Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы



Pdf көрінісі
бет33/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84
Байланысты:
thesis180613

транскрипция,
транслитерация,
калька әдісі (көшірме), сипаттамалық әдіс 
секілді біршама тәсілдері бар. 
Транскрипция әдісін пайдалану кезінде бастапқы сөздің дыбыстық нысаны берілсе, 
транслитерацияда сөздің графикалық нысаны беріледі. Мысал ретінде Абайдың қара 
сөздерінің Ричард Маккейн орындаған ағылшын тіліне аудармасын алайық. Абайдың 
екінші қара сөзіндегі «
жаман сасыр бас орыс»
[11, 5 б.] дегенді аудармашы 
«The red- 
50 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
headed Urus» 
[12]
 
(сары басты Орыс)
 
деп аударып,
 
солайша
 
«орыс»
 
сөзінің
 
транскрипциясын сақтаған. 
Окказионализмдерді аударудың калька тәсілінде сөздің ішкі формасы сақталынып, 
тілдердің өзара лексикалық сәйкестіктері арқылы жүзеге асады. Әдетте, калька әдісін 
сөзбе-сөз аудармаға ұқсатады, себебі окказионализмнің баламасы оның құрамдас 
бөліктерінің аударылып, кейін олардың қосындысы арқылы орындалады. Абайдың қара 
сөздерінен тағы бір мысал келтірейік. Отызыншы қара сөзіндегі ақынның 
«қырт мақтан»
[11, 35 б.] сөзжасамын Р.Маккейн 
«boastful windbags»
деп аударыпты [12]. Бұл жерде 
boast
(мақтаншақтық) 
–ful
жұрнағы арқылы 
мақтаншақ
сөзін құрап тұр. 
Wind
(жел) және 
bag
(қап) сөздерінің қосындысы арқылы 
қырт
(
сөзқұмар, мылжың) сөзінің мағыналы 
аудармасы ұсынылған. 
Окказионализм аудармасының сипаттамалық әдісі сөздің сыртқы формасына 
қарамастан, семантикалық мағынасына байланысты болады. Бұл әдістің мақсаты – 
окказионалды сөздің мағынасын өзге тілде түсініктеме беру арқылы аудару. 
Сипаттамалық әдіске мысал ретінде Абайдың қара сөздеріне қайта жүгінейік. Сегізінші 
қара сөзіндегі келесі сөйлемді 
«Енді ұры-залым,
сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды»
[11, 
12 б.] Р.Маккейн 
«As for thieves and scoundrels, they obviously would not listen anyway» 
[12]
 
деп аударған.
 
Мысалдан көріп тұрғанымыздай аудармашы сипаттамалық әдісті қолданып, 
сөздің сырт-келбетіне қарамай
«сұм-сұрқияның»
мағынасына сай келетін «
scoundrels»-
ты
(жексұрын, сұмырай) ұсынып отыр. Ал ақынның он үшінші қара сөзіндегі 
«Бұл енді 
иман дерлік
инануға екі түрлі нәрсе бар» 
[11, 16
 
б.]
 
атты сөйлемдегі
«инану» 
етістігі 
біздің назарымызға
 
түсіп отыр. «Инану», яғни «сену», илану мен нану етістіктерінің 
қосындысынан туындаған жаңа авторлық сөзжасам. Оны аудармашы сипаттамалық әдіске 
жүгіне отырып, семанитикалық мағынасы жағынан сәйкес келіп тұрған ағылшынның 
«believe»
сөзімен аударып отыр: 
«There are two ways of believing»
[12]. Сонымен қатар, 
Абайдың он төртінші қара сөзіндегі «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің 
қазақтың 
жүректі кісі
дегені - батыр кісі дегені» [11, 17 б.] сөйлеміндегі 
«жүректі кісі»
сөз тіркесін авторлық сөзжасам ретінде алсақ, жоғарыда атап өткен Н.А.Янко-
Триницкаяның окказионализмдер жайлы теориясының шындығына көз жеткізе аламыз. 
Яғни, Абайдың бұл сөзжасамы қазіргі кезде кең қолданыста болғанымен, мүмкін, өз 
заманында жаңа реңкпен автордың ұсынып отырған окказионализм рөлін сомдап тұрған 
шығар. Дегенмен, 
«жүректі кісі»-нің
аудармасын қарастырайық. Аудармашы Ричард 
Маккейн 
«Calling someone a man of brave
heart, people respect him as a batyr» 
[12]
 
деп,
 
«brave heart», 
яғни
 «ержүрек адам» 
деген
 
аударманы ұсынып отыр. 
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ: 
1)
окказионализм деп тілдегі сөзжасам үлгілерін бұзу арқылы жазушылардың ойлап 
тапқан жеке, дербес дүниесін айтамыз; 
2)
окказионализмдер 
ерекше 
сөйлеу 
феномені 
болып 
табылатындықтан, 
экспрессивтілік, контекстке тәуелділік, нормаланбаған, сөйлеу әрекетіне тиістілік сияқты 
қасиеттерге ие; 
3)
окказионализмдерді аударуда транскрипция, транслитерация, калька және 
сипаттамалық әдіс секілді белгілі тәсілдер қазіргі кезде кең қолданыста
4)
окказионализмдер неологизмдер секілді өздерінің «жаңа» қасиетінен уақыт өте 
айырылу мүмкіндігі бар. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Ибраева А.Б. Көркем аудармадағы окказионализмдер мәселесіне. 
2.
Ивлева А.Ю. Культурное пространство художественного текста/А.Ю.Ивлева. – 
Саранск. – 2008. – 204с. 
51 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
3. Лыков, А.Г.Можно ли окказиональное слово называть неологизмом 
[Текст]/А.Г.Лыков//Русский язык в школе.-1972.-№2. 
4.
Янко-Триницкая
Н.А.Междусловное
наложение
[Текст]/Н.А.Янко- 
Триницкая//Развитие современного русского литературного 
языка.:Сб.ст.М.:Наука.,1975.С.253-260. 
5.
Еспекова
Л.
Қадыр
Мырзалиев
поэхиясындағы
окказионализмдер. 
Филол.ғыл.канд....авторефераты. – Алматы. – 1998. – 10-бет. 
6.
Ефремова Т.Ф. Новый словарь русского языка. Толково-словообразовательный. – 
М.: Русский язык, 2000.-1233 с. 
7.
Жеребило Т.В. Словарь лингвистических терминов: Изд.5-е,испр-е и дополн.-
Назрань: Изд-во «Пилигрим», 2010.-486 с. 
8.
Лыков А.Г. Заметки об окказиональных и потенциальных словах//Вопросы 
современного русского языка. – Краснодар. – 1968. 
9.
Бейсенбай А.Б. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы окказионалдық қолданыстар: 
Филол.ғыл.канд....дис. – Астана, 2008. – 24 б. 
10.
Бабенко Н.Г. Окказиональное в художественном тексте. Структурно-
семантический анализ: Учеьное пособие / Калинингр.ун-т. – Калиниинград, 1997. 
11.
Қара сөз / А.Құнанбаев – «Public Domain». 
12.
Richard McCain. Abai Kunanbaev - Book of words. Электр.ресурс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет