WWW.ENU.KZ
АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
Бейсенбаева К.И.
2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Т.Р.Әбдіқадырова
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы
Абайдың аударма әлеміне енбес бұрын, ең алдымен, «кӛркем аударма
деген не?» деген сұраққа бір шолу жасап ӛтсек... Кӛркем аударма – бір тілде
жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу; ал
кӛркем аударма теориясы іс жүзіндегі жанды тәжірибені зерттей әрі
жинақтай келіп, осы үдерістің, яғни шығарманы дүниеге қайта әкелудің
сипатын, сондай-ақ аударманың алдына қойылған міндетті орындайтын
құралдарды анықтаумен айналысады.
Аударма теориясына қатысты тұжырымдарға кӛз жүгіртсек:
1. Тәржіме жаңа тілдің тӛл табиғатынан жаратылған туындыға
айналғанда ұлттық сӛз ӛнерінің қазынасына қосылады, аударма аударылған
тілдің туындысы саналуға тиіс.
2. Тәржімеленетін мәтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір
мәдениеттен бір мәдениетке (кейде бір ӛркениеттен екінші бір ӛркениетке)
кӛшіріледі. Ал аударманың ӛзге лингвомәдениетке сіңісуі, қабылдануы осы
үдерістің табиғи түрде, жатық жүруіне байланысты.
3. Аударма ӛнері тӛл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға,
кӛркемдік кестесін кемеліне келтіруге кӛп кӛмектеседі, ӛйткені, толыққанды
ұлттық әдебиет саласы аударма әдебиетінсіз кемелденбейді. Бұл, әсіресе,
ұлттық мәдениеттер үшін бетбұрысты белестерде айқын кӛрінеді. Егер тӛл
әдебиеттегі кӛркемдік ізденістер кенжелеп қалса, тәржімедегі табыстар да
қомақты болмайды және аударма ӛнері дамымаған елдердің ӛз әдебиетін
ойдағыдай ӛркендетуі де қиын.
4. Тәржімеленген туынды ұлттық әдебиеттің тӛл туындысындай оқылуға
тиіс деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның ӛзі тілдің
жатықтығына байланысты айтылуы керек. Мұндай жағдайда аударылған
шығарма ұлттық ӛлең ӛрнегін ӛзгеше бояулармен, бедерлермен байытуға
тиісті.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші – талап оның аудармаға қажетті қос
тілдің екеуін де – ӛз ана тілі мен аударылатын шығарма жазылған бӛтен тілді
де барынша жақсы меңгерумен байланысты. Ескерте кету керек, бұл қасиет
Абайға мүлде жат емес.
Абай ӛзінің ақындық ӛнер тәжірибесінде сол кезде қазақ үшін озық үлгі
болып табылатын орыстың мәдениетіне сүйенгендіктен, ӛзі сүйсіне оқып,
үлгі-ӛнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сӛйлетпей отыра алмаған. Ол
ол ма, Абай ақындығының кемелденуіне, жетіле түсуіне, асқан кӛркемдік пен
терең мазмұнға ие болуына сол аударманың едәуір екпін бергені, игілікті
WWW.ENU.KZ
әсер еткені күмәнсіз. Қалай да, ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма
үлгілерінің де ӛзіндік орны мен салмағы бар. Сан т
ілімен келтірсек: аудармаға арналған Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам
шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің
―Евгений Онегин‖ атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан
30-ға таяу ӛлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 ӛлең
шамасында аударған. Пушкиннен: «Онегиннің сипаты», «Татьянаның
Онегинге жазған хаты», «Онегиннің Татьянаға жазған хаты», «Онегин сӛзі»,
«Татьяна сӛзі», «Ленский сӛзінен», «Онегиннің ӛлердегі сӛзі», атты
аудармалары бар.
Лермонтовтан: «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Ал сенейін, сенейін»,
«Ӛзіңе сенбе жас ойшыл», «Қорқытпа мені дауылдан», «Қайтсе жеңіл болады
жұрт билемек», «Тұтқындағы батыр», «Күлімсіреп аспан тұр», «Рахат, мені
тастап қоймадың тыныш», «Ғашықтық іздеп тантыма», «Қарасам қайғыртар
жұрт бұл заманғы», «Қанжар», «Альбомға», «Дұға», «Қасиетті дұға», «Менің
сырым жігіттер, емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда»,
«Теректің сыйы», «Жолға шықтым бір жым жырт түнде жалғыз», «Шайтан»,
«Жалау», «Жартас» т.б.
Кырыловтан: «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт»,
«Шегіртке мен құмырысқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Қарға мен түлкі»,
«Бақа мен ӛгіз», т.б.
Абай аудармаларының тарихи-әлеуметтік мәні үлкен. Ӛйткені, ең
алдымен қазақ жұртшылығы Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков тәрізді
дүниежүзілік әдебиетінің ірі тұлғаларымен бірінші рет Абай арқылы
танысты. Екінші, ӛзінің зор талант, асқан шеберлігінің арқасында ұлы
ақындардың ұлы еңбектеріндегі үлкен идея, сұқтанар сұлулықты қазақ
оқушыларының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ
халқының жүрегінен жылы орын әперді. Оларды қазаққа ӛз ақындарындай
сүйгізді. Абайдан бергі, әдебиетті сүйетін қазақтардан хат білсін, білмесін
«Татьянаның хаты», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қанжар» (Кинжал),
«Жалғыз жалау жалтылдап» ӛлеңдерін білмейтін қазақ аз шығар. Сӛйтіп
Абайдың аудармалары алдағы халықтың мәдениеті, үлкен идея, ұлы
ақындары мен қазақ халқының жұртшылығы араларындағы дәнекер болды.
Абайдың аудармашылық ӛнері жайында кӛптеген ғалымар зерттеген:
Айталық, М.Әуезов «Абай еңбектерінің биік нысанасы»; Қ.Жұмалиев
«Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі»; М.Қаратаев
«Пушкин мен Абай», «Ұлы Абай»; М.Сильченко «Абай и басни Крылова»,
«Абай», «Басни Крылова в казахской литературе»; С.Мұқановтың «Крылов
қазақ тілінде»; Қ.Бекқожин «Абай және Лермонтов»; С.Нұрышевтің
―Абайдың аударма жӛніндегі тәжірибесінен‖, «Творческое наследие
И.А.Крылова в казахской литературе ХІХ века»; З.Ахметовтың «Лермонтов и
Абай»; Талжановтың «Кӛркем аударма туралы»; Әбен Сатыбалдиевтің
«Рухани қазына»; М. Әлімбаевтың ―Ӛрнекті сӛз – ортақ қазына‖ және
М.Қаратаевтың «Туған әдебиет туралы ойлар» т.т.с.с.
WWW.ENU.KZ
Ролан Сейсенбаев, Клара Серикбаева, Сәтімжан Санбаевтың Абайдың
қара сӛздерін аударса, Заки Ахметовтың Абайдың қара сӛздерін аударған
ғалымдар еңбектеріне қатысты зерттеп жазған ғылыми мақалалары да бар.
Сауытбек Абдрахмановтың «Поэзия аудармасы және аударма поэзиясы»,
М.Әуезов «Кӛркем аударма туралы ойлар», Зейнолла Тұрарбековтың
«Абайдың аударма тәжірибесі», Р.Нұрғалидың «Шеберлік шыңдау мектебі»
т.б. еңбектерінде Абай аудармасының ӛзіндік ерекшеліктеріне тоқталады.
Р.Нұрғали әдеби аударма туралы ӛзінің мынандай келелі пікірін айтады:
Еш уақытта еш бір елдің әдебиет, ӛнері томаға-тұйық қалыпта, ұлттық
шеңбердің ішінде ғана ӛсіп жетілген емес. Ана топырағында жаратылған
ӛнер басқа жұрттардың озық, асыл қазыналарынан нәр алып байығанда ғана
ӛркен жаймақ. Үлкен талант – мейлі қайраткер, мейлі суреткер, мейлі
санаткер болсын –бір ұлттың шаңырағында туса да, тек сол елдің шеңберінде
қалмаса керек. Ӛйткені тіл, дін, сенім әртүрлі болғанымен сезім, әсемдікке
құштарлық, арман адам баласына ортақ,- деуінен ұлы Абайдың аудармасы
хақында да айтылған ӛшпес мұра деп қабылдаймыз. [2; 117]
Сауытбек Абдрахмановтың «Поэзия аудармасы және аударма поэзиясы»
деген еңбегінде: «Тәржімеге кіріскен қаламгер қазақ тіліне қазақ әдебиетіне
қызмет ететінін екі елі естен шығармау керек. Абай үлгісінің қадір қасиеті де
осында. Мұнан жүз жыл бұрын Пушкин кейіпкерлерін дала тӛсіне алып
келіп, ӛзінен кейінгі ұрпақты ұлы орыс ақынының атақты шығармасын
жатсынбай, жанына жақын тартып кететіндей етіп тәрбиелеп берген Абай
«Евгений Онегин» аудармашыларына қойылар талапты да барынша
жоғарылата түсті. Абай ӛнегесін алға ұстаудың арқасында қазақ тәржіме
ӛнері бүкіл әлемде аударылмайтын ақын деп саналатын А.С.Пушкин
жырларын, әсіресе «Евгений Онегин» романын бар сұлулығын жарқырата
жеткізе алды», дейді.
Қазақтың аудармасында оңайлатып әңгімелеу де, қысқартып аудару да,
өлеңді қара сөзбен аудару да, қарасөзді өлеңмен аудару да, сарын қосу да,
сарындастыра жырлау да, қайта баяндау да, ұлттық бейімдеу де, еліктеу
де, нәзира да, еркін аударма да, дәл аударма да, сөзбесөз аударма да,
саймасай аударма да, барабар аударма да – бәрі-бәрі де бой кӛрсеткен. Абай
аудармаларында бұл айтылған аударма түрлерінің біразы бой кӛрсетеді.
Еуропа жұртшылығына Пушкин шығармаларының әлі күнге дейін
Толстойдың, Достоевскийдің, Тургеневтің туындыларынан әлдеқайда кем
таралғанының сыры, яғни аударуға оңайлықпен кӛнбейтіндігінде деген ұғым
қалыптасқан болатын. Ұлы Абай бұл айтылған пікірді жоққа шығарып, тіпті
Пушкин шығармашылығын ӛзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, аударма
жасайды.
Сонымен
қатар
оның
аудармалары
қазақ
табиғатына
жақындастырыла аударылады. Абай атамыз салып кеткен жолды жалғастыру
әдебиетіміздегі ақиық ақын Ілияс Жансүгіров пен ХХ ғасырдағы
поэзиямыздың асқан зергері Қуандық Шаңғытбаевқа да бұйырған екен.
Пушкинді Ғали Орманов та аударған.
WWW.ENU.KZ
Абен Сатыбалдиев «М.Әуезов және кӛркем аударма» атты еңбегінде:
М.Әузов Абайдың ең алғашқы аудармасы «Евгений Онегин» екендігін, ол
аударманы тек «Татьяна, Онегин хаттары» деп алып, олардың арасындағы
махаббатты ғана кӛздегенін, сондықтан Пушкин шығармасынан мазмұн
жағынан да, түр жағынан да алыстап кеткендігін осыдан берілген тӛрт
хаттың тек біріншісі, яғни Татьянаның алғашқы хаты ғана Пушкиннің ізімен
шығатындығын айтады. Қалғанын Абай Пушкиннің сарынымен жазып
шығады, сондықтан Абайдың жігіті Пушкиндегідей опасыз, тұрақсыз жігіт
емес, үлгілі жігіт, қызы биязы. Ол сүйсең осылардай сүй деп отырған сияқты.
Тілдегі теңеулерінде де: «Қаймақ едің кӛңілімде, Бізге қаспақ болды жем»
деп Татьянадай француз романын бойтұмар қып жүрген помещик қызына
қаспақ қырғызып, қаймақ жегізіп қояды. Осы тұста орыс ғалымы
Н.Любимовтың аудармашы мен аударма туралы айтқан пікірлеріне тоқталып
ӛтсек: «Аудармашы ӛзінің ойлағанындай нәтижеге жету үшін барша
кӛркемдік құралдарды жұмылдыруға тиіс», - дей келіп, «бұған не
кӛмектеседі?» деп ӛзіне ӛзі сұрақ қояды да, былай жауап береді: ―Бәрінен
бұрын – орыс тілі кез келген қиындықты еңсереді, бәрін де бейнелей алады,
бәрін де жеткізе алады, бұл тіл үшін алынбайтын қамал жоқ деген айқын
сана, қаны мен жанына сіңіп кеткен сенім кӛмектеседі. Бұл сенім
болмайынша, ана тіліне сүйіспеншілік болмайынша аудармашының алдан
шығар қиындықтардан қаймығып қалуы да мүмкін. Оны айтасыз, ӛзге тілдің
құрсауында қамалып қалуы да ғажап емес‖. Ал Абай ӛзге тілдің құрсауында
қамалып қалған жоқ, қайта ол аудармалары арқылы ӛзге ұлттың менталитетін
ӛз ұлтының, яғни қазақтың менталитетіне қарай бейімдеп алып, ұлтын, тілін
қаншалықты сүйетінін дәлелдеп шықты.
Ал М.Әуезов аударма туралы ӛз пікірін елуінші жылдары толықтырып,
оның үлкен ӛнер екендігіне тоқталып және оның ұстанымдары мен
қағидаларына, теориялық шешімдеріне терең талдаулар жасауға кіріседі.
«Қазақ сахнасына орыстың мәдениетінің жаңа үлгісін тӛккендей болды, ӛз
тұсындағы қауымын тәрбиеледі» деп жазады М.Әуезов. Әсіресе ол Абай
аудармаларының ішінде Евгений Онегинге терең тоқталады. М.Әуезов
«Татьяна мен Онегиннің хат алмасуы арқылы берілген махаббат жырларын
шерткен тұстарда Пушкиннің кӛп айтқандары қалып кеткен. Абай ӛз
жанынан «Онегиннің ӛлердегі сӛзі» деп тағы бір жайды баяндайды, бұл
автордың аудармадағы Абайша тұсы», - деп түйіндейді. Абайдың кӛркем
аудармадағы еркін тұстарын негізінен, екі түрлі себеппен түсіндірген. Оның
біріншісі және ең үлкен себебі, Абай орыс жастарының сезім сырларынан,
ӛмір түйін тағдырынан, ӛзінің жас оқушысына үлгі боларлық тәлім-тәрбие
бермекші болады. Екінші, Абай қазақ жастарына ӛзі ұсынғандай орыс
жастарын үлгі етіп кӛрсетпекші. Сондықтан Абай үшін опасыз жігіттің
қайғылы, күлкілі күйінен гӛрі, оның шынымен қателесіп, бар жанымен
қамығып, ӛкінгені қымбаттырақ болатындығын ашып айтады. Ол кезде қазақ
жағдайында әзіз қыздың жанын ұқпай, былай да жарақаттап кететіндер аз
болмаған. Ондайлардың ӛкінішінен де үлгі шықпас еді. Онан да қаншалық
WWW.ENU.KZ
арман қалдырса да, опалы, шыншыл, қиянатсыз жігіттің ӛкінішін кӛрсету –
Абай үшін абзал болғандығын ұлы жазушы дәлелдей отырып зерделеген..
Сонымен, Абайтанушы ғалым Абайдың кейде Татьяна мен Онегиннің
шындықтарына үйлеспейтін сӛздерін де қосып жіберетінін айтады. Мысалы
«Мехрабымсың бас ұрамын» дегендегі «Мехраб» сӛзінің мұсылман дінідегі
сӛз екенін айтады да, аудармашының ӛз оқырмандарына екі жастың бір-
біріне сезімін жеткізу үшін ӛзі білген асыл сӛзін аянбай жұмсағысы
келгендігіне де тоқталып ӛтеді.
Абай аудармаларын Пушкин үзінділерінен бастайтын себебіміз кездейсоқ
емес. Қазақ ақынының аударма ӛнеріндегі алғашқы қадамы дәл сол тұлғадан
басталған болатын. Сол «Евгений Онегиннен» жеті үзінді қазақшаланған
болса, олардың бәрі бірдей Пушкиннің түпнұсқасымен мүлтіксіз дәл түсе
бермейді. Бұл неліктен? Абайдың алғашқы қадамы, яғни аударма ісіндегі
тәжірибесі аздығынан туды десек, аталмыш үзінділердің ішінде ақынның әрі
кӛркем, әрі дәлірек аударғандары да кездеседі ғой (мысалы, «Онегиннің
сипаты», «Амал жоқ, қайттім білдірмей», «Барасың қайда, қайда болмай
маған» т.б.). Тегі, негізгі себепті басқа жақтан іздеген дұрыс. Абайдың
жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әртүрлі тарихи жағдайлардың
жемісі. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай
мағынасын бергенімен, ойындағыдай кӛркемдікке қол жеткізілмеген
жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық-кӛркемдік
мағынасын дәл беруге тырысатындығынан болар деген пікірге тоқталамыз.
Қазақ топырағында махаббат құдіретін ұлы Абайға ұқсап түсіндіре білген,
әсерлі жеткізе білген ақындар жоқ деп айта алмаймыз, жетерлік әрине, бірақ
Абайша жырлау, жүрекке әсер ету мүмкін емес. Махаббат дегеніміз –
Алланың жалғыздықтан құтқаратын сыйы. Сол сыйдың рахатына бӛлену
үшін адам не істемейді? Абай Татьянадай он екіде бір гүлі ашылмаған аруды
шарасыздыққа ұшыратып беттің арын белбеуге түйгендей етіп жырлайды.
«Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын».
Татьянаның Онегинге жазған хатының алғашқы шумағы. Абай Бір ғана
шумақтың аясына психологиялық реуішті қаншама динамика, ӛзгерім
сыйғызады. Татьянаның ішкі образын лирика толқынында қайың
қабығындай қалқытады. Түрлі еңісті-дӛңесті күйге түсіреді. Шумақтың тӛрт
жолы ішінде қыздың бар болмысын тӛрт рет құбылтады. Және күрт
құбылысының бәрін – кӛркем шындықтың кӛкесіндей қабыл аласың.
Шумақтың алғашқы екі жолынан кӛз алдыңда бетінен моншағы үзіліп
тұрған қыз бейнесі кӛлбейді. Ұялшақ, ұяң бұрымдыға жаның ашиды. Бірақ
сол байғұсың шумақтың соңғы екі жолында кілт ӛзгеріп шыға келуі,
махаббаттай жеңілуді білмейтін күштен қуат алып, тәуекелге бел байлауы,
бар жүкті нәп-нәзік иығымен кӛтермекке ниет етуі, Татьянаның қайыспайтын
қайраты сендіреді, шешімді мінезі сүйсіндіреді, сені де қанаттандырады.
WWW.ENU.KZ
Лирикалық тебіреніс – жас жүректің толқыны. Онегин жауабында қыз
хатының әсерін солай бағалайды. Таңғажайып хаттың әдептілігін,
шыншылдығын атап та ӛтеді. Татьяна «мен сені сүйемінді» баттитып тӛбеден
түскендей етіп айтпайды. Сүйетінін «Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем
мұндай бейнетке» деп орағытып айтады. Бірақ жігіттің құлазыған кӛңілі
бастапқыда қыздың «ием – сенсің ӛлгенше» деген антына мән бермейді.
Абай «Жарқ етпес қара кӛңілім не қылса да» ӛлеңінде «Шыдайды риза болып
жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да» [Абай. 1 том. 143 б.] — дейтін
махаббат гимнін осы Татьяна сықылды сорлы асықтарға қаратып айтқан ба
дерсің. Кейін ашыналық айту кезегі ӛзіне тиетінінен тәкаппар Онегин қайдан
білсін.
Татьяна сӛзі – оның ӛзінің ішкі портреті. Психологиялық күрделі, шиелі
қатынастардан қаланады. Махаббатына тойтарыс алған балаң, шешімді де
кесімді Татьяна жылдар ӛте келе ӛзгереді. Онегинді бұрынғысындай
сүйгенімен, енді от-жалынды сезім ырқына кӛне бермейді. Кӛңілін салқын
саналыққа билетеді. Бұрынғы бас иіп табынған кісісін мақтамен
бауыздағандай етеді. Екеуін де жапа шектірген астамшылық екенін аяса да
бетіне басады.
Аудармада Татьянаның Шығыс әулетіне туыстас қасиеті басым. «Досың
ақпын, «тағдыр араз», бәрін «сорлы нәсібімнен» кӛремін деген сӛздерді айта
келе, Татьяна сӛзінің ақырында «Кӛрісуге шыдамаспыз, Айрылалық сол
үшін» (Абай. 2 том. 49 б.) деген ең соңғы шешімін Ләйлі-Мәжнүн
махаббатын еске түсіретін жәйтқа сүйейді. Екі асық Ләйлі мен Мәжнүнге
жарық дүниеде қауышып, құшақтасып бір сүйісуге жазбаған ғой. Екеуінің
ӛне бойлары ӛрттеніп, ерінге ерін тигізе алмайды. Татьянаның кӛрісуге
шыдамаспыз дейтіні сол хикаямен ағайындас. «Ләйлі-Мәжнүн» дастанымен
таныс қазақ Татьянаның ғашықтығы Ләйліден кем соқпайтынын түйсініп,
тебіренері сӛзсіз. Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық дертін тартуы Алланың
бұйрығы болғанда, Татьяна «тағдыр араздығына» шағынады.
Онегин сияқты Татьяна да қазақ құлағының құрышын қандыратын
орамды, образды тілмен сӛйлейді.
Қаймақ еді кӛңілімде,
Бізге қаспақ болды жем.
Екі сӛз жоқ ӛмірімде,
Мен де – сорлы бақыты кем [1 том.76 б].
Мұхтар Әуезов жазғандай, Абай орыстың дворян қызына қаспақ
қырғызып қояды. Орыс тіліне оншама кіріге қоймайтын ауыспалар. Қаймағы
– сүйгені Онегин. Қаспағы – жат босаға.
Абай аудармада ұлттық бояуын, тілі мен қоса ділін мейлінше қандырады,
әлеуметтік проблема да қоя білді. Кейіпкерлердің жеке ӛмірімен қатар,
қоғамдық-әлеуметтік қатынасы, ӛмір сүрген заманының кескін-келбет сыйқы
кейіпкер кӛзімен бағаланады
Абай хат түрінде жазылған шығармасымен күллі әдебиетімізді жанрлық
жаңа ӛріске шығарды. Сайып келгенде: дүние жалған, тағдыр тәлкегі
WWW.ENU.KZ
тақырыбын қаузау арқылы ӛлең-хаттың тынысын тереңдетті; махаббат
драмасын лирикамен астастырды; ұлттық-аудармашылық соны дәстүрге жол
салды. Орыс ақынының шығармасын қазақша сӛйлетіп, аударма стилін
қалыптастырды; адамның ішкі ӛмірін, жан сырын жыр етіп тӛкті; ақжолтай
болып, қазақ топырағында аударма ӛнерінің бәйшешегін қаулатты. Абай
аудармасының құдіреті осында, аударма әлемінің ерекшелігі де сонда.
Пайдаланылған әдебиет
1. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – А., 1959.
2. Рымғали Нұрғали Шығармалар жинағы. 2том, – Астана-2005, 468б.
3.Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. – А., 1958.
4.Құрманов М. Алтын арқау. – А., 1978.
5.Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – А., 1987.
6.Тұрарбеков З. Әдебиеттер достығының дәнекері. – А., 1977.
Достарыңызбен бөлісу: |