Абай Байтұрсынұлының биографиясы 5 томның жалпылама мағынасы



бет5/5
Дата10.10.2022
өлшемі4,28 Mb.
#42230
түріБиография
1   2   3   4   5

Табылған туындылар

  • «Табылған туындылар" атты бұл тараудың осылай аталуының өзіндік ерекшелігі мен түрлі себебі бар.1)Ахаңның есімі ақталғаннан кейін шығармаларын қайта бастыру жұмыстары қолға алынды. Жинақтар қысқа мерзімде басылғандықтан ғалым мұрасы мұрағаттардан жинастырылып үлгермеді. Жабық қорлар тіркеуіндегі кейбір мұраға арнайы мекеменің рұқсаты қажет болды. 2) Тәуелсіздік кезеңдегі ғалымдар арасында Ахаң емлесін танитындар некен-саяқ болғандықтан, Алаш мұрасын танып оқуға зерделеуге,сараптауға біршама уақытпен қатар пайымдаулар керек болды.3)Гуманитарлық білім саласында ізденіп жүрген кейбір жас зерттеушілердің БАҚ-та тұлғалардың тың туындылар туралы мақалалар жарияланғанына қарамастан, ғылыми ортада бұл деректер бірде еленсе, бірде еленбеді. Оған басты себеп, алынған материалдың дерек көзі анық көрсетілмеуі, біржақты баяндалуында болды.

Мақалалар

  • ХХ ғасыр баспасөзінде дау тудырған мақаланың бірі - Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақтың өкпесі" мақаласы. Жер, оқу-білім, ғылым мен ағартушылық мәселесін көтерген мақаланың өзегі әлі күнге дейін жойылмады. Ахмет Байтұрсынұлының бүкіл шығармалары, өлеңдері, мақалалары халыққа жаны ашып, жастарды оқуға, білім-ғылымға шақырып, еңбек етуге, рухани дамуға шақырған.Әр түрлі мәселеге арнап жазған мақаласы жетерлік. «Тағы да народный сот хақында», «Бұ заманның соғысы», «Қазаққа ашық хат» деген мақалаларында халқына жаны ашып, қазақтың ертеңін ойлап, халқына үндеу жіберген. Сол мақалалардың бірі «Қазақтың өкпесі» мақаласы...Бұл мақалада не айтылған? Ахмет Байтұрсынов қазақ халқына не айтқысы келген?
  • Сол замандағы өзекті мәселелердің бірі – ол жер мәселесі болған. Қазақтың кең-байтақ жері ол ұлттың мүддесі, мемлекеттік қазынасы. Байтұрсынов қазақтың жерді жеке меншікке алуға әлі дайын емес екенін аңғарып, жерінен айырылып қалмауды ескерткен.Бірақ Патша өкіметі қазақтың аңғалдығын пайдаланып, жақсы шұрайлы жерді өзіне алып, қазақтарды құнарсыз жерге ығыстырды. Содан қазақтар шұрайлы жерінен айырылып, тұрмысы нашарлады. Оның үстіне, ашаршылық төніп тұрған заман.Сонда Ахмет осы болып жатқан қиыншылықтан шығудың амалын, адамды қор қылатын жалқаулық, надандық сияқты қасиеттерден арылып, сауатсыздықты жою туралы пікірін білдіргенде Ахметті ешкім елемеді. Бірақ «Қазақтың өкпесі» адамдарды елеусіз қалдырмады, жай да болсын халықтың көзі ашылды, сауаттылыққа бет бұрып, көздері ашылуына үлкен себеп болған.«Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты. Сонда да, соны ғылым, өнерден артық көреміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін қазақ, ғылымыңнан надандығын тыныш көреді. Не шара бар?» деп іші күйген Ахмет өзінің мақаласында халықты білімге, ғылымға, мәдениет пен өнерге шақырады.Бұл мақалада қазақтың жер мәселесі туралы айтылса да, қанша қазаққа жаны ашыған Ахмет бұл мақаланы «қазақ халқына қарсы жазылған мақала» деп айтып өткен. Неліктен? Өйткені азақтың осындай жағдайда болғанына, ғылымнан надандықты артық көріп, ғылым мен өнерді керек қылатын қазақтың аз екеніне іші күйінген.

Назарларыңызға рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет