Абай жолы. ІІ кітап



бет4/4
Дата19.02.2023
өлшемі0,52 Mb.
#69132
1   2   3   4
Байланысты:
Абай жолы. ІІ кітап

Татьянаның сахарадағы әнi
Бiрнеше жылдар өттi. Абай үшiн бұл еңбек мезгiлi, өнер iздеу дәуренi болған. Оқу менен жазу оның ендiгi тiрлiк тынысы тәрiздi.
Бұл күндегi Абай, ақын атын анық алған. Сол ақындық еңбегiн ендi халыққа етер азамат қарызы деп бiледi.
Өмiрден, көп кiтаптан тапқан сан-салалы күйлер, ойлар ендiгi шақта өз өлшеуiн тауып, ақынның уәзiндi, соны жырларына араласқан-ды. Қыс пен жазды кiтап соңында, не жазу үстiнде өткiзген шақтарын Абай ең бiр бақытты кезiндей санайды. Бұл жылдарда ол ел бүлiгi атқамiнердi, жемiт болыс, ұлықсымақты сан рет, әдiл ашумен жазалаған-ды. "Ел мiнездерi" деген өлеңдерi сахара iшiндегi сотқар мен бұзардың талайын таңбалаған. Жазықсыз, момын көптiң жоқшысы болған арлы ақын бейнет елiнiң ауыр шерiн де шiмiркене шерткен-дi. Талай саналы жасқа ой саларлық шыншыл сезiмдi көркем сөздер сан рет осы Ақшоқыда туып, тарап кететiн.
Соның орайына қазiргi заманда Абай айналасына жиылған жас өнерпаздар да көп. Абай ендiгi шығарған жырларын әрдайым жазып айтады. Сол жазғандарын жаттаушы, әнге салып айтушы, жұртқа таратушы iнi-достары жаңағы жас серiктерiнiң арасынан шыға бастаған.
Осымен қатар Абай өзi тiлемесе де, ауыр көрiп бойын алып қашамын десе де, еркiне қоймай, бұған масыл болып, асыла жүретiн тағы бiр мiндет, бейнет бар. Ол ел iшiнiң дау-шары. Бiрақ бүгiн Абай өзiнiң сүйiп, сүйсiнiп берiлетiн еңбегiнiң соңында.
Таңертеңгi шайдан соң үй-iшi де, қонақ атаулы да тысқа шығып кеткен. Қыстың бiр ашық күнi екен. Абай үлкен бөлмеде оңаша отырып қапты. Алдында кең дөңгелек, аласа үстел тұр. Абай бiресе сол үстелге шынтақтап, бiресе алақанымен мықынын таянып үнсiз отыр.
Iшiнде ой шырағы жанғандай боп, салмақпен қараған көздерi анда-санда қарсыдағы терезеге қадалады. Күн түсiп тұрған қарлы адырға ұзақ-ұзақ қарай түседi. Өзiнше бiр мығым күщпен, ұғымсыз бiр мұңмен жұмырлана бүгiлген төбе-төбелер.
Биылғы қыс ел сөзiнен, тынышсыз жүрiстерден Абай өзiн босатып алып, үйде көбiрек орнығып отырған қысы. Көп өлең жазылған жылдың бiрi де осы болатын. Сондай өзiмен өзi боп толғана ойланған уақыттарында, көз алдына көптен көп оралатын – осы адырлар. Бұлар күн райына қарай әр түрлi ажар көрсетедi. Ақындық шабыт кейде осы адырмен көп сырласқандай болады. Бұлтты сұрғылт күнi, ол адыр күн шуағын сағына мұңданады. Ашық күнi жылы, жарқын, жазын көксегендей көрiнедi. Жеткiзбес арман жеңсiгi жеңген адыр.
Қазiр Абай сол адырдың жадыраңқы бiр қабағын көргендей болды. Қоралы қойдың алды солай қарай өрiп барады екен. Сарылып, сазарған үнсiз адыр ендi тас басында жүрiп, шырқаған қойшы әнiнен сергiген сияқты.
Абайдың осындай боп үндемей ойланып қалған кездерiн қабағынан танитын жолдасы бар. Ол – мұндай шақтарда үндемей, көп қозғалмай отыратын Баймағамбет. Қазiр, тiптi, қарап отырмас үшiн ол Абайдың тобылғы сапты сарбас қамшысына бүлдiрге тағып отыр. Анда-санда Абайға қарай түсiп, өз жұмысын iстейдi.
Бiр кезде Баймағамбет Абайға көз тастап едi, оның ернi күбiрлеп, қолы да әлдекiммен сөйлескендей қозғала түседi. Бұрын мұндай әдетi болмаушы едi. Биылғы қыс жалғыз отырған шақта, анда-санда Абай осылай ететiн бiр машық тапты. Баймағамбет бiледi, бұндай күйдiң артынан Абай көбiнесе, қағаз қарындаш алғызады.
Сондай бiр нәрсенi бұйырар деп күтiп отырғанда, Абай Баймағамбетке шұғыл бұрылып, жалт етiп салқын қарады да, үйдiң сол жақ бұрышына қарай қол созып, үн қатпастан, бiр нәрсенi "әкел" дегендей белгi еттi.
Баймағамбет оның ненi керек қылғанын түсiндi де, шапшаң тұрып барып үстелдiң үстiне екi үлкен кiтапты әкеп қойды.
Абай бiр кiтаптың бетiн ашып, өзiне керек жерiн тапты да, сол беттерге қарап, шалқайыңқырап, бiраз бөгелiп отырып қалды. Көзi екiншi кiтапқа да түсе бередi.
Бұл екi кiтап – осы ауыл, өлкенiң Абайдан басқа көп жанына әлi тiлiмен де, сырымен де ұғымсыз кiтаптар. Тек Абай көңiлiне ғана, құрметтi боп алған екi ақынның кiтаптары. Ол жатқан Пушкин мен Лермонтов.
Осылармен Абай анық терең танысып, табысқалы әр алуан "хикметтер", "шейх", "хафиздер", "рауайлар" да сыртта қалған. Кейбiр намазқой дiндәр кәрiлер мен шала сопы молдалар Абай үйiне қонып отырып, бұл кiтаптарды үй иесi күндегi машығы бойынша қасына алғызғанда iштерiнен:" шариғат жайын оқып отырады екен-ау мына кiсi" деседi.
Кейде бiрiне бiрi:
– Әлде аруақтарға құран хатым қып жатыр ма екен?! Молдаға аудартпай өзi оқиды. Оның сауабы мол ғой, – десетiн.
Бiрақ кiтап терiс жағынан ашылып, суреттi беттерi көрiнгенде және әр харпi кесте бетiндей жиi-жиi шұбартып тұратын арап жазуынан басқарақ, бiркелкi боп жылып аққандай орыс жазуын көргенде, әлгi адамдар iштерiнен сұқтанып, жымдай тынатын. Абаймен арбаса жүрген кейбiр ел жуандары болса, сырттай қыжыртады.
– Бұл терiс оқуды неге сонша қадалып оқиды екен, ә? – деп кеп, – Е, бұл да бiр асқандық қой. Қазаққа iстеген қыры да. Мен ұлыққа сендерден жақынмын деп отырғанын көрмеймiсiң! – деп кекетiсетiн.
Абай өзiмен үнсiз тiлмен ұзақ-ұзақ сырласатын достарын, сырт адамның көпшiлiгi жат жұмбақша бағалайтынын бiледi. Бiрақ оны елеп ескерген емес.
...Өткен жандар. Тек мұндай өлiм, өлiм бе? Мәңгi бақи өлместей боп, кейiнгi дүниеге өз аттарын ұмытпауды бұйырып кеткендер. Өзгеден жер үстiнде қалатын белгi – томпайған мола. Сол белгi жер бетiнде орнаған бос топырақ мезгiл сайын шөге барып, ақырында мүлдем жермен жер боп тапталады, бiтедi. Шамасы, осы мола жер болумен қатар, адам аты да өшедi. Мәңгiлiкке жұтылады. Ол да бiтедi. Мыналар болса, сол өзiнен қалған жер үстiндегi белгiнi тау етiп, мәңгi мықты берiктiкке бекiтiп кеткендер. Олар, анау көрiнiп тұрған екi Ақшоқы биiгiндей. Абай күрсiнiп ойланады.
– Туған елiңде өнер-бiлiм болуы қандай сый! Әлденеше үлгiлi буындардан қалып келе жатқан қазыналар болып, соны сақтаған " өнер-бiлiм " атты асыл сандығы болса, арман бар ма? – дейдi.
Мынау екi ақын Абайға көп кезде, бiрге туысқан аға, iнiдей көрiнiп қалады. Сол теңеу, бұл екi атты, Абайға осы өз ортасы, өз айналасындағы адамның арасындай жақындата көрсетедi.
...Басында, ақылы мен ашуы шарпысып, кезек жеңiсiп барып, ақырында сыншы – кемел ой жеңсе де, шерлi көргiш боп алып, тына жанған аға бар. Сол ағаның дертiн көрiп "тынғаннан не тауып ек?" деп ызасы мен қызуына бой ұрып, жұлысып өлген iнi бар. Сол аға – Пушкин. Сол iнi – Лермонтов. Кейiнгi ұрпаққа, барлық ел, барлық заман, бар қауымдағы ойлыларға атой салып, өмiрлерi шырақша жанып өткен аға, iнi. Абай ойлана отырып, Татьяна-хатына үңiлдi.
– Неткен айтқыш тiл! Тiл емес, жүректiң лебi. Лүпiлдеп соққан ырғағы. Қандай нәзiк тереңдiк! – деп отырып, кiтап бетiнен көзi тайқи бере:
Ғашықтың тілі тілсіз тіл
Көзбен көр де, іштен біл…–
дедi.
Татьяна-хатының ырғағы мен нәзiк үнiне өз жанынан үн қосқан бiр жолдарды еске алды. Қыз бен жiгiт шерiне қызыққаннан шыққан сарынның басы едi.
Абайдың өзiнен өтiп бара жатқан дәурен. "Бiрақ сол күнде де осындай боп айтылған тiлдi естiп пе едiм?" деп бiраз ойланып қалды. Осы сәтте көз алдына екi сәулеттi жүз келдi. Өз өмiрiнде, әдейi бұған арнап, ағып түскен жұлдыздай боп елес бердi. Бiрi – жас жалынды Тоғжан жүзi, екiншiсi – жалынын мұңды жаны жеңген – Салтанат. Татьяна сөздерiн кешелер аударып отырғанда, Абайдың көз алдына осы екi жан кезек келгендей едi. Жалындап сүйсе де, өмiр ырқына сабырлы ақылмен амалсыз көнгендер. Осы Татьянадай боп, ғазиз бастарын тағдыр ноқтасына күйзеле жүрiп көндiрген жастар елестеген. Татьяна-хатының ұзақ бойында, Абай ойынша, олар шерi де қорғалап, ұялап, орын тауып тұр. Естiрлiк, мүлгiтерлiк күй. "Ұғарлық, сергек жүрек болса, осыған шомып көрсешi. Осы үлгi болар! Сезiнетiн жас табылар. Үлгi етiп көрсем нетер!" дейтiн.
Сондықтан да соңғы бiр екi күн бойында Татьянаны ақын өз елiнiң тiлiмен сөйлете бастап едi. Сөйлеткен сайын Татьяна майда қоңыр үн тауып, бұл тiлде де, нәзiк көркем күй толғап дiлмар жас, шебер-шерлi боп барады. Қазiр ұяң майда қызға Пушкин жазғызған хат пен өзi жаздырған хатты салыстырады. Кей жерлерi Пушкинше емес, қатаңдау. Бiрақ ол оқушының шалалығына амалсыздан берiлген баж. Сонда да ұғынар ма!
Абайдың көз алдына Көкбай, Мұқалар келедi. "Әй, мынандай сөзбен мұңданған Татьянаны олар да ұғар ма екен!" деп күдiктенедi.
"Евгений-Онегиннiң" осы беттерiнiң арасына салып қойған хат бар. Бiр нәрсеге ойы ауғандай боп, насыбайын атты да, Абай сол хатты алды.
Семей кiтапханасына барып, оншақты кiтап әкелген Баймағамбет осы хатты бiрге әкелген. Бiлiмдi досы Михайлов, Абайдың "Евгений-онегинге" сүйсiнiп жазған сәлемiне жауап айтыпты. Өзiнiң мынау хатында: "соңғы жылдарда " Евгений-онегин" әңгiмесi күйге де түсiптi. Пушкиннiң Татьяна, Ленскийлерiне сай күй дейдi. Петербург, Москвадағы саналы қауымның бiр тынысы сол болғандай деседi. Бiрақ керегi не, бiзге оны естуге тағдыр жоқ!" деген екен.
Хаттың осы жерiн қайта оқып отырып, Абай Ақылбай, Мұқаны тағы да еске алды. "Әдемi әнiмен" әриайдай, бойдай талайды" да бұлдап өткiзiп жүрген жазғандар едi деп күлiмсiреп отырып, бас жақта тұрған домбыраны ұстады. "Сол бишара бақалшылардың қолына бөз орнына торқа берiп көрейiншi осы!" дейдi. Сенiмдi шабыт келгендей.
Көзi жасаурай, ернi жыбырлай отырып, Ақшоқының қос биiктерiне анда-санда көз тастайды. Бiрақ қараған нәрсесiн бұл халде көрiп отырған көз емес. Ол қазiр ойдың көзi. Тербеле толқыған ақын толғауының көзi. Қолы iшек перненi термелеп, жебелей бередi. Кешке жатарда да, осы бiр сарынды алыс бiр ызыңдай, зейiнi шалып қап едi.
Қазiр сол саз есiне де, домбырасының шегiне де тап түсiп, орала кеттi. Тағы да тарта отырып, ақырын үн салып, күңiренiп көрiп едi, келген екен:
Амал жоқ, қайттім білдірмей,
Япырм-ау, қайтіп айтамын? –
деген екi жол, Татьяна сырының басы iркiлiп тұрып, шешiле бастаған сияқты. Тағы да, тағы да. Бiресе шынтақтап жантайып, бiресе тез қозғалып, құшырлана, малдасын құрып ап, арлы-берлi тебiренедi. Қос iшек бiрде баяу басса, бiресе шұғыл, қатаң үндерге ауысып, асып қайтып отыр. Соңғы екi жол қымбатқа түстi. Бiрақ о да оралды. Татьяна хатының үш аузын мүдiртпей айтып өттi. Қуанып отырып, насыбайын алып тастап, лезде тағы атты. Ендi бiрде қатты, бiрде баяу тартады, ұмытылмайтын сияқты. Бiр сәтте артына қарай, барлық мол денесiмен шұғыл айналып бұрылып қалды. Жүзi әзiл мысқыл ажарымен жарқ етiп барып, жылы қарап,а-баймағамбетке:
– Өй, сен неғып отырсың, не бiлдiң? – дедi.
Баймағамбет Абайдың шұғыл өзгерiсiнен бiраз дағдарып қап, бүлдiргесi тағылып болған тобылғы сапты сарбас қамшыны алақанына салып отырып:
– Мынау едi, Абай аға! – дедi.
– Мен не ғып отырмын, оны сездiң бе?
– Сiздiң ойыңызға бiр орыс күйi түстi ме деп отырмын.
– Ә, олай болса, о да бiлгенiң екен. Бар ендеше! Кiшкене-молданы шақырып кел! – дедi де, өзi тағы да жаңағы ырғағын тарта жөнелдi.
Баймағамбет тұрып есiктi ашқанда, ар жағында тыстан қайтып келе жатқан Әйгерiм көрiндi. Оның артында бөгде кiсiлер сияқтанған бiрнеше адамның басы байқалды. Қолдарында қамшылары, белдерi буулы, беттерi бiраз аяздаған адамдар. Өңшең тон, шекпен кигендер екен. Алдыңғы бiр-екеуi Тобықты үлгiсiнен бөлек, шошақ төбелi, алты сай Уақ тымағын киген адамдар. Соны Абай көзi шалып болғанша Әйгерiм де, бұл кiсiлер де үйге кiрдi. Абай домбырасының үнiнен ойын үзген жоқ едi.
– Түу, аяз келдi-ау! – дедi.
Әйгерiм тiксiнiп қап:
– Аяз жоқ қой, Абай-ау! Тiптi бүгiнгi күн май тоңғысыз! – деп таңдана қарады.
Абай:
– Ә, рас аяз екен десем, сендер екесiң! – дедi де, шет елдiң кiсiлерiмен амандасты.
Әйгерiм Абайдың талай жұмбақ сөзiнiң бiрi екенiн аңғарды да, күлiмсiреп тұрып, түкпiр үйге қарай кеттi.
Сөйткенше, қарсы үйде бала оқытып отырған Кiшкене-молда да келген едi. Абай соған қарап, елең еттi.
– Татьянаның хаты көшiрiппең? Ендi ол ән салатын болды ғой, бiлдiң бе? – дедi.
– Онысы афзал болған екен, көшiрiп қойып ем.
– Ендеше, Мұқа мен Мағашқа хат жазып жiбер. Екеуiне "Татьяна сәлем айтыпты, бiзбен де таныс болсын" дептi де! Мына Мұхаметжан қалаға бара жатқан шығар, сол сәлемiн ала барсын! – дедi.
Үй iшiнде тымақ, белдiгiн шешпей отырған бөгде қонақтар бұл сөздер не сөз кiмнiң жайындағы сөз екенiн ұққан да жоқ, ұғайын деп елең етiп, селт еткен де жоқ. Жалғыз-ақ, осылармен бiрге кiрiп, Абайдың төменгi жағынан кеп отырған Мұхаметжан бар едi. Кiшкене-молдамен қатар, Абайдың жаңағы сөздерiне құлағын түре тыңдаған сол ғана. Сұлу қызыл жүздi, қой көздi Мұхаметжан расында да қалаға бара жатқан.
Ол өзiнiң жөнiн сұрамай сезген Абайға бiраз таңданумен бiрге, жаңағы хат пен өлең жайын шын бiлгiсi кеп отыр. Мұхаметжан да Мұқа сияқты жақсы әншiмiн деген жiгiт. Оның үстiне, бұның өзiнiң де анда-санда өлең шығаратыны бар. Соңғы жылдар Абайдан тараған өлеңнiң бәрiн көшiрiп алып жаттап айтып жүретiн. Абай айналасындағы жас достың бiрi. Ол қазiр сыртқы киiмiн шешiп жатып:
– Абай аға, бұл ән салып жатқан кiм болды? – дедi.
Абай домбырасын қайта ұстап, "Татьяна-хатының" алғашқы үш аузын әндетiп бердi де, ендi қайтып бұл жайдан сөйлеспедi. Әлi күнге үнсiз отырған қонақтардың шаруасын сұрады.
Жаңағы бiр айтқаннан Абайдың әнiн үйрене алмай қалған Мұхаметжан, ән iшiндегi сөздiң төркiнiн жақсы сезген. Бұл күнге шейiн Абай шығарған өлең мен әннiң барлығын бiлем деп жүрген Мұхаметжан мына сөздi бұрын естiмеген болатын. Абайдың жаңағы аңғарына қарағанда бұны өзге жастар да бiлмейдi екен. "Маған жаттап бiлiп алып, соларға айтып бар дегенi екен ғой" дедi де, ендi өлеңiн де, әнiн де әбден бiлмек болды.
Мұхаметжан – Абайдың туысқандарының бiрi. Жасы кiшi болғандықтан, Абай өзi бермесе, "тағы айтып берiңiзшi" деп сұрай алмайды. Қазбалап тақымдай бергендi Абайдың жақтырмайтынын да бiледi. Сондықтан, "бүгiн Абай ағамның түстiгiне қалайын да, осыны бiлiп кетейiн!" деп, қарсы үйге кеткен Кiшкене-молданың артынан жөнелдi. Абай болса, қазiр ана қонақтардың сөзiн тыңдауға кiрiскен-дi.
Бұларға Абай: "шаруаларың не? Неғып жүрсiңдер?" дей отырып, бiр нәрсеге аса қатты таң қалды. Осыдан бұрын, әйтеуiр осы қыстың iшiнде, дәл осы қазiр қарсы алдында отырған үш кiсi – екi Уақ, бiр Көкше мынау киiмдерi, осынау түстерi, осындай отырыстарымен Абайдың алдында тағы бiр болып өткен сияқты. Мал дауымен келiскен. Сонда да ана Көкшенiң ұрысы – Тұрсын осылайша мөлиiп отырған. Қалғығандай боп, төмен тұқырып, жым боп отыратын. Сонда да мынау жоқшы Уақ – Сәрсеке мықиып, жұп-жуан боп жалпия жайғасқан. Дәл қазiргi сияқты. Тұрсыннан Сәрсеке мал даулайтын. "Бiрақ ол жолы малын алып, бiтiп тынып кетiп едi ғой!"
Өмiрдiң ұдайы айнығыш суреттерiнiң iшiнде, айнымас бiр қалыпты ұстанып, әр елден шықса да, бiр күйден жазбай жүретiн осылар ма? Немесе сол екi жерде көрген бiр халдiң өзiнiң бiрi шын, бiрi түс пе? Бұ неткен айнымаған ұқсастық? Мыналардың анадағы көрiнiсi мен қазiргi қалпын алғанда, тiптi ешбiр мезгiл өтпеген, уақыт қатып тұрып қалған сияқты ғой.
Абай Сәрсекенi тыңдай бастағанда, әуелде iшiнде осылайша жарысып отырған екiншi ой да бар-ды. Бiрақ бұл ой, Сәрсеке сөзiнiң бiр кезеңiне жеткенде, шешуi табылып барып, үзiлiп қалды. Ағаш келi-келсаптай тоңқылдақ үнi бар Сәрсеке:
– "Әнеугi алған малымды бойыма сiңiртпедiң. Абайдың алдына апарып қайта құстырдың. Ендеше мiне, саған қылғаным қылған, қайтесiң, тағы да алайын. Көрiп алайын сен Уақтың күшiңдi", – деп әдейi iстеп отыр. Егесiп iстеген iсi мұның. Ана жолда алғаны үш жылқы едi. Мынада бiр кiлем, бiр тонын арттырып, бес жылқы қып алып отыр. Егестiң iсi емей немене бұл, Абайжан – деп аяқтады.
Абай бар жайды ендi аңғарды. Түрiнен шынын бiлiп көрейiншi деп ұрыға қарап едi. Ол қызыл сеңсең тымақтың құлағын шарт байлап алған күйiнде, төмен қарап тұқырып қапты. Жуан тұмсығының ұшымен шоқша қара сақалының жарымынан артық жерiн көрсетпейдi. Абайдың қозғалысына көзiнiң астымен ғана қарап, мелшиiп тастай боп, түйiлiп алған. Сәрсеке айтып отырған дауға әлi жалғыз үнмен болса да, жауап қатқан Тұрсын жоқ. Оның сөздерiн өзiне жанасы жоқ бөгде сөздей санап, сырттай қарайды. Сәрсеке сөйледi екен деп қыңқ етер емес. Абайды үлкен би тұтып, тәртiп сақтағаны ма, болмаса, жоқшыға ұрының iрге бермеймiн деген қыры ма?
Абай бұның бетiн көрмек боп, ызғарлы үн қатты. Ұрының көзiн өзiне қаратпақ едi.
– Әй, сен не дейсiң? – дегенде ұрының қызыл сеңсең тымағы жай ғана қозғалып, қырыс жүзi Абайға ендi қарады. Дөңгелек келген, мығым денелi сары ұрының кiшкене сұр көздерi Абайға бiр-ақ рет жалт етiп қалды да, қайта сөндi. Тағы төмен тұқырды. Қабағының етi қалың, ұрты да бiраз салбыраған. Пiшiнi мен сырты кескен терек сияқты бiтеу, тұтас безбүйрек келген. Ол сәл отырып, бiр ырғалып қойып:
– Аб-бай аға, ән-неугүнi ғана, – деп тiлiн шайнап, әр сөзiн салмақтап, – та-қ о-с-с-ы Сәр-секе өз алдыңа әп-п-келiп ба-а-рр-ымды үй-ұ-п-п-ап бiр алды. Ол жолы т-т-өле дедiң, бұйыр-р-дың, бердiм. Ал ен-д-дi ос-со Уақ малы ұрланс-са, ақ-қай жоқ, ноқ-қай жоқ, әмiсе мен төлейiн де от-тырайын ба ос-ы? – деп бiр тоқтады.
Тағы ұзақ сүре дау, шыны қайсы, жалғаны қайсы? Осындай даулардың, осылар сияқты даугерлердiң таусылары, тынары бар ма, жоқ па? Тағы қағу керек. Сiресiп ұстасқан екi араздың шынына жетем дегенiңше, өзiңнiң де шыныңа жетiп боласың.
Тағы бөлiп кеттi. Жаңағы Пушкин қайда? Анандай боп, жiбек талдай ширатылған Татьяна сезiмi қайда қалды? Мөлдiр шындығымен, шыншыл жүрегiмен жаудырап тыныс алып тұрған Татьяна. Малын қуған даугер, кiсi малын жем қылған қияс ұры. Былыққан өмiрдiң бiтпес лаңы. Қажытып талдырасың-ау! Есiлiп, майысқан үнiң қайда, Пушкин сазы? Есiмде ме екен? – деп, алаң көңiлмен домбыраны алып, Абай бағанағы күйдi қайта iздедi.
Қос iшектi домбыра, ол сәтте шешен, тапқыр едi. Ендi тұсаулы аттай, күрмелiп қапты. Үнi тырым-тырақай. Әлгiнде ғана табылған ән, қазiр жоқ, ұмытылған. Сәрсекенiң жаңағы Тұрсын сөзiне қарсы айтқан дауын тыңдай отырып, бiрталай iздеп қарманса да, ән қайта оралар емес. Жылжып кеткен, ұстатпады. Домбыраны қайта тастады. Сәрсеке болса, күйiп сөйлейдi.
– Малымды тағы да алдың. Ұрым тағы сенсiң, Тұрсын, әдейi егесiп iстедiң. " мал қуатын, төлеу алатын немесiң ғой!" деп iстедiң де.
– Соқыр к-к-көргенiнен жаз-бас. Сен-нен басқа ел, сенiк-кiнен басқа мал құрыған ғой, тегi. Түп-птi сол бейсенбi түгiл бүк-кiл бiр ай атқа мiнiппе екен Тұр-рсын әуелi.
Екеуi ендi ашылып, шапшаң сөйлесiп, қағысып барады. Бiр кезек Сәрсекеден Абай: "айтушың бар ма? Iз, тоз айғағың бар ма" деп сұрап едi. Ондай дерек Сәрсекеде жоқ екен. Шынына жету соншалық қиын дау. Абай күрсiнiп, қабағын шытты да:
– Япырай, ағайын, осы басқа бiреудiң алдына барып тергетсеңдер қайтедi? Дауларыңда дерек жоқ. Бiрiн алдың десең, бiрiң алмадымнан басқаны айтпайсың. Қағу – тергеу керек. Менiң боса мұршам жоқ, уақытым жоқ. Көршiлерiң ғой, дау қапысыз боп, шыны қазыла түсер едi. Ана Ақылбайға барып, тергетсеңдер қайтедi? – деп өтiндi.
Бұған Сәрсеке де, Тұрсын да шалқалап болмады, " бар болсын, жоқ болсын, ақ болайық, қара болайық не де болса, дәл осы арада, өз байлауыңыз байлау болсын" дестi.
Абай осыдан соң ұрыға ажарлана қарап қатайып ап:
– Ендеше айт шыныңды, өлiп кетсең де айтшы! Алыппең мынаның малын, алмаппең? – деп, ашулы көзбен қадала қарап отыр.
Тұрсын сасқан жоқ, iле жауап қатты. Әдетiнше аузын керiп, сөзiн салмақтап айтты.
– Аб-бай аға! Сенiң алдыңда,өлсем шын-ыммен өл-лем деген сертiм бар. Мiнi құд-дай, мiнi құр-ран.
– Қайта, айтшы, әй! – деген Абайға, ұры жалт берiп көзiне көзiн қадап, тайсалмай сөйледi.
– Айтқ-қаным айт-тқан, Абай аға, ұр-ры болсам да сер-ртiммен өлем деген ұр-рымын. Мiне бар-рым шыным. Бұл жолғы мал-лынан с-сүт-тей ақпын! – деп тоқтады. Сеңсең тымағының маңдайын шапшаң қозғап, қайқайта қайырып ап, бетiн ашып салып, Абайға әлi де тiк қарап қапты.
Сөз осы. Ұрының бұл ажарын көрген соң, Абай одан көз аудармай бiрталай уақыт тесiле қарап отырды. Ұры да кiрпiк қақпай, көзiн Абай көзiнен тайдырған жоқ. Абай ендi өз iшiнен: "ұры болса да, мына пiшiн – шынның пiшiнi ғой" деп илана бастады. Бұл көзiн аударғанша, Тұрсын да сол мiз бақпастан, тастай боп, қыбыр етпей шаншылып отыр. Мұнысы да Абайға әсер еттi. Ендiгi кесiктi Абай, әдеттен тыс шапшаң айтты.
– Бәсе, бұл ұры болса да, сондай қаныпезер, шыны жоқ ұры емес. Адастырсаң адастым, Тұрсын. Бiрақ алда да көрiсер күн бар. Өтiрiк айтсаң кейiн өз обалың өзiңе.айтпадың деме, бiлдiң бе?! Бұл жолы сенi шынын айтты деп иландым! – дедi де, Сәрсекеге бұрылып байлау айтты. Мынада сенiң малың жоқ, Сәрсеке, басқадан iзде! – деп Сәрсекеге көз қырын бiр тастады да, сөзiн бiтiрдi.
Тұрсын тымағын ендi ғана қайтадан оңдап кидi. Басқа ләм деген жоқ. Сәрсеке де үн қатпады. Тек ендi ол төмен қарап тұнжырап қалды. Абай бұлардың сөзiн бiтiре берiп домбырасын қайта алып мыналарға:
– Ал сөздерiң бiттi. Ендi ас-суларыңды ана қонақ үйге барып iшiңдер! – деп, өзi домбыра ұстаған бойында кiтаптағы Татьяна-хатына қайта үңiлдi.
Сәрсеке мен Тұрсын орындарынан тұрды. Басында үйге келгенде Сәрсекенi жоғары отырғызып, өзi босаға жақта отырған Тұрсын қазiрде де шет ел адамы деп, жоқшыларды алдымен шығарып, өзi артынан кеттi.
Бiрақ қонақ үйге қарай беттегенде, бұлар бiр ұзынша қараңғы даланмен жүрiп өту керек едi. Сонда келе жатқанда Тұрсын, үн шығармастан аузын керiп тұрып, сылқ-сылқ күлiп алды. Үндемей, ұзақ күле бiлетiн әдетi бар-ды. Өзiне өзi қатты сүйсiнген кезiнiң бiрi болды.
Шынында ол бұл жолы үлкен артистiк iстеп шықты.
Күздiгүнi алысқа аттануға ерiнiп, көршi отырған Қанайдан үш жылқыны әкеп сойып алғанда, осы Сәрсекелер қуып жүрiп, Абайдың алдына алып келген. Сонда қағу үстiнде бұл бiр байлау жасап едi. Абай: "алдың ба, шыныңды айт, өлдiм!" деген. Талайдағы ұрыдан Абайдың, оп-оңай шынын айтқан ұры көргенi осы болатын. Сол арада:
– Ұрыдан менiң алатын парам – шындығы, – деген.
Тұрсын iшiне бiр нәрсенi түйiп келiптi. Екi ай уақыт өткiзiп жiберiп Сәрсекеден бiр-ақ күн iшiнде барып, бес жылқы әкеп жайластырып алған болатын. Бұл жолғы ұрлығын маңайдағы жанға сездiрмеген.
Және әдейi бiр қатты боран боп тұрған түнде барып iз-тоз қалдырмайтын кезде қағып кеткен. Сәрсекенiң ендiгiсi, құр сезiк болмаса, iзi де, айғағы да жоқ дау болған. Осындай жайларды ойлап, Тұрсын Абай алдына бұл жолы келерде: "ендi өлсем де танып өлем!" деп тас түйiн бекiнiп келген. Сол есебi дегенiне жетiп. Сәрсекенi де Абайды да қабат алдап шыққанына күлдi Тұрсын.
Бұл қонақтар кетiсiмен, Абай Татьяна әнiн қайта iздедi:
Амал жоқ, қайттім білдірмей...
Домбыраға ыңырана қосып көрiп едi, бағанағы ән әлi де жоқ, мүлде ұмытылған. Сөйткенше қарсы үйден шыққан бiрталай кiсi тағы үстiне кiрдi.
Бұлар Кiшкене-молда, бағанағы Мұхаметжан екен. Және осылардың алдында тоғызқұмалақтың ағашын бiр қолына ұстап, терi дорбашадағы тастарын бiр қолына алған Көрпебай кiрiп келе жатты.
Келгенiне үш-төрт күн болса да, Көрпебай Абайға тоғыз-құмалақтан әлi жөндеп ұтқызған жоқ. Соңғы күндердiң бiр қатты бәсекесi боп алған ойын бар. Кейде таңертеңгi шайдан түстiкке шейiн ойнағанда, бiр ойынды тауыса алмай айрылысатын. Кеше кеш бойы Абай кiтап пен жазу үстiнде болды да, ойын үзiлiп қалған. Ендi Көрпебай "тоғызқұмалақ" ағашын алып кiргенде, Абай: "тағы алаң кiрдi, қоя тұрайын" деп, Пушкин томының беттерiн жауып қойды. Көрпебайға:
– Құр, кешегiңнiң есесi ендi қайтпаса, сен ағалап тұрсың! – дедi.
Сары сүйектен iстелген жылтыр, жұмыр "құмалақтар" ұядан ұяға тоғыз-тоғыздан сырт-сырт түсiп жатты. Абайдың ұяларын да Көрпебай толтырып жатыр. Мұның қолы, ағаш үстiнен жүргенде, лыпыл қағып, қалқып жүрген сияқтанады. Ұяларға санап түсiрiп жатқан тастарды қандай қозғалыспен бөгелместен, дәл түсiрiп жатқанын байқау қиын.
Абайдың кейбiр қыстарда, үйде отырып қалғанда, әдейi шақыртып алып, жиырма күн, бiр айдай табан аудармай ойнап қалатын кiсiлерiнiң бiрi Мақыштың Смағұлы, не Марқабай болса, тағы бiрi осы Көрпебай. Iшiнде Абай бар, осы үш-төрт ойыншы бұл атраптағы басқа ойыншылардан озып, ағалап шыққан және өзара бәсекесi күштi ойыншылар.
Абай мен Көрпебай ойынға кiрiстi. Басында үш-төрт кезекте машықты бастаулар бойынша екi жағы да тез-тез жүрiп барып, екi-екi ұядан тас алысты. Әлi тұздық алысып, берiскендерi болған жоқ.
Қазiрде бұл ойынға Мұхаметжан, Кiшкене-молда, Баймағамбет те қадала қарап отыр. Мұхаметжан бағана қарсы үйге барған бетiнде, Абайдың өзi жазған қағаздан Татьяна хатын түгел көшiрiп бiр алып, артынан Кiшкене-молдамен салыстырып, бiрге оқып шыққан-ды. Молда бұл өлеңдi көшiрумен бiрге, жаттап та алған екен.
Татьянаның сөзiне құмартқан Мұхаметжанның қазiргi есi-дертi – жаңағы әндi қайта есту. Бiрақ Абай құмалаққа қадалған бетiнде, ойын аңғары ашылғанша, басқа нәрсенi ойға алатын емес. Сонымен жас әншi қалтасындағы қағазды алып, аузы күбiрлеп қайта оқып, басқа жолдарын iштен жаттап отырды.
Жат үн, жат тiлдi Татьяна бұрын бұлардың Абайдан да естiп көрмеген зарымен шерленедi.
– Соны сөз деген осындай-ақ болат та! – деп қалады. Абай әлi де үн қатпай, Татьянасын ұмытқандай боп, Көрпебаймен аңдысуда отыр. Мұхаметжан алғашқы екi ауыз өлеңдi жаттап та алды.
Ендi құмалаққа қарай түсiп, домбыраны қолға алып, ақырындап тартып iшiнен "Амал-жоқ-қайттымды" өзi бiлген әнге қосып көрiп едi. Әзiрге ол әндерге қосылмай жатыр. Өзiнiң атақты әнi "Ақ-қайыңға" салып көрдi, "Топай-көкпен де жағалатты. Созылмайды, көнбейдi. Баймағамбет мұның ненi iздеп отырғанын ана үйде-ақ естiп келген. Ендi Абайды осылай аударып көрем бе деп жағалатып, Мұхаметжанға:
– Немене, Татьяна "Ақ-қайыңды" бiлгiсi келмей ме, қалай? – дедi.
– "Ақ-қайың" ғана емес, тiптi бiз бiлген әнге жуысайын деп тұрған Татьяна көрген емен.
– Бәйiт, терме сияқты келте, шолақ әнге тез келе ме дейiм! – деп, Баймағамбет Абайға тағы қарап қойды.
Абай бұлар сөзiне ендi ғана көңiл бөле бастап:
– Солай деймiсiңдер! Татьяна болса, ол "Ақбала да болмас: Бағдат, Мысырдан, бәйiт те тiлемес! – деп бiр қойды да, көңiлденiп, көтерiлiңкiреп алып, бiр рет көшiп кеткенде соңғы тасы тарс берiп Көрпебайдың орта ұясының бiрiне түсе қалды. Сүйткенде Абай мәз болып, мол денесi селкiлдеп қатты күле жөнелдi. Көрпебай сасып, қабағын түйiп, томсарып қалды.
Құмалаққа қарап, отырған Кiшкене-молда:
– Хәйiр, тұздық бихисап жақсы тұзлық болды... – деп, Абаймен қоса күлдi. Көп есептiң соңында дәл осы жерде Абай кеп "бел басардан" тұздық алған.
Алғашқыдай емес, қасында отырған жiгiттердiң ненi тiлеп отырғанын Абай ендi аңғара түсiп:
– Баймағамбет-ау, Татьянаның бағанағы салған әнiн ендi қайта айтпай отырғанын көрдiң бе, – деп Мұхаметжанның домбырасына қол созды. Мұхаметжан домбыраны ұсынып, тiзесiнде жатқан қағазына үңiлдi.
Абай бұл жолы тартып жөнелгенде, таңертеңгi ән қаз қалпында қайтадан шапшаң ғана орала кеттi.
– Жоқ, ендi айтқысы келген екен! – деп, сүйсiне күле түсiп, – былай дептi ғой! – дедi де, үн қосты. Өз аудармасының екi аузын айтып өттi. Сол екiншi өлеңi бiте бергенде, түкпiр үйден келе жатқан Әйгерiм көрiндi. Ол Абайды таңдана тыңдай кеп, қасына отыра бердi.
Мұхаметжан екiншi ауыздың тұсында iшiнен Абайға қосылып байқады. Дәл осы кезде, өзiнiң бiр мол байын жағалай көшiп келе жатқан Көрпебай, Абайдың артқы ұяларын жағалап, сытырлата тас тастап кеп, дәл "көкмойыннан" тұздық алып қона түскенi.
Абай:
– Өй, мынау неғып кеттi!? – деп домбыраны Мұхаметжанға бере сап, қайтадан құмалаққа үңiлiп қалды. Мұхаметжан Әйгерiмге қарай жамбастай берiп, сыбырлаңқырап:
– Қап, мына бiреу, бiр жапырақ болған неменiң қылып кеткенiн-ай! – деп, Көрпебайға қатты наразы бола қарады. Әйгерiм:
– О не, шырақ? Не iстедi өзi? – деп құмалаққа үңiлдi.
– Абай ағамның мына бiр жаңа әнiн үйренiп кетейiн деп, әдейi жолымнан бөгелiп отыр ем! "Көкмойыннан" тұздық алдырған кiсi ендi бiзге неғып оралсын! – деп, күбiрлей сөйлеп, күйзелiп отыр. Баймағамбет те өкiнiп, басын шайқады. Әйгерiм Мұхаметжанға бұрыла қарады да:
– Кәнi ол қандай ән екен? Талайдан үнiңдi естiгемiз жоқ, түстiк жеп аттанарсың, өз ұққаныңды айтып бершi! – дедi.
– Ойбай-ау! Өзiм де бiр-ақ естiп ұстай алмай, "дәт" деп қап отырғам жоқ па, жеңеше-ау, – деп Мұхаметжан домбыраға жаңағы әннiң бас қайырмасын тыңқылдатып көрдi. Келмей жатыр. Абай бұл кезде өз кезегiн жүрiп, сәл босап отыр едi.
– Жоқ, терiс тартып отырсың, – деп, домбыраны қайта алды. Жаңағы әнiн үш-төрт қайырып тартып өттi. Мұхаметжан ендi домбыраны қайта алғанда, iркiлместен қатесiз тарта жөнелдi. Сол арада жаттап алған алғашқы екi ауыз өлеңдi әнге де салып жiбердi.
– Айта түс! – дедi Абай.
Рұхсат алып алған Мұхаметжан өзiнiң зор таза үнiмен ендi шырқап айта жөнелдi.
Тiзесiнде жатқан жазуына көз қиығын тастап отырып, барлық Татьяна-хатын iркiлмей айта бердi. Тоғызқумалақ тоқталып қапты.
Абай мiз бақпай, кiрпiк қақпай тыңдайды. Ол қазiр Ақшоқы биiктерiне көз жiберiп, Татьянаның наз-налысына ұйығандай. Өңi өзгерiп апты. Өзi сөйлеткен сөз, өзi жырлатқан әуен, ең алғашқы рет әрi жас, сұлу әрi әсем нақысты әншiнiң көлденең үнiмен айтылғанда, ендi Абайдың өзiн де қатты толқытады.
Тағы да Татьяна мұңын соңғы күндер өзiнiң жадынан шықпай жүрген Тоғжан, Салтанат мұңдарымен қоса, бiр өрiмдей сезiнедi. Қазiр олар ғана емес, Әйгерiм де бұның есiнде отыр. Кеше бiр күндегi ақын жары, дүниедегi ең жақын жары да, бұл терең наздан өз тiлiн тапқандай. Абай өзi аударған көрiктi жырдың кең шындығын, қазiр мынау әндi тыңдап отырып, ең алғаш рет қадалып тамашалайды. "Орыс қызы Татьяна қазақ қыздарынан да өз мұңдасын, өзiмен тағдыры бiр тұрғыластарын тауыпты. Тiлi, тәрбиесi, тарихтары бөтен болса да, адам нәсiлi көп тұста, ойымен, күй-халiмен, сезiм жалындарымен, тағдырымен бiр-бiрiне соншалық жақын-ау! Бауырлас, туыс-ау! Мынау әншi, ақын, қазақ жасына соны баян еткелi тұр!" деген ой Абайдың iшiн қуанышты бiр сенiммен де жарқыратқандай. Айналадағы жұртты ұмытып, Абай әсем әнмен iлесiп, ой сезiмiне бар ынтасымен берiлген едi.
Бұның ажарын байқап, үйдегiнiң бәрi де қыбыр етпей, Мұхаметжанның жүзiне ғана қарап қалыпты. Қазақ әнi емес. Бiрақ сондай бiр мұңлы шермен, ұғымды күймен ырғалған майда қоңыр, назды қоңыр толқып кеттi. Мұхаметжан: "ендi айрылып қалмайын, жадыма тоқып алайын" дегендей боп, тоқтамай айтады. Өз көңiлi де елжiрей сүйiнгендiк танытады. Татьянадай жасты көз алдында көргендей боп, терең сезiнiп ұғынған сияқты. Осы әнiнiң үстiнде ұғынды. Әнiн тоқтата бере:
– Тал бойыңды ұйытқандай, сорлы шерменде екен, ә? Мұны осыншалық күңiренте күйзелткен қандай ғана жан екен, Абай аға?! – деп, Абайға қарады.
Тыңдаушы өзгелер де бұл сұрауды аса орынды көргендей. Бәрi де Абайдың жауабын күттi. Өзгеден жеңiлдеу, шапшаң сөйлейтiн Кiшкене-молда:
– Е, оны айтқызып отырған Фошкин ғой! – дедi.
Мұхаметжан бұның қазiргi килiккенiн жаратпай қалды.
– Қоя тұрыңызшы, молдеке, Фошкин демей. Тiптi сол ақынның аты да сiз айтқандай емес!
Кiшкене-молда тағы да шапшаңдап:
– Е, ендi қалай екен! Мен бек дұрыс айтам, солай!
– Жоқ, Абай ағам Пушкин дейтiн сияқты едi! – дедi де, Мұхаметжан Абайға қарады.
Абай Пушкиннiң өмiрiн, өлiмiн қысқа баян етiп берiп, "Татьяна-хатына" қайта оралды. Мұхаметжанның жазбасын қарап, ойланып кей жерiн түзей отырды.
– Осы да жүрек мұңын жеткiзе бiлген тiл-ау! Шыны керек те, Пушкиндей ақынды қазақ баласы сен де, тiптi исi мұсылман ғаламы сен де, әлi көрген жоқсың. Не десең үй де! – деп, ойлана сөйлеп отыр.
– Иә, әйтеуiр, қыз байғұс шер-шеменiн айта бiлген-ақ! – деп Баймағамбет құптайды.
Көрпебай осы кезде құмалаққа таман тағы үңiле берiп едi. Мұхаметжан байқамаған боп, тiзесiмен құмалақ ағашты шетке таман ысырып жiберiп, Абайға қарап:
– Бiрақ ендi сол Татьянаның осындай үнi жауапсыз қалғаны әдiлет пе, Абай аға?! Жiгiт те бiр орай сөздi айтса мақұл болмас па, кеудесiнде жаны бар болса емiренбей тұра алар ма? – дедi.
– Бек дұрыс айтады Мұхаметжан. Гүмәнсiз дұрыс сөз осы, Абай! – деп, Кiшкене-молда да Абайдан тiлек еткен тәрiздi. Абай аз ойланып отырып:
– Ол да дұрыс екен. Онегиндi сөйлету керек болар! – деп бiраз отырды да, – әй, бiрақ ол өзi опасыз едi-ау, ә, – деп үндемей қалды. Пушкиндi қайта оқуға кiрiстi.
Сол күнi Абайдың үйiнде түстенiп алып, Мұхаметжан Семейге жүрiп кеттi. Абай бүгiнгi кеш бойы Пушкиндi тағы да қайта оқумен болған. Бүгiнгi күн анда-санда алаң еткен уақ жайлар болса да, Абайдың Пушкинге оқушы ғана емес, ақынша жақындасқан күнi. Туысын тапқандай боп, шабытты үн қосып, толғана бой ұрған күннiң бiрi. Түнде кеш пiскен еттiң алдында, Пушкин томын жауып жатып, Абай үй-iшiне естiртiп бiр сыр айтты.
– Дүниеге көзiмдi аштың-ау, Михайлов, қандай қазыналарға менi жетектеп әкелген едiң! Ендi менiң қағбам орнынан көшiп, күншығысым – күнбатыс, күнбатысым – күншығыс боп барады! Солай болса, болсыншы! – дедi.
Ас iшiп болған соң, үйдiң iшi жатпай, күндегi әдет бойынша, "Абайдан тағы бiр әңгiме шығар ма екен" дегендей боп ұзақ отырды. Алдында, шам жаққаннан асқа шейiн кiтап оқыған Абай ендi үйдегi жиын көңiлiн ескерiп, әсiресе бұның әңгiмелерiн телмiре күтетiн, бүгiнде атақты ертекшi боп алған Баймағамбеттi ойлап және Әйгерiмнiң де үнемi құрметпен ден қоятын күйiн еске алып, ендi бiр тың әңгiме айтып бермек болды.
Сонымен, түн ортасына шейiн мiз бақпай.қадала қарап бұны тыңдаған мәжiлiске осы кеште Абай француз жазушы Александр Дюманың атақты романы "Үш- мүшкетердi" қызық әңгiме етiп, ұзақ баяндап отырды.
2
Бүгiнгi кеште Семей қаласының күнбатыс жақ шетiндегi Таңжарық деген ұсақ саудагердiң үйiнде, бiрталай жастың басы қосылды. Таңжарық үйi – Абайдың тағы бiр туысқаны Қысатай деген жас жiгiттiң пәтерi. Қысатай қырдағы дағдысымен қалада да қонақшыл, көпшiл болатын. Өзi аз сөйлейтiн, момын жас болумен бiрге, ол маңайына көп адамды жинап, көңiлдi мәжiлiс құруға әрқашан құштар.
Бұның бүгiнгi қонақтары Абайдың жақын туыстары мен ақын, әншi жастар.
Сол жиындағы дағдылы қонақтың бiрi – қазiрде қалың қара сақалды болған Шұбар. Көкбай мұсылманшаға жетiк болса, бұл бiр жағынан орысшаны да бiле бастаған. Абайша өздiгiнен iзденiп, орыс кiтаптарын да қарай жүретiн. Абайдан жастары кiшi Көкбай да, Шұбар да оның алдында көп жазылып сөйлемейдi. Бiрақ ол жоқ жерде өздерiн "өзге қазақтың бiлгiш, дiлмар дегенiнен кем емеспiз", деп ойлайтын. Шұбар – сәндi киiнетiн, сыланған, кербез. Жаңада сатып алған алтын сағатының алтын бауы қара желетiнiң омырауында жарқырай салбырайды. Ол тартына сөйлейдi, бiрақ сөйлесе iрге бермей, iле сөйлегiш, мысқылшыл.
Бұлардан басқа қонақтың бiрi – ең жас қонақ, Абайдың аса жақсы көретiн баласы Мағауия. Ол – арықша бiткен, аппақ сұр, сүйкiмдi жас. Биiк, кең ақ маңдайы да, жоталы келген қырлы сұлу мұрны бар, өзге жиын iшiнде бұны бiр оқу бiлiммен ағарған жан сияқты көрсететiн. Жасының өзгелерден кiшiлiгiне қарамай, ол мынандай мәжiлiс iшiнде қай сөзге болса да батыл кiрiсiп, тең боп араласып отырды. Бұлардан басқа алты-жетi кiсiнiң iшiнде атақты әншi – Мұқа бар. Боздай шығатын зор үндi Мұқа – биiк денелi, ақшыл жүздi, келбеттi жiгiт. Оны осыдан екi жыл бұрын, әрi әншi, әрi домбырашы, скрипкашы болғандықтан, Абай Уақ iшiнен көшiрiп, өз қолына алған, Мағауияға жолдас етiп берген болатын. Бұған тақау отырған – Ырсайдың Ысқағы. Оның да өз өнерi бар. Көкбай, Мұқалар қазақ өлеңi мен әнiн, қазақ шежiресiн айналдыратын болса, Ысқақ бiр жағы Абай арқылы, бiр жағы өз бетiмен iзденiп, оқып-тоқуы арқылы ұдай араб, парсы хиқаяларын "жадына жиған" жас. Ол бiлмеген "Жәмшит", "Қаhарман-қатран", "Рүстем-дастан", "Бақтажар", "Мың-бiр-түн", "Көрұғлы – Сұлтан" әңгiмелерi жоқ деуге болады.
Осы жиын жаңа ғана бастары қосылып, қона жатпақ боп, атшыларын пәтер-пәтерлерiне қайтарысып жiберген. Ендi әзiл әңгiмеге кiрiсе бергенде, ауыз үйдiң есiгi шалқасынан ашылды. Таңжарық үйiнiң үлкен сары самауырыны екi иiнiнен буы бұрқырай төргi үйге кiрiп келедi екен. Саудагердiң толық, ақ денелi кербез келiншегi самауырды бiр бөлмеде есiктен төрге шейiн жайылған жұмсақ көрпелер, көп жастықтар бар. Солардың үстiнде көсiле, шынтақтай отырған қонақтар ендi көтерiлiп, малдастарын құра отырып, дөңгелек үстел мен самауырға орын берiстi. Үстел үстi жасалумен қатар Қысатайдың жiгiтi шкафтан бiр бөтелке коньяк пен тағы бiр бөтелке зубровканы әкеп қойды.
Ауылдан соғым терiсiмен келiп, қалада бiр ай, екi ай жатып қайтатын бұл жастар, кейбiр кештерде осындай жиын үстiнде, арақты мәжiлiс, ән-сауық кешiн өткiзетiн. Шайға арналған тәттi дәмдiмен қатар, тоңазып тұрған қазы-қарта, жал-жая да тураулы күйде үстел үстiне орнай бастады. Ысқақ мынау көрiнiске көңiлденiп, бiр ырғалып қойды.
– Е, бәсе! Мынауың ақыл болды ғой, Қысатай, – дегенде, бiраз жұрт қошеметтей күлдi. Шұбар Ысқақты әзiл етiп, ол айта беретiн бiр сөздi iлiп, қағытып:
– Осының өзi де "бәзмi Жәмшиден" болып бара ма деймiн, Ысқақ! – дегенде, Мағауия, Көкбайлар күлiсiп қойды. Ысқақ айтатын ертегi хиқаялардың iшiнде осы отырған жұрттың бәрiнiң құлағына әбден қанықты болған сөздiң бiрiн айтқан едi Шұбар.
Үлкен дөңгелек үстелдiң айналасына қоралай, жиылған қонақтар iшiп-жей отырып, әр алуан көңiлдi, желiктi әңгiмелерге кетiп отырысты. Бiрiн-бiрi әзiлдей, iле сөйлеген күлкi де бар. Ысқақ бiр кезде Абайдың осындай жас мәжiлiстi тәуiр көретiнiн еске алып:
– Абай ағам осы жолы қалаға бекер келмей қалды-ау! – деп едi.
– Жоқ, үйiнде отырса отырсын. Осы биыл кiтап оқумен өлең жазуға бет берген жылы боп тұр! – дедi Қысатай.
Шұбар қиястана сөйлеп, Мағауияға қарап:
– Әй, бiлмеймiн, сол шынарың өсе берсе, өзiмiз ығында қап, өлең жазуға батылымыз бармай қалатын болмасақ, – деген едi.
Мұнысы бiрталай жастың, жаңа жазған өлеңдерiн Абай сынына беруге қорғанып тартынып жүретiнiн бiлдiргендей. Оның арғы түкпiрiнде Шұбар көңiлiнде жатқан қызғаныш та жоқ емес-тi.
Шұбар соңғы сайлауда болыстықтан түсiп қалған. Iштей дәрежеқұмар, менменшiл болғандықтан бұл жiгiт Абайдың күнде өсiп келе жатқан ақын-атағын да қызғанатын. Осы күнде Абайдың iнi достарының арасына кiрiп әрi ақын, әрi әншi атанбаққа барын салып жүр. Бұның жаңағы сөзiне Мағауия күлдi де:
– Ендеше тәуiр өлең шыққанша, көрсетпей тұра тұрамыз да! – дедi.
Шұбар мұң шаққандай болды.
– Тәуiр, жаманын қайдан бiлейiн, әйтеуiр биыл жаңа өлшеу, жаңа уәзiн iзденiп, бiр өлең жазып апарып көрсетiп ем: "бұл өлең бұлай жазылмайды. Осы өлшеумен мен жазамын" деп, сол жаңалығымды алып та қойды-ау, өзi! – деп қыжалдана күлдi.
Ендi бiр азда ауыз үйдiң есiгi ашылып, қолына қамшы ұстаған, бет-аузын қырау басқан, табанының қары шақыр-шұқыр еткен, аяздаған бiр жолаушы кiрiп келедi екен. Ол кiре бере:
– Ассалаумағалейкүм! – деп, мәжiлiске даурыға сәлем бердi. Отырған жұрт бұның сәлемiн тосырқай, жақтырмай, ақырын алды. "Кiм екен?" десiп, үңiле қарасты. Жолаушыны алдымен таныған Ысқақ болды. Ол жадырай күлiп жiберiп: "Е, Мұхаметжанбысың!" дегенде, үйдегiнiң бәрiнiң шырайы шапшаң өзгердi.
Абай аулынан кеткен бетiнен қалаға бүгiн жетiп, Мұхаметжан жаңа кеп, ат тұмсығын тiреген жерi осы. Ол ел-жұрттың амандығын жапырлай сұрап жатқан жиынға жауап бере тұрып, саптамасын тастады. Белiн шешiп, сыртқы киiмiн шешiп болып, шоқша сақалы мен қысқалау мұртына қатқан мұзды арылтып, бiраз тоқталып тұрды. Ендi отырғандар әр жерден қағылып, "былай шық, былай шық!" дескенге келiп едi. Мұхаметжан саспастан сүртiнiп, ықшамданып алып, төр жаққа қарады.
– Дәл бүгiн осы Мұқа мен Көкбайдың тап ортасынан отыруға рұхсат па, қауым! – дедi. Мұқа төмен қағыла бердi.
Мұхаметжан келiп қасына отырғанда, Көкбайдың ойына бiр сезiк кiрiп қалды. Әнде де, ақындықта да осы, отырған жастардың ешқайсысына жол бермеймiн дейтiн кеуде Мұхаметжанда анық бар екенi күмәнсыз. Бүгiн өзiнде бiр қыжал бар сияқты. Мұхаметжан жайланып болмастан, Көкбай соқтыға сөйледi.
– Сақал-мұртына мұз қатып, шақыр-шұқыр басып келген кiм десем, ауыл екен ғой!
Мұхаметжан:
– Ауыл жаман болса, медресенi тастап, құдайдың үйiнен қашып, өзiң неғып ауылға барып жүрсiң?
Бұрын Көкбайдың молдалық оқуын оқығанын еске алып, жұртты күлдiре кеп, Мұхаметжан:
– Үндеме, береке сол ауылда, неғыласың! – дедi.
– Қай берекенi айтасың? – деген Көкбайға:
– Қай берекенi айтсаң да тауып беруге мен кепiл болайын. Тек шайымды iшкiзшi, жаным! – деп паңдана қарады. Осыдан соң Мұхаметжан үндеген жоқ, шайға кiрiстi. Өзгелер iшiп, жеп болған. Кейiн-кейiн шегiнiп, бұрынғыша әңгiме, әзiлдерiне ауысты. Шұбардың тiлегi бойынша ендi жұрт ән-күйге ауды.
Бұл кездердiң бәрiнде Мұхаметжан ашығып, тоңазып келген бетiнде үн қатпай, қызы-қартаны жеп, шайды мейлiнше көсiлiп, терлей iшiп отыр едi. Жұрттың өлеңiн де, әнiн де тiптi тыңдамаған тәрiздi. "Өзегiмдi жылытып алайын" деп қойып, Қысатай ұсынған коньяктан да бiр-екi рюмка iшiп алған.
Әредiкте бiр ретте Ысқақ бұған: "Абай аулына соқтың ба, денi сау ма екен?" деп сұрағанда, құр ғана: "соқтым, сау, сәлем айтты" деп қана шегiнiп шықты. Дастарқан жиылды. Осы кезде боздай шыққан, басым үндi Мұқа "Топай-көкке "сермеп отыр едi. Кейiн жұрттың тiлеуi бойынша тағы да басқа бiр-екi әндi айтып шықты. Соңғысы – бiр қоңыр ескi ән. Сөзi де "аулым көшiп барады көк қауланға" екен.
Осы әнi бiте бергенде, Мұхаметжан жұрттың сұрағанын күтпестен, тамағын кенеп ап, Мұқаның домбырасына қол созды. Анау да әнiн бiтiрiп,
– Осынша ақын жиылып ап, "жабағы арық, тай семiз көп сауғанға" деп отырармысың әлi күнге! Тыңдасаң өлеңнiң өлеңiн тыңда. Сөз олай емес, былай! – дедi де, бөгелместен ән соза жөнелдi.
Бұл кеткен Татьянаның нәзiк назы: "Амал-жоқ-қайттым-бiлдiрмей". Жұрт қалт етпей, тына қап тыңдады. Мұхаметжан әнiнiң бұларға мәлiм бiр ерекшелiгi – ешбiр сөзi шала болмай, анық естiлетiн, алғашқы бiр ауызды естiгенде, тыңдаушылар " бәйiт пе, орыс әнi ме?" деп, ненi тыңдап отырғанын айыра алмады. Аздан соң бұл әннiң өзгеше бiр қоңыр мұңы бар, шер толқытып шығарған, салмақты, терең ән екенi байқалды. Осымен қатар, әсiресе жұртты ұйыта бастаған – өлеңi мен тiлi едi.
Барлық жас ақындар мұңды ғашық лебiзiн ұққан сияқты болады. Бiрақ сонымен қатар, "осылай болса керек едi ғой" деумен бiрге, өзiмiз естiп көрмеген сыр мен шер екен-ау деп, құлай тыңдайды. Екi-үш ауыздан соң Мұхаметжанның аузына барлық елдiң көзi қадалып қапты. Таң-тамаша қалдырған ғажап саз. Және соншалық нәзiк бұралып ырғалған таза сезiмiмен сондайлық бiр ыстық жүрек тiл қатып, үн салғандай. Көзiнiң жасын iркiп тұрып айтқан, көз алдыңда дiрiлдеп, тыныс алып тұрған шыншыл көңiл.
Мұхаметжанның қызара нұрланған жүзiн көрiп, жаңағыдай әсем жырына елтiп отырып, ақкөңiл Ысқақ бiр әредiкте тiл қатып қалды.
– Ой, көмейiңнен айналайын! – дейдi. Әншейiнде күлерлiк те жай. Бiрақ мынау халде ешкiм де тыныштықты бұзған жоқ.
Әншi iркiлмей отырып, барлық "Татьяна-хатын" ақырына шейiн жырлап шықты да, күрсiнiп ап, маңдайының терiн сүрте бастады. Үй iшi сiлтiдей тынып қапты.
Көкбай да, Шұбар да үн қатпайды. Бұлар сұрлана томсарғандай боп, Мұхаметжанның түсiне де қарамайды. Оның бетiнен ыққан тәрiздi. Көкбай Мұхаметжанның келiсiнен-ақ осындай бiрдеме шығарын сезгендей болатын. Iшiнен: "астам сөйлеп келiп едi, тегiн емес екен" деп, мынау өлең мен әннiң жөн-жосығын да сұрауға батпады. Өзге ақын-әншiлер де осы сияқты халде отыр. Жұрттың үндемеген жым-жырттық күйiн Мағауия ғана бұзды. Ол Мұхаметжанға әлi сүйсiне қараған жүзбен:
– Ал, Мұқа, ендi бұл әннiң, бұл өлеңнiң жөн-жосығын айтпайсыз ба? – дедi.
Шұбар мен Көкбай Мұхаметжанға ендi қарасты. Бiрақ, екеуi де қатты күдiктен қараған тәрiздi. Мұхаметжан бөгелген жоқ. Кiшкене-молда жазған хатты Көкбайға берiп жатып:
– Бұл Пушкиннiң сөзi емес пе, жiгiттер! Соны жақында қазақшаға аударып және мынадай ән шығарып, "осымен айтыңдар" деген Абай ағам. Бәрiңе жiберген, менен жiберген сәлемдемесi осы! – дедi.
Шұбар ендi ғана жадырап, күлiп жiбердi.
– Уh! Жаным жаңа кiрдi ғой, Мұхаметжан "өзiм шығардым" деп сала ма деп зәрем жоқ едi! – дедi.
Көкбай да сүйсiне күлдi:
– Бәсе, мынандай жыр шығарған, Мұхаметжан-ау, сен болсаң сенiмен не деп тайталасар едiм? Жолды берiп, ендi өлеңдi жалғыз сен айт, мен қойдым дегеннен басқа нем қалар едi? Түу, бағымды алып қоя жаздағандай боп шұқшиып ең, рахмет саған, рахмет, Мұхаметжан, – дедi.
Осы кезде Мұхаметжан сыртта қалған атын есiне алып, тысқа шығып кеттi. Күнi бойы терлеп кеп, ендi далада аязда тоңазып, дiрiлдеп тұрған атын жылы қораға өз көзiмен кiргiздiрiп, жайластырып болып, Мұхаметжан қайта үйге кiрген уақытта қараса, үйдiң iшiндегi жай бiртүрлi жат боп, өзгерiп қапты.
Ендi үлкен үстелдiң ортасына пеш қырында тұрған лампаны әкеп қойысыпты. Бастығы Ысқақ боп, бес-алты кiсi қағаз, қарындаш алып, үстелге жабысып қапты. Шетiнен көшiрiп жатқаны – Кiшкене-молда жiберген "Татьяна-хаты".
Мұхаметжан үндемей кiрiп, есiк алдында бiраз тұрып, мырс еттi.
– Е, мынаның бәрi менiң бұйрығымды көшiрiп жатқан песiрiм бопты ғой. Бәрекелде, Пушкин, тiптi әруағыңнан айналайын! – дедi. Ақындардың құр күлгенi болмаса, бұл сөзге жауап қайырар мұршасы да жоқ.
Олар тегiс көшiрiп болған соң, кеш бойында бiреу домбырамен, бiреу үнмен ылғи "Татьяна-хатын" айтуда болды. Тек үйрене алмағандар Мұхаметжанға бастатып, өздерi екiден-үштен қосылып отырып айтты. Сонымен түн ортасы ауғанша, барлығының ден қойғаны – Мұхаметжан әкелген жаңалық сый едi. Көп-көп мезгiл өтiп, жатарманға тақағанда, бұл үйдiң iшiнде домбыра тартып, ән сала бiлетiн адамның барлығы да Татьяна әнiн, мұңын жаттап алды.
Осы кештен екi күн өткен соң, қаладағы бiр Уақтың қыз ұзататын тойына Мұқаны шақырысқан едi. Сондағы қыз-келiншек, күйеу-жолдастар, қайын-жұрт, жас-кәрiнiң ортасында " Татьяна-хаты " Пушкин үшiн өзгеше жаңа бiр қауым ортасында тұңғыш рет топ алдына шықты. Атақты әншiнiң үнiмен орыс ақыны сазын шерттi. Бұнда да барлық мәжiлiстi шын сезiм, шыншыл наз ұйыта мүлгiттi.
Мұқа соңғы сөздерiн ырғап, қайырып болғанда, әннiң басынан-ақ құлай тыңдап отырған бiр қарт сөз қатты:
– Қарағым, көп жаса, бойды балқытып-ақ ән айттың. Ал ендi осыны айтқан кiм? Соны бiр шешiп берсеңшi! – деп едi. Әншi жiгiт:
– Орыстың баяғыда өткен ақыны Пушкин деген кiсi болған екен соның сөзi. Қазақшаға аударған Абай – дедi.
Осы күндерде қалада, өзi кездескен мәжiлiсте Ысқақ та, Мұхаметжанның өзi де үнемi "Татьяна-әнiн" айтумен болып едi. Қаладан қайтар алдында Мағаш Михайловқа соңғы рет кiрдi. Абайға досы жазған хатты алып отырып, бұндағы жас арасында қызығы басылмаған, жаңа әннiң де жайын айтып едi. Абайдың Пушкиндi аударғанын, әсiресе Татьяна хатын аударғанын естiгенде Михайлов Мағашқа ентелеп, жақындай түстi. Бұл хабарға қызығып сұрастыра бастады.
– Қалай? Ибрагим Кунанбаевич "Татьянаны" қазақ тiлiнде сөйлеткен бе? Қандай боп шыққан? Маған қазақша болса да айтып шығыңыз. Асықпаңыз! – дедi.
Мағаштың жүруге ыңғайланып қолына ұстап отырған тымағы мен қамшысын Михайлов қос қолымен алды да, үстел үстiне қойды.
– Кәнi, Мағаш, айтыңыз, маған айтып берiңiз! Абай аударған сөздердi менiң бiлгiм келедi! – дедi.
Мағаш Михайловқа тағы бiр жаңалық айтты.
– Сөз ғана емес, әнi де бар. Бiз "Татьяна-әнi" деп, қазiр осы барлық Семей шаhарына күнде-күнде айтып, жайып жүрмiз!
– Әнi! Музыкасы ма?
– Оны кiм шығарған? Оны да әкем шығарған.
– Айтыңыз ендеше, әнiмен айтыңыз.
Мағаш осыдан соң, "Татьяна-хатын" Михайловтың жүзiне тура қарап отырып, түгел айтып шықты.
Михайлов бұл кездерде қазақтың тiлiн көп түсiнетiн боп қалған-ды. Өзi жарытылысында ән-күйге де аса бейiм адам болатын. Балалық тәрбиесiнде музыка сабағын бiрнеше жыл оқығаны да бар-ды. Мағаш әнi соңғы кезiне жеткенде, ол ыңылдап отырып, бiрге қостап, қосыла айтып шықты. Абай әнiн о да жадында тез тұтып қалды. Айтумен қатар, әннiң уәзiнiмен өлең жолдың өлшеулерiн де санай отырып, жiгiт әнiн бiтiрген кезде, ол орнынан атып тұрды. Мағашты екi иығынан қысып, аз сiлкiте түсiп:" рахмет, көп рахмет!" дедi де сол арада тез сөйлеп кеттi.
– Ибрагим Кунанбаевичке сәлем айтыңыз, мен оны құттықтаймын! Бұнысы жақсы, аса жақсы. Пушкиндi оның халқы бiлмек керек. Бiлмек түгiл, сүймек керек! – деп, қызына сөйлеп алды. Соның артынан ән үстiнде өзi байқаған бiр жайын айтты.
– Бiрақ менiң ойымша, аударғанда Пушкиннiң кей жерiн дәл аудармаған екен. Әсiресе барлық жолдардың өлшеулерi Пушкинмен үнемi бiрдей шықпаған. Сiз айтқан әнге қарағанда, солай байқалды. Тек мен мұны кемшiлiк демеймiн. Қазақшаны шала аңғардым. Түгел ұққам жоқ. Сондықтан өлеңнiң бар жақсылығын бiлiп алмай, кемшiлiгiн айтып сынау, әдiлетсiздiк болар едi. Өзiңiзше, өз бiлуiңiзше, қазақша өлеңi жақсы ма, қалай? Пушкин осы Татьяна-хатына" қарағанда, сiзше, өнерлi ақын ба? – дедi. Соңғы сұрауына айрықша мағына берiп айтты. "Татьяна-хатын" қазақша оқығаннан берi Пушкин турасындағы Мағаштың ойы тiптi бөлек, аса қадiрлеген ой едi.
– О, Евгений Петрович, Пушкин әр өлеңiнде осы "Татьяна-хатындай" болса, бiз қазақ баласы ондайлық қуатты көрген емеспiз. Пушкиннiң бiз бiлген ортада теңдесi жоқ па деп ойлаймын. "Татьяна-хаты" бiзге әкем аударып берген көркiнде Пушкиндi соншалық қасиетпен, сәулетпен танытты! – дедi.
Михайлов бұл сөзден аударманың анық ақын аудармасы екенiн аңғарып, Абайға тағы да алғысқа толы, қалтқысыз достыққа толы сәлемдерiн жолдап жатты.
3
Бүгiн Ақшоқыдағы ауылда қалың думан бар, ауыл әбiгерде. Кешкi шайдан соң Абай отырған үлкен бөлмеге, қонақтардан басқа, барлық ауыл адамдары да бiрi артынан бiрi кеп, лық толған едi. Бөлмеге сыймағандарды Әйгерiм, Ербол, Баймағамбет және Абайдың жас iнiсi Кәкiтай төртеуi меймандос жүзбен түкпiр үйге орналастырды. Ауыз үйге жайғасқан жастар да бар. Абайдың тату, сыйлас көршiлерi – шал Байторы, қартаң, Бүркiтбай, Байқадам сияқтылар қастарына кемпiрлерiн ертiп кеп, Абайдың өз жанына отырысқан. Даусы жiңiшке болса да, аса қатты шығатын Кәкiтай Әйгерiмге көмектесiп үш үйдегi жиынның бәрiне өзi шай жасатып бергiзген. Қай үйге барса да, ашық жарқын жүзiмен жиынды ырзалап, үлкеннiң бәрiне әдептi iнi болады. Жеңге құрбыларға әзiлқой, ақкөйлек, ашық қайын боп, Абай мәжiлiсiн бұл ауылдың барлық жанына еркiн, қызық мәжiлiс еткiсi келедi.
Кәкiтай – Абайдың Ысқақ деген iнiсiнiң баласы. Жасы Мағауиямен құрдас. Ол екеуi достық пен туысқандығы, құрбылығы қосылып, жан жүзiнде ең бiр тәттi, ыстық жақындар болатын.
Кәкiтай Мағауиядан қысы-жазы айрылыспайды. Соңғы екi жыл бойында ұдайы Абай аулында, соның өз тәрбиесiнде жүретiн. Кең, ашық жүздi шошақтау келген сұлу, өткiр көздi Кәкiтайдың мұрны шолақтау болса да, бетiнде бала-бозбалалық, уыз жастық бар. Жұқалау, қып-қызыл ерiндерi мiнсiз, кiнәсыз, тазалықпен тыныс алады. Қандай сұлу қызға бiтсе де, мiндi дегiзерлiк емес. Оның осындай айнадай ашық таза мөлдiр жүзбен шiңкiлдеп, қатты сөйлейтiн және бар шынымен үнемi ашық сөйлейтiн мiнездерiн Абай ерекше сүйедi. Өз балаларынан, тек Мағаш пен Әбiш болмаса, Кәкiтайды сонағұрлым артық көредi. Оның әке-шешелерiне жiбермейдi.
– Ысқақ пен Тектiден, Мәнiкеден не тәлiм алушең? Сенiң ата-анаң осында – өзiм боламын. Менiң бауырымда, қасымда өс, – дейдi. Аса мейiрленiп, Кәкiтайды көңiлдендiрiп отырады. Қалаға барып оқи алмаса да, соңғы екi жыл бойында. Кәкiтай Абайдың қасында отырып, орысша тiл үйренуге, жеңiл кiтаптар оқуға бар ынтасын салып жүр. Жазды күнi елге келген Әбiштен сол жаз бойы оқып қалған едi. Қалада, школда болған Мағауияның бiлгенiнен де көп пайдаланатын. Өзi Абайдың қасынан екi елi айрылмайды. Ат үстi жүрiсте, жай отырған мәжiлiсте, ас үстiнде, қысқасы, Абайдың қалт еткен бос кезiнде орыс тiлi жөнiнен, оқыған кiтаптар мәндерiнен үнемi сұранып, талмастан тiмтiнiп, түртiнумен болатын.
Сол Кәкiтай бүгiнгi Абай аулының қонақтарына да үлкен қызу, қызық желiк бiтiргендей. Қонақтардың жастары Абайдан кiшi болғанмен, қазiр Абай алдында Кәкiтайдың еркiндiгiн, ерке иелiгiн көрiп, сезiп отырып, өздерi де бүгiн Абайға бiр үйдiң iшiндей, жанаса, жақындай түскен сияқты. Бұл қонақтар бөтен емес. Абайдың iнi, достары, ақын, әншi, жас қауымы болатын.
Олар барлық тобымен бiрнеше ай Семейде жүрiп, жаңа қайтып келген. Бүгiн күн батар алдында Абай аулына көп шана, көп салт атпен асығып, сағынысып жеткен. Мұқа, Мағауия, Ырсай, Қысатай, Мұхаметжандар болатын.
Жастар келiп, шайға отырмастан бұрын-ақ Абай мен Әйгерiмнен, Ерболдан бүгiнгi кештi өздерiнше кең сауықпен өткiзуге рұхсат өтiнген. Топ атынан бұл жайды бiлдiрген Ысқақ.
– Абай аға, бiздiң осы тобымыз биылғы қыста Семей қаласында шетiмiзден әншi ақын боп атақ алып қайтпадық па!Атақты әншi мына Мұқа былай тұрсын. Қалада қыз ұзатылса, келiн түссе, сүндет тойы болса, ар жақ, бер жақтың барлық үйлерi осы бiздiң бiрде-бiрiмiздi қолға түсiрiп, өз мәжiлiстерiнiң шырайын ашуға сонша құштар болды! Тiптi қанымыз жерге тиген жоқ. Қалаңыздың алақанынан түскемiз жоқ деуге болады. Соның көптен-көп себебi – сiздiң әндерiңiз, әнмен айтқызған өлеңдерiңiз болды. Әсiресе, мына Мұхаметжан апарған "Татьяна-әнiне" тал бойы ұйымаған жиын көрмедiк. Сүйтiп мiне, аулыңызға осы кеп отырған iнi-бауырларың ән-өнердiң үлкен бiр думаны боп, тың өнер тауып кеп отыр. Бүгiн сол тобымызбен алдыңыздан өтейiк. Бiздiң сауығымызды көрiңiз! – деген-дi.
Абай Ысқақ сөздерiн күле отырып, сүйсiне тыңдады.
– Бiреуiңнiң өзiң бiр үйдiң думаны болсаң, бүгiн қауымың боп келгенде, Ақшоқыға қан базарды көшiрiп келдiк десеңшi! Сал! Салыңдар әнiң мен сауығыңды! – дедi. Содан кейiнгi сөзiн шай бастала берген кезде, үй iшi достарына қаратып айтқан.
– Әйгерiм, Кәкiтай, Ербол, Баймағамбет! Сен төртеуiң, ендеше, ауылдағы анау көршi-малшылар қорасындағы барлық үйлердiң шал-кемпiрлерiн, жас-желеңiн түгел жиып әкелiп, бұлардың ән-сауығын бiрге тыңдаңдар. Олардың көңiлi сергiп қалсын. Мына қонақтарың болса, Семейдiң қалың қала, мол жиындарында бәйгеге түсiп, төселiп келгендер, маңдайы ашылғандар көрiнедi. Алқыны зор емес пе! Бiздiң төртеу ғана боп тыңдағанымызды азсынар, мiсе тұтпас. Осылар олқысынып, ұртын шайнап алмасын, үйренген қауымын, халқын қастарына жиып берiңдер. Бар үйлерге жайғастырып отырғызып, оларды да жақсылап қонақ етiңдер! – деген.
Ымырт жабылғаннан берi қарай, Кәкiтай, Баймағамбет екеуiнiң тыным алмай, сарп ұрып жүрiп, жұртты жиғандары, көңiлдене күткендерi сонан соң басталған-ды.
Думан-сауық басталғанша Мағаш Абайға қаладағы көп жаңалықтарды айтып отырған. Бiр уақыт, әкесiнiң сұрауымен Михайлов жайына көштi.
Өзiнiң Михайлов үйiнде бiрнеше рет болғанын айтты. Бұған да кiтаптар берiп, көмек еткенiн сөйледi. Сонымен бiрге ең соңғы кездесудi есiне алды. "Татьяна-әнiне "байланысты Михайлов мiнездерiн, Абайға айтқан жақсы сәлемдерiн жеткiздi. және де "Пушкин өлшеуi мен Абай уәзiнi дәл бiрдей емес пе?" деген күдiктi ойы болғанын да жеткiзiп берген едi. Абай Михайловтың танығыштығына таңырқап, сүйсiнiп сөйледi.
– Михайловтың айтқаны рас, жiгiттер. Менiң тәржiмам Пушкин өлшеуiмен үнемi бiрдей түсiп отырған жоқ. Дәл тапқан. Одан басқа Татьянаның жүрек тiлiн қазақ тiлiмен айтқызуда, менiң өзiмше, өзiмдiк бiр себептермен, кейде дәл шығармағаным да бар! – дедi. "Өзiмдiк бiр себеппен" дегенiнде, өз қаны мен жанынан туған кейбiр шындықтар барын тұспалдаған. Бiрақ бұл жайды бұл отырыста осыдан әрi шешiлiп, таратып айтқысы келген жоқ. Михайловқа сүйсiнген ойына қайта оралды.
– Япыр-ай, қаншалық қайран қаларлық сергектiк, сезгiштiк бар Михайловта! Қазақ тiлiн жете бiлмейдi, бiрақ сонда да менiң күдiктi жерлерiмдi дәл басып айтқан. Бұ ғылым адамның бойына сiңiп, бар жаратылысын ағартқан шақта, қандайлық қырағы қасиет бiтiредi. Қасымдағы қазақтан да алыста отырған Михайлов менiң барымды бiлiп, болжап отыр ғой! – дедi.
Бұл кеш түн ортасына шейiн созылған ән мен өлең, әсем өнер жарысының қызу еркiн сауығы болды. Түнгi астан соң көршiлерден келген қонақтар жатар мезгiлiн ойлап, тарасқан едi. Ендi қала қонақтары мен Абайдың ең жақын айналасы ғана үлкен үйде кеңiрек тыныш жайғасып отырысты. Бұл кезге шейiн қонақтар мен ауыл адамдарының iшiнде ән айтпағандар аз-ақ. Ол тек Абай мен Әйгерiм ғана.
Екеуiнен басқаның барлығы бiресе жеке айтқан Мұқа, Мұхаметжан болса, бiрде екеулеп айтқан Мағауия мен Кәкiтай болды. Кейде Ысқақ, Ербол, Баймағамбетке шейiн қосылып, тобымен, өзiнше хор болып та айтысқан.
Ендiгi отырыста Абай мен Әйгерiмнiң қалауы бойынша жеке, шебер әншiлер ғана ескiлi-жаңа әндердi айтып отыр едi. Бiр кезекте Ысқақ пен Мұхаметжан Әйгерiмнiң өзi айтуын өтiндi.
– Талайдан жеңешемнiң әнiн естiмей кеттiк қой!
– Нелiктен айтпай кеттi! Бiр тыңдайтын шағымыз болмады ма, Абай аға! – дескен.
Абай да Әйгерiмнiң нұрлана балқыған, ақ-қызылы шапақ атып көрiктенген жүзiне аса ынтыққандай қарап қалған екен.
– Айтпай кеттi ғой Әйгерiм! Айтады деймiсiң! – дедi.
Үнiнде өкiнiш тәрiздi, бiр қимас қиналу салқыны да бардай. Шынында, соңғы бiрнеше жыл бойында, Абай мен Әйгерiм арасы тек бiр сыйластық қана сақтасқандай. Көңiлдiң тоңы жiбiп, бұрынғысындай емiренiскен күйдi қайта таба алмаған. Сырт сүйiспендiкпен ғана, бiр орында тұрып қалғандай едi. Араларында алғашқы бақыт жылдарындай ұзақ сыр шешiп, шер айтатын сағаттар үзiлген. Ыстық толқын күндерi тоқталып, әлденеден тыйылып қалған болатын. Әйгерiм жаңағы Абай назын көрiп, сол бұрынғы күндердiң ерекше нәзiк сезiмталдығымен, жүрегi дүр сiлкiнгендей болды. Жалт бұрылып, Абайға қараған нәркес қара көздерiнде тұңғиықтанып тұрған көркем ажармен қатар, бiр сұрау да бар сияқты. Күйлi, нәзiк үнiмен, ән ырғағын ақырын айтқан сәндi саздай етiп, сөз қатты:
– Мен бе едiм, Абай-ау! Айтқызбай кеткен өздерiңiз, өзiңiз емеспедiңiз, – деп, сыпайы ғана күлiп қойған.
– Ендеше айтшы, Әйгерiм! Шертшi барыңды. Бiлгенiң, ұққаның бар ма, жаңа әнiңдi айтам! Бармедi сондайың? – деп, Абай өзге емес, ендi тек Әйгерiмнiң айтқанын күттi.
Осы кезде Әйгерiм Ерболға сәл ғана қабақ қағып, белгi еткендей едi. Сыр мiнез дос домбыраны Мұқаның қолынан алып, Әйгерiмнiң қасына отырып, Татьяна әнiн тартып жөнелдi. Сол сәтте бұл мәжiлiсте Абай өзi де көптен естiмеген және естiмегенiне ендi өкiнерлiктей ететiн, жiңiшке күмiс толқын, нәзiк, сыңғыр үн кеттi. Абай тыңдай отырып, таңдана түседi. Бұл бiлмесе де, өзi " үйрен " деп айтпаса да, Әйгерiм Татьяна-әнiн және Татьяна-хатын тегiс жақсы бiледi екен. Ерболға жаңа белгi еткенi – Әйгерiмнiң соңғы кездегi сырын сол бiлетiн. Оған домбыра тартқызып, соның баяу үнiмен айтуынан Татьянаның әнiн де, барлық хатының ұзақ сөзiн де Әйгерiм өздiгiнен жаттап, бiлiп алған екен. Бұның әнi шыққанда, Татьяна сазын осы күнге шейiн айтып жүрген жiгiт әншiнiң бәрi "шын Татьяна осы! Ал гүл жанған ақ жүздi, өзгеше нұрлы Әйгерiм", деп, "дәл өзi" деп таныды. Таныды да, қыбыр етпей сiлтiдей тынды.
Абай да алғаш әндi шығарған күнi Мұхаметжан айтқанда, бiр тамашалап тыңдаса, сонан соңғы анық бойы ерiп тыңдағаны осы. Ауылда, Абай қасында, әншi жастан ешкiм қалмағандықтан, Татьяна әнi тек домбырада болмаса, әзiрше көп айтылған жоқ-ты. Әйгерiм қазiргi сәтiнде Абай үшiн жаңа бiр тыныс, туыс тапқандай. Сонау жылдарда ерi Әйгерiмнен көз ала алмай, демi үзiле қыбыр етпей, ұйып тыңдайтын күйiн тапты. Қазiр Әйгерiм өзi де әндегi сөздi бiр дыбысын бұлжытпастан анық етiп, әрбiр азғантай нақысын да бар жанын салып, жеткiзе айтады. Ән емес, бұл сәтте ол, арманын, назды мұңын шертедi. Татьяна назы емес, өз жүрегiнiң қайнай шыққан ыстық жалын шынын айтады. Жан-иманын, жас мiнажатын, құпия дұғасындай етiп, жалғыз қадiрлесiне арнайды. Абайға айтады ...
...Өзге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Әуелде тағдыр иеден
Қожам сенсің, не керек.
...Әуелде кірдің түсіме,
Ортақтасып өміріме.
Толғау салып ішіме,
Сол күнде-ақ жақтың көңіліме...
Құдайдан болғай деп емі,
Құдайыны мол бердім.
Көрген жерде-ақ мен сені,
«Осы екен ғой, сол!» дедім...
Тағы да толқынып, назды, мұңды жар шерi ширатылады. Қазiр Әйгерiм жүзi аппақ бопты, қызыл арай жоғалғандай. Шын шабытты ақын, ыстық толқынына берiлiптi. Даусына, сөзiне бар жаны да өзiнiң шыншыл тынысымен тұтас ерiп қосылғандай. Айтқан сайын нәзiктенiп, нұрлы сырын аша түскендей. Жиынды ұмытып, бiр Абаймен наздана, кiнәласқандай. "Жазығым бар ма едi? Болса, кешпесiң жол ма! Өзiме өзiң ғана болып, барыңменен келмесең жол ма! Тапшы қайта бұрынғы жарқын, ыстық күнiңдi. Тапшы өзiмдi!" дегендей.
...Жатқан сайын ұйқыға,
Дұға оқушы ем шошынып.
Ұнатып мені халқыңа
Жүруші едің қосылып...
Шеше көңілімнің жұмбағын,
Әлде бәрі алданыш,
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс.
Осыдан соңғы жолдардың жiбек талдай нәзiк ширатылған сөзi мен ырғағы Әйгерiмнiң бар қуатын, ендiгi шыдамын, ықтиярдан тыс әлсiретiп, үздiктiрiп апара жатқандай.
...Не болса да, өзімді
Тапсырдым сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді,
Есірке деймін жалынып...–
деп келдi де, Әйгерiм тоқтап болмастан өксiп жылап жiбердi, тына қалды. Үй iшi де жым-жырт. Абай құп-қу боп, екi көзi шарасынан шығып үлкейiп, бар денесi тоңази дiрiлдегендей, қабақ шытып қалды. Қатарында отырған Әйгерiмдi қатты қысып құшақтай алып, жасты көзiнен ұзақ сүйiп алды.
– Әйгерiм! Асылым! Әнiңмен, жасыңмен қайта таптың ба! Татьянаның әнi, наз-мұңы сенiң де жүрегiңнiң шыны боп шықты-ау көңiлiңнен! – деген едi.
Екеуiнiң айналасындағы жас достар қауымы да бұлардың күйiн соншалық жақсы ұғынды.
– Қайран Татьяна, қазақ қызынан да мұңласыңды таптың ба! Талай шыншыл жасқа тiл бiтiрерсiң-ау! – деген едi Ысқақ.
Өзге жұрт үн қатқан жоқ. Бiрақ " анық рас, шын солай " дескендей, ым қаққандай болысты. Жастар Абай мен Әйгерiмдi ендi қайта сөйлете алған жоқ. Ол екеуiнiң жүрегi қазiр сөздi қажет етер еместей. Үнсiз халдерiне шыншыл көңiлдерi қазiр-ақ сырласып отырғандай. Қайта оянған қатты ғашықтық ендi көлденең бiр сөздi де, көлденең бiрде-бiр көздi де керек етер еместей. Осыны анық аңғарған Мұқа мын Ысқақтар ақырын тұрысып, тараса бердi. Аз уақытта Абай мен Әйгерiм екеуi ғана қалғанда, бiрiне-бiрi соншалық ыстық жалынмен құшақ жайып, ұзақ сүйiсiп қалған едi.
Бiрталай жыл ұғыса алмай, тығылып қалған iштегi түйiндерiн ән таратты. Шабытты, тең ақынша табыстырды. Бұл өмiрде ендi қайтып қажымастай, айнымас, азбас махаббат табыстырды. Татьянаның мұңды сазы мен шерлi назы қайта қуантып, өшкендерiн жандыра табыстырды.
Осылайша 1887 жылдың қысында, орыстың данасы Пушкин өзiнiң сүйiктi Татьянасын қолынан жетектеп кеп, кең қазақ сахарасына ең алғаш рет қадам басты.
Өзi тыңдаушысын ұйытқан қадiрлi ақын болды. Татьянасы қазақ жасының жүрек сезiмiне бұрын қазақ сөзiмен айтылып көрмеген көркем, шебер тiл бiтiрiп, жандай жақын туысы бола келiп едi.
ЭПИЛОГ
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән, сан салалы жырлар көшiрiлiп жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. Алуан сырлы жаңа сөз Арқаның қоңыр желiндей жай жылжып, бiрақ кең жайылып тарады. Бұл атырап, бұл сахара бұрын естiмеген сарын естi. Ғасырлар бойы жұмбақтай үнсiз сұрақпен мелшиiп, мүлгiп тұрған далаға жел қанатымен жырдай жауап естi. Игi желдей. Жыл жетерiн бiлдiретiн көктем желiндей естi. Ол – тарихтың жаңа бiр төлiнiң үнi. Арттағы қыстан тумай, алдағы жаз үшiн, жаздың жаңа өсiм-өнiмi үшiн, гүл атар тiрлiгi үшiн туған төлдiң үн-лебiзi. Оның жыры – жаңа дүние көксеушi, жаңа өрiстi iздеушi жыр. Барлық сергек ой, сезiмтал жүректер үшiн, тынымсыз ойлар үшiн, алысар жiгер үшiн туған жырлар едi ол.
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшiрiлiп, әуендеп толқып Ералыға жеттi. Абай қалаға апарып оқытқан жатақтың жетiм балалары Хасен мен Садуақас кеш сайын өздерi көшiрiп алған өлеңдердi оқиды. Құдық басында, кешкi ауыл сыртында, от басында әр кезде Абай сөздерiн бұларға оқытып отырып тыңдайтын Дәркембай бастаған көп кәрi-жас бар.
Абайдың аға досы Дәркембай насыбайын иiскеп, шiмiркене түсiп, хат оқыған жасқа жабыла тақап, ұзақ тыңдайды
...Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузына түсті мұртың...–
деп, ел мұңдары боп кеткен Абайды көз алдына елестетедi. Оның айтқанына сенедi Дәркембай. Ақын мұңына қарт көңiлiнiң мұңын қосып бас изейдi.
Дәндiбай, Еренай боп, бiр кезек "Күздi" оқытады. Бiр емес, қайта оқытады–
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы...–
дегенде, барлық кәрiлер құшырлана күледi. Бұны бекер едi деп ешбiр Тәкежан, Майбасар, Оразбайлар да айта алмас. Осы қарттар үй iштерiмен бай ауылдардың шетiнде талай кешiрген күйлер, күндер ғой. Сондайлық өз күйлерiне дөп тиетiн өлеңдердi бұл жиын әсiресе көп оқытады. Оқытқанды мiсе қылмай.кейде "мақамдап айт", "әндетiп оқы" деп, жастарға әнге қосқызып айтқызады. Бiр кезек бар жастар қосылып, жырлап та кетедi. Қоңыр кеште көп жастың үнiмен толқыған шындық жыры тыңдаушы қарттарды қатты таңырқатады. Сүйсiнген үндер шығады...
– Сөзi қандай!
– Неткен сөз!
– Алпыс екi тамырды шымырлатқан сөз.
– Айтарсың. Осылай айтарсың. Қазақ баласы айтпағанды сен айтарсың, Абай! Асылым! Шөлiмдегi жалғыз алтын терегiм. Шөлден шүлен боп туған сергегiм! – дейдi Дәркембай. Көп үнсiз тыңдаушының сүйсiнген жалынын атады.
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшiрiлiп, жатталып Мұхаметжан әуенiмен Ұлжан аулына жеткен едi. Кеше кеш бойы Оспан отауында Мұхаметжан Абай сөздерiн әрi оқып, әрi жырлап берген. Ауылдың жас-желеңi, көп көршiсi Еркежан мен Оспан отауын iштен кернеп, тыстан да жапырлай басып, анталап тыңдаған.
Ұлжан Абайды көптен, қыстан берi көрмеген. Ана көңiлi сағынышты едi. Таңертең Мұхаметжанды өз алдына шақыртып, Абай сөздерiн көп оқытты. Кiрген мен шыққанға, ат үстi жолаушының келгенiне де қараған, мойын бұрған Ұлжан жоқ.
Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,
Келейін сендерге де енді аяңдап..–
дептi баласы. Анасына да ескерткенi де! Бұрынғы кейбiр надан ақынды. Сатымсақ сөздi, мәнсап мәздi шенептi баласы
Ел бүлігі Тобықты,
Көп пысыққа молықты!..–
дептi бiр кезек.
Ұлжанның Абай сөздерiне әрi таңырқап ырза болып, әрi тереңдеп ойланып ұйып қалған қалпын Оспанның қатты күлкiсi бұзды. Шешесiнен төмен отырған Оспан да кешеден бергi әдетi бойынша үндемей, қыбыр етпей тыңдап едi. Әлi күнге "жақсы, жаман" деп бiр ауыз сөз қатқан жоқ-ты. Қазiр сол үнсiз Оспан шұғыл құбылып, қатты өзгердi. Қарқылдап күлiп, құшырлана мәз болады. Анадай жерде қиыс отырып, қымыз iшiп жатқан Тәкежандарға қарап, иек қағып, соларды мазақтап күлiп отыр.
– Әнi... Ана отыр! Ойбай-ау, тап мыналар ғой сол айтқаны!
Ел бүлігі Тобықты,
Көп пысыққа молықты!..–
дей түсiп тағы күледi.
Тәкежанның қасында Оразбай мен Жиренше бар-ды. Солардың өлеңдi де қазiргi Оспанды да жақтырмаған қабағын тани түсiп, бұл ендi әсiресе мәз болды. Қазiр айқын мазақ ете күледi.
Жиреншеге баяғы тентек, сотқар бала Оспан, бүгiн қайта балалық қаз-қалпымен келiп күлiп отырғандай көрiндi.
– Немене, Оспан, балаша ыржақтап, саған не болды!? – дедi.
Оспан оның сөзiн елеген жоқ, екiлене түсiп, қатты дауыстап:
– Осы үшеуiңнен бүлiк атқамiнердi ендiгi Тобықтыдан iздесе табар ма кiсi, деген. Төбелерiңнен түйiп түскен жоқ па Абай, құдайшылығыңды айтшы өзiң, ей, Жиренше! – деп, әзiлдей бердi.
Оспанға Абай өлеңiнiң анық сыры ендi танылған.
Ұлжан Оспанды қостап ақырын мырс берiп күлдi де, қайтадан ойланып қалды.
Көп өлең оқып берген Мұхаметжанды ендi бiраз тоқтатып отырып, барлық үйдегiлерге анық естiртiп, салмақты бiр сөз қатты.
– Туғанынан... Тiптi титтейiнен Абайым бiр төбе, өзге қалған өрен-жаран бәрi бiр төбе едi. Аналық бүйiрiмдi тоқ етiп жатқан бiр алтын жамбымдай көрушем. Өзiмен бiрге туған аналық тiлегiм, үмiтiм екен. Бүгiн сол тiлек пен үмiтiм мынадай бәйтерегiм бопты. Ендi мен өлсем де арманым жоқ ана екемiн-ау! Шүкiрлiк еттiм, тәңiрi. Зор тәңрiм! – дедi.
Үй iшi жым-жырт боп тыңдаған екен. Аналық шын мiнажат, дұға естiгендей едi. Бiрақ аз аялдан соң Тәкежан жаңағы Оспанға ыза болған қалпына қайта келдi. Шешесiнiң сөзiн де жақтырмапты.
– Әй, апа-ай! – деп, Ұлжанға бұрылды да: – Әйтеуiр бар бейлiңдi бергенiң сол болған соң айтасың ғой. Болмаса сенiң балаңнан басқа да талай тектi, тiлдi қазақ боп едi ғой. Солар айтпап па едi: "құдайға шүкiр, тұқымымыздан бақсы мен ақын шыққан жоқ" деп. Сен балаң бақсы-құшнаш болды деп несiне мәз болдың!? – дедi.
Жиренше кейдегi сайқал әдетiнше, үнсiз сылқылдап күлiп, Оразбайдың санын шымшып, Ұлжанды бағып қарап қапты.
Ұлжан Тәкежанның сөзiнен жиренiп кеттi.
– Е-е, ұялас итпiн деп отырсың ғой. Ұяластың да бiрi құмай болғанда, бiрi сендей бөрi ала болады екен-ау, хұдауәнда! Десең, де! Бiрақ сенi Абайдың бiр сынық қара тырнағына алам ба екем мен! – дедi.
Түсi ашулы екен. Ажымы қалың, кең жүзi аппақ боп, екi көзi жасқа толыңқырап, қанталай қызара түсiп, Тәкежанды қатты атып қарады.
Тәкежан тымағы мен қамшысын бiр қолына шапшаң қымтып алды да:
– Жүр! Жүрiңдер түге! – деп, Жиренше мен Оразбайды өзiмен қоса тұрғызды.
– Алжыған шешенiң айтарын естiп болдық қой! Жүр! – деп адымдап шығып кеттi.
Ақшоқыда туған ән жатталып, сол күндердiң бiр кешiнде ұйқысыз жатқан Құнанбайдың құлағына жеттi. Бiр ызың ән түн iшiнен үзiлмей соғады. Төсекте көп аунап, тыныштығы қашқан кәрi сол бiр ызың сарыннан құтыла алмайды. Қайта-қайта бiр сөз келедi. Ол күзетшi жас жiгiт Кәрiбжан айтқан ән. Сөзi де Құнанбай құлағына ерiксiз қақтығады. Кәрiбжан жаңада ұққан, бiрақ шала ұғынған ән – "тәңiр қосқан жар едiң сен..." болатын.
Күзетшi жас жiгiт осы өлеңнiң алғашқы бiр-ақ аузын айтады. Қызыққан сөздерiн қайталай бередi. Құнанбай құлағына жат сөз, алыстан әсiресе өзгерiп, бұзылып ұғылады.
"Тәңiр соққан", "тәңiр соққан" боп басталатын сияқты.
Өлең сарыны мен шала-шарпы сөзiнен құтыла алмаған Құнанбай бiр кезде даурығып Нұрғанымды оятты.
– Қалмақ! О, Қалмақ! – дейдi. Тоқалын ол Қалмақ деп айтайтын. Осы анау күзетшi "тәңiр соққан", "тәңiр соққан, дей ме, не дейдi? Кiмдi қарғап, сiлеп жүр сол зар жақтанып? Бiлшi! – дедi. Нұрғаным күзетшi әнiн бiлушi едi.
– "Тәңiр қосқан жар едiң сен", – дейдi ол. Абай шығарған ән деп, жұрт айтып жүрген жоқ па! – дедi.
Құнанбай аh ұра күрсiндi де, iргеге қарай аунап түстi:
– Айтпасын! Зарламасын! Тый барып! Мазамды алды! – деп, үнi өштi...
...Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең...
Нұрғаным Татьяна зарын түгел естiп, алғаш ұққан шағында қатты мұңмен кеткен. Бұл сөзде оның өзiнiң де шерi жүр. Есiне Базаралы кеп едi. Ән басталғаннан, а дегеннен сол сағынышты, өкiнiштi дос есiне түсiп, iштен тынып, тұнжырап қалған-ды.
Күзетшiнi қасына шақырып ап, Нұрғаным оған:" айтпа, тоқтал" деген жоқ.
– Әнiңдi ана жақ шетке барып, алыстан айт! Бұл жаққа келгенде ақырын айтпасаң, кәрiнiң iшiн өртейдi. Ыстық өлең. Өлеңiң оттан да ыстық боп тұрған жоқ па! Жақпайды бұнда! – деп, сәл ғана күрсiндi де, үйге қайтты. Күзетшiге емес, өзiне өзi айтқан iштiң, жанның сөзi едi.
Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жатты. Даланың қоңыр желiндей, жай соққан самалындай лүпiп-толқып, Тобықты жайлауларын түгел шарпып өттi. Сырттағы Керейге, ойдағы Уаққа, Арқадағы Қаракесек, Қуандыққа да кеттi. Аягөз, Тарбағатай, Алтай Наймандарына да жетiп жатты.
Сол кезде Машандағы Найман атты шал аулына да жеткен едi. Ойда жоқ бiр шақта ауылдың шеткi үйiне қалыңдық ойнап жүрген күйеулер кептi: жұпыны киiмдi екi жiгiт өздерiндей кедей үйiнен қыз айттырған күйеу екен. Сол күйеу Молдабек әншi болып шықты. Көршi шеткi үй Тоғжанды аса сыйлаушы едi. Ендi күйеу келген кiшкене сауығына момын көршi шақырған соң, Тоғжан әдейi келiп едi. Сонда ойда жоқта "Татьяна-хаты", "Онегин-жауабы", "Татьянаның-екiншi-сөзi" толқып кеттi. Оңаша тыныштықта, қоңыр кеште, бұрын естiлмеген нәзiк терең мұң қалқып тұр. Тоғжан жүрегi ән басталған жерден: "Абай!" деп, "бұны айтқан тек Абай!" деп, нық байлады. Өлеңнiң тегiн, мәнiн сұраған да жоқ.
Тоғжан тақатынан айрылғандай болды. Көптен берi сезiнбеген бiр жалын жүзiн де, жүрегiн де лезде шарпып, жан әбiгерiне салды.
"Өз сөзiм емес пе мынау!?", басқа өмiрге ырза болмасам да, көндiм" деп тұр. "Сүюден, сағынудан жаңылмасам да ендi екеумiзге қайта бақыт жоқ" деп тұр ғой. "Осы едi-ау!". Жасын жұтып отырып айтса да, ауру досына, арманды досына Тоғжан өзi айтқан сөз едi-ау. Ұмытылмапты. Өшiп, жоғалмапты сондағы шын жалын. Ендi әнге түсiп, мұңды шер мұншалық көрiктi сәнге ауысыпты. Ойда жоқта бұған жеткен жан сәлемi сабырын алмай қояр ма! Тоғжан ыстық жастық шағын тауып қобалжиды.
Ұзақ кеш бойында бiр жанып, бiр тоңазыды. Үзiлместей үнсiз жастарын қат-қат тамшылатты. Iшiмен Татьяна әнiн соншалық нақыштап, көп қайырып, құпия қайырып айтып кеттi.
Жаздың бiр тыныш кезiнде Қасқабұлақта, биiкше тастақ төбенiң басында, кешкi ауылдың тiрлiк тынысын тыңдап Абай отырды. Бұның оқшау аулы сыртқа шықпай, бауырда қалып, Ойқұдық, Ералыны жатақтармен көршi жайлаған. Қалың ел дырдуынан әдейi жырылып, қалыс қалған едi.
Бүгiн таңертең сырт жайлаудан көп жолаушы жас қонақтар, ақын, әншi достар келген едi. Абайға солар жаңа қуаныш хабарлар жеткiзген. Абай сөзi халыққа жағып, кең жайылып кетiптi. Қарқаралы-қоянды жәрмеңкесiне жиналған төрт арыстың бар кәрi-жасы Абай атына қанық бопты. " Абай деген жақсы шығыпты". "Сөзi, өсиетi бөлек, бiлгiш шығыпты", "халыққа қамқор, мұңдыға дос, жуан-содырға қас жан дейдi", "Тобықтыда туса да, бiр Тобықты емес игi ел жақсысы, ел ұлы боп туыпты", "сөзiн тыңдаймыз. Өсиетiн ұғамыз" деседi екен жұрт.
Мұқа, Мұхаметжан, Мағаш, Кәкiтайлар осы хабарларды Абайға қуанышпен әкелiп, аға ақын, дос ұстаз жанында масаттанады. Абайды өздерiне мақтан тұтып, мәз болысады. Абай мен Әйгерiм бұларды үнсiз ырзалықпен, ұзақ тыңдап болған едi.
Ендi Абай сол топтан жалғыз бөлiнiп, өз ойымен оңаша шығыпты. Қазiр ол кешкi дүние көркiне сыр қосады.
Шексiз жайқын боп Ералы, Ойқұдық, Қорық далалары созылады. Кең әлемнiң бұдырсыз жазық жүзi жадырап тыныс алғандай. Батар күннiң қиыс түскен шұғыласы даланы қызғылт жарқын нұрға бөлептi. Тегiс, шексiз рахат нұр. Шабытты ақын көңiлi қазiр көз алдында дала емес – теңiз, кең тыныш теңiз жүзiн көргендей. Сол теңiзге, өмiр тарих мол мұхитына бiр кеме жалғыз жалауын көтерiп, жол тартты. Алға басты, белгiсiз болса да ғажайып шұғылалы бiр жағаға, ұзақ сапарға басты ол кеме. Жалауында "Тартыс", "Үмiт" деген ұран бар. Халық үмiтiн үстiне арқалаған сол кеме "келешек" деген жағаға қарай тартты. Бұл "Абай-кемесi", кең жайқын әлемде сенiмдi, түзу жол сызып, маңып барады. Алға барады, ұзап барады. Биiктен қиян, алыс көкжиекке қадалып қараған Абай көзi, ой көзi, сол кеменi оң сапарға ұзатып, талмастан телмiре қарап қалыпты. Бар жазықтан үстiн биiк төбеде, шабыты мен өзi боп отырып қалған Абай қуанышты бiр мақтаныш сездi. Оның сол мақтанышқа хақы да бар едi.
Осы күйi, бiр ғана сәт жалт еткен сәл қуаныш жүзi екен. Ендi сонымен iлес тағы бiр толқын ойлар кеп, көңiл жарына қатты соқты. Көшкен бұлттай, қарауытып ауып келген ауыр ойлар шындық кескiнiн танытады. Жаңағы жалтыраған күн шуақты қуаныш сәулесiн ендi күдiк пен дерттей, соңғы ойлар бұлттары бүркеп басып барады.
Алда – өмiр, тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз. Шынға келсе, жапа-жалғыз. Рас, оның бiр қуаты, бiр үмiтi бар екенi рас. Қуаты – ақындық, үмiтi – халық. Бiрақ бiрi оянбаған күш болса, бiрi танылмай, ұғылмай кетер ме! Жетер ме сабыр, жетер ме қайрат. Жалғыздықтан жасымас қайрат жетер ме!
Өмiрдiң белiне шығыпты. Сол арттағы жолда жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоқалтқанының көбiне өкiнбейдi. Жақыннан әке, Құнанбай кеттi жат болып. Туыстан Тәкежан, Тәкежандар кеттi жауығып. Оразбайлар, Жиреншелер де бiрi артынан бiрi шұбалып кетiп жатыр. Үзiлсiн бұдан. Кетер кете берсiн. Әлi де кетер табылар. "Бiрақ халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар қолымдағы жарық қалса, жеткенi!" деп, өзiне-өзi осы отырыста құпия бiр ант-серт айтқандай бекiнедi.
Жаңағы мұхит қайда?!
Абай кең далаға тағы қарап едi. Мұхит емес, күндегi құлазыған дала боп көрiндi. Ол әлсiз, жүдеу Ералы жазығы. Сол жазықта ендi шаң шығады. Будақ-будақ бүлiк шаң. Бұ не? Абайдың қасына дүсiрлетiп шауып отырып, асығыс жүрiстi бiр салт атты жеттi. Сырт жағынан келген аттыны Абай ендi ғана аңғарды. Жүргiншiнiң астындағы аты қан сорпа. Жатақтан, Ералы жатағынан, Дәркембайлар тапсыруымен асығып жеткен шапқыншы екен. Жас жiгiт Абай оқытып жүрген шәкiрт – Садуақас боп шықты.
– Анау шаңды көршi, Абай аға! Сол жау! Жатақтың азғантай жылқысына тиген жау. Айдап, қуып әкетiп барады, әнi. Тағы тиiп әкетiп барады сойқандар! – деп, жiгiт жылап жiбергендей болды.
Теңiз де, қиял да жоқ. Аз алданыш, қуаныш та сөне бердi. Тағы өмiр шындығы. Тағы тiрлiк тартысы Абай алдына еселi сыбаға тартты.

мыстарында экономикалық мазмұнды есептер, сұрақтар, зерттеу жұмыстарының мәселелері қарастырылады. Қатысушыларды зерттеу жұмыстарына негізделген баяндамалар өзекті,қызықты және танымдық сипаты бар. В работе конференции принимают участие студенты Российских средних технических учебных заведении из города Барнаул,Казань. Тематика конференции позволяет принять участие по самым разным направлениям: социальным,экономическим и экологическим проблемам,вопросы историй и языка, математики информатики и химии.На секциях рассматриваются вопросы проблемного характера, вопросы технологии в различных сферах деятельности.Доклады основаны на исследовательский работе участников, они актуальны и интересны и носят познавательный характер.Проведение научнопрактической конференции способствует становлению современной личности с развитым интеллектуальным потенциалом, способным принять активное участие в развитии экономической, социальной жизни Казахстана. 3 СЕКЦИЯ № 1:ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӘДЕБИЕТ, ОРЫС ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ СЕКЦИЯ №1: КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК, РУССКАЯ И ИННОСТРАННАЯ ФИЛОЛОГИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС ПЕН ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚОЛДАНУ ТАРИХЫ Баяндамашы: Амангалиева Тоғжан Жетекшілері: Хасенов Қуаныш Мухитович Журсумбаева Гулдана Сайрановна «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар әлемдегі барлық халықтарда бар. Солар арқылы халықтың өмір салты, оның әдеттері, ұлттық ерекшеліктері білінеді. Салтдәстүрлер – бұл тарихи қалыптасқан тұрақты және молынан тараған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, әлеуметтік пікірдің күшімен қорғалынатын адамдардың өзара қарым-қатынастарынан қалыптасқан ең мол тәжірибелерінің қалпы. Салт-дәстүрлер адамзаттың өзі сияқты өте көне, ескілікті. Олардың тарихи сипаты болады, өйткені олар адам еңбегінің және қоғами әрекеттерінің үрдісі барысында пайда болып қалыптасып, жеке адамның немесе адамдар тобының қалауы бойынша емес, объективті негізге байланысты туындаған.Ал мәдениетінен, тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылған халықтың ұлт ретінде жойылып кететіні өзінен-өзі түсінікті. Коммунистер елімізді осындай дәрежеге жеткізуге біртіндеп әкеле жатты… КСРО-ның құлауының арқасында мұндай бұлыңғыр болашақтан құтылдық. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің тарихи маңызы, қазіргі кездегі қоғамдағы орны. Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы айтқандай «өз тарихын, салт-дәстүрін сыйламаған халық, өзін де сыйламайды».Өйткені ол осы салт-дәстүрлерді туындатып қалыптастырған халықтардың мыңдаған жылдық белгілі бір экологиялық-географиялық кеңістік аясында қалыптасқан экономикалықшаруашылық, діни-идеологиялық, әлеуметтік-саяси және мәдени қатынастарды реттеп отыратын салт-дәстүрлерге негізделген әдет-ғұрып заңдары мен идеологиялық тұғырнамасы, рухани құндылықтары жиынтығының ең бастысы болып табылады. Бұл жер діни тәртіптер мен ұлттық заңдылықтар, этикалықэстетикалық саналық қалыптары қордалана тоғысатын бірден-бір құбылыс. Басқа да халықтар сияқты қазақ халқының да өте ерте замандарда қалыптасқан салтдәстүрлер, ырым-жоралар жосыны аздаған өзгерістермен бірақ негізін сақтап бүгінгі күнге дейін келіп жеткен. Жазба немесе археологиялық, этнографиялық ескерткіштерді саралай келгенде айтарымыз, қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар көзі көне дәуірлер мен ортағасырларда даламызды мекендеген көптеген этникалық топтар мен тайпалар мәдениетінің қойнауында жатқанын айқын аңғарамыз[1]. Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда салт-дәстүрдің 4 орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мәдениет . Ендеше сол ата-бабаларымыздың тарихи – мәдени мұрасын бірлесіп түлетейік»[2] деді еліміздің Президенті Нұрсүлтан Назарбаев Ұлттық Кеңестің отырысындағы сөзінде . Қазіргі таңда «Мәдени мұра » бағдарламасы бойынша, салт-дәстүрге , жалпы мәдениетке, еліміздің тарихи ескерткіштеріне аса мән берілуде.Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық Құдаласу дәстүрінің әр аймақтарындағы айырмашылықтары Үйлену салты негізінен құдалық, үйленуге дайындықтар, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптардан құралады. Екі жастың бас қосып, отбасын құруы ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша құдаласудан басталады. Қазақтар , әдетте, «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, араласбіліс, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған. Қазақта құда болудың бірнеше түрі болған. Осындай т.б. жағдайларға байланысты құдалықтың «бел құда», «бесік құда» және «қарсы құда» деген негізгі түрлері қалыптасқан. Бел құда, өзара таныс-біліс, дос-жаран адамдардың әйелдері бірдей құрсақ көтеріп жүрген болса, ондай адамдар алдын-ала уағдаласатын болған. Яғни, бірінен ұл, бірінен қыз туса достар бел құда атанатын болған. Ал, бірыңғай қыз немесе ұл туса, әке-шешелерінің достығын жалғастырып, жолын бөлісетін болған. Мұны қазақтар «қарғыбау» дейді.Бесік құда, балалары бесікте жатқанда кейбір ниеттес адамдардың құдаласуын «бесік құда» деп атайды. Бұлайша құдаласу орташа дәулетті адамдар арасында болып, берілетін қалыңмал мөлшері әдеттегіден едәуір төмен және қалыңмалды ерте бастан-ақ, ақырындап төлеп отырған. Құдаласудың бұл түрі күні бүгінге дейін сақталған деуге боларлық. Қарсы құда, бір-бірімен өзара қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдаларды атаса, қарсы құдалықтың тағы бір түрі – қыз алған жақ қыздың қалыңмалын төлеуге шамасы келмесе, қалыңмал орнына өз жағынан бір қыз берген. 1960-жылдардан бастап үйленіп, тұрмыс құру көбіне жастардың өз қалауларымен жүзеге асырылды. Сондықтан, өз еркімен бас қосуына байланысты болатын құдалық түрі халық арасында «құдай қосқан құда» деп атала бастады. Шығыс аймақтарда құдаласу жолы бойынша жасалып, алдымен қалыңдық жағының «ұзату тойы», одан кейінгі «үйлену тойы» немесе «келін түсіру тойымен» жалғасатын үйлену салты түрінде болады. Оңтүстік аймақтарда белгілі себептерге байланысты туындаған «алып қашу» немесе «қашып кету» арқылы үйлену салты сақталған. Құдаларға сондай-ақ «төскейде малы, төсекте басы қосылғанының» жосыны ретiнде төс те тартылатын салт кездеседі. Осы ұғым негiзiнде төс күйеу мен келiннiң де сыбағалы асы саналады. Күйеу қайнына 5 барғанда, келiн түскен соң табаққа төс пен асық жiлiк тартылады. Асық жiлiктi балалар ойнайтын асық болсын, әрi “ойын-ойнайтын балаларың көп болсын” деп ырымдап бередi. Бала асырап алғысы келсе, асық жiлiк апарып балаға ұстатып асырап алатын жосын бар. Сайып келгенде, төс пен асықты жiлiктiң тартылуында “төсекте төс, дастарқанда бастарың айырылмасын” деп екi жастың махаббатын дәрiптеу жатыр. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр.Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. Зерттеу жұмысымыздың қорытындысы мен нәтижесі тақырыптың өзектілігі болып табылады, және баспасөз бетіне тақырыпқа байланысты мақаланың жариялануы. Қазақстанның шығыс пен оңтүстік аймақтарындағы салт - дәстүрлердің қолдану тарихын жан-жақты зерттеу өлкетану саласын толықтыруға өте қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Мұратхан Қани «Қазақтың көне тарихы».- А., 1996. 272 бет. 2. Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері».-А.,1998 3.Әбділмәжінұлы Бауыржан //Тарбағатай нұры 2001-10 қараша5-б 4. Сейдін Бизақов «Түбі бір түркілер».А.,-2002 5. Қазақстан тарихы, 2010 жыл, наурыз 7-18-б ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ Баяндамашылар:Таңатқызы Шуақ, Зыханова Нұрай Жетекшілері:Далбина Жанар Кайрбековна, Акимжанова Гульнар Байкаловнақазақ «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Киелі Елі мен Жерінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда батыр қазақ халқы астындағы атының беліне, өзінің сом білегінің күшіне, алып жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруының айбатына сеніп, арқа сүйеген. Қыпшақтардың – қазақтардың қару-жарағының айрықша қуатты болып, жауының құтын қашырғаны, батырларының мәртебе-мерейін асырғаны тарихтан ән-жыр, дастан, аңыз болып, жазба ескерткіштері, құжаттар арқылы бізге жеткен ақиқат. Алайда қазіргі жас ұрпақ ата-бабаларының осынау әскери қару-жарақтарының көптеген түрінің атауын да ұмытып бара жатқандай. Сол себепті біз бүгін қазақтардың әскери қару-жарағының бір шоғыры жөнінде ғана сөз қозғамақшымыз. 6 Халқымыз ғасырлар бойы жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Ел мен жердің қамы үшін ат үстінде күн кешіп, қолындағы бес қаруына сеніп жауының құтын қашырып, мысын басқаны ауыздан-ауызға таралып бүгінге жетті. Қару-жарақ – қай елдің де мәдениетінің, соғыс өнерінің ерекше құбылысы. Қазақ қару-жарағының қысқаша тарихы, қазақтың дәстүрлі қару-жарақ жүйесінің тарихы тереңде. Жалпы қару-жарақтың пайда болуы мен оның қолданылу тарихы өте ертеден басталса, Ұлы Даланы мекен еткен көне халықтардың қару-жарағына тән белгілер б.з.д. І мыңжылдықта қалыптаса бастады. Әр түрлі дереккөздер, археологиялық қазбалар мен басқа да материалдар қазақ халқының арғы түбі саналатын сақтардың әскери ісінің деңгейі, жауынгерлік өнері өте биік дәрежеде болғанын көрсетеді. Ерте замандағы халықтардың қару-жарағын зерттеген ғалым Қ.Ахметжанның көрсетуінше, сақтардың жеке жауынгерлік қару-жарақ комплексі алыс, орта және жақын қашықтықта қолданылатын шабуыл қарулары мен денеге киіліп, қолға ұстап қорғанатын қорғаныс жарағынан тұрды. Бұдан кейінгі дәуірлерде даланы дүбірлеп өткен батыр бабаларымыздың қару-жарағы металдардың өңдепөндіруіне байланысты түрленіп, өзгерістер қосылып отырды. Ғұн-сарматтардың, кангюлердің, үркілердің, қимақ-қыпшақтардың қару-жарақ соғу өнері даму сатысында бірнеше кезеңді бастан өткерді және жалпы адамзаттық өркениетке өлшеусіз үлес қосты. Дәстүрлі қоғамда затты қолданғанда оның символдық мәні ескеріліп отырады. Жауынгер скифтер мен спарталықтар үшін құлдарды өздеріне теңеп, олармен қару алып соғысуы қаншалықты мүмкін емес болса, өздеріне тең, азат әскери адамға қамшы жұмсау соншалықты мүмкін емес[4].Барлық түркі халықтарының қаһармандық эпостарында соғыс кезінде батырлардың жекпе-жек айқастары 5 қару түрімен сайысу – садақ ату (1), найзаласу (2), қылыштасу (3), балталасу (4) мен шоқпарласу (5) түрінде өткен. Көшпелілердің соғыс өнерінде батырлардың жекпе – жегі ғана емес, бүкіл әскердің ашық майдандағы айқасы, оның тактикасы осы жауынгерлік қару түрін қолдануға қатысты құрылды. Ұрыс алыс қашықтықтан садақпен атысудан басталып, адамдары шығынға ұшыраған жау әскерімен жақын қашықтықта бетпе – бет айқаста найзаласумен жалғасты, одан әрі қарай қоян-қолтық шайқаста қылышпен шабысу, айбалта, шоқпар сілтеу секілді тәсілдерге көшетін. Күштің тепе–теңдігі бұзылған жағдайда, қаша ұрыс салып, қайтадан шауып келе жатып артқа қарай садақ атуға көшіп, жаудан айласын асыруға тырысатын. Бұл әскери тактика барлық түркі-монғол халықтарына ортақ әдіс болды.Соғыста қолбасшылар әскери тактиканы ойластырғанда бес қару түрін айқаста қолдану мүмкіншілігін ескеріп, ұрыс салу әдісі соған негізделген.Әскери тактикаға негіз болу – ер қаруының бесінші ерекшелігі. Сонымен, жекпе-жек өткізетін, әскери бөліктер құратын, әскери тактиканы анықтайтын қарулардың ішінде де қанжар мен қамшы жоқ.Соғыс қаруының тағы бір ерекшелігі, — ер қаруы ретінде олармен жоғары дәрежелі әскери лауазымдарды белгілеу, әр түрлі символдық мағынада қолдану. Түрік сұлтандары таққа отырғанда, қазақ хандарын ақ кигізге көтергенде олардың 7 белдеріне қылыш байланатын. Еуропада рыцарь дәрежесін алғандарға корольге семсер таққан, Шыңғысханның кешітендері (жеке ұланы) “қылыш ұстаушылар” деп аталған, оғыздарда жақ хандықтың белгісі болды. Түрік сұлтандарының жеке ұландарының (гвардиясының) арнаулы бөлігі (солақтар) белгі ретінде жақ пен жебе ұстап жүрген. Шығыс шахтары, хандарының “үзенгішілерінің” (үзеңгі ағасы), орыс патшаларының жеке күзетшілері “рындалардың” лауазым белгісі – айбалта. Шоқпар – казак атамандарының, поляк гетмандарының лауазым белгісі. Иран, түрік қолбасылары да, дәреже белгісі ретінде, шоқпар ұстайтын. Байрақ, шашақ тағылған найза – көп халықтарда әскербасылық белгі. Мұнда да әскери дәреже белгісі ретінде қолданылған қарулар бесеу екенін көреміз: семсер (қылыш), найза, айбалта, шоқпар және садақ. Әскери дәрежені бейнелейтін қарулардың ішінде де қанжар жоқ. Қанжарды көбіне күнделікті өмірде, серуенде, үйде т.б. жағдайларда таққанын көреміз. Тарихқа терең үілсек, ата – бабаларымыз қазақ даласын жаулап алу саясатын жүргізген жауларының шапқыншылықтарынан қорғауда ғасырлар бойы күресіп келген. Осындай жаугершілік заманында қазақ батырлары қолдарына қару алып елді, жерді азат еткен ерлердің есімдері ұранға айналып, олар ұстаған қарулар ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырған. Ер азаматтың жаугершілік заманда жаумен шайқасқанда жеңіске жетуі оның астындағы тұлпары мен үстіндегі сауыты, қару-жарағына байланысты екені белгілі. Халқымыз бұл ойды «ер қанаты -ат»,«ер қуаты–қаруы» деп тұжырымдаған.Осы тұрғыдан алғанда қазақ халықының қаруы оның ерлікке толы өмірінен мәлімет беріп,еркіндікке ұмтылған мақсатын көрсетеді. Қазақ халқы күні кешеге дейін «аттың жалында, түйенің қомында» жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін қорғауда ата-бабаларымыздың басында дулығасы, арқасында жығасы, жүрек тұсында шарайнасы, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдігі т.б., халық ауыз әдебиеті мұраларында сақталған әскери қаружарақ атау-сөздері қаншама десеңізші… Соғыс кезінде батырлардың жауынгерлік жекпе-жегі бес қарумен айқасу,садақпен атысу, найзаласу, қылыштасу, балталасу, шоқпарласу түрлеріне қарай бөлінген. Бес қарудың әр түрін жете меңгерген жауынгерлерден арнайы садақшылар, найзагерлер, қылышкерлер, айбалташылар, шоқпаршылар әскери қосындары құрылған. Ал бірнеше қаруды меңгерген, бес аспап батырлардан ауыр қаруланған бөліктер жасақталған. Шайқас алыс қашықтықтан садақпен атумен басталып, адамдары, аттары шығынға ұшыраған жау әскерімен жақын қашықтықта бетпе-бет айқаста найзаласумен жалғасады. Одан әрі қарай қоянқолтық шайқаста қылышпен шабысу, айбалта, шоқпар жұмсау арқылы жүргізілегн. Ер қаруы-бес қаруды қадірлеу қазақтардың халықтық дәстүрінде осы уақытқа дейін сақталған. Қазақ батырларын бүгінгі ұрпақтары бабаларынан қалған ер қаруының жұрнақтарын киелі зат ретінде әлі де қастерлеп ұстап келеді. «Әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтардың жеткен жерінен бастайды, жақсысынан үйренеді, жаманынан жиренеді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне сай, әр кезең өткендегінің қайсыбір қаракетін мансұқ етеді, қайсыбір қаракетін қасиеттеп дамытады»,- деп ғалым Ш.Елеукенов айтқандай біз батырлар 8 жырындағы қазақ батырларының қолданған қару түрлеріне тоқталып, олардың шығу тарихын жан-жақты зерттей отырып, қазақ халқының қару түрлерінің жастар үшін танымдық маңыздылығын айқындадық. ӘДЕБИЕТТЕР:КІТАПТАР, ОҚУЛЫҚТАР: 1. Қырымның қырық батыры. Алматы: «Арыс», 2005. 2. Мәдиева.Г. Иманбердиева С. Ономастика. 3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі:Он томдық. Т2: БАлматы:«Ғылым»,1976. 4. Исқақов . Халық календары. Алматы: «Қазақстан», 1980. 5. Дәуітұлы С. Алмас қылыш: батырлар жыры. –Алматы: Жалын, 1973. – 6. "Ақсауыт" - қазақ батырлар жырларының екі томдык ғылыми жинағы.1977 ж. ДӘУІРДІҢ ДАРА ҰСТАЗЫ Баяндамашылар:Зейнолла Дана Серікбекқызы, Сыдықова Аружан Амангелдіқызы Жетекшілері:Далбина Жанар Кайрбековна, Акимжанова Гульнар Байкаловна «№47 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, әдеби мұрасын аялап, ардақтай білуге тәрбиелеубасты міндеттердің бірі.Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде. [4.1 б] Осы мақсатта бізде жерлесіміз, Тарбағатай ауданының тумасы, ұлы ұстаздар көшін жалғастырушы атақты орыс ғалымдарымен тең түсіп, үзеңгілес болған, қазақ әдебиетінде өзіндік үні бар ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаева апамыздың өмірі жолы мен шығармашылығымен таныстыруды санадық. Ұстаздың өмір жолы, жаңашыл, тың ізденістері, оның рухани әлемі әсіресе, жас ұрпаққа, мұғалім мамандығын қалап жүрген талапкер жастарға үлгі боларлықтай. Қанипа апамыздың жасампаз жаңашылдығы да таңғалдырады.Функционалдық сауаттылыққа баулитын жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: функционалдық сауаттылықтары артты;сөздік қорлары молайды;жазба жұмыстарына, көркем жазуға төселді;алған білімді тәжірибеде қолдана білу машықтары артты.Осынау есімі аңыз боп тараған Қанипа Омарғалиқызының ұстаздық еңбек жолын, адами ізгілікке тұнып тұрған қасиетті 9 істерін бүгінгі жас ұрпақ біліп, сол игі істерден үлгі алып өсулері керек десек артық емес. Сондықтан да тағылым көзіне айналып отырған ұстаздың рухани мұраларын болашаққа да жеткізетін өзіміз екенін ұмытпайық. «Ұстаз мұрасы, даналығы – тәрбиенің көзі»,-десек, сол тәрбие көзінен тағылым алуға ұмтылдыру – біздің парызымыз.Ұлы ұстаздар көшін жалғастырушы Қанипа Бітібаева - қазақ әдебиетінде өзіндік үні бар ұлағатты ұстаз. Ең алдымен ол өзі өсіп өнген қазақ жұртының халықтық мұрасын терең меңгеріп, асылын бойына жинақтап бала жүрегіне ізгілік пен білімнің нәрін септі, мұраларын шәкірттерінің санасына ұялатты.Сондықтан да рухани жетілу жолындағы алған өзге әсер ықпалдарының ізгі үрдісін халқының қажетіне жарата алған.[2. 10 б] Бітібаева Қанипаөз өмірі жайлы «Мен өзі негізінен Тарбағатай өлкесінің перзентімін ғой. Бала күннен-ақ әкем де, анам да «Сен мұғалім боласың, артыңдағы бауырларыңды өсіріп жеткізесің» деп айтып отыратын. Бұл мамандыққа мен аяқ астынан келе қалған жоқпын. Мұғалім мамандығына жантәнімменен, балалық романтикалық сезімімменен мақсатты түрде келдім. Оның үстіне өскен ортамның өзі әдебиетке жақын болды. Әкем Омарғали Бітібаев ақын еді. Ол кісі «Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Мұңлық –Зарлық» секілді эпостық жырларды жатқа білетін жыршы да еді. 1952 жылы бірінші сыныпқа бардым. Сенсеңіз, біз үш-ақ айдың ішінде тез хат танып кеттік. Қазір ол кездегі мұғалімдер қандай методикамен сабақ берді екен деп таңдай қағамын. Мен өзі атақты мұғалімдерден білім алдым. Солардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шәкірті Шомбин Смағзам деген мұғалім еді. Бізге ренжігенде: «Сендер мені кім деп ойлайсыңдар, мен Сұлтанмахмұттың шәкіртімін» дейтін еді. Әрине, біз ол кезде баламыз. Сұлтанмахмұттың кім екенін білмейміз. Ұстазымыздың «Сұлтанмахмұттың шәкіртімін» деген сөзі «бастықтың шәкіртімін» дегендей әсер қалдыратын. Сонда мен Торайғыровтың шәкіртінің шәкірті болып тұрмын ғой» деп өзінің Сұлтанмахмұттай ұлы адамның шәкіртінің шәкірті болғанына мақтан тұтқан... Жарты ғасырға жуық ұстаздықтың жалауын жоғары ұстаған Қанипа Омарғалиқызы бүгінгі таңда авторлық эмпирикалық – ілімдік оқыту жүйесі қалыптасып, дамыған, педагогика ғылымының зерттеу объектісіне айналған тұлға. Ш.А.Амонашвилидің дәстүрлі оқытуды оқушылардың ынтамен, саналы түрде білім алатын ортасына айналдыру, Ю.К.Бабанскийдің оқу – тәрбие үдерісін оқушылардың мүмкіндіктеріне сай жүргізу арқылы нәтижеге бағыттау сынды әдістерін педагогика ғылымы толық мойындаса, Қ.О.Бітібаеваның оқушыларға ой салу, ойланту, ойландыру қағидасы өміршең өзектілігімен таңғалдырады. Жасампаз жаңашылдығымен таңғалдырады.бүгін барлығымызды өмірі мен ерен еңбегінің өнегелі өрнегімен тәнті еткен Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның ұстаздық тұлғасынан өткен ғасырдың 50 – 70 жылдары көрініс тапқан, уақыт өте келе телегей теңізге, асқаралы арманға, парасатты пайымға айналған. [3.20 б] М.Әуезов шығармашылығын оқыту дегеніміз - үлкен мұхитқа сапар шеккенмен тең деген сөз. Сабақ типтері мен түрлері, проблемалық, ұжымдық, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту технологиясына сүйене отырып, ұлы жазушы шығармашылығын оқытудың өзекті мәселесін көтереді. Оқушылардың 10 шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. «Абай жолы» эпикалық аса ірі туындыны оқыту ізденістерін мектепте М.Әуезовті таныту ғылымына қосылған сүбелі ізденіс деп айтуға болады. Ең алдымен ұстаз «Абай жолын» тереңдете оқытуды негізгі ұстаным ете отырып, оны меңгертудің жеңіл, оңтайлы жолдарын қарастырады. Осынау мұрадан сусындау, нәр алу – бүгінгі біздердің еншімізде.«Ұстаздық – ұлы жол»,-деген екен дана халқымыз, осынау мамандықтың киелі жолында Әл-Фараби байлықтан бас тартса, Темірдің немересі Ұлықбек бабам хандықтан, биліктен бас тартқан екен. Ұстаздық киелі мамандыққа бар өмірін арнаған, әр сабағында «Абай, Мұхтар» деп ұлыларымызды тірілтіп, ұлылықтарын ұлықтаған, әр сабағында қиялдың ақ боз атына мінгізген аяулы ұстаз еңбекқорлығымен, академиялық білімімен қаншама жандарды, қоғам қайраткерлерін таңдандырғаны, мойындатқаны да рас...Ұлы тұлға- ұстаздардың артында қалған өшпес мұрасын, шығармашылықтарын тұмардай аялап, құрандай қасиеттеп, өмірінің алтын шамшырағына айналдырған, туған тілі мен әдебиетінің қадір-қасиетін жас өспірімдерге жеткізу үшін тың жол іздеп, аянбай еңбек етіп, соларға еліктеп ғұмыр кешіп жүрген Қанипа Бітібаеваның шығармашылығын үлгі ету ұрпақ еншісінде. Сондықтан да тағылым көзіне айналып отырған ұстаздың рухани мұраларын болашаққа да жеткізетін өзіміз екенін ұмытпайық. «Ұстаз мұрасы, даналығы – тәрбиенің көзі»,-десек, сол тәрбие көзінен тағылым алуға ұмтылдыру – біздің парызымыз. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы: Мектеп, 2003. 2. Ізтілеу Д. «Әдебиетті оқытпау -шәкірт алдындағы ауыр қылмыс!» ұстаз, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, профессор Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева туралы /Д.Ізтілеу //Ана тілі. -2010. -25 қараша-1желтоқсан. ЖЕРЛЕС АҚЫНЫМЫЗДЫҢ ТАҒЛЫМЫ Жапаева Айдана Жетекшісі Шамсутдинова Альфиса Хакимуллавна «Н.Баймұратов атындағы орта мектеп»КММ ШҚО,Бесқарағай ауданы Адамға керегі үш–ақ нәрсе: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат. Данышпан Абай осылай айтқан екен.Осынау үш қасиетті бойына сіңіре білгендердің бірі –Нұрлыбек Баймұратов.Қаншама таршылық, тапшылық заманға ұшырап,соншама қиын әлеуметтік –саяси дағдарыстан шыға алмай тығыраққа тірелгенмен,тәуелсіздік әкелген сөз бен құқық бостандығы егемендік алған ел еңсесін көтеріп,рухани дамудың алдына жаңа бір көкжиек ашты. Егер бұрын халық жырлары жырымдалып, ұлттық тарих тарамдалынып,селсоқ назар аударылып келсе,егемендігіміздің арқасында оған зерделі зейін қойып,бар-бар құндылықтарымызды риясыз көңіл көзінен өткізіп,кәдеге асыратын заман туғаны аса ғанибет сезімді оятады. Ақынның ең алғашқы өлең-жырлары 1924 11 жылы алғаш рет баспасөздерінде жарияланды.Алғашқы көлемде шығармасы «Қала сұлуы» поэмасы 1925жылы «Таң» журналында жарияланыпты. Бұл шығармасында ол қаланың кейбір жеңіл мінез, көрсеқызар, опасыз, қуыс кеуде, бояма «сұлуларының »жағымсыз бейнелі жат қылықтарын әшекерленген. Ал шығармалар жинағы 1957 жылы кітап болып басылып шықты. Ақынның «Майдан хаты», «Жүрек қуанышы», «Батыр ұлыма», «Аттаныңдар», «Колхоз радиосы» атты жырлары соғысты ерлерге арналған. Оның жырлары алыс көкжиектерге бет алғандарға үзеңгілес жан жолдас. Оның қайталанбас дарынын астанамыз Алматы ғана емес, бүкіл одақтың сол кездегі орталықтың жан-жүрегі боп танылған Мәскеуде екі мәрте көріп жете танығанын тарихи тұлғалар, зиялылардың еңбегінен, айтқан сөздерінен көреміз. Оның еңбектерімен, шығармаларымен танысқан адам қазақтың ұлы азаматтармен дос-жолдас болып, тығыз байланыста болғанына көз жеткізеді. Ол бүкіл дүниежүзін палуандылықпен аралап танылған қазақтың нар батыры Қажымұқанмен де, Парижде әйгілі әнімен танылған Әміре Қашаубайұлымен, халық артісі Калибек Қуанышпаевпен бірге замандас болған, олармен тығыз байланыста болып, араласқан. Нұрекеннің 1945 жылы Төлеу Көбдіков ақынмен айтысы Төлеу ақынның «Жырларым» атты кітабына кіріп, 1975 жылы 10 000 дана боп шықты. Ақын Ұлы Отан соғысының батыр жауынгерлері Т.Тоқтаров және М.Габдуллин туралы алғашында «Қос қыран» атты өлең шығарған. Сонымен бұл тақырыпты зерттей жүріп, Отан сүйгіш ерлердің жауға қарсы ересен ерлік істерін көркем тілмен суреттеп көлемді дастанға шейін көтерген. Дастанда Б.Момышұлы, Б.Жетпісбаев, А.Мұхамедияров, Ж.Ү.Батталов сынды Панфиловшы жаужүрек батырлардың шынайы бейнелерін сомдай білген. Бұл шығармасы Дмитрий Снегиннің аударуында орыс тілінде жарияланыпты. Нұрекеннің қарағандылық ақын Маясарамен айтысы 1966 жылы Алматы «Жазушы» баспасынан шыққан «Айтыс» кітабының 3 томына кіргізіліпті. Ақынның «Қазына» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы 1982 жылы Алматыдан аз таралыммен басылып шыққан. Бұл кітапқа ақынның «Ер Төлеген », «Қаңды жорық» дастандары енген. «Қанды жорық» поэмасы 1962 жылы жеке кітап болып басылған. Мұнда азамат соғысы жылдары атаман Анненков бастаған ақ гвардиялардың қазақ ауылдарына жасаған бүліншілігі мен оған қарсы Семей маңындағы бұқара халықтың күресі туралы суреттелді. Нұрлыбек суырып-салма ақындардың ішіндегі өзінше бір ерекше тұлға десек, асыра айтқан болмас. Жаңа бір ағымға арнап берген асқар қия. Қазақтың Абайдан ұлы ақынын ұстаз тұтып, оның шығармаларын жастайынан жаттап өскен Нұрлыбек Баймұратов есейе келе, өлеңдерді ешбір дайындықсыз суырыпсалып айтатын шеберлікке жеткен. Белгілі ақын Тәңірберген Әміренов –«Нұрлыбек жай әңгімеде болсын, өлеңінде болсын Абайға ләйім ден қоятын...»-деп еске алады. Нұрлыбек ұлы Абайдың шығармаларын үнемі өзіне үлгі ретінде қабылдаған. 12 Бірінші рет Нұрлыбек Баймұратов Жамбыл Жабаевты 1939 жылы қараша айының 10-12 күндері күндерінде Алматыда өткен халық ақындарының республикалық слетінде көріп еді. Осы шақыртуымен екінші рет келіп тұрған еді. Бірінші рет осы Алматыда 1939 жылдың 21-22 маусым күндерінде өткен Қазақстан жазушыларының 2 сьезінде көріпті. Сол кезде Нұрлыбек аға 52 болса, ал Жамбыл атамыз 93 жастағы кезі еді. «-Пау, шіркін! Өзі де Алатаудың алып шындарына қарғып доп түсетін алып арқарларына құлжасындай екен » -деп сүйсінеді қарт Жамбыл оның өнері мен тұлғасына риза болып. 1940 жылы Жамбыл ауылдағы Нұрлыбек Баймұратов пен Жамбыл Жабаевтың кездесуін айнытпай полотноға белгілі қылқалам шебері, дарынды суретші Борис Чекалин түсіріпті.Осы сурет Жамбыл Жабайұлының Ұзынағаштан 12 шақырым жердегі Жамбыл ауылындағы өзінің әйгілі мұражайда болып тұр. Қазақ халқының алыбы Жамбылды, данышпан Абайды пір тұтқан Нұрлыбек өзінің жырында сол кездегі халықтың ауыр күндерін айтады. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнатылғанда оның істеріне белсене қатынасып, жаңадан құрылған жас мемлекеттің қаз тұрып кетуіне де ақынның қосқан үлесі аз болған жоқ. Оның «Ұлы еңбектің олжасы » деген өлеңінде қазақ революция мен Одақ кезі туралы баяндайтыны бар. Сонымен бірге 1931 жылдары болған бұрмалаушылық заманында ашық жырлады. ақынның заманы туралы да айтылды. Жоқшылықты көрген, халықтың ауыр жағдайын айтқан.Ақынның өлендері шың мәнінде халықтық өлеңдер. «Ақын өз халқымен, Отанымен бақытты»-деген сөздің бағасын беруге болады. деп Нұрлыбектің поэзиясы, терең идеясы- саяси жағынан өміршең поэзия болды, оның шыңдығы мен күші де осында. Оның өлендері шың мәнінде халықтық өлендері.Ол- халықтың көзі, ескінің сарқыты. Бесқарағай өңірінің тумасы, тума талант Нұрлыбек Баймұратов артында өшпестей іс қалдырған жан. «Тау алыстаған сайын биік көрінеді» демекші, жылдар жылжып өткен сайын оның бейнесі, тұлғасы кесектеліп сомдала түсіп, абыройы асқақтап, өрісі өсіп келеді десек, артық айтқандық емес. Нұрлыбек Баймуратов-Бесқарағай өнерінің атақты ақыны, өз атынан өшпестей із, өнегелі іс қалдырған. Оның әрбір жырының, шығармаларынан әділдіктің, адамгершіліктің асыл қасиеттердің иісі аңқып тұр. Нұрлыбек есімі қашанда ұрпақтарының жүрегінде, оған деген халықтың ілтипаты еш уақытта суымайды, ұмтылуы да мүмкін емес. Сондықтан қазақи дәстүр айтыс өнерінің жақтаушысы, насихаттаушысы біртуар өнер иесі Нұрлыбек Баймұратов-Қазақстан Республикасының ұлы мәдениет қайраткері, Бесқарағай өңірінің таланты және оны қазақ мәдениетінің насихаттаушысы, жалғастырушысы ретінде толық зерттеуден өткізу алдағы кезектегі мәселе. Ақынның шығармаларын толық зерттеп, талдап, өткен деректерді интернет сайттары арқылы әлемдік айналысқа беру, тарихи жадымызды жаңғыртып, тарих қорына енуін іске асырсақ деп ойлаймын. Президентіміздің «Мәдени мұра» және биылғы Халыққа Жолдауы «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталуының 13 бірден бір себебі білім сапасы мен өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін шетен тыс қалдырмау. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. // «Бесқарағай тынысы» №8,9,15,19Асылбек Қожахметов 4 беттер(Әдебиет әлемінде ) қаңтар, 2012 жыл 2. //«Қазақ әдебиеті» №37 Р.Қорабаев «Абайдың хатшысы »(21011) 15сентябрь 1989 НАРОДНЫЕ ПРИМЕТЫ И ИХ ЗНАЧЕНИЕ В ЖИЗНИ ЛЮДЕЙ Автор:Сеилгазина Дилара Руководители:Кажигулова Гульмира Кадыровна, Кусаинова Анар Сактасыновна КГУ «Средняя общеобразовательная школа №39» На Земле существует свыше 200 стран. А народностей ещё больше. Каждый народ представлял и представляет мир по - своему. А примет и суеверий у каждого народа, наверное, не счесть. Мир находится в постоянной борьбе добра со злом. Каждая из этих сторон попеременно брала верх над другой, и в природе или жизни человека соответственно происходили благоприятные или неблагоприятные события. Пытаясь понять эти события, наблюдая за ними, у народов складывались плохие и хорошие приметы и суеверия. Плохие приметы связываются с верой наших предков в нечистую силу, которая воплощалась в домовых, чертях, ведьмах, леших и тому подобных мистических существах у славян, вджинов, шайтанов у тюрков, которые вредили людям или даже могли иногда брать над ними верх. К примеру, по одной версии считалось, что домовой душит людей по ночам, садясь им на грудь, а по другой – домовой, хозяин дома, хранит его обитателей. Хорошие приметы ассоциируются в первую очередь с действиями светлых сил, которые помогают людям и оберегают их от промыслов злых сил. Эти приметы связаны с различными жизненными ситуациями. Например, если родившийся мальчик похож на мать, а девочка – на отца, то они в жизни будут счастливыми. Повстречать на пути женщину, несущую полные ведра – верный признак удачи, а с пустыми – к неудаче. У торговцев есть своя примета, если первым покупателем будет мужчина, значит, день будет удачным. Народные приметы и суеверия существуют столько же, сколько существует само человечество. Приметы дошли до нас из самых далеких глубин древности именно потому, что значение народных примет и суеверий было абсолютным и неоспоримым для народов всего мира. Имея самые различные формы и проявления, народные приметы и суеверия порой невероятно точно они подмечают истинную суть происходящих процессов. Народные приметы это наблюдения людей, передаваемые из уст в уста и накопленные таким образом за долгие тысячи лет. Случается так, что одни и те же приметы и суеверия толкуются очень по - разному у разных народов. Для русского человека черная кошка, перебежавшая дорогу - крайне скверная примета, для египтянина кошка, неважно какого цвета - к удаче. 14 В древние времена народные приметы и суеверия имели крайне важное влияние не только на отдельных людей, но и оказывали определенное влияние в решении государственных вопросов. Иной раз судьба войны могла зависеть от того, с какой ноги утром встал предводитель. Народные приметы это приметы и суеверия, которые вышли из народа и до сих пор оказывают влияние на поступки. Рассыпал соль - к ссоре. Зачесалась правая рука - к деньгам, ну коли зачесалась левая - к драке. Еще один крайне популярный раздел во всем многообразии народных примет и суеверий - свадебные приметы. Вообще свадебные приметы скорее похожи на советы молодоженам, просто изложены они в простой и доступной форме. В соответствии с народными приметами даже месяц, в который будет сыграна свадьба, имеет значение. Вообще, имея различные формы проявления, народные приметы и суеверия порой достаточно четко отражают истинную суть происходящего. Зачастую человеческому разуму очень сложно познать и освоить окружающий его мир. Двигаясь к знанию, человек сталкивается с непонятными, загадочными, а порой и просто чудесными вещами. Однако следует так же учитывать, что в народных приметах и суевериях имеется множество неверных предположений и заблуждений, объясняющих практически любое таинство проявлением сверхъестественных сил. И поэтому можно сделать вывод, что народные приметы и суеверия не являются исключительно верными объяснениями происходящего, а могут вернее натолкнуть на некий внутренний путь. Верить или не верить приметам – дело субъективное. Лучше считать народные приметы и суеверия устным народным творчеством, которым оно и является. Так как суеверия отдаляют нас от истинной веры в высшие силы. Возможно, кому-то положительный смысл приметы помогает настроиться на нужный лад. Если человек очень сильно чего-то желает, то старается это осуществить. Положительный результат гадания или приметы придают ему уверенность в себе. Таким образом, создаётся необходимый настрой. По сути, гадалки – психологи, которые настраивают человека на нужную «волну». Не хотите быть зависимым от чужой воли? Верьте в высшую справедливость и Божий промысел. Не стоит оправдывать свой страх решиться на поступок встречей с чёрной кошкой или со священнослужителем. Верить в приметы просто потому, что они предлагают соблюсти простые ритуалы, чтобы защититься от несчастий или получить что-то. Гораздо сложнее жить по религиозным заповедям. Немаловажно и то, что суеверия задают определённую программу. Человек начинает нервничать, и затем уже не может адекватно реагировать на происходящее. Лучше просто не придавать значения суевериям. Нужно просто жить по чести и совести. Приметы и суеверия… Как было выше сказано, их лучше считать устным народным творчеством. У каждого народа есть свои приметы и суеверия, но в наш век, век, в котором мы шагаем в мировой паутине, в интернете, они 15 расширяют свои границы. Совсем недавно пришла к нам примета европейских народов – кидание невестой букета, девушка, поймавшая букет, будет следующей невестой; до свадьбы нельзя жениху видеть невесту; пятница 13 и т.д. В заключении хотелось бы добавить, что только Вам решать, верить или не верить в приметы и суеверия. Ведь если Вы верите, что разбитое зеркало — это к несчастью, то беда обязательно придет в Вашу жизнь. Поэтому примета разбить зеркало не всегда может означать плохие события, которые Вас ожидают. Каждый человек сам выбирает, во что ему верить, а во что — нет. А используют ли литературные герои приметы и суеверия? Кто из писателей в русской, казахской и английской литературе использует данный вид устного народного творчества? Этот вопрос я обязательно исследую в следующей работе. Приложение И всё - таки я провел опрос. Верите или нет в народные приметы и толкования каждого события? Потому что этим вопросом хотя бы единожды в жизни задаются даже самые закоренелые скептики. Я опросил 25 взрослых людей, и провеланкетирование в 6,8,10 классах. Результат опроса взрослых людей, 23 человек из 25 верят в приметы. Используемая литература: 1.Русские народные пословицы, поговорки, приметы "Московский рабочий", 1958 год 2."Приметы русского народа" В. Песков газета "Комсомольская правда",1994 год № 326 3.http://www.portal-slovo.ru http://www.portal-slovo.ru http://www.licey.net/lit/istok/folklorTurgenev http://ru.wikipedia.org/wiki МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Баяндамашы:Тойганбаева Даяна Жетекшісі Балажанова Ғалия Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі бақшасы КММ «Сөз - сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» демекші. Кәзіргі уақытта балалардың сөйлеу тілі кеш шығып, түсініксіз болуда. Сонымен бірге, отбасында екі тілде сөйлеуде бұл баланың сөйлеу тілін бұрмалап, кешеуілдеп шығуына әсер етеді. Баланың сөйлеу тілі оның психикасына да әсер етеді. Өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету 16 ұтымды болады. Неғұрлым түсінікті, еркін сөйлесе белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтып, жұрнақ, жалғауларды сөздерде дұрыс қолданбайды. Осы ауқымды мәселеге байланысты мектеп жасына дейінгі мекемелердің тіл мамандарына төмендегі құрастырылған - тапсырмалар жүйесін ұсынып отырмыз. Бұл -тапсырмалар мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру негізінде беріліп отыр, ойын түрінде жүргізіледі.Тапсырмаларды құру барысында балалардың жас ерекшеліктеріне, сөйлеу тіл мүмкіндіктеріне, -тапсырмаларды қалай түсінетініне, белсенді және енжар сөз қорының қалпына назар аудардық; -тапсырмалар ауызша және көрнекілік арқылы берілді. Балалардың сөз өзгерту дағдыларын қалыптастыру бойынша алты -тапсырма берілді. Яғни қазақ тілінің төрт жалғауына сәйкес. Мысалы: Біз қазір ойын ойнаймыз. «Ненің құйрығы?»ойыны, «Мен, сен, ол» деген т. с. с. Сен өзіңді «мен» деп, мына қуыршақты «сен» деп, ал мына қуыршақты «ол» деп айтасың. Мен саған бір сөз айтамын сен оны «мен, сен, ол» сөздерге қосып айтасың т. с. с. Көптік жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру бойынша -тапсырмада, бала көптік жалғаудың сөзге сай нұсқасын қолданып, сөзді көпше түрге ауыстырып айту керек. Сонымен бірге қазақ тіліне тән үңдестік заңына сай. Екінші, үшінші, төртінші -тапсырмалар ілік, табыс. Жатыс септіктерінің жалғауын қолдану дағдысын қалыптастыруға бағыталып отыр.Ойын. « Ненің құйрығы» Мақсаты: Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Нұсқау: 1 -тапсырма Ойын. « Біреу - көп» Мақсаты: зат есімнің жекеше түрін көпше түрге өзгерту дағдыларын қалыптастыру. Нұсқау: Біз қазір «біреу - көп» ойының ойнаймыз. Мен затты аз мөлшерде айтамын, ал сен көп мөлшерде айт.Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға 1 Алма 2 Шие 3 Қарандаш 4 Күшік 5 Мысық 6 Өрік 2 -тапсырма Кеше кешкісін қатты жел соққаннан жануарлар құйрықтарын жоғалтып алыпты. Қане, құйрықтарды тауып иелеріне берейік. Алдымен ненің құйрығы екенін айтып өтейік. № Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға 1 Ит 2 Маймыл 3 Қоян 17 4 Мысық 5 Мысық 6 Түлкі 3 -тапсырма Ойын. «Қоянға нені берді?» Мақсаты: Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Нұсқау: Мына суретке мұқият қара, қоянға не нені бергеннін есіңе сақта. Енді не нені бергенін айтып бер. № Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға 1 Шар 2 Бантик 3 Гүл 4 Доп 5 Алманы 6 Кесе 4-тапсырма Ойын. «Кімде не бар?» Мақсаты: Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Нұсқау: Мына суретке мұқият қарап, неде не бар екенін айтып бер. Ұсынылған заттар Баланың жауабы Баға 1 Қоян 2 Кірпі 3 Ит 4 Мысық 5 Есек 6 Құс 5 -тапсырма Ойын «мен, сен, ол» Мақсаты: Зат есім сөздерді жіктік жалғауында қолдану дағдыларын қалыптастыру. Нұсқау: Қазір біз «мен, сен, ол» ойынның ойнаймыз. Мен саған сурет көрсетемін, сен сол суреттегі маман иелеріне мен, сен, ол деп берілген сөзге қосып айтасың. Қорытынды: Осы сияқты тапсырмалармен өзіммен бірге оқып жатқан оқушыларымның тілінің дұрыс қалыптастыруға пайдасы зор. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Абдошов Гарифолла Шинушұлы : Ол туралы //Ақжайық ақберендері.- Алматы: Өлке,2005.- 2. М.Жұмабаев. Шығармалар. I том. Алматы, 1995 3. Ш.Елеукенов. Мағжан. Астана, 2008 4. Кенжахметұлы С. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Алматы, 2004ж. 18 КӨШЕ ЖАРНАЛМАЛАРЫН ЛАТЫН ҚАРПІМЕН ЖАЗЫП КӨРСЕК ҚАЛАЙ БОЛАДЫ? Авторы: Айдарханова Аружан Жетекшілері: Улыкбекова Амангул Ертугановна Мантиева Балжан Берікқанқызы «Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты... Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді. Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт. Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып- ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты- жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да солай. Менің ойымша, латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін 19 әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын түп нұсқада оқуға жол ашылады. 1.3. «Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары» Латын әліпбиінің қолдану аясы. Латын әліпбиінің қолдану аясы. Латын әліпбиі бүгінде жер шарының түкпір-түкпіріне тараған. Олардың қатарына Солтүстік және Оңтүстік Америка, барлық Африка елдері, Австралия, кейбір Шығыстағы елдерін қоспағанда Еуропа құрлығы, Малайзия, Сингапур мен Индонезия қоса алғандағы халқы тығыз қоныстанған және экономикалық қуатқа ие ОңтүстікШығыс Азия елдері кіреді. Латын әліпбиіне көшудің 5 пайдасы. Себебі: 1. Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен. 2. Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 3. 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек. 4. Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті. 5. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосыпалуды, толықтыруды қажет етеді, әрине. Бастысы, халық болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын. Латын әліпбиін үйренудің жолдары. Латын графикасына көшкенде жаһаңдану процесіне және озат технологияға сәйкес біздің қоғамымызға әлемдік ақпараттық кеңістікке кіруге мүмкіндік ашылар еді. Осы замандағы жас ұрпағымыз үш тілді болса (президентіміздің талабы) сонда ғана олар біздің мемлекетімізді әлемдік аренада ұтымды көрсетедіжәне еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашылады. Көше жарнамаларының латын қарпімен жазылуы Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше. Бүгінде еліміз еркіндік алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Десек те, қазақ тілінің мәселесі бүгінгі таңда өзекті де, өткір мәселенің бірі болып отыр. 20 Міне бүгінгі қазақ қауымы алдында тұрған, салмағы екі ұрпаққа да тең түсетін, ел болып, жұрт болып ойлана-толғана отырып шешетін ұлт тағдырына байланысты, күрделі де қиын мәселе осы болса керек. Бұл мәселеден бой тасалап, сырт қалам деушілер түбінде мықтап қателеседі, ал мұны сөз жүзінде қолдаған болып, іс жүзінде жүрдім-бардым қарайтындардың күйкі тірлігі – елді емес, ең алдымен өзін-өзі алдағаны. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деп дана халық тегін айтпаған. Қоғамның арқалаған жүгі ауыр болғандықтан да оның құрамына енген азаматтардың ұраны ынтымақ, бірлік, тұтастық болуы керек деп білемін. Латын әліпбиіне көшіу – ол, өз әліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік әлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), ғаламтор материалдары. 2. А.ӘШІМОВ, Қазақстанның Еңбек Ері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі 3.05.2017ж, ғаламтор материалдары 3. Латын әліпбиі: Жаңғыру — жазудан басталады Талас Омарбек, Жаңабек Шағатай, Дандай Ысқақ: 3.05.2017ж, ғаламтор материалдары 4. Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М, Манасбаев Б. «Қазақ тілінің стилистикасы» Алматы 1990ж. 5. Солтанбекова Ғ.Ә. «Қазақ жарнамалары: тілдік сипаты және олардың ықпал ету қызметі» автореферат Алматы 2001ж. 6. Жұмазия Әбдірахманова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті көптілді білім беру факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты 7. Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Демесинова Самал, 22.08.2017, ғаламтор материалдары МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ Қыдырғажы Сырым Рымбаева Айгуль Смагуловна «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына алғаш оқығаннан қызықтым.Ұстазым мен анам осыны байқап Мағжанның туындыларын оқуға баулыды.Лицей кітапханасына кіргенімде осы жазушының ойлы жанарын және кітаптарын кітапхашы Байбала Жәмекешқызының арнайы жасаған « Мағжан және балалар әдебиеті» деген сөреден байқадым. Балалар әдебиеті-сөз өнерінің жеке бір өзекті бөлігі. Ол қазақ әдебиеті тарихының өскелең, әрі құрамдас саласы. Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні өте тереңде екен. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінде ертегілер, жаңылтпаштар, 21 тақпақтар, жұмбақтардың болуы халқымыздың бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгенінен хабардар етеді. Міне, сондықтан да ондай өлмес мұралар мәнмаңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтқан емес. Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақынМағжан Жұмабаев та қазақ балалар әдебиеті іргесін қаласуға қомақты үлес қосты. Балалар әдебиеті тақырыбына маржандай төгілдіріп көп өлең тудырды. Арнайы ғылыми еңбектер, оқулық, әдістемелік құралдар жазды. Солардың бірі және бірегейі «Педагогика» («Баланы тәрбие қылу құралы») атты әрі оқулық, әрі әдістемелік сипаттағы кітабы. Бұнда «аз ғана ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдердікі» деп атап көрсетеді. Күллі мұғалім қауымына тарту еткен бұл кітабын данышпан Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуге балаға» деген сөзімен аяқтауы тегін емес [1,36б]. Мағжан ақынмын, көкте жүзуім керек демей, қазағын оятуға сөзбен ғана емес іспен кіріскен. Мұғалімдік қызметті жан-тәнімен сүйіп атқарған. Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған әлденеше рет ондаған мың тиражбен басылған «Сауатты бол» оқулығы шешуші орын алды десек, қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін мұғалім қауымы, барша жұртшылық үшін таптырмайтын құрал. Сонымен қоса, Мағжан кітабы бүгінгі ғалым мен шәкіртке, жазушы мен оқырманға бірдей пайдалы, қызғылықты да, құнды шығарма. Енді Мағжанның балалар поэзиясына келсек, бұл жанрда жазылған шығармалар оның бала тәрбиесі туралы ілімімен орайлас. Ақынның балажандылығы, балаларды жанындай жақсы көруі-оларға арнап өлең жазуының бір себебі болды десек қателеспеспіз. Мағжанның балаларға арналған өлеңдері көп болмаса да, оның қаламынан туған өлеңдерінің балалар әдебиетінде алатын орны зор. Мағжан Жұмабаевтың балаларға арналған өлеңдерін тақырып бойынша былай жіктеуімізге болады. Мағжан өмір сүрген дәуір қазақ қоғамының ояна бастаған дәуірі еді. Абай, Ыбырай, Ахмет, Міржақыптың өкшесін баса Мағжан да халқын өнер-білімге шақыруға айрықша ден қойды. Жас таланттың ағартушылық қозғалысқа қызу араласқанын мына өлеңдері айқындайды: «Қарағым», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Жердің жұмырлығы», «Немере мен әжесі» т.б. М: Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме, Ойынға құр қаларсың көңіл бөлме. Оқымай, ойын қуған балаларға Жолама, шақырса да қасына ерме! [1,85б]. («Қарағым») Кейінгі жылдары осы мазмұн ойнақы, баланың өздері жаттап айтып жүретіндей жеңіл тілді пішін алды. М: «Сал білек» өлеңін алсақ: Сал, сал білек, сал білек, Балдай тәтті бал білек. Мектепке бар бір мезгіл, Әжеңнің тілін ал білек [1,93б]. 22 «Ата, бата» өлеңі де осыған ұқсас: Мектептен қайтты Марияш, Әліппесі қолында. Шақырады оны атасы «Кел, құлыным, кел мұнда» Марияш: «Ата, бата» дегенде, Атасы: «Бата десең қарт атаң Айналсын сендей ботасын Оқы, құлыным, әлім бол Атаң берді батасын»-дейді. [2,102б]. Бала ойнақы сөзді ойынға айналдыра отырып, ғибрат сөзді жадына сақтап қалары кәміл.Әсіресе ,қазіргі балалар ғаламторға тәуелді заманда Мағжан атаның шығармалары таптырмас құндылық. 2.Еңбек тақырыбына байланысты өлеңдері. «Ақ қала», «Жазғытұрым», «Бөбектің тілегі» т.б. өлеңдерін жатқызуымызға болады. Ақын мен педагог Мағжан тұлғасында тамаша үйлесім табады. Сондықтан өлең нысаны айқын: бала дүниетанымын байыту, жас жанның жүрегінде құлықтылық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін егу және сол қасиеттерді бала бойы мен ойына ойнап жүріп дарытатындай. Мысалы, ауылдағы қай қазақ баласы аққала соғып ойнамаған. Қысты күнгі ішпысты балаға бұл да бір таптырмайтын қызғылықты ойын. Осыны ескерген Мағжан балаларды ұлттық ойынға қоса отырып, еңбек тақырыбын көтереді. Балалар ауыл арасындағы күртік қардан аққала соғады. Қардан үйдің төрт бұрышын шығарып, терезе қойып, мәре-сәре болады. Беттері бүлдіргендей қызарып, күліп, таласып жүріп, асыр салып ойнайды. Және де бала нені көрсе содан ойын шығарады ғой. Шыбықты ат қып мінеді, жарысады. Қотанға қой иіреді деген сияқты ата кәсібіміз мал бағу бала ойынынан аз орын алмайды. Бұл жайт Мағжан назарынан тыс қалмаған. Еңбек тақырыбын ширата түсуге пайдаланған. «Бөбектің тілегі» өлеңінде Тоқтышағым тоғыз тап, Саулық қойым сегіз тап, Сегізін де семіз тап. Құла бием құлын тап, Құлын тап та, құнан тап, Құнан тапсаң егіз тап,-деп тақпақтайды [2,139б]. Әр төл үшін мейірлі сөз табады. өлең жолдары өзінен-өзі жатталып, дауыстап айтуға қызықтырады. Пайдаланылған әдебиеттер М.Жұмабаев. Шығармалар. I том. Алматы, 1995 М.Жұмабаев. Жан сөзі. Алматы, 2005 Ш.Елеукенов. Мағжан. Астана, 2008 23 Жұмабаев М. Өлеңдері, прозасы және әдеби зерттеулер / Құрастырған Ж.Сүлейменов. – Петропавл, 2006. – 428 б. Мағжан: әдеби-көркем көпшілік журнал. – 2007 ж ВЕЛИКАЯ ОТЕЧЕСТВЕННАЯ ВОЙНА В ТВОРЧЕСТВЕ ПИСАТЕЛЕЙ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА Автор:Габдуллина А.А., Бекполова Г.А. Руководители:Габдуллина А.А., Бекполова Г.А. Средняя общеобразовательная школа №22, г.Семей. Много лет отделяют нас от Великой Отечественной войны (1941-1945). Но время не снижает интереса к этой теме, обращая внимание сегодняшнего поколения к далёким фронтовым годам, к истокам подвига и мужества советского солдата - героя, освободителя. Правильная трактовка и оценка исторических событий имеет огромное значение для воспитания подрастающих поколений. Слово писателя на войне и о войне трудно переоценить: меткое, разящее, возвышающее слово, стихотворение, песня, яркий героический образ бойца или командира - они вдохновляли воинов на подвиги, вели к победе. Эти слова и сегодня полны патриотического звучания, они утверждают красоту и величие наших моральных ценностей. Вот почему мы вновь и вновь возвращаемся к произведениям, составившим золотой фонд литературы о Великой Отечественной войне. Произведения писателей, пришедших в литературу прямо с полей сражений, имеют большое воспитательное значение. Многие герои этих книг могут служить примером мужества, бесстрашия, проявленных при выполнении своего долга перед Отечеством. Чем больше проходит времени, тем суровее, правдивее, беспощаднее литература наша видит минувшую войну, ее кровь, боль, грязь, голод и жестокость. [1] В годы войны 123 казахстанских поэтов и писателей находились на фронте, командовали партизанскими отрядами в тылу врага, зорко охраняли границы страны, участвовали в освобождении европейских столиц от фашизма. Все они награждены орденами и медалями. 26 поэтов и писателей Казахстана погибли на полях сражений. Огромную популярность приобрели стихотворения Жамбыла Жабаева («Ленинградцы, дети мои!»), А.Тажибаева, «Ленинград» Ж. Шашкина, К. Аманжолова («Легенда о смерти поэта»), А. Сарсенбаева. Многие писатели и поэты с оружием в руках участвовали в боевых действиях: Бауыржан Момышулы, Касым Кайсенов и другие. Многие из них, как Абдулла Жумагалиев, Баубек Булкышев, Владимир Чугунов пали смертью храбрых. Хотим рассказать о писателях и поэтах, которые мало знакомы широкому кругу читателей. Их произведения не вошли в школьную литературу.Одним из них является Кемель Токаев. [3] «Кто говорит, что на войне не страшно, тот ничего не знает о войне». Эти строки как никакие другие передают отношение к войне КемеляТокаева 24 Свои воспоминания о войне он позже подробно опишет в книге «Солдат ушел на войну», где расскажет о своих переживаниях, о первой встрече с противником, о потерях на фронте и огромном желании каждого солдата вернуться домой с победой. Это беспристрастный и честный рассказ солдата о том, что ему пришлось пережить на войне, рассказ горький, потому что война не бывает без потерь, светлый, потому что в любых обстоятельствах к тебе на помощь приходит настоящая мужская дружба Война на то и война, что она все расставляла по своим местам. Для КемеляТокаева она стала настоящей жестокой школой жизни, наложила неизгладимый отпечаток на его судьбу. Она помогла ему понять, что такое добро, что такое зло, понять ценность и неповторимость человеческой жизни. [2] В боях закалялся его характер, дух. Его сын, видный государственный деятель, Касым-Жомарт Токаев позже напишет: «По стечению суровых обстоятельств война стала его первым жизненным университетом, где он получил уроки мужества и основные навыки общения на русском языке. Спустя много лет он с удовольствием вспоминал об этом, говоря, что русским языком он овладел не за школьной партой, а в боевых условиях». Может поэтому, как и миллионы его сверстников, он не очень любил говорить о войне, отличался молчаливостью, а порой и замкнутостью. Таким он вышел из войны – молодым, поседевшим... Как пишет Касым-Жомарт Токаев: «Он стал мужественным и стойким, но не жесткосердечным человеком, мужественным, но не циничным». [5] Повести Кемеля Токаева с большим интересом и тепло встречали читатели. Такие как «Особое поручение», «Таинственный след», «Убийство перед закатом», «Ночной выстрел» и другие книги. Герои его – простые люди. Это и партизаны, героически сражающиеся в тылу врага, и отважные работники милиции, органов госбезопасности, которые благодаря своему уму, таланту, выдержке и спокойствию раскрывают сложные преступления. Морис Давидович Симашко (настоящая фамилия Шамис). Книга казахстанского писателя Мориса Семашко «Гу-га» приоткрывает завесу над одним порождением сталинского режима - батальонами штрафников времен Великой Отечественной войны, месяц службы в которых приравнивался к десяти годам тюрьмы. "Гу-га" - книга о тех, кто, проливая свою кровь, ежедневно рискуя собственной жизнью, расплачивался за ошибки штабных. Человек, талант которого - "милостью Божьей". Он жил историей, а история жила в нем. [4] Касым Кайсенов — автор многочисленных произведений, в которых правдиво описывал самые трудные периоды Великой Отечественной войны, беззаветный героизм простых солдат. Его первая книга «Молодой партизан» увидела свет в 1954 году. После этого были опубликованы книги «Илько Витряк», «Партизаны Переяславля», «В пасти у смерти», «Мальчик в тылу врага», «На Днепре», «В тылу врага», «Партизанские тропы» и многочисленные рассказы, очерки, сборники повестей. Многие произведения автора были переведены на русский, украинский и другие языки. 25 Список литературы: 1. Анисимов С. Поля войны: стихи / С Анисимов.// Простор.-2005. №5. – 85-87 с. 2. Анисимов, ССолдатская дума / стихотворение//Простор.-2015. №5 – 127с. 3. Кайсенов, К «Пишу о том, что испытал и пережил» //Казахстанская правда.-1995 – 147 с. ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ «АЙ МЕН АЙША» РОМАН-ЭССЕСІНДЕГІ ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ Абильдаева Аяулым Жетекші: Тлебалдина Нургуль Казанбаевна №22жалпы орта білім беретін мектеп-лицей Ш. Мұртаза - қазақ публицистикасы, прозасы, аудармасы және драматургия салаларына үлкен үлес қосып, туған әдебиетімізді тақырыптық-көркемдік жағынан байытқан жазушы.Ш. Мұртаза қаламынан туған «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан» повестері, «Қара маржан» романы мен «Ай мен Айша» эссесі, т.б әңгімелері мен драмалық шығармалары – «Сталинге хат», «Домалақ ана», «Есек саудасы», «Ноқтаға басы сыймаған», «Жалғыз үйлік зіл-зала» пьесаларының бүгінгі қазақ әдебиетіне қосары мол. Қазақ әдебиетіне жазушылар: Ғ.Мүсірепов және Т.Ахтановтардан кейін келген Ш.Мұртаза шығармашылығының өн бойынан өзі бастан кешірген өмірдің тарихын көруге болады.Шығармашылық ұстанымы туралы қойылған сауалға ол: «– Әй, менің жазып жатқанымның бәрі – ел тағдыры, айналайын. Ано-о-оу, баяғыдан бері солай. Ел тағдырынсыз мен ештеңе жазбаймын. Ел тағдырынсыз немене жазасың сен? Ойнап-күліп, ха-ха-халауды ма? Ондай еңбек жоқ менде. Көркем әдебиетте де, публицистикада да, жай мақалада да ондай дүние таппайсың... Жазсам, ел тағдыры туралы жазамын. Кейде өз тағдырым туралы жазатын шығармын. Бірақ ол да ел тағдырына байланысты. Елге қатысы бар дүние. Жазғаныңда ел тағдыры болмаса, жазудың керегі не? Ел тағдырынсыз, басқа бір әлемдегі жоқ-барды жазатындар бар шығар? Соған әбден дағдыланып алған шығарсыңдар. Менікі ондай емес» – деп жауапбергендігі Шерхан Мұртазаның шығармашылығындағы қаламгерлік ұстанымды анық танытады. [1,417 б].Ел тағдырын жазушылық өнердің негізгіне айналдырған Шерхан Мұртаза шығармаларының барлығы ұлтымыздың тарихи тағдырын бейнелеген өмірлік шындықтан құралады. Шерхан Мұртазаның оқырманның сүйіп оқитын туындысының бірі – «Ай мен Айша» – эссе романы.Жазушының «Ай мен Айша» роман-эссесіндегі заман шындығын сомдаған оқиғалар көптеген қазақ қаламгерлерініңортақ тағдыры болатын. «Ай мен Айша» романы – жазушының балалық шағы туралы, басты кейіпкері – Шерханның өзі. Шығармада өмір көріністері, әлеуметтік психологиялық мәні бар қайшылықтар автордың көзімен беріледі. 26 «Ай мен Айшадағы» өмірлік деректер,жазушының тікелей басынан кешірген өмірлік шындықтар оқырманын қызықтырады. Эсседе жастық шағын соғыс өрті шарпыған әкесіз, ағасыз өскен ұрпақтың өсіп-жетілуі, саналы азамат санатына қосылу жолындағы қиындықтар туралы шебер суреттелген оқиғалар қамтиды. Осы ауыр кезеңде халқымыздың басынан өткен ауыр жағдайлар : қайғықасіреті, қуаныш-сүйініші, қысы мен жазы, тоқшылығы мен жоқшылығы – бәрібәрі қаз-қалпында көз алдымыздан өтеді.Жазушы Мәди Қайыңбаев «Ай мен Айша» романы туралы былай дейді: «Кітап қуғын-сүргін мен соғыстың ауыр кезеңіндегі бүкіл қазақ ауылдарындағы қарадомалақтар тұрмысының эпопеясы, көркем энциклопедиясы. Бұл — Шерағаңның ес біліп, етек жинағалы бері көкірегінде пісіп, шыңдалып, әлдеқашан «жазылып қойылған» дүниесі» [2]. «Ай мен Айшаны» оқи отырып біз автордың балалық шағы, өмір жолы ауыр жағдайда өткендігін көреміз. Мысалы, «Ақсай мен Көксай» әңгімесіндегі Арзы мен Барсхан арасындағы әңгімедегі Әміреқұл – Шәрбан оқиғасын алғаш Шерхан Мұртазаның анасы Айшадан естігендігін эсседе «Әміреқұл» деген әңгімесінен оқимыз. «– Әй, Барсхан, сен Әміреқұл көкеңді білесің бе, айтпақшы? Ойбу, Құдай-ай, қайдан білесің, онда бір-ақ жаста едің ғой. Әміреқұлдың баласы Медетхан да бір жаста. Екеуің түйдей жасты едің ғой...» деген жолдар «Ақсай мен Көксай» әңгімесінде ұзақ жолға шыққан Барсхан мен Арзының арасындағы диалогта да кездеседі. «– Арзы апа, Медетхан неге бұ жаққа кетіп қалған? – деп көптен көңілімде көмулі жатқан жұмбақтың шешуін сұрадым. Өйткені шешем ылғи: – Медетхан деген бауырың бар. Қырғыз жақта, – дейді. – Сенімен түйдей жасты, – деп қояды. – Неге о жақта, неге бізбен бірге емес? – десем, үндемей күрсіне береді, кейде жылайды. Қазір мына Арзы апам да күрсініп қойып: – Байғұс бала, қай-қайдағыны еске салып... – деп түйіліп біраз отырды. – Әлгіде айттым ғой, ұлы апаң осы қырғыздар жаққа ұзатылған баяғыда деп. Оның інісі – сенің әкең Мұрат, о, атыңнан айналайын, пейіште нұрың шалқығыр... Одан кейін Әміреқұл... Әміреқұл көкеңді білесің бе? Әй – бұ, сен қайдан білесің, о кезде бір жаста екенсіңдер ғой, Медетхан да бір-ақ жаста болатын» [3, 23 б.]. Әңгіме мен эсседегі Әміреқұл – Шәрбан оқиғасы өмірде болып қана қоюымен емес, шығармалардың көркемдік танымын кеңейтуге де және кейіпкердің өміріндегі ең бір елеулі оқиғалардың баяндалуына да таптырмайтын көркемдік деталь болған. Шерхан Мұртаза әңгімесіндегі көркем сюжеттің барлығы нағыз өмірдің өзінен алынған тарихи танымдылығымен реалистік сипаты басым жататындығын осы «Ай мен Айшадағы» көркем композицияға шебер қиюласқан өмірлік деректердің нақ өзінен көреміз. Мысалы «Қамқа» әңгімесінде : «...Он жасқа қараған кезім еді. Соғыстың екінші жылға аунаған шағы болатын.Таңертең мал өріске шығарда, Айша мені ертіп алып, қара ешкіні іздеуге тағы бет алды. Әр

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет