Абай мұрасының ХХ ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды



бет1/7
Дата11.11.2022
өлшемі260 Kb.
#49473
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абайтану



Түсінік хат
«Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс – шаралар жоспарының» 41 және 42 – тармақтарына сәйкес әзірленген бағдарламаны басшылыққа ала отырып жасалды.
Абай мұрасының ХХ ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды; ақынның өмір жолынан, туып – өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім – тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары берілді.
Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық – көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды. А.Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын, аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін танып- білуіне бағытталған.
Абай шығыс пен еуропа , орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуы, оның шығармашылық , ақындық өнеріне ықпалын тигізгендігі бағдарлама барысында қамтылған.
Ұлы Абай шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын мұрасы. Абайды тану , зерттеу қазақ әдебиеттану ғылымымен, сынымен бірге туып, өсіп келеді. Бүгінгі интеллектуал оқушының көзімен қарасақ, Абайды тану тек халықтың, қоғамның, ғылымның ғана міндеті емес, оны оқып, үйрену өзін мәдениетті , білімді санайтын әрбір азаматтың парызы, оның ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеу мен өсірудің бірден – бір құралы. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.


Мақсаты

Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына , өміршеңдігіне көздерін жеткізу, даналық сөздеріне талдау жасату, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.


Оқушылардың ой еркіндігін, байқампаздығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу.
Ұлы ақынның шығармаларын терең де , жан – жақты таныту арқылы елжанды , халқымыздың әдебиетін , өнерін , салт – дәстүрін , мәдениетін , тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары , білім, білік дағдыларымен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана –сезімі қалыптасқан , өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты , терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Міндеттері




  • қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану;

  • ақынның мұрат – мақсаттарын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру;

  • ғұлама ойшылдың философиялық ақыл – нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, көзқарастарымен таныстыру;

  • ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі , қарасөздері өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат , адамгершілік идеяларын таныту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет