Абай Құнанбаев және Шығыстың классикалық әдебиеті



Дата04.04.2023
өлшемі14,99 Kb.
#78972
Байланысты:
Абай Құнанбаев және Шығыстың классикалық әдебиеті


Абай Құнанбаев және Шығыстың классикалық әдебиеті
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы екені анық. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары. Абайдың «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма? » деп басталатын өлеңіндегі «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген сөзінің астарында үлкен мағына бар. Данышпан ақын «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» деу арқылы «Мыңмен жалғыз алысуға » тура келген күрделі тағдыры мен ұлт намысын қорғаған рухани биігін жіті пайымдауға, дұрыс қорытынды жасауға жол нұрқаған. Оның өмір сүрген дәуірі қазақтың ұлттық санасын ширататын қазіргі заманалық құбылыстармен тікелей байланысты. Сондықтан да ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік жайлы өсиеттері мен үлгі-өнегесін оқып-үйрену Мәңгілік Елдің ұлттық тұғыры болып қала бермек. Арада қаншама уақыт өтсе де, Абай тұлғасы биіктемесе, аласарған жоқ.
Абай шығармаларын терең де, жан-жақты таныту халқымыздың тарихы мен әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдыларымен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде кәдеге жарата білетін, , ұлттық сана-сезімді қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға сенімділік туғызады. Абай ілімінің ұлттық сананы ұйытатын мүмкіншілігі мен өзектілігі де осында.
Абай қазақ фольклоры мен жыраулар поэзиясын, шығыс және орыс әдебиетінің классикалық шығармаларын меңгеріп, аударма жинақтарын жасады. Абай шығыс әдебиеті классиктерінің жарқын жұлдыздары атанған Рудаки, Фирдоуси, Низами, Руми, Жәми, Науаи шығармаларының мазмұнын салыстырып қарап «толық адам » туралы философиясын қалыптастырды. «Толық адам» туралы философиясында Абай жүрек пен ақыл культін бөліп қарастырған шығыс классиктерінің шығармаларын салыстыра отырып, екі культті қосып қарастырды. Ақыл культін көтеріп, оны шешуші орынға қойып мадақтау, әсіресе, Рудаки, Фирдоуси поэзиясында басым болса, жүректің культі бірінші орынға қойып көтере мадақтау Руми, Низами, Жәми шығармаларында басымырақ.
Жалпы Шығыс классиктерінің поэзиясында ғасырлар бойы өзекті орын алған осы аталмыш екі бағыттың теориялық-философиялық желісіне қазақ әдебиеті тарихында Абай ғана барынша терең еніп, шығармаларында ақыл, қайрат, жүректі бірлікте алады да, олардың арасынан жүрекке шешуші орын береді. Әрі ақыл мен қайраттың мәнін кемітпей , олардың атқаратын қызметіне тиесілі әділ бағасын беріп отырады. Абай Шығыс философиясы мен поэзиясындағы осы екі бағыттың арғы-бергі тарихымен, ондағы орын алған әрқилы көзқарастармен жай танысып қана қоймай, оларды сын елегінен өткізудәі нәтижесінде ақыл, қайрат, жүрек хақындағы өзіндік дербес әрі тың ұғымды таныта алды.
Мұхтар Әуезов Абайдың жастық шағындағы үш өлеңін, яғни “Иузи раушан, көзі гауһар”, “Фзули, Шәмси, Сәйхали”, “Әлиф-би” өлеңін таза еліктеу, бірақ шағатай әулетіндегі сопылық сарындағы лирикадан мүлде бөлек шығыстық белгілер деп таниды. Мұхтар Әуезов Абай шығармаларындағы шығыстық белгілердің ақынның бала кезінен өмірінің соңына дейін желідей созылып арқау болғанын айтады. Абайдың Шығыс классикасына деген қарым-қатынасына тоқтала келіп: “Алдағы уақыттарда Абайдың Науаи, Низами, Физулилерге қарым- қатынасын зерттеуді тарихи принципке құра отырып, бұл қатынастардағы екі түрлі кезеңнің яғни: шығыс классиктеріне еліктеген жастық шағы , мен Абай творчествосындағы марқайған тұсындағы негізгі айырмашылықты анықтау керек”, — деп екі дәуірге бөліп қарайды. Абай өлең, шығармаларында жалпы шығыстық белгілер. Шығыс классиктерімен Ақынның творчествалық байланысы, әсіресе, ақын жазған дидактикалық сарындағы өлеңдерден ерекше байқалады. Шығыстан келген Абай өлеңдеріндегі ой ортақтастығы мен өлең өрнегіндегі соны үлгілер де біршама байқалады. Абай терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарының ықпалына берілмесе де, өлең құру шеберлігі, пікір жаңалығы, сөз шеберлігі жөнінде көп нәрсе қаралады.Сонда, әсіресе, өзіне ең жақын Науаи шығармаларынан үлгі іздейді. Абайдың нәзирагөйлік дәстүрді ұлы классиктерге тән шеберлікпен қолдану жолы, әсіресе, “Ескендір” поэмасын жазу үстінде айқынырақ байқалады. Абай Ескендір жөніндегі тарихи, әдеби шындықты шығармасына арқау еткенде өзі көтерген сыншылдық ойдың тұрғысынан қатынас жасайды. Тағы да өзі ұстанған гуманистік көзқарасын насихаттауға Абай: “Низами, Науаи, Физули сияқты өзі қадірлеген классиктердің нәзирагөйлік үлгісін творчестволық жолмен пайдаланып қолданған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет