Абай ілімі және рухани жаңҒыру


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі79,52 Kb.
#12333
1   2   3
Байланысты:
АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Б.Ыбырайым. Ақындар аманаты: Хрестоматия-компендиум.-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ: «Ұлағат» баспасы, 2012.-360 б.

2. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. – Алматы, «Әдебиет әлемі», 2013.-500б.

3. Абай – мәңгілік поэзия. Егемен Қазақстан. №152 (29133) 10 тамыз 7-б.

4. Абай. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2006. – 124 б.

5. Абай. Қалың елім, қазағым... Өлеңдер . – Алматы: Атамұра, 2002. -224 б.



ЖАДЫРА КАЛИЖАРОВА,

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының магистранты.

ХӘКІМ АБАЙ ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ


 10.04.2018  oninfokz  0 Комментариев

Бүгінгі таңда жұртшылық  арасында Рухани жаңғыру жөніндегі  Мемлекет басшысы идеясы қызу талқыға түсіп жатыр. Бағдарламаның  маңыздылығы –ұлттық кодты сақтай отырып, сананы жаңғырту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы жаңа менталитет қалыптастыру.

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған және осы күнге дейін өзектілігін жоймай келе жатқан ұлы Абайдың қара сөздерінде де  ұлттық болмысқа ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты тағлымдық ой-пікірлердің молдығы баршамызға аян. Осы тұста, уақыт өткен сайын құндылығы арта түскен Абайдың қара сөздері мен  Елбасы  мақаласының өзара үндестіп жатқаның байқамау мүмкін емес.

Мәселен, бағдарламалық  мақаладағы «Білімнің салтанат құруы», «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік», «Ұлттық бірегейілікті сақтау», «Сананың ашықтығы»  және «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы»  басымдықтары  қарасөздегі мәйекті мәселелер айналасында егіз қозыдай жарасымдылық тапқан.Президент Н.Назарбаев мақалада ұлттық кодты сақтауда Абайдың  даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы екендігін нықтап айтады.

Жалпы, Абайдың қара сөздеріне  өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасасақ, оның қазақ қоғамындағы көптеген көкейкесті  мәселелерді қозғағанын көреміз. Айталық, бүгінде  адамзат баласының алдында руханиятты дамыту,  бейбітшілікті нығайту  және  табиғатты қорғау сынды  зор міндет тұр.  Бұлардың қай -қайсысы да біздің тіршілігіміздің қайнар көзі. Басты бағдары десек те артық айтқандық емес. Бірін – бірі толықтырып тұрған ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемнің болашағы байлаулы  деп  Елбасы Н.Ә.Назарбаев қадап атап өтті. Мұның ішінде, әсіресе  руханият – ең маңыздысы . Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез – келген халықты алып қарасақ, олар ең алдымен тәлім – тәрбиеге, білімге , адамгершілікке үндейді. Болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азықты сіңіруге тырысады. Өйткені, тәлім- тәрбиенің адам өмірінде  алатын орны ерекше. Ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің  «Тәрбиесіз берген білім адамзаттың хас жауы» деген аталы сөзі бар. Осы тұрғыда келгенде, қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай рет-ретімен жіктейді. Енді тәрбиелік мәні зор, жастар үшін айрықша құнды қара сөздерге көңіл аударайық.

Ақынның «Алтыншы қара сөзінде»  «Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.  Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың – пысық , ішің – нас,

Артын ойлап ұялмас, —

деген сөздері  терең тұжырымды тоқтам емес пе? Мұны міне-құлық прагматизмі деп топшылауға болады.

«Жетінші  қарасөздегі»:  «Жас бала анадан  туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Ал, «білсем» дегендер не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тіптен  көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейтіндер бар. Демек,  жан құмарлығына салып, білуге, көруге, үйренуге талпынатындар» деген сөздер дәл қазір де өзектілігімен құнды.

Осыған орайластырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетеді» дегенін салыстырып қарайық. Бұл тұжырым да халқымызда  «білуге, көруге, үйренуге» деген  құштарлығын  қалыптастыруды көздейді.

Абайдың «Он бесінші» қара сөзіндегі «есер кісіні» сынай отырып, «есті кісілер қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында  бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдынғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен…» деген ойы бүгін де маңызды. Адам өз мінезін, әрекетін реттеп отыру үшін өткен күніне талдау жүргізсе, әрине санасы өзгереді.

Адамның, ұлттың бәсекелік қабілеті арту үшін тілдерді меңгерудің ролі жоғары.

Абайдың «жиырма бесінші» қара сөзінде «зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашық болады» деген ойы «Рухани жаңғырудың» «Сананың ашықтығы» басымдығындағы Елбасы ойларымен тығыз үндеседі.

Абай «отыз үшінші» қарасөзде дүние табу үшін  қолөнер үйренбек керектігін айтады. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Ақын  адал еңбекпен нан тауып, қолөнерді әрмен қарай жетілдіруді және ашқан кәсіптің ауқымын арттыруды меңзейді. Осы ретте, мақаладағы білімнің  салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік­, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну қабілетінің сәйкестеніп тұрғаның айтуға болады.

Ақынның «Жиырма бірінші қара сөзінде» айтылатын – мақтан деген қасірет бар. «Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» дегендей, түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі керек қажетті дүниелерді, азаматтардың бақытты өмір сүруі үшін емес, ұпай жинау, мансап,  көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін жасайтын даңғаза деңгейіне жеткізу белең алып кеткенін айтады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік пайда болып, ол асқынған кезде жазылмас дертке  ұласатыны бар.Ал, мақалада  ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, елдің  дамуына кедергі келтіретін өткеннің сарқыншақтарынан арылуды меңзейді.

Ғылым, «Жер жүзінің ірі-ірі ғалымдары мінез-құлықты түзеуге болатындығын да, түзеудің керектігін де ғылым» жолымен дәлелдеп берді. Әдет пен тәрбие арқылы кез-келген түзелмес адамды қалыпты дәрежедегі адам етіп шығаруға болатынын көрсетті. Осы тұста,  Абайдың: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген адамның тілін кесер едім», — деген сөзі мінез-құлықты жөндеуге тәрбие жұмысының үлкен мәні барлығын көрсетеді. Яғни, бағдарламалық мақаладағы біздің өркендеуімізге жол ашатын эволюциялық даму мен  аумалы-төкпелі  заманда сананы ашықтыққа бағыттап, қоғам  және әрбір адам өзгеріске дайын болуы керектігін айтуға болады.

Басқаларын былай қойғанда, Абайдың «Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» дейтін сөзі — асқан құнды пікір де, қорытылған өмір шындығы. Сөйлеген сөзіміз бен істеген ісіміздің өзіңдік үйлесім табуына қарай әрекет етуміз қажет. Ақынның өсиеттері халықтың қамы, бағдарламалық мақаланың да негізгі тұздығы сол. Бастысы – ұлттық болмыс-бітімді сақтай отырып, өмірдегі өзгерістерге дайын болуды, заманнан қалмай, дамуды меңзейді.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Абай даналығы» жобасы Абай шығармалары мен Елбасы мақаласындағы келелі ойларды жобаға қатысушы 1024 мектеп оқушыларының санасына сіңіруді көздейді.

Тоқсан ауыз сөзді тобықтай  келе  айтарымыз Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – барша қазақстан­дық­тардың ұзақ күткен және жаппай мақұлдап, қолдауына ие болған тарихи бастама. Осынау терең мазмұнға толы бағдарламаға бағыт алып, жүйелі жұмыс жасау өзіміздің қолымызда. Бұл игі бас­таманы қолдау,  жүзеге асыру – баршамыздың парызымыз.

 

                                                          Б.ӘШІРБЕКОВ, 



Оңтүстік Қазақстан облыстық 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет