brain, nervous system, audio equipment, larynx,
mouth, palate, throat, breast, lung, such as organisms has been working closely with their relationship to each other. Correct
breathing, work, resonator, using the methods of language training results. Positive and negative votes, color, color,
possession-pitched voice called. The level of execution, including Kazakh folk songs and folk songs lyrical composer
graceful, in terms of the breadth was also found that different. The art of opera singing professional knowledge of the
theoretical foundations of modern art in the country and abroad showed special emphasis on artists, their stage performance
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
53
are recognized as an example of the creative community field. In the meantime, the Kazakh National Actor, veteran teacher
Kazakh vocal art of exceptional work of the teachers who have honored many great singers professor said proudly.
Keywords: singer, education, talents and abilities, aesthetic education, voice equipment, phonetics, types of resonator,
types of breathing
УДК 372.8:741
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРДІ
ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ (КИІЗБЕН ЖҰМЫС)
А.Ү. Қарабекова – Абай атындағы ҚазҰПУ, 5М010700-«бейнелеу өнері және сызу»
мамандығының 2 курс магистранты,
Ғылыми жетекші: Ибрагимов А.І. – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ,
Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
Мақалада балалар көркемөнер метебінде сәндік қолданбалы өнерді оқытудың психологиялық-педагогикалық
аспектілері қарастырылған. Автор кәсіби біліктілікті адамның арнайы біліктілігі ретінде алып, олардың көркемөнер
шығармашылығымен табысты айналысуға мүмкіндік беретінін және оларды дамыту үшін тиімді педагогикалық
шарттар құру қажеттілігін қарастырады.
Түйін сөздер: Сәндік қолданбалы өнер, кәсіби біліктілік, эстетикалық тәрбие, шығармашылық іскерлік, педагоги-
калық шарттар, кәсіби-көркем біліктілік, композиция, көркем бейне, декоративті панно, дағды, кәсіби өзін-өзі
анықтау
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылғы халыққа жолдауында елімізде
кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлау мен оның сапасын жақсарту туралы міндеттер қойды [1],
осыған орай, өз мамандығын сүйе білетін, кәсіби терең білімді, жоғары нәтиже көрсететін маман даярлау
кезек күтірмес өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Сәндік қолданбалы өнер мәселелері кәсіби біліктілікті дамыту мен тұлғаға эстетикалық білім берудің
әр түрлі аспектілерін қамтиды. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби біліктіліктілігін дамытудың психоло-
гиялық механизмдерін түсіну қажет, себебі ол олардың шығармашылық іскерлігіне әсер етеді.
Кәсіби-көркем біліктілікті қалыптастыру тиімділігі зерттелетін кәсіби аймаққа қолданылатын кәсіби
біліктіліктің толық интерпретациясы, көбінесе осы біліктіліктің құрылымын дұрыс түсіндірмесімен
анықталады.
Кәсіби даярлаудың қарқынды үдерістерін жобалау үшін, тұжырымдамалы жүйесі теориялық негізі
болуы тиіс, сондықтан «кәсіби-көркем біліктілік» ұғымының сипаттамасының мәнін нақтылау қажет, ол
ішкі және сыртқы шарттармен анықталады: бір жағынан, кәсіби педагогиканың түсінігінде үздіксіз көп
деңгейлі кәсіби білім беру жүйесінің жұмыс істеуімен және дамуымен байланыстырылады. Екінші
жағынан, педагогтардың тәжірибесін жалпылау негізінде кәсіби іскерлік тәжірибесінің қажеттіліктерімен
терминологиялық аппаратты құрумен тығыз байланысады.
Педагогика және психология ғылымдары тұлғаның жан-жақты дамуының ең тиімді жолдарын іздесті-
руде, бұл үшін міндетті түрде біліктіліктің бірлікте және бір-бірімен тығыз байланысты болып табылатын
барлық түрлерін: (арнайы, жалпы, жеке және практикалық) дамыту және қолдану керек. Сәндік қолданба-
лы өнердегі белгілі бір іскерлікті табысты жүзеге асыру үшін ерекше орынды арнайы (кәсіби-көркем)
біліктілік алады, сонымен қатар жалпы біліктілік арнайы біліктілікті қалыптастыруда алғышарты және
негізгі болып табылады [2].
Ғалымдар арнайы (кәсіби-көркем) біліктіліктің мәселелерін қарастырғанда оған уақыт талабы қажет
деген, себебі кез келген мамандық маман иесінен туындаған мәселелерді шығармашылық шешуде
біліктілік пен ынтаны талап етеді, және сол арқылы өзін-өзі даярлайды. Жеке тұлға бойындағы кәсіби-
көркем біліктілікті толық қарастыратын болсақ, онда жалпы ерекшелігіне бейнелі ойлау, есте сақтау,
шығармашылық елес, қиялды жатқызуға болады. Сондай-ақ сезімталдық, тұлғадағы жеке қасиеттер мен
бейнелі-эмоционалды қабілеттерді де жатқызуға болады. Кәсіби-көркем біліктілікті дамыту үрдісіне
келесі құрылымдарды жатқызамыз:
- қолданыстағы үдерістің ең маңыздысын, нақты және ерекшесін таңдай білу біліктілігі, шығармашы-
лық бейнені қамту және жалпылау, біртума композиция құру;
- жарқын көру бейнесін құруға көмектесетін біліктілік және оны суретшінің қиялындағы ерекше
көркем образға трансформациялауға мүмкіндік беретін біліктілік;
- көңіл-күйге байланысты қабылданатын және бейнелік құбылысқа қатысты біліктілік;
- іс-тәжірибеде шығармашылық идеяларды іске асыруға жағдай жасайтын біліктілік.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
54
Сәндік-қолданбалы өнер адамдардың тарихи тәжірибесінің жемісі болып табылады, демек, тұлғаның
бойындағы жеке біліктілік пен дағдысын дамыту үшін адам өткен ұрпақтың бейнелі және қолданбалы
тәжірибесін, яғни бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер саласында тәжірибелік-шығармашылық іскер-
лік жолымен меңгеру қажет. Осы іскерлік барсында тек қана жеке тәжірибелік өтілді дамытып қана
қоймайды, сонымен қатар өзінің жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік алатын, көркемдік талғамын
дамытады.
Шығармашылық жұмыс барысында сәндік қолданбалы өнер туындыларында көркем ойдың жүзеге
асырылуы арқылы, көркемдік үдеріс іске асады. Туындымен жұмыс үдерісі бес кезеңнен тұрады:
1) Шығармашылық іскерлік субъектісінің құрылымы, мәселелерді анықтау және біруақытта мәнін
түсіну.
2) Жаңа ой мен қағидалардың тууы, жаңа трансформация қолдану.
3) Жоспар құру – тапсырмалардың орындалу жүйелілігі (оны іске асыру).
4) Эскиздеу, құрастыру, макетті модельдеу және тапсырманы іске асыру.
5) Көркем ойдың заттық бейнесін материалда іске асыру.
Шығармашылық үдерісті іске асыру үшін – суретшінің шығармашылық ерекшеліктерін есепке алу
қажет, оларды: сәндік қолданбалы және шығармашылық іскерлікке қызығушылығын арттыру көрінісі;
басқаруға келетін жетік қиял; бірегей ойлау; шығармашылық тапсырма орындау барысында нақты
көркем бейне орындау кезінде жеке қызығушылық қамтиды.
Осылайша, шығармашылық іскерлікке бейімділік әлі адамнан кәсіби суретші қалыптастырмайды, ол
үшін үлкен шығармашылық қабілет кешені, өмірлік тәжірибесі, іскерлігі мен біліктілік болуы керек, сол
сияқты сәндік қолданбалы іскерлік үдерісінде тұлғаның кәсіби біліктілікті іске асыруға және дамытуға
көмектесетін жеке эстетикалық мінездемесі қалыптасу қажет.
Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады: кәсіби біліктілікті қарастырғанда
біз көркем шығармашылық сабақтарында табыстылықты айқындайтын арнайы біліктілікті қарастырамыз,
оларды дамыту үшін оқытудың тиімді педагогикалық жағдайын құру керек.
Сәндік қолданбалы өнерді оқыту барысында түрлі педагогикалық шарттарды талдай отырып, балалар
көркемөнер мектебінде оқушылардың бастапқы кәсіби даярлауын қамтамасыз ету үшін қажетті болып
табылатын мынадай ережелерді қарастыруға болады:
- оқу барысында оқушылардың өзін-өзі ашып көрсетуіне байланысты оқытуды тұлғалық дәлелді
негізінде құру және күрделілігі төмен деңгейден жоғары деңгейге өрлеуге сәйкес әр түрлі қызметтерді
өзгерту оқытуға дәйекті сипат береді;
- оқушылардың біртума сәндік бұйымдар жасауға, шығармашылық ынталандыруға назар қойып
оқытуды ұйымдастыру;
- оқушылардың өз бетінше эскиз сызып және сәндік оқу бұйымдарын жобалау негізінде оқытуды
ұйымдастыру және сәндік бұйымның материалда барлық орындалу кезеңдерін оқыту іске асырылады.
Бастапқы кәсіби біліктілікті дамытудың кезең-кезеңге бөлінген деңгейі және олардың психологиялық
құрылымы:
- бастапқы біліктілік – іс-шараларды орындау жолдары мен мақсаттарын бұрын алған білімі мен
дағдыларына негіздеп ұғыну, сомен қатар қызметті жүзеге асыру сынамалар мен қателер арқылы өтеді;
- жалпы жеке білік – жеке және жоғары дамыған бірақ, әр түрлі қызмет түрлеріне қажетті тар біліктілік
қатары;
- жоғары дамыған білік және шеберлік – осы қызметтік білім мен дағдыларын шығармашылықта
пайдалану, оған жету жолдарын, таңдау мотивтері мен мақсаттарын тану, түрлі біліктілікті сенімді
шығармашылықта қолдану [3].
Киізбен жұмыс сабақтарында бастапқы кәсіби біліктілікті дамытудың осы негізгі кезеңдерін қолдана
отырып, біз халық өнерінің осы түрін әрекеттерді біртіндеп күрделендіру арқылы түсіндіруге көмектесе-
тін тәжірибелік оқыту әдістерін таңдап алдық, олар бізге оқушылардың кәсіби біліктілігін дамытуда
педагогикалық жұмысының негізгі мақсаттарын анықтауға мүмкіндік береді :
- оқушылардың сәндік қолданбалы өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;
- балалар көркемөнер мектептерінде сәндік қолданбалы өнер сабақтарына байыпты көзқарас орнатуды
қалыптастыру;
- халық өнерінің осы түрінің түрлі бағыттарында сәндік және бейнелеу білімін меңгеру;
- оқушылардың киізбен жұмыс жасау барысында бастапқы кәсіби біліктілікті дамыту.
Оқушыларды балалар көркемөнер мектептерінде сәндік қолданбалы өнер сабақтарында (киізбен
жұмыс) оқытуды ұйымдастыру процесі келесі педагогикалық шарттарды қамтуы тиіс:
Бірінші педагогикалық шарты – киізбен жұмыс жасауда бастапқы кәсіби біліктіліктің өсуіне ықпал
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
55
ететін, үлгілер болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Екінші маңызды педагогикалық шарты - оқушылардың сәндік қолданбалы өнер сабағында өзін-өзі
кәсіби анықтау болып табылады.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың негізгі мақсаты – оқушылардың ішкі дайындығын өз бетінше және саналы
түрде жеке даму келешегін жоспарлап, түзету және іске асыруды бірте-бірте қалыптастыру.
Балалар көркемөнер мектебінде оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесі тәсілдерін жандандыру:
- білім беру кеңістігіне өзінің өмірлік мақсаттарын талқылап, білім беру қызметін талдап, оқытуды
тұжырымдауды саналы тапсырыс жасауға мүмкіндік беретін, мұғалім-тәлімгерді ендіру;
- оқушының нақты таңдау жасауына жәрдемдесу, моральді жігерлендіру;
- сәндік қолданбалы өнер сабағында оқу процесін берілген уақыт, кеңістік пен мағынасы шеңберінде
оқушыларды барынша дамытуды ескере отырып құру;
- байқауларға, фестивальдарға және халық өнері көрмелеріне қатысуы;
- оқушының "бастаған жолының" табыстылығын бақылау;
- оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдануы, қайда және қандай мақсаттар үшін олар қолай-
лы болуы мүмкін екенін айқын сезінуі.
Оқушыларды оқыту барысында осы кәсіби бағдарға (киізбен жұмыс) деген қызығушылығы артады, ол
оқушылардың кейін болашақ мамандық таңдауына әсер етеді. Осылайша, оқушылардың кәсіби өзін-өзі
анықтауы, олардың өмірлік мақсаттарды анықтауға мүмкіндік береді, болашақ өмірі мен жұмысының
жоспарын жасауды қамтамасыз етеді.
Ресей Федерациясы, Новосібір қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінде өткізілген тәжірибеге
сәйкес, балалармен сәндік қолданбалы өнер сабағы барысында киізбен жұмыс жасауда оқушылардың
қызығушылығы жоғары болды, атап айтқанда Кривоносова Валентина, Фролова Ксения, Гавриленко
Елизавета және т.б. Балалар тек сабақпен шектеліп қана қоймай, алған білім, білік, дағдылары неізінде
түрлі көрмелерге қатысып, бақтарын сынады.
Үшінші педагогикалық шартқа сәндік қолданбалы өнер сабақтарында оқушылардың дербестігін
қалыптастыруды жатқызамыз.
Бұл жерде екі тығыз өзара байланысты міндеттерді ескеру маңызды:
- оқушылардың танымдық іс-әрекеттегі дербестіктігін дамыту, оларға өз бетінше білім алуды,
бастапқы кәсіби біліктілікті игеруді және олардың дүниетанымын қалыптастыру.
- оқушыларға оқуда және тәжірибелік шығармашылық іс-әрекетте алған білімдері мен кәсіби білікті-
ліктігін өз бетінше қолдануды үйрету.
Қызметінің сипатына сүйене отырып, өзіндік жұмысты басқаруға оқушылардың қызметінің мақсатта-
ры, жоспарлауы, ұйымдастыруы, түзетуі және бағалауы, оның нәтижелерінің диагностикасы кіреді. Бұл
шарт балалар көркемөнер мектебінде киізбен жұмыс сабақтарында бастапқы кәсіби біліктілікті дамытуға
ықпал етеді, және оқушылардың шығармашылық ұстанымын жүзеге асыруды қарастырады.
Балалар көркемөнер мектебінде сәндік қолданбалы өнер сабақтарында өзіндік жұмысты ұйымдастыру
және жүргізу үшін ерекше көзқарас қажет. Сабақ жоспарлары мұқият ойластырылған болуы тиіс, өзіндік
жұмыстың мазмұны мен өтетін орнын, оның ұйымдастыру түрлерін, әдістерін анықтауда, оның күрделі-
лік деңгейін, жұмыс жүктемесін, қиындықтар мен кездесетін қателерін ескеру қажет, себебі ол оқушылар-
да оны орындау барысында туындауы мүмкін, сонымен қатар оқушыларға қаншалықты тиімді бақылау-
ды және көмек көрсетуды ойластыру қажет [4].
Новосібір қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінде өткізілген тәжірибеге сәйкес, сәндік қолдан-
балы өнер сабағында киізбен жұмыс жасау барысында аталған талаптар ескерілді. Мысалы оқушылардың
«Декоративті панно» жұмысын орындауда жиі кездескен кателіктері, атап айтқанда: а) эскиздік жобамен
жұмыс жасау барысында: композициялық шешімін табуда; б) бұйымды материалда орындау барысында
киіздің ерекшелігін ескермеуі: киіз басу кезінде киіздің бастапқы қалпынан 3-4 есе отыруын ескермеуі, әр
түрлі түстегі киіздерді араластыру мүмкіндігін қолданылмауы секілді киындықтар туды. Осы қателіктер-
дің алдын алу барысында, оқушыларға декоративті бұйымдардың үлгі жұмыстары көрсетілді және
киізбен жұмыс барысында түрлі операциялардың орындалуы туралы суретші-оқытушының жеке көрсеті-
лімі (мастер-класс) ұсынылды.
Осылайша, педагогикалық шарттарды қалыптастыру құрылымы мен оның сипаттамаларымен танысу,
оқушылардың киізбен жұмыс жасау барысында бастапқы кәсіби біліктілігін іске асыруға, қызметтің осы
түріне деген қызығушылықты нығайтуға мүмкіндік беретін және болашақ мамандық таңдауда өзін-өзі
анықтауға әсер ететін қажетті мүмкіндік жасайды.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
56
1
Назарбаев Н.А. 2016 жылғы халыққа жолдауы http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-
nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy-30-karasha
2
Белозерцев Е.П., Гонеев А.Д. Педагогика профессионального образования. - М.: 2006. – 368 б.
3
Шаляпин О.В., Кравченко К.А. Развитие декоративного восприятие у студентов на занятиях спецрисунком в
магистратуре // Сибирский педагогический журнал. Научное периодическое издание. - Новосибирск, 2013 - №5. -
114-117.
4
Шаляпин О.В. Инновационные модели обучения в художественно-педагогическом образовании // Омский
научный вестник. – Омск, 2010. №3 (88). - С. 228-231.
Резюме
Карабекова А.У. - магистрантка 2 курса по специальности 6М010700 – «Изобразительное искусство и черчение»,
akbayan_20_12@mail.ru, Научный руководитель: Ибрагимов А.И. – к.п.н., старший преподаватель кафедры «Теории
и методики изобразительного и декоративно-прикладного искусства» КазНПУ им. Абая, aman.07@inbox.ru
Психолого-педагогические аспекты обучения декоративно-прикладному искусству учащихся в системе
дополнительного образование
В статье рассмотрены психолого-педагогические аспекты обучения декоративно-прикладному искусству в
детской художественной школе. Автор рассматривает профессиональные умения как специальные умения человека,
они позволяют успешно заниматься художественным творчеством, для развития которых необходимо создать
эффективные педагогические условия обучения.
Ключевые слова: Декоративно-прикладное искусство, профессиональные умения, эстетическое воспитание,
творческая деятельность, педагогические условия, профессионально-художественные умения, композиция,
художественный образ, декоративное панно, навыки, профессиональное самоопределение
Summary
A.Karabekova - 2
th
course master specialty 6М010700 – " Fine art and design", akbayan_20_12@mail.ru;
Scientific supervisor: Ibragimov A.I. – c.p.s., senior lecturer in "Theory and methods of fine and decorative arts",
KazNPU named after Abai, aman.07@inbox.ru
Psychology and pedagogical aspects of training in decorative art of pupils in the system of additional education
The article deals with the psychological and pedagogical aspects of training decorative and applied arts students of
children`s art schools. The author examines the professional skills as the special skills of a man, it allows you to successfully
engage in artistic creativity, for the development of which is necessary to create effective pedagogical conditions of training.
Keywords: Decorative arts, professional skills, aesthetic education, creative activity, pedagogical conditions, professional
and artistic skills, composition, artistic image, decorative panels, skills, professional self-determination
УДК; 75 (574) (92)
ҚАЗАҚСТАН КӘСІБИ ҰЛТТЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ
ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ФОРМА МЕН МАЗМҰН ҚҰРАСТЫРУ МӘДЕНИЕТІ
А.О. Түгелбаева – Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының
6М010700-Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 2 курс магистранты, Алматы қ-сы,
Ғылыми жетекші: Ш.Ә. Ақбаева – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ,
Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті
Автор мақалада Қазақстан кәсіби суретшілердің көркем өнер туындыларындағы форма мен мазмұнды құрасты-
рудың алатын орнын, тарихи ерекшеліктерін т.б. с.с. теориялық мәселелерін жан жақты қарастырып, оларға терең
анықтама беріп, сонымен қатар форма мен мазмұн арқылы қазақстан суретшілерінің көркем туындыларындағы
трансформацияның мазмұндық және формалық ерекшеліктерін айқындап, оның басқа да ғылым салаларындағы
көрінісін, бірлігін, өзіндік байланысын қарастырған.
Түйін сөздер: пішім, мазмұн, көркемөнер, философия, эстетика, өнертану, көркем туынды, шығармашылық,
сыртқы сызық, перспектива, силуэт, мүсін, кескіндеме, сурет, бейнелеу өнері, реализм, портрет, суретші, символика,
жанр, композиция, трансформация
Қазақстан тәуелсіздік заманындағы жаңа заманауи көркемөнер 1991 жылдан бергі кезеңді қамтиды
десек, осы кезеңнің алғашқы он жылдығы ұлттық рухқа бөленген реализм ерекше үн қатты. Ұлттық сана
сезімі оянған халық арасында ұлттық тақырыптарға деген сұраныс ерекше болды. Тәуелсіз мемлекеттің
көркемөнерді бағытайтын еш идеологиясы да болмаса да, нарықтық экономикаға тез бейімделген көркем
өнер суретшілерінің туындылары ұлт сұранысына толық жауап бере алды.
Жалпы суретшілерге бөтен болып қала берген нәрсенің барлығы көрерменге де бөтен. Мұндай жұмыс
көрерменді толқытпайды, жанын тебірентіп, толғантпайды, әрине есінде қалмайды да. Дәл осыған
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
57
«форма мазмұнды бейнелегенде, форма мен мазмұн арасында берік бірлік болады» - деген еді кезінде
В.Г. Белинский. Кез келген картинада форма мен мазмұнның мәні маңызы ерекше. Көрермен кескіндеген
суретіңізге қарап, тұңғиық тереңге шомылып кетсін десеңіз, форма мен мазмұн бірлігінің заңдылығын
сақтаңыз. Форма мен мазмұнға мән беру бейненің маңызын, мазмұнын тереңдете түспек. Себебі, сонда
ғана тақырыпқа терең мән берілетін болады. Барлық сәтті суреттерге ортақ бір қасиет - ол сіз бейне - бір
сол суреттің ішіне терең еніп кеткендей боласыз, өзіңіз сол бейненің ішінде жүргендей күйге түсесіз.
Мазмұн мен форма дегеніміз ол қоғамдық, әлеуметтік дамудың барлық саласына қатысы бар жалпы
философиялық категориялар. Мазмұн - белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен
процестердің жиынтығынан құралса, ал форма - мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы мен ішкі
түзілісі екен. Форма мен мазмұн суретшілер үшін әр-дайым ашылмаған сыр болатын. Олардың мән
мағынасын терең етіп түсіну үшін, суретші өзінің шығармашылық жолы барысында әр-түрлі технология-
ға, стильге тоқтам жасайды. Сондықтан да, картинаны салар алдында автор, болашақ өз шығармасының
композициясын құруға әрекеттенбестен бұрын, әуелі форма мен мазмұнға баса көңіл аударады.
Мазмұн мен форма қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп
қарауға болмайды. Белгілі бір формасыз мазмұн болмайды, сол секілді таза, мазмұнсыз форма да жоқ.
Форма әрқашан да мазмұнды, мазмұн формалы болып келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-
қатынасында басты рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес
форма да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн форманы белгілейді. Бірақ форма да мазмұннан қалыс қалмай-
ды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді.
Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін форма оның дамуына, ілгері басуына жәрдемдеседі. Ал өзінің
мазмұнына сай келмейтін ескі форма оның дамуына кедергі жасайды. Мазмұн мен форма арасындағы
сәйкессіздік ескі форманың орнын жаңа форманың басуымен шешіледі. Алғаш рет бұл категориялар
ежелгі грек философиясында пайда болды. Онда біршама толық түсінікті Аристотель берді. Платон сияқ-
ты ол да форманы жеке заттар болмысының мәнісіне ұқсас деп түсіндірді. Сонымен бірге, Аристотель
форма материялық заттардың айқындығы деп те айтады [1].
Форма мен мазмұн ертеректе көптеген ғалымдармен зерттеліп келе жатқаны баршамызға аян. Соған
байланысты, мазмұнның жоқ дегенде төрт мағынасы, форманың болса, он түрлі мағынасы бар екен. Бірақ
олардың барлығы өнерге қатысы жоқ. Өйткені философияда, эстетикада, өнертану сияқты ғылым салала-
ры бойынша форма мен мазмұн, өзінің ғылыми сипатын табады. Басқа мағыналары болса, қысқара түседі.
Дегенмен форма мен мазмұн көп мағыналы сөздер қатарында қала береді. Форма мен мазмұнға нақты
теориялық анықтама беру үшін олардың бір-бірімен тығыз байланысын яғни дихтономиялық қасиетін
және өз-ара ажыратылуын қарастыру абзал. Өйткені, форма мен мазмұнның өзіне ғана тән нақты ерекше-
ліктері жоқ. Айтарлық тарихи деректер бойынша Гегель: «Форма - мазмұнның формаға айналуы немесе
мазмұн - форманың мазмұнға айналуы» деп түсіндіреді [105]. Практикада бұл екі терминді қолдану
қиынға соқтырады.
Кейбір деректер бойынша мазмұн мен форма арасында ешбір айырмашылық жоқ, және де олар бір
мағына негізінде қалыптасады деген тұжырым бар. Олай болса неліктен біз форма мен мазмұнды бір
терминмен түсіндірмейміз? Яғни берілген тұжырым дұрыс емес. Бұны дәлелдеу үшін алдымен әр қайсы-
на тән қасиеттерді анықтап, шығарманы анализдеу кезінде жеке сипаттап көру абзал. Форма - дегеніміз
ол латын тілінен аударғанда «forma» пішін, сыртқы пішін көрінісі деген мағынаны береді. Оны бірнеше
пунктер арқылы қарастыруға болады. Біріншіден шартты живопистегі немесе бастырмадағы силуэт.
Дегенмен жеке пішіндерде форма өзінің бастапқы мағынасына ие болады. Живопистегі шығармаларда -
жағыс, мүсіндік шығармаларда - сомдау деп бейнеленген нұсқаның пішіндік форма мағынасында
пайдаланады. Екіншіден форма кең мағынада шығарма мазмұнының көркемдік шешім тәсілі. Үшіншіден
форма жәй тілмен айтқанда қалып [2,105б].
В.Г. Белинский форманың рөлін мазмұнды шынайы жеткізе білуімен оның көрерменге тигізетін
эффективтілі әсермен байланыстырады. «Өнердегі форма» - дейді М.И. Калинин, адамның ойы мен ішкі
дүниесіне толы көңіл күйінің сыртқы материалды көрінісі деген екен [107, 210 б.]. Бұл берілген
тұжырымдармен келісуге болады, себебі шығармада көркем форма сызық, контур, перспектива, бояу
түстері, жарық арқылы қалыптасып, материалдық көрініс береді. Тарихи жағынан форма ерте дамыды.
Аристотель «форма мазмұн рөлін атқарған, мазмұн болса ол жаңа категория есебінде, жаңа гносеологияға
сүйене пайда болған» - дейді [3].
Жалпы форманың құрылу фундаменті үш негізден тұрады олар: сурет, колорит (бояу түстері және
жарық-көлеңке), композиция. Осылардың біреуі ғана кез-келген шығарманың көркем формасын құрай-
тын басты акценті болып табылады және де оған шығарманың барлық ауыртпалығы түседі. Кескіндемеде
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
58
атқарушы рөлді бояу түстері атқарады. Мысалы: көркем форманың негізін құрайтын бояу шығармада
белсенділігін арттырып, негізігі мазмұнның жеке дара құраушысы болып қалады. Форма құру принципте-
рінің қалыптасуы, кезеңдерге сәйкес кескіндемеде әр-түрлі болды. Айтарлық ХVI - ғасырда форманы
құру принципі - сурет болса, ХVIІ - ғасырда колорит артады да, ХІХ ғасырда өз белсенділігін шыңға
көтереді. Бұған дәлел форманы құрушы құрал ретінде даралы тұлғалардың бірі Леонардо да Винчи
суретті пайдаланса, колориттің жан-жақты қыр-сырын зерттеп, арттырған Тициан, ал жарық пен көлеңке-
ге көп көңіл бөлген Микеланджело болса керек.
Қарапайым және түсінікті форма мазмұнға толы көркем шығарманы дүниеге алып келеді. Бұдан
мазмұн деген терминді түсіндіріп кетсек, мазмұн дегеніміз - объективті шынайы өмірдің, қоғамдық және
табиғи көрінісінің сипаты. Сонымен қатар мазмұн дегеніміз белгілі көріністің негізі, қосымша, жалпы
элементтермен соған қатысты процестердің бірлестігі. Мазмұн бұл - бүкіл ішкі, сыртқы, болымды,
болымсыздан тұратын жиын. Осыған сәйкес мазмұнды екі түрде қарастыруға болады. Біріншісі: негізгі
мазмұн, ол шығарманың нақты спецификасын қарастырады. Екіншісі: көлемді (объем) мазмұн. Көлемді
мазмұн мазмұнның жан-жақтылығын, шынайы ортаның біртұтастылығын көрсетеді. Мазмұн форманың
ішкі дүниесінің сипаты деп білсек те болады. Мысалы: Қазақстан кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасу
кезеңінде белсенді жұмыс істеп, еңбегін сіңірген қазақ суретшісі Гульфайрус Исмаилованың «Қыз жібек
рөліндегі Күләш Байсейтованың портреті» атты туындыға назар аударсақ, терең мазмұнды көріністі
көруге болады. Күләш Байсейтова баршаға мәлім әнші, актриса. Оның образы бүгінгі күнге дейін
көптеген суретшілер назарында.
Гульфайруз Исмайлова туындысында көлеміне қарай өте ауқымды, оның композициясы тікелей сахна
көрінісімен байланысты. Суретшінің шеберлігінен Күләш образы сымбатты, әсем қазақ қызын бейнелей-
ді. Мазмұны жағынан шығарма халқымызға тараған «Қыз жібек» оқиғасымен сипаттала отырып,
реалистік формалар арқылы құралған. Ал, реализм формасы әрдайым терең көркем мазмұнға толы
болады. Өйткені форманың негізгі мақсаты шығарманың мазмұнын ашу, көрермеге түсінікті етіп жеткізу,
живописте қалыптасқан канондарды қолдана білу т.б.
Реализмде форма арқылы суретші, өз идеясы мен мазмұнын нақты да түсінікті етіп жеткізеді.
Мазмұнның мәнісін ашқан кезде форма пайда болады. Сол себептен форма мен мазмұн әрдайым бірлесіп
кенеп үстінде орнын табады. Егер де картина мазмұнсыз болса, форма өзінің негізгі құнын жоғалтады.
Өнер теоретигі Б.Г. Реизов өз кезінде мынандай қортындыға келген - «форма мен мазмұн» көркем
шығармада бөлінбейді, мейлі абстракциялық туынды болсын» - деген екен. Мұнымен келісуге болады,
өйткені абстракцияның да өзі мазмұнымен мағынасына ие болады. Тек мүсін жәй ғана адам тұлғасының
көрінісі болса ғана форма - мұзмұнды түкке қажет етпейді.
Форма мен мазмұн бірлестігін тағы былай дәледеуге болады. Кез-келген шығарма мазмұны сюжетпен
және кейіпкердің психологиялық сипатымен шектелмейді. Өйткені, эмоционалды-мазмұнды мән
құрайтын басты нәрсе - «форма». Көркем туындының жалпы көрінісін құрайтын элементтердің біртұтас
композициялық жүйесін «форма» түсінігімен байланыстыруға болады, ал оның мен жайын, сыр сипатын
түсіндіретін міндетті түрде мазмұн деп білеміз. Бірақ қандай да мазмұн мен форма бірлігі болмасын
форма өзінің жекеменшігін, тәуелсіздігін сақтай алады.
Мазмұн мен форманың қарым-қатнасы тікелей олардың шығармада түйіндесуі мен бірлігі арқылы
туады. Олардың ажырамас біртұтастылығы форманың мазмұнсыз, мазмұнның формасыз жеке дара
болмайтындығының негізінде жатыр. Жеке дара форма, не мазмұнның кездесу түбінде болымсыз
туынды, керексіз шығарма жатыр. Кейде форма мазмұнға, мазмұн форма элементеріне сәйкес келмейді,
дегенмен көп жағдайда мазмұн форма арқылы көрінісін табады. Ол әрине олардың бірлестік күшіне,
біртұтастылығына байланысты. Осы бірлестіктің арқасында мазмұн мазмұн болып, форма форма болып
қарастырылады.
Белгілі орыс жазушысы мен ойшылы В.Г. Белинский жақсы айтқан еді: «форма мазмұнның көрінісі
болғандықтан, екеуі бір-біріне тығыз байланысты, ал форманы мазмұннан бөлу - шығарманың мазмұны-
на нүкте кою болғаны, және керісінше мазмұнды формадан бөлу, яғни форманы құрту, жою» [4].
Композициядағы абстрактілі құрылым ол форма емес. Өйткені абстракция өзінің пайда болғанға
дейінгі қалыптасқан форманың заңдылығын ұстанған жоқ. Сондықтан қалыптасқан жаңа форма мазмұн-
ды жоққа шығарады. Сол себептен, шығарманың мазмұны бұзылады. Мұндай жағдайда формаға мазмұн
тарапынан соққы тиеді, өзінің мазмұндық жолын таппаған форма шығарманы керексіз, мазмұнсыз хаосқа
алып келеді [5]. Мазмұн мен форманың бірлігінің негізінде суретші ойы жатыр, ол тоқтаусыз формадан
мазмұнға, мазмұннан формаға ауысады. Бұл арпалыс процессінде көркем шығарма дүниеге келеді.
Мазмұны толықталады және де шығармашылық процесі кезінде формаға айналады. Бұл бірлік арқылы
мазмұнды форма, форманы мазмұн ретінде сипаттаймыз. Форманы айтып келіп мазмұнды анализдеу
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
59
және керісінше әрекеттену, әр-бір шығарманы толығымен танып, білуге алып келеді. Форма мен мазмұн-
ның бұзылуын модернистік ағымнан байқауға болады. Онда суретшілер қалыптасқан көркем мазмұннан
бас тартып, үйреншікті реалистік көркем форманы бұзады. Мұндай жағдайда шығарма әр-дайым бітпеген
көрініс береді.
Мазмұн мен форма бірлігінің және бір ең негізгі принципі ол форманың өзіне тән тілі арқылы пайда
болады да, табиғатына сәйкес көркем шығармаға мазмұн береді. Өткені, формаға қарағанда, мазмұн тілді
пайдалана алмайды. Мысалы: кескіндемеде бояу форманы құрайтын тіл бола тұра түгелімен форманы
дүниеге алып келе алмайды. Оған бояудың түстік бірлестігі, үйлесімі, тәртібі әсер етеді. Осылай форма
ерекше бірлестік болып суреттегі мазмұнды дайындайды, оның құрылымына жағдай жасайды.
Форма мен мазмұнның құрылым процессі өзінің ұжымдық бірлігінің есебінде пайда болады. Мұнда
форма өзіне тән қасиеттерінің атқарылу арқылы мазмұн ерекшелігінің функциясы болып табылса, мазмұн
бүкіл ішкі процесстерін жүзеге асыра отырып, шығарманың практикалық мүмкіндігін шексіз етеді.
Берілген теорияны қорыта келе, форма жан-жақты структурасына байланысты кез-келген бейнелеу
өнерінде кездеседі де, білгілі мазмұнның өзіндік функциясын құрайды. Осылайша форма мен мазмұн
суретшілер тарапынан өзгеріске ұшырай отырып, шексіз бейнелеу өнер тарихында жаңа ағым, жаңашыл
стиль енгізеді.
Әйгілі швейцар жазушысы, өнертанушы Генрих Вёльфлин (1864-1945 жж.) формальді анализдің
негізгі өкілі, өнертануда классикалық формальді әдісті құрған ғалым. Г.Вёльфлиннің ұраны: «форманы
зерттеу, тек форманы және формадан басқа ештеме емес» - деген екен [6, 270 б.] Вёльфлиннің сұрағы:
форманы қарастырған кезде мазмұнды қарастыруға бола ма? «жоқ» - дейді зерттеуші формалист.
Өйткені, форманың өзінің эволюциясы бар, мүлде мазмұн мен байланысы да жоқ - деген тұжырым
жасаған. Солай тұра форма дүниетаным, олар екеуі біртұтас балқыма, реалдылықта бір нәрсені екеуі бірге
көрсетеді, абстракцияда ғана екеуі бөлінеді. Автор бұл жерде екі қарсы теорияны қарастырған еді.
Өнер формасы міндетті түрде көптеген мазмұндық сипаттың әсерінен пайда болады - оған уақыт,
ғасыр мінезі, идеология т.б. факторлар әсер етеді. Кейбір кезде форма пайда болу заңдылықтардан тыс
шығады. Кез-келген бейнелеу өнері түрін алатын болсақ қандайда бір форма белгілерін көре аламыз. Ал
осы бейнелеу өнеріндегі форманың көркем образ белгілерін қарастыра отырып «образ» деген терминге
анықтама беретін болсақ, «образ» - өнердегі мазмұн ретінде, белгілі бір көзқарасты, ортаны қабылдауды
қалыптастырады. Шығармада ол айқын көрінбегенімен нақты жанрда жиі кездеседі. Айтарлық пейзаж,
портрет, натюрморт т.б. Образ анықтамасына сәйкес көркем мазмұн ретінде суретшілер тақырыптары
шектеулерден тыс шығарады. Сонымен қатар, адамның ішкі ой өрісін ашады да, психологиялық тұрғыда
авторлық позицияны жан-жақты түсіндіре біледі. Осылайша жеке тұлғаның әлемге, әдемілікке баулу,
оның қасиеттерін ашып қалыптастыру алдыңғы қатарда тұрады. Суретші өзінің түсініктерін образға
айналдыру қажет. Неге десек? Берілген формалар арқылы, идеялық проблемалардың шабытын басу үшін.
Образды өнерді қабылдау үшін, суретші еркін түрде көрерменді қызықтыра отырып формаларды
дүниеге алып келуі керек. Осыдан форманың ерекше маңыздылығы туады. Көркем образды әр түрлі
деңгейде түсінуге болады. Мысалы: әдебиетте қарапайым түрде мифологиялық образдарға мән беру,
орынды формалар арқылы келтіре білу, ал живописте тұрмыстық реализмнен бас тарту, яғни белсенді
фантастикаға бас бұра отырып кенепке символиканы енгізу. Сол арқылы көркем экспрессивті көркем
көрініске итермелеу. Образды формалар қажетті көріністерді жаттап қалу мен оларға сүйене отырып
идеяны оятуға әкеп соқтырады.
Форма жалпы көркем образдың екінші горизонт сызығы десе қателеспейміз. Ол адаммның қоршаған
әлемге деген түсінігін бейнелейді. Образдың бір ғана даму сызығы объектив, мазмұнды бастауды қалып-
тастырады. Бірақ барлық шынайы ситуациялардан шыққан форма образбен бірігіп табиғи негізделген
арнайы образды формаларларын дүниеге алып келеді.
Жалпы форма деген терминге тоқталып кетсек, көптеген гносологиялық сұрақтар туады. Соның бірі:
«Қандай түрде форма туады?» Ал, өте де қиын проблема, жаңа форманың шығармашылықта туылуы. Бұл
проблема бүкіл өнер түрлерінде де қатысты, және де әр бір суретшінің ішкі дүниесінің түпкірінде жатыр.
Оны білу үшін суретшінің шығармашылығын жеке тұлға ретінде қарастыру тиімді. Өйткені форманың
тууы индивид ішіндегі өнерге деген ізденістер арқылы дүниеге келеді.
Қазақ бейнелеу өнері шығармаларында форманың, бояу түсінің, материалдың т.б. терең мазмұндық
мәнге ие болуы немесе суретшілердің оларды сауатты пайдалана білуі арқылы композицияның астарлы
мағынасын, айтылатын ойының басты идеясын күшейту көркем шығарманың табиғи сипатын арттыра
түседі және де дәстүрлі шығарманың мүмкіндіктері реализм шеберіне сия бермейді. Екеуінің міндеті де
екі түрлі. Реализм көзге көрініп тұрған нұсқаны бейнелейді., ал халықтық өнерде таңбалар, ою өрнектер
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
60
мазмұндық мәнге және эмоциялы сезімге ие - деген екен танымал өнертанушы Б.К. Байжігітов [7,15 б.].
Бірақ бейнелеу өнерінің қоғамдық саналардан айырмашылығы сол, ол өмірді көркем образ арқылы
көрсетеді. Мысалы: ғылыми мен өнер бір-бірімен өзгешелігін біз оның мазмұнынан емес, формасы
арқылы білеміз. Біз терминдерді өз мағынасында қолданбағандықтан жаңсақ ұғымдарға жол беріліп
келеді. Мысалы: «мазмұн» деген термин көбіне сюжеттің орнына ауысып, екеуі бір мағынада қолданыла
беретіні жиі байқалады. Екі терминді шатастырмау үшін кейде «сюжеттік мазмұн», идеялық мазмұн деп
әркім өзінше атап кеткен.
Әйгілі кеңес дәуірі кезеңіндегі әдебиеттанушы, аудармашы Л.И. Тимофеев өзінің кітабында [8] фор-
ма - дегеніміз ол образдар (яғни көркем образдар) делінген. М.Б. Шепилова көркем шығармалардағы
көрінген кейіпкерлердің өмірі - мазмұнның көркем формасы болады дейді. Бұл екі пікірдің екеуі де
жалпы бір арнаға құяды. Ал, қайсы бір еңбектерде көркем шығарманың көркем формасы дегеніміз,
мазмұнды терең айқындаушы, түсінкті етуші әдеби, мейлі көркем композициялық «құралдар», яғни
көркем шығарманың техникалық жақтары деп танимыз.
Ал енді композиция ұғымына анықтама беріп көрелік. Жалпы «композиция» - өнер түрінің ерекшелік-
терімен, суретшінің оған таңған мазмұнымен, міндетімен, ойымен берілетін, көркем туындының қалануы
десек, бұл көркем туындының сансыз бөлшектерінің бір-бірімен үйлесе, бітісіп кетуін және олардың бір-
біріне, бүтін бір дүниеге бағына келе, оған ұласып кетуін ұйымдастыратын сол туындыға бірлік, бүтіндік
сыйлайтын және оның түпкілікті аяқталуын мүмкін ететін туындының маңызды құрылымдылық қағида-
сы. Тақырып белгіленген кеиін суретшінің дербес көруі, оның дәуірінің жалпы мазұны, бейнелеуге түрткі
болған шынайы нысанның арасындағы байланысты анықтау керек. Суретшінің нысанды қалай көретінін,
оны не қызықтыратынын, нені айрықшалайтынын, қалай бағалайтынын- оның мақсат-мүддесі нақты болу
керек.
Қорыта келе мазмұн, белгілі бір форма арқылы көрінсе, форма белгілі бір мазмұнды жарыққа шығара-
тын, оны жұршылыққа түсінікті етіп, айқын жеткізуі деп білеміз.
1
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.». 2010.
2
Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнерінің философиялық мәселелері: Кеңістік пен уақыт ырғағындағы сурет үлгіле-
рі. - Алматы: Ғылым-Өлке, 1998. – 250 с.
3
Аристотель философиясы. 3 т. /«Әлемдік философиялық мұра» сериясы. 2 томдық - Алматы: Жазушы, 2005.
- 564 б.
4
Горанов К. Содержание и форма искусстве. – М., 1962. - 301 с., 76 б.
5
Горанов К. Художественный образ и его историческая жизнь. М-1970. - 290 с., 92 б.
6
Арсланов В.Г. История Западного Искусствознания XX века: учебное пособие для вузов - М.: Академический
проект, 2003. - 768 с.,
7
Байжігітов Б. Атырау нақыштары. Альбом.- Алматы: Өлке, 1999. - 129 б.
8
Л.И. Тимофеев. Теория литературы и фольклора. - М.,1950. - 116.
Достарыңызбен бөлісу: |