...Өлсе өлер табиғат, адам елмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес. «Мені» мен «менікінің» айырылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес...
Өйткені, адам мәселесі, оның дүниемен қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философияның, негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі таңда біз бастан кешіп отырған_ жүйелі дағда-рыстың өзі де — сайып келгенде осы адамның дүниеге деген тубегейлі катынасынық дағдарысы Шығыс ойшылы ретінде Абайда қарастырылатын күрделі адам проблемасы үлкен ауқымда, яки қоғамдық, руханилық, құндылық, этикалық, эстетикалық жақтарда қаралады. Ал, бұл мәселелердің. қайсысының да бір-бірімен тығыз байланысты екендігі күмәнсіз.
Абай адам табиғатын этикалық түрғыда қарай отырып, оның тұтас алғандағы кісілік қалпын, ұжданды, «сегіз қырлы, бір сырлы» сырбаз адам, яки кемеліне жеткен «толық адам» кейпінде алға тартады. «..Адам деген даңқым бар», — дейді Абай. Сол арқылы ол неден қашық, неге асық болуға үндейді, жақсылық пен жамандықтың, надандық пен имансыз адамның шынайы мәнін ашады. Мысалы, ақынның мына сөзі де осының бір дәлелі: «Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек ол құдайға айтарлық сөз бе? Қүдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына лайығы бар ма? Екі сөздің басын қосарлық не ақылы, не қыльшы жок тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр «өй, тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?.. Оларды мұсылман деп қалайша иманы бар ғой дейміз?»
...Жүрегіңнің түбіне терен, бойла, Men бір жұмбақ адаммың ойы да ойла, Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мын мен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай адамды жаратушының қаһарынан қаймыққаннан емес, өзінің арының, ұятының, халқының алдында сол істеген қылығы үшін жауапты болғандықтан да кайырымды, мейірімді болуға тиісті деп біледі. Қазіргі біз бастан кешіп отырған кезенді, әдетте, адамдардың қылықтарының кезеңі деп атайды. Сөйтіп, әнгіме қылықтардың философиясы туралы қозғалады.
Абайдың этикалық тұжырымдамасында «еңбек» деп аталатын ұғым ерекше орын алады. «Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ», — деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ,. ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөксе жалқаулар кө-біне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол: «Еріншектік — күллі дуниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады», — деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті ең жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді. Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жуйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бІр — өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздін, екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей .қалыппысың?» Бұнда ақын адамның өзіне өзгелердің көзімен қарап, күнделікті істеген ісіне талдау жасауға, барлық әрекетіне жауап бере алуға, өзінің, өмірдегі орнын біліп, соған лайық іс-қимыл жасауға міндеттілігін ашады Адамның тұтыну мүмкіндіктері жайлы толғана келіп, Абай бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер, шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: «Әрбір жақсы нәрсенің, өлшемі бар, өлшемінен асса — жараманды. Өлшемін білмек — бір үлкен керек іс... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бәрінің де өлшемі бар». Ал, сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады? Ақын пікірінше, — оның таразысы — ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшыл-дық пен кісіліктің тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгіндіреді Бұл жерде біз белгілі орыс философы Вл. Соловьев пен Абайдың ұят туралы ой-пікірлерінің соншалық күтпеген үндестігіне таңданамыз. Вл. Соловьев ұят сезімі ұят дегенің өзі жалпы адамдықтың, моральдың маңызды бірінші бөлігі деп есептеген, ұятты мінез-қүлықтың айрықша реттеушісі дей келіп, Декарт сөзін былайша келтіреді: «Мен ұяламын, демек, мен өмір сүрудемін».. «Ұятты жоғалту», яғни «адамдықты жою» деген байламға келеді орыс философы. Ал Абай «Ғақлияның» отыз алтыншы сезінде осы үғымды толық, талдай келіп: «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы»10, — дейді. Ғақлияның он төртінші сөзінде қазақ ойшылы былайша ой қорытады: «ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі жаманшылыққа,. мақтанға салынып, өз бойын бір тексермей кёткен кісі, тәуір түгіл, әуелі адам ба өзі?»11. Екі ойшылдың идеяларындағы мұндай айқын, салыстырмалы үн-дестіктің, этикалық идеялардың, мұндай жаңғырығын түсіндіру өте қиын. Дегенмен, Абай Вл. Соловьев еңбектерімен таныс болды деген ұйғарымға келуге болады, өйткені олар Ресейде көптеген журналдарда жарияланған, кеңінен танымал болды, ал Абай бай кітап қорымен әйгілі Семей кітапханасының түрақты оқырманы болғаны жүртшылыққа белгілі. Ж. Аймауытүлы Абайға «дананың көрегендігі, ізгілікке құштарлық, әділдік, шыншылдық» тән деп тұжырымдап, ол өмір бойы «жаңылыс басқандарды дұрыс жолға бағыттауға ұмтылды»12, — деп ой түйеді Абай адамгершілік идеясын емір бойы ту қылып көтеріп еткен. Ол азаматты шыққаң тегі, атқарып жүрген қызмет-мансабы, атақ-даңқы мен дәулетіне қарай емес, оның жан дүниесіне, өз еліне, халқына керсетер қызметіне қарай құрметтеуге үндейді.