Абай және көркем аударма мәселесі Г. Ж.Қасымова



жүктеу 51.94 Kb.

Дата22.12.2016
өлшемі51.94 Kb.

Абай және көркем аударма мәселесі 

 

Г.Ж.Қасымова, 

магистрант 

Қазақстан, Астана 

 

  Аударма  –  шығармашылық  ӛнер.  Аудармашы  түпнұсқаның  формасы  мен 

мазмұнын  сақтау  арқылы  оқырманға  кӛп  нәрсені  жеткізеді.  Сәтті  жасалған  аударма  – 

әдебиеттің  құнарлылығы.  Мәселен,  Гете  «Батыс-Шығыс  диуанын»,    А.Пушкин 

«Құранның»  мотивіне  бір  топ  ӛлең  жазған.  Фирдоуси,  Сағди,  Хафиз,  Науаи,  Физули 

поэзиясы  Абай  үшін  алғашқы  мектеп  болды.  Киплинг:  «Запад  есть  Запад,  Восток  есть 

Восток,  они  никогда  с  места  не  сойдут»  деген.  Яғни,  Батыс  пен  Шығыстың  арасында 

ежелден рухани байланыс орныққан.  

Қазақ  әдебиетінің  ӛзіндік  даму  ерекшелігі  мен  тарихы  ешкімге  ұқсамаса  да, 

ешкімнің  әсерінсіз  осы  күнге  жеткені  жоқ  болатын.  Қазақтың  жазба  әдебиеті  қалыптаса 

бастағаннан-ақ,  қазақ  топырағынан  туған  әдебиет  ӛкілдері  аударманың  әдебиеттегі 

маңызын  терең  тани  білді.  Абайдан  бастап  кӛркем  аударма  қазақ  әдебиетінің  даму 

деңгейіне  серпін  берді.  Бұдан  бұрын  да  араб,  парсы  тілдерінен  иманшарттар  мен  тәпсір 

нұсқаларын  қазақшалаған  сахараның  талай  тәржімешілері  болса  да,  кӛркем  аударманы 

жазба  әдебиетіміз  қалыптасу  кезеңіндегі  Ұлы  Абай  бастап  таратып  келеміз.  Абай  ықпал 

еткен  сол  кездегі  бір  қауым  Қазақ  зиялылары  болсын  (Ш.Құдайбердіұлы,  Т.Абайұлы), 

кейінгі  Алаш Орданың атқа мінген ардақтылары да бұл  саланы бір ақсатқан  емес.  Ахмет 

Байтұрсынұлы,  Мағжан  ақын,  Жүсіпбек  Аймаутов,  М.Әуезовтердің  аудармалары  қазақ 

әдебиетінің қаншама тың жанрларға ӛріс ашуына түрткі болды.  

Ақындық  ӛнердің  басқа  салаларындағыдай  Абайдың  аударма  саласындағы 

жаңалығы  оның  қасындағы  шәкірттерін  бірден  елітті.  Қазақ  поэзиясына  келген  жаңа 

құбылысқа  дені  орыс  тіліне  жетік  Абай  мектебі  ӛкілдерінің  қызығып,  бірден  бас  қоюы 

заңды  еді.  Абайдың  бағыт-бағдарымен,  тікелей  қолдауымен  Еуропа,  орыс  ақын-

жазушыларының  түрлі  деңгейдегі  әдеби  туындылары  тәржімелене  бастады.  Шәкәрімнің 

А.Пушкиннен аударған  «Дубровский»,  «Боран»,  Л.Толстойдан  «Алты әңгіме»   әңгімелер 

тізбегі,  американ  жазушысы  Г.Бичер  Стоудың  «Том  ағайдың  балағаны»,  Әсет  ақынның 

«Евгений  Онегин»,  Уәйіс  Шондыбайұлының  «Иванушка  -  дурачок»,  Тұрағұл 

Абайұлының  М.Горькийден  аударған  «Челкаш»,  А.Неверовтен  «Мен  ӛмірге  жерікпін», 

«Ортақшыл  Мария»  әңгімелері,  Б.Прустан  «Антек»,  Д.Лондоннан  «Баланың  ерлігі», 

Д.Лондоннан  «Мартин  Иден»  романы  нәзиралық  үлгіде  жалпы  оқиғасы  қазақшаланды. 

Түпнұсқадан  алыс  кете  қоймаған  әр  түрлі  жанрдағы  кӛркем  шығармалардың  дүниеге 

келуінің басында Абай тұр.  

Абайдың  аударма  дәстүрі  қазақ  әдебиетіне  ӛзіндік  ұстанымдары  мен  шеберлік 

үлгісін  ала  келді  және  ақын  кӛздеген  тағылымдық,  тәрбиелік  сипаттарға  құрылды.  Әр 

шәкірт ӛз шама-шарқына қарай, аударманың түрлі үлгісін игере отырып ұстаз қойған биік 

межені  бағындыруға  тырысты.  Аудармалар  шәкірттердің  орыс  тілін  білу  дәрежесіне, 

ақындық шеберлігіне,  түпнұсқа авторының айтар ойын қаншалықты дәл  тауып, тамырын 

дӛп  басқанына  қарай  әр  түрлі  үлгіде  және  қилы  кӛркемдік  деңгейде  жазылды.  Мәселен, 

Әсеттің  «Евгений  Онегині»  мен  Уәйістің  «Иванушке-дурачогын»  Шәкәрім,  Тұрағұл 

аудармаларымен  бір  деңгейге  қоюға  келмейді.  Сол  сияқты,  Шәкәрімнің  «Дубровскийін» 

Әсет,  Уәйіс  аудармаларындай  Нәзира  үлгісіне  жақын  дегенімізбен,  алдыңғысының 

кӛркемдік  деңгейі  кӛш  ілгері.    Ал,  Толстойдан  аударғандарының  сәттілігін  екі  ақын 

арасындағы  рухани  туыстықтан  іздеген  жӛн.  Абай  айналасындағы  аударма  ісімен 

айналысқан  шәкірттердің  кӛбі  орыс  мектебін  кӛрмеген  де,  кӛргендерінің  ӛзі  тіл 

сындырудан әрі ұзамай, негізгі сауатын Абай алдында ашқандар. Арнайы орыс мектебінен 

ӛтпей,  классикалық  аударма  үлгісін  ұсына  білген  Шәкәрім,  Тұрағұл  сынды  шәкірттердің 



таң-тамаша  етер  талантымен  қоса  ұстаз  Абайдың    осыншалық  деңгейде  тіл  үйрету 

қабілетіне тәнті боласыз.  

 Демек,  Абайдың  қазақ  әдебиетіне  қосқан  бір  жаңалығы  –  профессионалдық 

үлгідегі  аударма  жанрын  әкелуі.  Ақын  аударма  саласын  қалыптастырып  қана  қоймай, 

бірден  биікке  кӛтерді.  Тӛл  әдебиеттің  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  орыстың  ең 

таңдаулы  туындыларын  қазақша  сӛйлеткен  ақынның  құдіреті  соңындағы  шәкірттеріне 

үлгі  еді.  Абай  және  оның  айналасындағы  классикалық  деңгейге  жеткен  туындылар  Абай 

айналасында  қалыптасып,  қанат  жайған  қазақ  әдебиетіндегі  алғашқы  аудармалар 

болуымен құнды. Абай айналасындағы аударма ӛнерінің бір қыры нәзиралық сипаттармен 

байланысып  жатса,  идеялық-тақырыптық  жағынан  алғанда  тағылымдық,  тәрбиелік 

сипаттарға құрылды.  Арнайы  орыс мектебін кӛрмеген ақын  шәкірттердің аударма ӛнерін 

үйренудегі ұстазы  Абай болып,  әр ақын  шәкірт ӛз ақындық ерекшелігіне, аудармашылық 

шеберлігіне  байланысты  аударманың  түрлі  жолдарын  ұстана  отырып,  ӛз  туындыларын 

жасады.  Нәзиралық  ретпен  жазылған  Әсеттің  «Евгений  Онегині»,  Уәйістің  «Иванушке-

дурачогі»  аудармадан  гӛрі,  мазмұнын  қазақшалап  жырлап  шыққан  тӛл  туындыға  жақын 

дүниелер  болса,  Шәкәрім  мен  Тұрағұлдың  шығармалары  –  нағыз  классикалық 

аударманың  үлгісін  танытатын  туындылар  ретінде  қазақ  әдебиетінде  ӛзіндік  бағасын 

алды.  


Жоғарыда  айтып  ӛткеніміздей,  Абай  аудармалары  қазақ  мәдениетінің  тарихында 

болған  ерекше  құбылыс.  Аудармашыға  қойылатын  ең  бірінші  талап  оның  аудармаға 

қажетті қос тілді барынша жақсы меңгерумен байланысты. Сонымен  қоса, аудармашы тіл 

сырын, сӛз мәнін, кӛркемдіктің қадірін білетін, ӛмірге суреткерше қарап, әрбір кӛрініс пен 

құбылысты  кӛркемдік,  әсемдік  тұрғысынан  ұғына  алатындай  қиялы  ұшқыр,  ойы  терең, 

жаны  сергек  те  сезімтал,  ақындық-жазушылық  дарынның  иесі  болуы  да  керек.  Осы 

аталған қасиеттер  Абай бойында жинақталған-ды. 

 Абай  аудармамен  шұғылданған  кезде  оны  кәсіби  биікке  кӛтеруді  нысана  етіп 

қоймаған тәрізді. Әйтсе де,  Абай ӛзінің ақындық  тәжірибесінде әрдайым сол кезде қазақ 

үшін  озық  үлгі  болып  табылатын  орыстың  мәдениетін  үлгі-ӛнеге  тұтқан  классик 

ақындарды  қазақша  сӛйлетпей  отыра  алмаған.  Сонымен  бірге,  Абай  ақындығының 

кемелденуіне, асқан кӛркемдік пен терең мазмұнға ие болуына аударманың  игілікті  әсер 

еткені күмәнсіз. 

Ақынның  әдеби  мұралары  ішінде  аударма  үлгілерінің  де  ӛзіндік  орны  мен 

салмағын  сандық  тұрғыда  жүйелесек:  аудармаға  арналған  15  жылында  Абай  үлкенді-

кішілі  50-ден  астам  шығарманы  орыс  тілінен  қазақшаға  аударыпты.  Сонда  ол 

А.С.Пушкиннің  "Евгений  Онегин"  атты  әйгілі  шығармасынан  7  үзінді,  М.Ю. 

Лермонтовтан  30-ға  таяу  ӛлең,  И.А.  Крыловтан  12  мысал  және  басқа  да  авторлардан  7 

ӛлең шамасында аударған. 

Абайдың  жасаған  аудармаларының  дәл  не  еркін  болуы  әртүрлі  тарихи 

жағдайлардың  жемісі.  Мәтінді  дәл  аударудан  дұрыс  мағына  шықпаған,  не  мәтіннің  жай 

мағынасын  бергенімен,  ойындағыдай  кӛркемдікке  қол  жеткізілмеген  жерлерде  Абай 

түпнұсқа  мәтінінен  алыстап  барып,  оның  идеялық-кӛркемдік  мағынасын  ӛзінше  береді. 

Ақын  Пушкиннің  түп  нұсқасынан  алшақтау  кетсе  оны  Абайдың  қазақ  оқырмандарының 

қамын  жеуінен  туған  заңды  кӛрініс  деп  білу  керек  деп  ойлаймын.  Осындай  ізденудің 

арқасында Абай  еркін шығармашылық аударманың тамаша үлгілерін жасаған. 

 Абайдың  ерекше  сүйіп  аударған  ақыны  -  М.Ю.  Лермонтов.  Ең  алдымен, 

Лермонтов шығармаларымен Абайдың етене жақын  екенін және оның жеке ӛлеңдерімен 

бірге кейбір поэмаларынан да үзінділер аударғанын  білеміз. 

Абайдың аса кӛңіл бӛліп аударған ақындарының бірі орыстың атақты мысалшысы - 

И.А.Крылов.  Аударма  ӛнері  жолға  қойылмай  тұрған  шақтың  ӛзінде  И.А.Крыловтың  бір 

мысалын  ("Қарға  мен  түлкі")  тұңғыш  рет  Ыбырай  Алтынсарин  қазақшалаған  болатын. 

Содан  кейін  Абай  оның  он  екі  мысалын  қазақ  тіліне  аударады.  Крыловтың  сатиралық 

мысалдарын  қазақшалауға  бармай,  оның  ӛсиетшілдік  бағыты  басымырақ  мысалдарын 



Абай  ден  қоя  аударған.  Бұл  аудармаларында  да  Абай  шеберліктің,  дәлдіктің,  авторды 

терең  түсінудің  үлгілерін  кӛрсете  алған.  Соншалық  шабытты  жолдар  орыс  елінің  ұлы 

мәдениетімен  қазақ  ақынының  танысып,  Пушкин,  Лермонтов  сынды  абзал  жандармен 

сырласу  сәтінде  туған.  Сол  себепті,  Абай,  бір  жағынан,  ақындық  ӛнерін  шырқау  биікке 

кӛтерсе,  екіншіден,  сол  кездегі  қазақ  жұртшылығын  тың  бір  дүниемен  таныстырды, 

келешек ұрпаққа ӛнеге боларлық ұмытылмас еңбек жасады. 

Қазақстандағы  аударманың  тарихы  мен  теориясын  зерттеп,  аударма  жайында 

алғаш  ғылыми  пікір  айтқан  -  С.Сейфуллин.  Сол  сияқты  Спандияр  Кӛбеевтің  "Үлгілі 

тәржіма",  Молданияз  Ӛтетілеуовтың  "Жиған-терген"  еңбектері  және  басқа  авторлардың 

аударма  туралы жарияланымдары Қазақстанда аударма ӛнерін  ӛркендетуде айрықша  рӛл 

атқарды. 

  Қазақ  аудармасының  тарихы  мен  теориясын  қалыптастыруға  С.  Нұрышевтің 

"Абайдың  аударма  жӛніндегі  тәжірибесінен"  [1],  С.  Талжановтың  "Кӛркем  аударма 

туралы" [2], Ә. Сатыбалдиевтің "Рухани қазына" [3], М. Әлімбаевтың "Ӛрнекті сӛз  - ортақ 

қазына" [4] ғылыми-зерттеу еңбектері де үлкен септігін тигізді.   

Аудармашы  -  ӛз  халқының,  ӛзі  ӛмір  кешкен  заманының  перзенті.  Аударма 

әрқашанда  адамдар,  қауымдар,  тайпалар,  халықтар,  ұлттар  арасындағы  әлеуметтік, 

экономикалық,  рухани,  ғылыми  қарым-қатынастың,  алыс-берістің,  айырбастың  құралы. 

Аударма  -  елтану  жолы,  достықтың,  ынтымақтастықтың  тәжірибе-тағлым  алмасудың 

делдалы.  Аударма  адамдардың  кӛп  замандарға  созылған  ұзақ  тарихында  тілі  ӛзге  басқа 

адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері 

болған.  Аударма  халықты  рухани  жағынан  дамытудың  күшті  құралы,  себебі,  ол  -  бүкіл 

адамзат  мәдениетінің  қазыналы  қақпасын  ашатын  кілт,  ғылым  мен  білімнің  қайнар 

бұлағы, тіл ұстарту мектебі. 

 Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған және болашақта 

адамзат қандай да бір ӛзара ортақ тіл тапқан күннің ӛзінде де маңызынан айырылмайтын 

қажетті  мәдени-тілдік  әрекет.  ХХ  ғасырдың  орта  шенінен  бастап,  халықаралық 

қатынастардың  ауқымының  ұлғаюына  байланысты,  аударма  ісі  бұрынғыдан  да  гӛрі 

қажеттірек  бола  бастады.  Соның  нәтижесінде  тілтану,  әдебиет  және  мәдениет  тарихы 

тұрғысынан болсын, психология мен философияда болсын аудармаға қатысты зерттеулер 

жандана түсті. 

 Қазіргі  уақыттағы  аудармашылық  белсенділіктің  артуына  мемлекеттік  "Мәдени 

мұра"  бағдарламасының  әсері  зор  дей  аламыз.  Бүкіл  адамзат  баласының  озық  ойлы 

авторларының,  ӛз  саласының  дүлдүлдері  болып  есептелетін  ойшылдар,  ғалымдардың 

шығармашылығын  қазақ  тілінде  сӛйлету  талай  қиянат  кӛрген  тілімізге  серпіліс  беріп, 

бұрындары  тек  кӛркем  әдебиетпен  шектеліп  келген  аудармашылық  жұмысты 

жандандырады  деген  үлкен  үмітіміз  бар.  Сол  "мен  мұндалаған"  үмітке  жету  жолында 

біраз  тер  тӛгіп,  үлкен  жауапкершілік  арқалау  керектігі  даусыз.  Профессор 

Ж.Молдабековтың  "Аудармадағы  ала-құлалық  алаңдатады"  деген  мақаласында 

келтірілгендей,  "аудармашылардың  кәсіби  деңгейі  (сала  бойынша  және  кӛркемдік 

шығармашылық  тұрғысынан)  қалыптаса  қойған  жоқ.  Аудармадағы  кәсіби  дәстүр  де, 

деңгей де бірдей емес" [5, 43]. 

 Расында  да,  жасыратыны  жоқ,  "Мәдени  мұра"  мемлекеттік  бағдарламасына 

байланысты іс-шаралар бұрындары ӛз кәсіби қажеттілігі аумағында аракідік қана ӛзі үшін 

аударып  жүрген  кӛптеген  гуманитарлық  ғылым  салаларының  ӛкілдерін  әп-сәтте 

аудармашы  етті.  Сондықтан  болар,  алдыңғы  шығып  үлгерген  томдарда  жарияланған 

аудармалар  арасынан  терминологиялық  кӛпнұсқалық,  ала-құлалық,  кӛңілге  қонымсыз 

жайдақ  аудармалар  кездесетіндігі  тіл  жанашырларын  қынжылтары  сӛзсіз.  "Бірақ  та 

аударма  жұмыстары  осы  мамандардың  кәсіби  және  ӛзіндік  тұлғалық  әлеуетін  қатар 

жетілдіруде ме немесе қоғамның әлеуметтік және мәдени әлеуетін басқаруын тездетуде ме 

десек,  әзірге  бұл  екі  бағыттағы  жүйелі  жұмыс  тіптен  шамалы,  қанағатсыз  екенін 

мойындауымыз  керек"  [5,  42].  Ал  арнайы  философиялық,  психологиялық,  классикалық 



мәтіндерді филолог-аудармашылар қолына берсеңіз, онда  қиындық жоқ деуге болмайды. 

Ӛйткені  "аударма  мәтінді  талқылағанда  оның  мәдени  мағынасын,  идеялық  бағытын, 

әлеуметтік-лингвистикалық  дәстүрдің  құрылымы  мен  стилін  дұрыс  ұқпайынша,  бұл 

аударманың  мәнді,  түсінікті,  сәтті  болуы  күмәнді"  [5,  42].  Бірақ,  "кӛш  жүре  түзеледі" 

демекші, бірте-бірте аудармадан кенжелеп қалған ғылым салалары да ӛздерін қамтамасыз 

ететіндей аударылған мұра жинарына сенеміз. 

  

Әдебиеттер тізімі 

 

1.  Нұрышев  С.  Кӛркем  аударманың  кейбір  мәселелері  (мақалалар  жинағы).  –  А.: 

Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1957 - 151 б. 

 2.  Талжанов  С.  Кӛркем  аударма  туралы.  –  А.:  Қазақтың  мемлекеттік  кӛркем  әдебиет 

баспасы, 1962.  

 3. Сатыбалдиев Ә.  Рухани қазына:  Кӛркем аударма мәселелері.  –  А.:  Жазушы,1987.  - 

171 б. 

 4. Әлімбаев М. Ӛрнекті сӛз - ортақ қазына. –А., 1967. 



 5. Молдабеков Ж.Ж.  Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады //  Ақиқат.  - 2006. -  №4.  - 

41- 45 бб. 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал