Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Психология» сериясы №1(62) 2020 ж



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата25.11.2023
өлшемі2,23 Mb.
#126673
1   2   3   4
Байланысты:
20-Текст статьи-753-1-10-20210808

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Психология», №1(62), 2020 г. 
70 
Мұндай топқа жататын балалар өтініш-тілектерін вербальды емес қатынаста көпшілікке түсініксіз тек 
жақындары ғана түсіне алатындай арнайы бір үлгіде жеткізеді. Бұл балалар өз тілек-өтініштерін анайы 
тәртіптік көріністе яғни айқайлау, агрессия, аутоагрессия т.б түрінде білдіреді. 78,75%. талап қою мен 
өтініш білдіруді адекватты тәсілмен білдіреді екен. Бұл дағдылар әр балада әр түрлі деңгейде 
қалыптасқан. Балалардың өте аз бөлігі тілек-өтініштерін қалыпты жағдайда, көпшіліктері ерікті жағдай-
ларда білдіріп қарым-қатынасқа түседі. Барлық мутациялық күйдегі балалардың 30%-ға жуығы 
вербальды емес қатынас түрін пайдаласа, 63%. Вербальді емес қатынаста әр түрлі заттарды сұрауды еркін 
орындайды. 
Әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын зерттеу 
Бұл зерттеу жұмысы бала бойындағы әлеуметтік эмоциялық дағдыларының сондай-ақ өзінің 
эмоциясын, сезімін әлеуметтік мінез-құлқын жеткізе алуы қабілетінің қалыптасу деңгейін анықтадық. 
Бақылау нәтижесі аутист балалардың төмен деңгейдегілері – 100% өздерінің сезімдерін жеткізе алады. 
Балалар әр түрлі жағдайларда өзінің эмоциясы мен сезімін адекватты көрсете алады. (ләззат алу, ләззат 
алмау, қаһарлану, қуану, қайғыру, шаршау, қорқу т.б) Дегенмен көпшілік жағдайларда олар бұл сезім-
дерін тіл арқылы «мен қорықтым», «мен ренжідім», «маған көңілсіз», «мен қуаныштымын», «маған ұнай-
ды», «менің көңілім толмады», «мен шаршадым», «маған қорқынышты», «мен білмедім» дегендей айта 
алмайды. Аутист балалардың жақсы дегендері өзіне қатысты өзінің жағдайын «көңілді», «шаршадым», 
«білмейсің» дегендей өздерін вербальды сипаттай алады. Дегенмен бұл көріністер жүйелі деп айтуға 
болмайды, олар оқыстан, өздігінен бірден пайда болатын, жағдайларда байқалмайды. Біздің көзқарасы-
мыз бойынша өз эмоцияларын басқа адамдарға адекватты жеткізе білуге бейімсіздігі аутист баланың 
аффективті және когнитивті сферасының бұзылушылығымен тығыз байланысты. Эмоционалды ауытқу-
шылық баланың қоршаған ортасында тек жақын адамдарына ғана түсінікті, адекватты емес теріс мінез-
құлық сипатынан көрінеді. Бұзылушылықтың когнитивті сипаты өзінің эмоцияналды жағдайы мен ішкі 
сезімінің бейімсіздігінен көрінеді. Қалыпты балалардың онтогенезінің дамуында мұндай бейімділік ерте 
жаста қалыптасатын болса, ал онтогенезінде ауытқушылықтар бар аутист балаларда ол есегенде тіпті үлкен 
адамдар арасында да кездесуі мүмкін жағдай. Әлеуметтік эмоцианалды даму деңгейінің ең бір маңызды 
көрінісі әлеуметтенуге дейінгі (просоциальная) мінез-құлық. Әлеуметтенуге дейінгі мінез-құлық ғылыми 
әдебиеттерде басқа адамға альтруистік әрекетте анықталады. Яғни альтруистік әрекет әлеуметтік топтардың 
жетістігіне бағытталған, басқа адамдардың жетістігіне, оларға көмек көрсетуіне бағытталған сипат. 
Аутист балаларды тексеру барысында қалыптасқан әлеуметтенуге дейінгі мінез-құлық ерекшелігіне 
байланысты 3 топқа топтастыралады. 
Бірінші топ (төмен деңгей) 68,7% бала 3 ден кем әлеуметтенуге дейінгі мінез-құлық дағдысы 
қалыптасқан (9 диагностикалық анкетадағы 9 дағды бойынша) 
Екінші топ (орташа деңгей) 20% бала 3-4 қалыптасқан әлеуметтенуге дейінгі дағдысы 
қалыптасқандар. 
Үшінші топ (жоғарғы деңгей) 5 ден кем емес қалыптасқан әлеуметтенуге дейінгі дағдылары 11,3% 
құрайды. Көп балаларда әр түрлі әлеуметтік ойындарды жалғастыру, қайталау, ынтымақтастық орнату 
сияқты ерекшеліктерімен көрінеді. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №1(62) 2020 ж. 
71 
Бұл балалар өздерінің сүйікті тағамдарын чипсыларын, кәмпиттерін, шырындарын, ойыншықтарын 
үлкендерге береді, өз заттарымен бөлісе алады, үй тұрмысындағы шаруашылыққа көмек көрсете алады 
десек те кей жағдайларда керісінше өз затын басқалармен бөлісуді, қоршаған ортаға көмектесуді 
қаламайды. Балалар арасында үлкен адамдардан жылулықты қажет ететіндері сирек. Сондай-ақ жақын 
адамдарына сезімін, махабатын вербальды жеткізе білуі де сирек кездесетін құбылыс [7, 22 б.]. 
Кейбір жағдайларда аутист балалардан сыпайылықтың көріністерін байқауға болады. Көп жағдайда 
үлкен адамдардың ескертуімен «рахмет», «кешіріңіз» деген сөздерді қолданады. Сирек жағдайларда 
немесе жекелеген жағдайларда аутист балалардың жақын адамдарын жұбату сезімін байқауға болады. 
(Мысалы, анасы жылаған кезде). Бірақ көпшілік жағдайларда басқа адамның қайғыруына теріс мінез-
құлық арқылы көрініс байқатады. (Мысалы күлу т.б.) 
Қоғамда аутизм ауруының алдын алу шараларын күшейту және жандандыру жұмыстарын 
жетілдіруде осы топтағы балалардың әсіресе әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын зерттеу маңызды рол 
атқаратынын зерттеу жұмысы дәлелдеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Лебединская К.С., Никольская О.С. Диагностика раннего детского аутизма. М.: Просвещение, 
1991.-. 
2.
 
Аутизм: методические рекомендации по коррекционной работе (материалы к спецкурсу) / Под 
ред. С.А. Морозова. М.: СигналЪ, 2002. 
3.
 
Аутичный ребенок: проблемы в быту. / Под ред. С.А. Морозова. М., 1998. 
4.
 
Баенская Е.Р. О коррекционной помощи аутичному ребенку раннего возраста. //Дефектология. 
1999. - №1. - С. 47 
5.
 
Международная классификация болезней (10 пересмотр). Классификация психических и 
поведенческих расстройств. СПб.: 1994. 
6.
 
Морозова С.С. Развитие речи у аутичных детей в рамках поведенческой терапии. Аутизм: 
Методические рекомендации по коррекционной работе./ Под ред. С.А. Морозова. М., 2002. 
7.
 
Тлеубекова А.У. «Аутизмге шалдыққан балалардың коммуникативтік дағдыларын түзете-
дамыту» // Дефектология. - 2012ж. - №4 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Document Outline

  • Н.А. Таледжан1, Г.K. Сланбекова2, К.С. Игембаева3
  • Talejan N. A. 1, Slanbekova G. K. 2, Igembaeva K.S. 3
  • Таледжан Н. А. 1, Сланбекова Г. K. 2, Игембаева К.С. 3
  • Мagauova A.S. 1, Makhambetova Zh.T. 2
  • А.А. Қасымжанова1, Б.Қ. Құдайбергенова 2 С.Қ. Құдайбергенова 3 , Л.О. Баймолдина 4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет