Неліктен І. Алтынсариннің пікірінше, рухани биік тұлғаның қолында білім ерекше құндылыққа ие болуы мүмкін



Дата21.04.2023
өлшемі167,62 Kb.
#85149

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Неліктен І.Алтынсариннің пікірінше, рухани биік тұлғаның қолында білім ерекше құндылыққа ие болуы мүмкін?

Орындаған: Керімбай Тәуекел
Тексерген: Ахметова А.И

Алматы 2023

Қазақстанның ізгілік педагогикасын классиктерінің жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин. Бар саналы ғұмырын ағартушылыққа , яғни ізгілік педагогикасына көп еңбектенген көрнекті тұлға. Ол өзінің педагогтік, жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімін және қайраты мен жігерін жас ұрпаққа арнады. Қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, қазақ балаларын озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді.


Ыбырай әңгімелерінің мазмұны әділдікке, адамгершілікке, кісілікке, талаптылыққа, өнерге, еңбекке, оқу-білімге, достыққа т.б жақсы қасиеттерге шақырады. Жақсылыққа жақын болып, жамандықтан ада болуға үйретеді. Оның шағын әңгіме-новеллаларының тақырыбын еңбек, тәрбие, өнер деп шартты түрде бөлуге болады. Ол жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса айқын жолға сал», — деді. 

Ыбырай Алтынсариннің өзінің заманында жазған : «…жастардың ой- пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек…» деген өсиетін есте сақтау абзал. Себебі қазіргі таңда рухани-адамгершілік білім өте қажет. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды. Ой, сөз және істің бірлігін тең ұстай алды. Ағартушы әр әңгімесінде рухани- адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ақиқат, қиянат жасамау және ішкі тыныштық құндылықтарды дарытады. Баланың бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытудың маңызды шарттарының бірі- балаға қоршаған ортада шынайы көзқарас, көңілді жағдай туғызу болып табылады Аңыз әңгімелерінің қай-қайсысын алсақ та, ондағы айтылатын негізгі идея – жалпыадамзаттық құндылықтар мәселесін көтере отырып, аз сөзбен көп мағына беретін қысқаша әңгімелерді жас ұрпаққа тәлімдік - тәрбие береді.


Адамгершілік қасиеттерді дәріптеуін басты назарда ұстаған. Яғни, жеке тұлғаға рухани-адамгершілік білім беру мәселелерін басты мақсат етіп жүзеге асырған. Өйткені, ол жас жеткіншіктерге ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды үйлестіре отырып үйреткен. Адамның қоғамда өз орнын табуына, ақыл- парасатының дамуына, яғни, кемелденуге деген тілегін ашып, мәнді өмір сүруіне үйретеді.
Тәкаппарлық» деп аталатын шығармасын қарастыратын болсақ, біздің қазақи таным мен салт-санада кішіпейілділік, үлкенге құрмет, қандай жағдай болмасын өз мәдениетіңнен айырылмауды берік ұстанады. Ыбырай шығармасы да сол негізде. Басты еңкейтуден қорықпау керек, ол адамның ұлылығын көрсетеді. Осы тектес, «Бидайдың бастары» деген әңгімесін де сараптап көрдік. Берер тәлімі – бір. Ішкі мәдениеті жоғары, білімі кемелденген, оң-солына жоғары деңгейде қарай алатын, саналы адам ешқашан басын жоғары көтермейді, жаман қылыққа бет бұрмайды.
Қорыта айтқанда, Ы.Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин рухани- адамгершілік білім беруді ту етіп ұстады және қазіргі таңда да жалау етіп желбіреп өз мәні мен мағынасын жоғалтпады. Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгімелерін өзімнің кәсіби және жеке өмірімде кеңінен қолданамын.
Алтынсарин тәрбие процесіне үлкен мән берді, өйткені ол мұғалім институтын терең тұлғалық қарым-қатынас орын алатын оқушыға сенім институты деп түсінді. Алтынсариннің білім алу тұжырымдамасы, бір жағынан, әмбебап идеясын жүзеге асырды, екінші жағынан, жеке тұлға идеясы, жеке білім беру стратегиясы тұжырымдамасы. Әмбебапшылдық пен индивидуализмнің шектен шыққандығынан аулақ болған Алтынсарин әлемдік білім кеңістігіне кіріктірілген ашық тәрбиелік концепция ретінде ағартушылықтың бірегей үлгісін жасайды. 
Айтпақшы, бүгінде көптеген елдерде білім берудің ұлттық тұжырымдамалары әмбебап және жеке көзқарастардың тепе-теңдігін реттейтін өте тиімді фактор болып көрінеді. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасында» тұлғалық факторды ашуға септігін тигізетіндіктен, білім беруде жеке көзқарастың қажеттілігіне назар аударылады. Білім беру парадигмасындағы ұлттық мазмұн – ұлттық рухани дәстүрді заманауи интеграциялық білім беру үдерісіне енгізуде. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.https://bilimger.kz/24853/
2.https://bilimdinews.kz/?p=198742

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет