Абай мектебінің қалыптасуы

бет4/5
Дата19.01.2023
өлшемі1,79 Mb.
#61900
1   2   3   4   5

Абайдан тапсырма алып Тақырға қайтқанда: «Сонан кейін, үйге келісімен өлең жазуға кірісіп, күндіз-түні тыным алмай, 5-6 күнде бітіріп, Абайға қарай қайта жүрдім», – дейді Көкбай. Бұл қыстың басы елдің қысқы соғым қамына кіріскен уағы екен. Осы шаруамен Абайдың Ақшоқыдан Аралтөбеге кеткенін естіген Көкбай Тақырдан төте тартады (бұл екі ара 70 шақырым жер). Жол бойы өз жазған дастанды жаттауға кіріседі: «Күн суық, қағазды екі жеңіммен ұстап, атымның басын жолдасыма жетектетіп қойып, жол бойы жаттадым». Өйткені, Абай машығы бірден «айт» дейді, әйтпесе тыңдамай қояды екен. «Абай бұл уақытта үлкен ауылынан Бауырдағы ауылына, тоқалыныкіне барып сонда жатыр екен, – дейді Көкең. – Кіші ауылы «Аралтөбе» деген жерде, үлкен ауылынан 35 шақырым жерде еді. …Сонымен кеш болып ел орынға отыратын кезде кіші ауылға жетіп Абай отырған үйге сәлем беріп кіріп келдім. Үйде кісі көп екен. Алдарына кешкі шайды жаңа алған екен. Кірген жерде сәлемімді алмастан «Абылай келді ме?», – деді».

Абайдың қасында болған, сөзін тыңдаған ондаған жастардың арасында ұлы тұлғаның атына кір келтіргені жоқ, бәрі де көкірегінде Абай жаққан адамдық шырағын қастерлеп, сөндірмей өтті. Негізі, Абайдың тәлімгер шәкірті болу үшін өзін көру, қасында еріп жүру шарт емес қой. Ақынның асыл поэзиясы оны сүйсіне оқыған, санасына тоқыған сан мың қазақ жастарының көкірегіне сәулесін түсіргені шындық. Бұл ретте, әсіресе, ХХ-ғас.басындағы алаш арыстары мен қайраткерлер шоғырын атап айтамыз (олар Абайға шәкірт емес деуге ешкімнің дәті шыдамас).

  • Абайдың қасында болған, сөзін тыңдаған ондаған жастардың арасында ұлы тұлғаның атына кір келтіргені жоқ, бәрі де көкірегінде Абай жаққан адамдық шырағын қастерлеп, сөндірмей өтті. Негізі, Абайдың тәлімгер шәкірті болу үшін өзін көру, қасында еріп жүру шарт емес қой. Ақынның асыл поэзиясы оны сүйсіне оқыған, санасына тоқыған сан мың қазақ жастарының көкірегіне сәулесін түсіргені шындық. Бұл ретте, әсіресе, ХХ-ғас.басындағы алаш арыстары мен қайраткерлер шоғырын атап айтамыз (олар Абайға шәкірт емес деуге ешкімнің дәті шыдамас).
  • Айтқандайын, өткен ғасырдың 50-ші жылдары «Абайдың әдеби мектебі» концепциясы зиянды деп танылып, орынсыз дау-дамайға ұласты. Дәлдісінде 1951 жылдың маусымында «саяси зиянды концепция» ретінде әшкереленді. «Осы оқиғадан кейін, – деп жазады Қайым Мұхаметханов, – «Ақын аға» романы да «Абай мектебінің» кебін киді. Мұхтар Әуезов Ғылым академиясы мен университеттен қуылды. Ал мен 25 жылға сотталдым» («Абай» журналы. -2004. №2). Абырой болғанда, Сталин өлгеннен кейін Қайым аға ақталып шығады.
  •  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет