36. Отыз Алтыншы Сөз
Пайғамбарымыз салалаһу ғалайһи уəселəмнің
32
хадис шарифінде
33
айтыпты: "Мəн лə хаяһүн уə лə иманун лəһу"
34
деп, яғни кімнің ұяты жоқ
болса, оның иманы да жоқ, деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: "Ұят
кімде болса, иман сонда" деген. Енді бұл сөзден білінді, ұят, өзі иманның бір
мүшесі екен. Олай болғанда, білмек керек, ұят өзі қандай нəрсе?
Бір ұят бар — надандықтың ұяты: Жас бала
сөз айтудан ұялған секілді,
жақсы адамның алдында жазықсыз-ақ əншейін барып жолығысудан ұялған
секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да,
надандықтан
бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нəрседен
ұялған ұялу — ақымақтық, жамандық.
Шын ұят сондай нəрсе: шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға
теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі — ондай
қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып
кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады.
"Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді
мұның өзі не болады дегендей, бір
нəрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді.
Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылга, я абиұрлы бойға теріс, я
адамшылыққа
кесел қылық, қатеден, яки нəпсіге еріп ғапылдықтан өз
бойыңнан шықкандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылгандығыңды бөтен
кісі білмесе де, өз ақылың өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне
жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі
бетіне қарай алмай, бір түрлі
қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны
да бар, хатта өзін-өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз
бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған
қысымның аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді.
Көзіңнің жасын, мұрныңның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит
боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нəрсені көрмейді. Мұндай
қылыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар кісі кешпесе, яки оның үстіне тағы
аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ, десе болар.
Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. "Ол істен
мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?"— дейді. Я болмаса, "жə, жə, оған
мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің"— дейді. Немесе "пəленше
де, түгенше де тірі жүр ғой, пəлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында
несі сөз, пəлендей, түгендей мəнісі бар емес пе еді?"— деп, ұялтамын десең,
жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған
кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау.
Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жок дейміз бе?!
32
(ар.
ﻢّﻠﺳو ﻪﯿﻠﻋ ﷲا ﻰّﻠﺻ
) – Оған Алланың сəлемі мен рақметі болсын деген сөз
33
(ар.
ﻒﯾﺮﺷ ﺚﯾﺪﺣ
) – Пайғамбар туралы əңгімелер
34
ﻪﻟ نﺎﻣا ﻻو هﺎﯿﺣ ﻻ ﻦﻣ