Абай ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата02.12.2023
өлшемі5,76 Mb.
#131441
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Алма-Қыраубаева



ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
АЛМА МҮТӘЛІПҚЫЗЫ ҚЫРАУБАЕВА
Е-КӨРМЕ


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
АЛМА МҮТӘЛІПҚЫЗЫ ҚЫРАУБАЕВА
Е-КӨРМЕ

Алма Мүтәліпқызы Қыраубаева (26.5.1947, Бірқазан бекеті, Қызылорда қаласы, Қызылорда
облысы - 5.2.2001, Астана) - ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998).

Қалғабай батырдың ұрпағы, Қыраубай батырдан тарайды. Әкесі - Мүтәліп Қыраубайұлы ақын,
жыршы, палуан болған адам. Анасы - Күлжан Сүлейменқызы – Мұстафа Шоқайдың немере
қарындасы. Үлкен нағашы атасы - Ысқақ молда, Құмжарған деген жерде мектеп ашып, Мұстафа
Шоқайға ұстаздық еткен.

1970 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін, 1973 жылы аспирантураны
тәмамдаған. Ұстазы Бейсенбай Кенжебаевтің себепкерлігімен ҚазҰУ-да қызметке қалады. 1974 жылы
ҚазҰУ-да ассистент, 1978 жылы аға оқытушы, 1981 жылы доцент, 1998-2000 жылдары профессор
болып қызмет атқарған. Ұстаздығымен қатар 1993 жылы Жандосов ауылында қазақ гуманитарлық
мәдениет лицейін ашады. 2000-2001 жылдары Мырзатай Жолдасбековтің шақыртуымен Астана
қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, профессор және Қазақ
ұлттық музыка академиясында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Отбасында 3 ұл тәрбиелеген ардақты ана 2001 жылы 5 ақпанда 53 жасында дүниеден өтеді.

Ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Жаным
садаға» (1995), «Шығыстық қисса дастандар» (1997) атты монографиялардың, «Ғасырлар мұрасы»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет