Абай дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі



бет3/4
Дата09.05.2022
өлшемі40,79 Kb.
#33578
1   2   3   4
Абай адамның жан дүниесінің үнемі өзгеріс, дамуда болатындығын дұрыс көрсетеді, сондай-ақ өзінің. «Адам1 бол!» дейтін негізгі шафқатты-этикалық принципінде азаматты надандық тұрғыдан ылғи да жетілу, толысу процесі ауқымында ұғынады. Адамның адамшылдық жағын көре білу және дамыту, ақылды, білімді адамды жоғары бағалау, өмірінің аяғына дейін адам болып, дұрыс қартаю, өз халқына қажымай-талмай қызмет ету, бүкіл адамзатты, адамды сүю және құрметтеу — бүгінгі таңдағы басты мәселе.

Шығыстың өзге ұлы ойшылдары сияқты Абай да қоғамның жақсарын, жаңғыруына адамдардың ар-ұжданын жетілдіру жолымен қол жеткізуге болады деп қатты сеніп, халқын сол жолға салсам, оған барынша мол пайда келтірсем деп есептеген. Оған өзінің идеялық-мәдени ізденуі толық кепіл.

Данышпан ақынның. этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалык, және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған -әмбебап тұлғаға айна.лу жолын ол өнер, сөз, поэзия ар­кады эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы ■өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген.

Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:

...Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы?

Абай нақтылы шындықты әсемдіктің түлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық тусінуге, қоғамдык өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандьғқ байқалады

Абайдың жанына жақын идеяларының бірі — адамды табиғатпен жақындастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер сынды жайлар — ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине, Абай шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі жағынан онша көп емес, бірақ, кетерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар аударарлық. Өйткені, бұл мәселені көтерғен шығармаларда тек жылдың төрт мезгілі сипатталып қана 'қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда ақынның адам туралы философиялық түсінігі ;жан-жақты ашылады. Бір кезде Әлихан Бөкейханов жазғандай Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған (көктем, жаз, күз және қыс) жырлары Еуропанын. даңқты ақындарының өзі қүрмет көрсетердей дәрежеде.

Абай үшін табиғат әманда нақтылы да, ғажайып, ол адаммен, қоғамдық ортамен тығыз байланысты. Ақьш оны ішіне ғажайып сыр бүккен нақтылы шындық ретін-де қабылдайды. Бірак, Абай үшін негізгі нәрсе — адам мен табиғаттың бірлігі болуы да — адам сол табиғаттың ең елеулі, басты түлғасы ретінде қаралды. Сондық-тан да ол адамды табиғаттың тасасында қалдырмай-ды, оны ойлау, идеялардың қабылдау қабілетінің арқа-сында барша тірлік иелерінен, жануарлардан жоғары түрған саналы ақыл иесі деп біледі. Демек, Абай адам­ды. кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болғаң а дам білімді болады», — деп ой түйеді.

Абай тәрбие адамға эсер етіп, оған кісілікті қалып-тастырады деп біледі. Тәрбие арқылы адамға туа бері-летін қасиеттер дамып қана қоймай, оның ақылына да„ адамгершілігіне де, парасаттылығына да, еңбекқорлы-ғына да, өзіне деген сеніміне де жетілдіру жасауға бо­лады деп есептейді.

Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдык,, қайғы ойладық, үйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетін-ші, отыз сегізінші қара сездерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі. Сондықтан да ол бір мезгіл

Дүние үлкен кел, Заман соққан жел Алдыңғы толқын — ағалар, Артқы толқын — інілер, Кезекпенен керінер,—

деп толғанса, бірауык «Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екеиі рас», яки «замана шаруа, мінез күнде езгереді» деп ілгерідегі айтылған ойларын одан әрман өрбітеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет