Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №1(62) 2020 ж.
67
МРНТИ 15.01.11 https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-7847.11
А.С. Оспанова ¹
¹ Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Алматы, Қазақстан
АУТИЗМ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада аутизм балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын
зерттеу кезіндегі
жұмыс барысы мен нәтижелері қарастырылған. Аутизм балалардың әлеуметтік-эмоциялық жағдайларын
анықтау үшін әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы қоғамдағы аутизм дертіне шалдыққан балаларды түзете
дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға болатынын мақала жазу барысында көз жеткіздік. Бұл
зерттеу жұмысы бала бойындағы әлеуметтік эмоциялық дағдыларының
сондай-ақ өзінің эмоциясын,
сезімін әлеуметтік мінез-құлқын жеткізе алуы қабілетінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Бақылау нәтижесінде аутизм балалардың төмен деңгейдегілерінің барлығы өздерінің сезімдерін жеткізе
алады. Балалар әр түрлі жағдайларда өзінің эмоциясы мен сезімін адекватты көрсете алады. (ләззат алу,
ләззат алмау, қаһарлану, қуану, қайғыру, шаршау, қорқу т.б) Дегенмен көпшілік
жағдайларда олар бұл
сезімдерін тіл арқылы «мен қорықтым», «мен ренжідім», «маған көңілсіз», «мен қуаныштымын», «маған
ұнайды», «менің көңілім толмады», «мен шаршадым», «маған қорқынышты», «мен білмедім»
дегендей
айта алмайды. Аутист балалардың жақсы дегендері өзіне қатысты өзінің жағдайын «көңілді»,
«шаршадым», «білмейсің» дегендей өздерін вербальды сипаттай алады, бірақ бұл көріністер жүйелі деп
айтуға болмайды, жауаптары оқыстан, өздігінен бірден пайда болатын сипатқа ие.
Түйінді сөздер:
аутизм, вербальді және
вербальді емес қарым қатынас,
альтернативті қарым-
қатынас, әлеуметтік эмоция, диалогтік дағды, мутация.
А.S. Оspanova¹
Kazakh national women's pedagogical University
Almaty, Kazakhstan