Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік және тәрбиелік мәні Абай шығармалары адамның өзін- өзі танып білуге үлкен септігін тигізеді. Ақын өз шығармаларында адамгершілікті, тазалықты, рақымшылықты ұстану арқылы қазақты ешбір елден кем болмауға жетеледі. Ұлы ойшыл өз халқына жаны ашып қазақ елін өрге сүйреуге барынша ниеттенді. Абайдың кез келген туындысы адамгершілік қағидасын насихаттайды. Сол себепті Абайдың әрбір шығармалары біз үшін рухани- адамгершілік байлығымыз болып қала бермек.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.» ,- деп ақын Абай он сегізінші қара сөзінде айтқандай, адамгершіліктің негізі ғылым мен білімде жатқанын көруге болады. Ойшыл ар- ұят, мінезді жоғары қоя отырып, адам болмысының бейнесін дәріптеді. Кісіліктің келбетін танытатын асыл қасиеттермен сусындап өсуге, талаптанып ер жетуге, адамды жақсы бағытқа бұруға ақын қара сөзінде шақырады. Адам өзінің «бес жаман қасиет:өсек, өтірік, мақтаншақтан» арылғанда ғана, ізгілік тұрғыдан адам болмысын түзу, нық ұстауға болады. Жас ұрпақты рухани- адамгершілік тәрбиелеуде ақынның асыл мұралары, қара сөздері мен өлеңдері бізге нағыз өсиет өнеге. ХХІ ғасыр – білім ғасыры. «Бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» ,- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай біз қашанда жастар осы қағидадан жаңылмай, еріншектік пен салғырттыққа салынбай, мақсатымызды түзу оң қылсақ, біз ештеңеден ұтылмаймыз. Білім, ғылымды игерген адам бойында адамгершілік қашанда табылады. Абайдың айтқан бес жаман қасиетінен арылып, бес асыл ісіне ұмтылу – бүгінгі күннің бастауы. Біз сонда ғана өз қоғамымыздың нық болуын қалай аламыз.
Ас сөзге көп мағына сиғызған, сөз майталманы- ақын шәкірт Шәкәрім де рухани- адамгершіліктің негізін қалаған. Шәкәрім «Адамдық борышың» өлеңінде:
«Адамдық борышың ар үшін,
Баршаға адамзат қаны үшін,
Серт берген еңбек етемін,
Алдағы атар таң үшін.» ,- дегендей ақынның мақсаты адамның өмірдегі бағытындағы адамдық борыштан жаңылыспау. Бұл жерде ақын адам борышын негізгі ала отырып, адамгершілік құндылықтарын назарына алып, оларға сыни көзбен қарап, парақ бетіне өлең жолы арқылы қалдырды. Шәкірт ақын тек бұнымен тоқталып қалған жоқ, ол барлық нәрсеге терең бойлап, жамандығынан жирене біліп, жақсылыққа ұмтыла білді. Ал мұның бәрін ұстазы Абайдан үйренген. Абайдың ізін жалғастырып, Абайдың сара жолымен жүріп отырған Шәкәрімнің мұрасы Абайданда кем түспес асыл мұралардың бірі. Екі ұлы ойшылдың да ғылым, білім жолындағы еңбектері аз емес. Бүгінгі таңда осы айтылғандардың бәрін ескеріп, Абайдың он жетінші қара сөзіндегіндей «ақыл, қайрат, жүректі» бірге ұстап, ғылым- білім арқылы өсіп өнуге әрқашан жетілдіретіні анық. Адамгершіліктің ақ туын жоғары ұстаған ақындарымыздың тәлім- тәрбиесі, ұстанған қағидаларының жас ұрпаққа берері мол. Егер Абай мен Шәкәрім секілді ұлы тұлғалардан мысал алып, үлгі тұтсақ, келешекте жастардан адамгершілігі мол, білімді жастар шығатынын көруге болады.
Қорытындылай келе, Абай шығармалары өміріміздің бойтұмарымыз ету бізге негізгі мақсат. Абайдың сөзімен ұрандап, Абайдың үнімен рухтансақ, ой маржандарын ойымызға сақтап өссек бағындырмас асуымыз болмайды.