Ходжабаева Жансая «Сауаттылық», Функционалды сауаттылық»



бет1/3
Дата25.10.2022
өлшемі19,47 Kb.
#45291
  1   2   3

Дәріс №3. Бекіту сұрақтары Ходжабаева Жансая



  1. «Сауаттылық» , Функционалды сауаттылық» дегеніміз не?

Сауаттылық – ана тілінің заңдары мен ережелерін оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде пайдаланудың берік дағдыларымен үйлестіре отырып білуі.
Сауаттылық: бастапқы оқу және жазу кабілеттілігі.
1-мағынасы бойынша термин кейде сауаттылықтың басқа түрлеріне де жатқызылады, мысалы, компьютерлік. Қазіргі қоғамда сауаттылыққа (және оның деңгейлеріне) қызығушылық жиі саяси пікірталастардың негізгі такырыбы болып отыр.
Әрбір білім беру аймағы сауаттылықтың барлық түрлерінің дамуына қатысады: оқу мен жазу сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, денсаулық саласындағы сауаттылық, мәдени сауаттылық экономикалық сауаттылық және т.с.с.
Функционалдық сауаттылық – тұлғаның сыртқы ортамен қарым-қатынас жасай алу және оған мейлінше бейімделе алу мен онда қызмет ете алу қабілеті.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мәселесі тек бала жасындағыларға ғана емес кез-келген елдің ересек халқы үшін де көкейтесті екендігі ХХ ғасыр бойы айқындалды, себебі ғылыми зерттеулерде бұл ұғымның мазмұнының кеңейтілуі оның әрекеттік аспектісіне енгізіумен байланысты болып, «функционалдық сауаттылық» ұғымының пайда болуын білдірді.



  1. «Функционалдық сауаттылық» ұғымының даму тенденциясы қандай?




Функционалдық сауаттылық феноменінің пайда болуы адамзаттың сауаттылық компоненттеріне ие болуының уақыттық ауқымын кеңейтті: білім, іскерліктер, дағдылар, әрекет тәсілдері, тәртіптік және дүниетаным сапалықтары. Функционалдық сауаттылықтың пайда болу аумағы адам қатысатын және онда әрекет субьектісі ретінде қызмет ете алатын барлық әрекет түрлерін қамтиды (танымдық, әлеуметтік, қарым қатынастық, өзін тану мен өзін анықтау).
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру өмір бойы жалғастырылады, себебі адам қызметінің барлық салаларында жаңа ережелер мен тәртіпті игеруді қажет ететін өзгерістер болып отырады (О.Е. Лебедев, С.А. Тангян, Б.С. Гершунский, В.А. Ермоленко, С.А. Крупник, В.В. Мацкевич, А.М. Новиков, Л.М. Перминова).
Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.



  1. «Математикалық сауаттылық» ұғымының мазмұны, талабы.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет