Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет28/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
39. Отыз Тоғызыншы Сөз
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі,
күтімі, сыпайылығы, тазалыгы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық
екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп
тастап келеміз, əлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге
мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, сол аталарымыздың екі ғана
тəуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған
201
Құран аяттарын оқу
202
намаз оқығанда тізеге қол қойып еңкею
203
намаз оқығанда маңдайын жерге тигізу
204
намаз бітерде соңғы отыру
205
сəлем
206
куəлік беру


соң, əлгі үйренген өнеріміздің бəрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа
тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол
көрінеді.
Ол екі мінезі қайсы десең, əуелі — ол замаңда ел басы, топ басы деген
кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда
болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді
екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны
сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен. "Қой асығын қолыңа ал,
қолайыңа жақса, сақа қой", "Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың,
басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің" деп, мал айтып тілеу қылып, екі
тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл,
жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын
деп тырысады екен. Оны зор тұтып, əулие тұтып, онан соң жаксылары да көп
азбайды екен. Бəрі өз бауры, бəрі оз малы болған соң, шыныменен жетесінде
жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?
Екіншісі — намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде
ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. "Өзіне ар
тұтқан жаттан зар тұтады" деп, "Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер"
деп, "Ағайынның азары болса да, безері болмайды" деп, "Алтау ала болса
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" десіп, "Жол қуған
казынаға жолығар, дау қуған бəлеге жолығар" десіп.
Кəнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстылық,
табандылықтан келеді. Бұлардан айрылдық.
Ендігілердің достығы — бейіл емес, алдау, дұшпандығы — кейіс емес, не
күңдестік, не тыныш отыра алмағандық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет