Абай мұрасының ХХ ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды



бет2/7
Дата11.11.2022
өлшемі260 Kb.
#49473
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абайтану

Курстың өзектілігі

Абайды тану, бағалау , насихаттау , оқыту – қоғамдық ой – санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер , кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуында. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары.


Абай шығармаларындағы философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіні, ғылым – білімді іске жарату, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдармен күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл – күйімен суреттеу шеберлігін сезінуде.
Абай шығармалары ғылым, оқу, тәрбиелеу, адамның дамуы, қалыптасуына байланысты ой- пікірлерге бай екендігіне көз жеткізе отырып, оқушылардың бойларына таныту өзекті міндет болып табылады.


Күтілетін нәтижелер

1. Абай шығармаларын терең талдай білер әдеби сауатты , ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігін танып, тілін, өлең табиғатын тани білер ғылыми ізденімпаздыққа толы, әдебиеттің өмірдегі ерекше орнын бағалай білер эстетикалық талғамы жоғары тұлға дайындалады.


2. Ақынның өлең, қарасөз, поэма жазудағы суреткерлік өнері мен аударма жасаудағы шеберліктерін біледі.
3. Қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын айқындай біледі және ақындық қуатын, көркемдік шешімін таниды.
5. Көркем – әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
6. Зерттеушілік қабілеті оянады, шығармашылық жұмыс жүргізеді.

Оқушыларға қойылатын талаптар

1. Ақын өлеңдерін жаттау арқылы түсініп, ұғыну.


2. Сауатты , көркем сөйлеуге машықтандыру.
3. Ақын шығармасының тәрбиелік мәнін түсініп, үлгі ету.
Ж 4. Өз бетінше ізденуді, тапсырманы жауапкершілікпен орындауды қалыптастыру.
5. Көркем ойды дамытудағы көшбасшылық ойды білуі.
6. Ақын ән – күй жайындағы толғанысын , эстетикалық талғамын білу.

Оқушы нені білуі керек:
1. Абайтанудың қазіргі уақытта өзектілігін, рухани қажеттілігін түсінулері.
2. Ақынның қазақтың халықтық өлең –жырларынан , ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі.
3. Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі.
4. Ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын, тағылымын түсіне білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет