Абай Құнанбаев және Шығыс классиктері
Баршамызға белгілі Абай Құнанбайұлы қазақ өлеңдері мен шығармаларының негізін салушы,әдебиеті мен тілінің кірпішін қалаушы ақын, философ әрі өзінің дүниетанымдық көзқарасын ислам дініменен ұштастырып, шығыс пен батыс елдерінің мәдениетіне зерттей отыра, қазақ мәдениетін жаңартуды діттеген тұлға. Абай заманындағы қазақ жазушылар арасында шығыс классиктерінің әдебиеті кең таралды. Сол себепті Абай жазбаларындағы шығыстық белгілер туралы көптеген даулы пікірлер, ауыр тақырыптар қозғалып жүрді. Абай өз шығармашылығында басқа әдебиеттердің гуманистік және тәрбиелік идеяларын қамтып қана қойған жоқ, сонымен қатар шығыстық аруыздың классикалық метрикасын қазақ жазба поэзиясына енгізді. Алғашқы өлеңдерден бастап, арузды бүкіл шығармашылық жолында пайдаланған. Қазақ поэзиясында аруздың орнығуы да Абайдың арқасында болды.
Абай өз шығармашылығында шығыстық арузды қолданып қана қоймайды, М.О.Әуезовтің пікірінше, «қазақ поэзиясында әлем әдебиетімен танысу негізінде өзі жасаған жаңа, бұрын беймәлім түрлердің жасаушысы бола отырып, жаңашыл ретінде әрекет етеді».
Аруз негізінде «Сегіз аяқ» поэмасы жасалған:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Бұл поэтикалық форманың ерекшелігі - ондағы қысқа жолдардың ұзын жолдармен үйлесуі. Абай ондағы форма немесе мазмұнға қарай жолдардың ішкі ырғақтық бөлінуін шебер пайдаланады.
1934 жылдан М.Әуезов Абай мұраларындағы шығыстық белгілері туралы мәселеге назар қоя бастады және кезеңдерге бөліп қарастырды. Бірінші кезең 1860-1865 жылдардағы Абай Құнанбайұлының шығыс классиктеріне қызыққан жастық шағы, екінші кезең 1886-1890 жылдардағы Абайдың туындыларының шарықтау кезеңі деп екі кезеңге бөліп, олардың негізгі айырмашылығын зерттеды.
Абай мұралары мен шығыс классиктерінің байланысын зерттей бастағанда, оларды негізінен
Абай мұраларындағы махаббат лирикасынан,
Дидактикалық шығармаларынан,
Өсиет, ақыл, кеңес ретінде жазылған өлеңдері мен қарасөздері және «Толық адам» ілімінен жиі кездестіреміз.
Абай мұраларындағы махаббат лирикасы.
Абайдың өлең өрнегіндегі махаббат лирикаларын 19ғасырдағы жалпы шығыс шығармаларының арасында теңдесі жоқ туындылар, әрі еуропалық лирикалардың деңгейіне жеткен асыл мұралар ретінде қарастырамыз.Абай шығармалары арасындағы «Желсіз түнде жарық ай», «Қызарып,сұрланып» сынды маңдай алды туындылары көркемдік құдіретке йе. Онымен қоса Абайдағы шығыстық белгі, оның мазмұнындағы жырлау стилі «Көзімнің қарасы» туындысында ерекше бой көрсетеді. Мұндағы ғашықтық сезімді Абай «Алланың рақметі» немесе қыз бойындағы көз тоймас сұлулық ретіндегі қарастыруының арғы төркінінде шығыс классиктерінен келген бәр леп бар деп қарастырады.
Дидактикалық шығармалары.
Абай Құнанбайұлының жастық шағындағы еліктеу арқылы пайда болған «Инзи-рәушан, көзі- гаухар» шығармасын қазақ әдебиетінде жоқ ғаруз ұйқасымен жазған деген пікірге тоқталады. М.Әуезов Абай өлеңдеріндегі мұндай жаңаша сарындарға тоқтала отырып: «Абай мұраларында идея немесе мазмұн жағынан толығымен шығыс классиктерінің ықпалына берілмесе де, өлең құру кезі мен пікір жаңалығы жөнінде көп нәрсе табады»- деп ерекше қарастырып өткендігі бар.
Өсиет, ақыл, кеңес ретінде жазылған өлеңдері және «Толық адам» ілімі.
М.Әуезов өз зерттеулерінде ғана атап айтылатын,Абай шығармалары мен шығыс классиктерінің байланысы жөнінде сөз қозғалғанда еленбей қалатын тақырыптардың бірі Абай мұраларындағы шығыстық белгілердің бір сипаты болған нәзирагөйлікті атап өтеді. Абай философия аңыз-әңгіме, дастандарын нәзирагөйлік стилінде жырлағанын М.Әуезов абайтану саласында алғаш рет айтылып, қоғалды. Зерттеуші Абай мұраларындағы нәзирагөйліктің дәлелі ретінде ақынның үш поэмасын негізге алады («Әзім әңгімесі», «Масғұт», «Ескендір»). Онымен қоса Толық адам ілімін таратуда нәзирагөйлік дәстүрді пайдалану әрекеті байқалады. Абай бұл шығыстық дәстүрді орыс шығармаларын аудару кезінде де тәжірибе жасап, пайдаланған деген тұжырымда бар. Бұндай жаңаша стильді Абайдың өз шығармаларына қолданған немесе аударма ісіне пайдаланған жаңашыл басамасы, дүние жүзі класиктері арасындағы батыл қадам, үлкен бетбұрыс деп қарастырған.
Қорыта келе Абай мұраларын зерттеу барысында даулы мәселеге айналған Абай шығармаларындағы шығыстық белгілерді ақындық жолындағы ізденіс деп және сол кездегі дәуір талабына сай қолданылған әдеби, көркем тәсіл ретінде қарастырамыз. Қазақ әдебиетінде Науаи,Сағди,Фзули сынды шығыс классиктерінде кездесетін ортақ белгілердің кездесуі бір жаңашылдық іспеттес болды.