«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
адамгершілік пен әділетті жырлаған тарихи-реалистік шығарма. Бұл – ақиқат дүние!
Сондықтан да «Ескендір» поэмасын, Абайдың дүниежүзілік «Александрия» тақырыбына
қосқан өзіндік зор үлесі деп қарауымыз керек.
Келесі мұрасы әрі нағыз адамгершілікке баулыйтын мұрасы- Атамыздың қара сөздері.
Шынында тәлім тәрбиеге мол, бай нағыз мұра деп есептеймін. Атамыздың 45 қара сөзі
бар 46 аяқталмаған. Атамыздың қара сөздері 1890-1898 жылдары жазылды.
Халқымыздың классик ақыны Абай бұрын соңды болып көрмеген, қара сөз жанрына
қалам сілтеді. Адамгершіліктің бастауы-адамның санасы. Осы жинақта ұлағатты және ізгі
ниетті сөздерді көруге болады. Тәлім алатын нағыз мұра. Қазақ та адам баласы ғой, көбі
ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат,
байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан
ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып
кетерлік қайрат қазақта кем болады. (Абайдың он төртінші қара сөзінен) Өскелең ұрпақ
осы қара сөздерді оқып, солардан ой қорытып, тәлім алса міне нағыз дана, дара балалар
өсер еді. Алайда несін жасырамыз әттең дейтін дүние бар! Қазіргі жас ұрпақ оқуға
ерінеді! Ол шындық. Ұстаздар мен ата-аналар осыны қолға алып балаларды буыны
қатпаған нағыз кезінен Абай атамыздың қара сөздерін оқуға баулыса, менің сенімім кәміл
нағыз дана, дара асыл ұрпақ көбейер еді.
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге» деп бекер айтылмаған!
Тек бұл емес Абай атамыздың бізге қалдырған мұралары өте көп.
Әр мұрасының
өзіндік мәні мен мағынасы бар. Кез келген жанға ой салатын шығармалары өте көп.
Шыны керек кейде оқып отырып ойға шомыйтын сәттер көп болады. Ондай сәттер
көбінде «Қара сөздерін» оқып отырғанда болады. Қатты ойыма келетін сұрақ «Мен
кіммін? Осы жасқа келгенде мен неге жеттім? Елім үшін мен не істедім, не істеймін, не
істей алдым?» деген сұрақтар шыныда қарап тұрсам бұл жандар менің жасымда не істеді,
ал мен не істеп жүрмін? Өте қатты ойланатын сұрақ! Меніңше тек мені ғана емес ол
барша адамды ойландыруы керек сұрақ тәрізді!
Абай туралы айтылған пікірлер:
«Әкемiздiң бiр шешесiнен туған Ибраһим мырза, қазақ iшiнде Абай деп атайды, сол
кiсi мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрiк, һәм Алланың берген ақылы да бұл
қазақтан бөлек дана кiсi едi". Ш.Құдайбердіұлы
“Сөзің асыл-баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес". М.
Жұмабаев
«Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ
даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А.Байтұрсынов
«Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне
маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана
қалқыдым».
М.Әуезов
«Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны
белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос
көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі
шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».
Н.Ә.Назарбаев
98
«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция
«Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ».
М.Дулатов
«Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер».
М.Жұмабаев
Осындай ұлы тұлғалардың Абай атамыз жайлы жазған ойларын оқи отырып қандай
тұлға болғандығын түсінуге болады. Мәңгі өшпес мол мурасы бар Абай ел жадында
мәңгі сақталады. Себебі «ол Қазақ халқының шоқтығы
бейік жұлдызы, шам шырағы.»
Осындай тұлғаның арқасында біздің қазақ елін бүкіл әлем тануда!
Қорытынды
Ойымды қорытындылар болсам. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай
мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі
құндылық болуы тиіс». Абай өзінің туған халқымен мәңгі –бақи бірге жасайды, ғасырлар
бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шағара береді. Абайды оқу
арылы, оны әлемге таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,
қазақ халқын
танытамыз. Абай мұрасы – адамды адам етіп тәрбиелеудің жан – жақты дамыған тұлға
қалыптастырудың қайнары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын
қазынасы. Осындай ақынымыздың, батыр, дана, біртуар бабамыздың ұрпағы болғанымды
мақтан тұтамын...
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А. Білік, [1999 - 750.]
2.
Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері./құраст. Л.Әуезова,
М.Мырзахметұлы. А.Санат , [1997 -448.]
3.
Мырзахметұлы М. Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы. / Әуезов М. Абайды
білмек парыз ойлы жасқа. А.Санат, [1997 -416.]
4.
Мырзахметұлы М. Абайтанудың бірегей зерттеушісі. // Әуезов М. Абайды білмек
парыз ойлы жасқа. А. Санат [1997 -416.]
5.
Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А. Санат, [1997 -416.]
6.
Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.Ана тілі, [1995 -272.]
7.
Е.Э.Бертельс. Роман об Александре и его главные версии на Востоке. М.Л. [1948,
378 стр.]
8.
М.О.Әуезов. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Монография. Алматы, «Жазушы» -
[1985ж. 496 бет.]
Достарыңызбен бөлісу: