Сабақ жоспары Бөлім: ІІ



бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі27,16 Kb.
#45504
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ардақты ат 4 сынып


Өзін-өзітанусабағыныңжоспарынқұрубойыншаәдістемелікұсынымдар


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім: ІІ



Ынтымақты отбасы

Педагогтің аты-жөні

Рамазанова Ақмарал Маратқызы

Күні:

21.12.2021



Сынып:

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы № 15

Ардақты ат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту
мақсаттары



  • айналасындағы адамдармен тілектестік қатынас жасай алады; адал және әділетті қылықтарды ажырата алады; айналасындағыларға жанашырлық, ықылас таныта алады; отбасындағы, елдегі, әлемдегі проблемаларға немқұрайдылық танытпайды;




Құндылық:



Ақиқат

Қасиеттер:

Әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік

Сабақтың мақсаты

оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын ұғындыру арқылы Ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік

оқушыларға адамның жақсы сөзі мен жақсы ісі туралы білім бере отырып, шынайылық қасиеті туралы түсінік беру;
оқушыларды адамды қадірлеуге, құрметтеуге мәдениеттілік қасиеті арқылы үйрету;
Оқушыларды сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1.Жағымды көңіл күй



Оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіреді.
Тәртіп.Талап.Тазалық
Татулық.Тыныштық
Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.
Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену».


Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
5 «Т» ережесін еске түсіреді.
Оқушылар ыңғайланып отырып, нұрға бөленеді.

Оқулық, 4-сынып. Ізғұттынова Р.О., Оралбекова Ә.К., Тәттімбетова Қ.Ж.


https://www.youtube.com/watch?v=LCiAfCCwc7A



2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелесу)

Мұғалім оқушылардан алдын ала берілген үй тапсырмасын тексереді.
«Қорқыт ата» аңызы
-Қорқыттың дүниеге келуі ел есінде қалай қалды?
-Ол дүниенiң бір шетінен екiншi бiр шетiне нелiктен сапар шеккен?
-Қорқыт ата қай жерден жанына тыныштық тауыпты?
-Қорқыт ата қайғы-мұңын қалай жеңiлдеткен еді?
-Қорқыт атаны нелiктен «Қазақ ән-күйiнiң атасы» деп атайды?
-Ӛзің Қорқыт ата туралы тағы не білесің?
Аңызда Қорқыт атаның өмірге келуінің өзі ерекше болғаны туралы, оның асқан өнері жөнінде айтылған. «Қорқыт ата» деп аталу себебi туралы мынандай аңызәңгiме бар. Қорқыт мес болып туады, жұрт шошып қалады. Тек анасы қорықпайды: менiң тапқаным жанды бала едi ғой деп местi жарып жiбергенде iшiнен сәби шыға келедi. Үрейленiп тарай бастаған жұрт қайта жиналып, бұл өзi дүниеге жұртты қорқыта келдi ғой деп, атын «Қорқыт» қояды. Қорқыт ата өмірде дүниенің о шеті мен бұл шетін көп аралаған, көпті көрген, көп білетін, өмірлік тәжірибесі мол адам болған. Өмірден көрген-білгендерін даналықпен түйіндеп отырған. Қорқыт ата күй өнерінің керемет шебері болған кісі.



Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Ақиқат құндылығының әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік қасиеттерін меңгереді.

Оқулық, 63 бет

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз)(әңгімелесу)



Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.
Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Жүсіп Баласағұни


Сұрақтар:
-Адам бойында жақсы қасиеттер болу үшін не істеу керекпіз?.
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Мұғалім дәйексөзді дәптерге жазуды ұсынады.
Адам бойына жақсы қасиеттерді сіңірген жағдайда, оның әр жасаған ісі алға басып отырады. Сол себепті де, оқушылар, сіздер де бойларыңызға тек жақсы қасиеттерді сіңіріп отыруларыңыз қажет.

Оқушылар Жүсіп Баласағұни дың қанатты сөзінің мағынасын талқылайды, оны бірнеше рет қайталайды және дәптерге жазады.
Оқушылар адам бойында жақсы қасиеттер болса, соның ішінде әділдік, шыншылдық, кішіпейілділік қасиеттері болса жақсы нәтижеге жететінін ұғынады.

Оқулық, 63 бет. Жұмыс дәптері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет