Абай қҰнанбаевтың Әлемі мен шығармашылығына жастардың КӨЗҚарасы


Key words:  Abai, Words of Wisdom, teaching the Kazakh language as a second language



Pdf көрінісі
бет62/84
Дата02.12.2023
өлшемі1,97 Mb.
#132414
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84
Key words: 
Abai, Words of Wisdom, teaching the Kazakh language as a second language,
 
thematic organization, language organization. 
Абай тағылымының қазақ қоғамын тәрбиелеуде, ұлттық даму бағытын айқындауда 
маңызы өте зор. Абай сөздерінің өзектілігі өзінің өміршеңдігімен, уақыт табында 
қалмауымен, шын асылдай жарқырап, әр қазақтың, әр адамның керегіне жарауымен 
өлшенсе керек. Бала кезімізден Абай тағылымынан сусындап, қазақ мектебінде қазақ 
әдебиетін, көркем туындыларын оқып өскен ұрпақ ретінде біз өзіміздің қандай бақытты 
екенімізді енді түсініп жатқандаймыз: біз Абайды ана тілімізде оқимыз, елестетеміз, 
ғибрат аламыз. Ал өзге тілділер ше? Олар Абай мұрасын Абайдың тілінде оқи алуы үшін 
тіл мамандары не істей алады? Осыған дейін Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу 
нысанына айналдырған ғалымдар ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, 
білуге күш салған болатын. Абай тілін зерттеудің қазіргі заманғы талабы – оны қазақ тілін 
екінші тіл ретінде оқытуда ұтымды пайдалану. Сондықтан ендігі кезекте жоғарыда 
айтылған Абай сөздерінің шапағаты қазақ тілін, қазақ мәдениеті мен ділін үйренгісі 
келетін тіл үйренушілерге де тиюі керек деп ойлаймыз. Абайдың қара сөздерінің мазмұны 
былай тұрсын, жай ғана грамматикалық құрылымына көз жіберсек, ұқсас, бір-біріне 
балама болып түсіп жататын тілдік категорияларға кезігеміз. Ал сөз саптауында градация, 
литота сынды құбылтулардың рөлін атқарып тұрған сан алуан синоним және антоним 
сөздер тізбегі мен тіркестері мәтінді оқушының көз алдына қанық түстермен боялған 
сурет сияқты келтіре біледі десек артық айтқандық болмас. 
110 


«Абай Құнанбаевтың әлемі мен шығармашылығына жастардың көзқарасы» атты республикалық ғылыми онлайн-конференция 
Тілді оқытудың қатысымдық әдісі негізінде жасалған Типтік бағдарлама тіл 
үйренушілер меңгеруі тиіс қатысым тақырыптарын А1, А2, В1, В2 және С1 деңгейлері 
үшін төмендегідей анықтайды [1, 48-б.]: 
1.
Адамның өзін өзі тануы және өзгелерге мінездеме беруі; 
2.
Отбасылық, ресми және қоғамдық қатынастар; 
3.
Мамандық және қызмет; 
4.
Жұмыс күні, бос уақыт, демалыс, қызығушылық; 
5.
Елтаным. 
Аталған деңгейлерге ортақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет