Абай Құнанбайұлы Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі354,34 Kb.
#93

Абай Құнанбайұлы 

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (

1845


-

1904


) — 

ақын


ағартушы


жазба қазақ 

әдебиетінің

қазақ әдеби тілінің



 негізін қалаушы, философ, композитор, 

аудармашы

, саяси 

қайраткер

[1]

, либералды білімді 



исламға

 таяна отырып, 

орыс

 және 


еуропа

 мәдениетімен 

жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық 

шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау 

еткен.

[2]


 

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем 

ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық 

трактаттар

 стилінде 

жазылған «

Қара сөздері»

 - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, 

саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

[3]


 

Қысқаша шолу 

Орта жүздің

 

Арғын


 тайпасының 

Тобықты


 руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі 

Өскенбайұлы Құнанбай

 өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі 

болған. 


Патша өкіметі

 

XIX ғасырдың



 ортасындағы бір сайлауда оны 

Қарқаралы 

ауданының

 аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі 

Ұлжан

 Орта жүздің 



Арғын

 тайпасынан 

Қаракесек руының

 шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың 

қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы 

Ұлжан


 еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен 

Абай тарихқа енді. 

Осындай текті ортадан шыққан 

Құнанбай


 мен 

Ұлжаннан


 туған төрт ұлдың бірі Абай 

жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы 

баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң 

Семейдегі Ахмет Риза медресесіне

 береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан 

шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел 

жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі 

билер


 үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, 

аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге 

болыс

 болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық 



тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан 

пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп 

тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан 

шығыс классиктері 

Низами



Сағди



, Қожа Хафиз, 

Науаи


Физули


, Жәми тағы басқаларды 

оқыса, екінші жағынан 

А. С. Пушкин

, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. 

Некрасов, М.Ю. , 

Л.Н. Толстой

И.А. Крылов



Ф.М. Достоевский

И.С. Тургенев



Н.Г. 


Чернышевский

 мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен 

Гете



Дж. Байрон



 

сияқты ақындарды оқып, Дрепер, 

Спиноза



Спенсер



Льюис


Дарвин


 сынды ғалымдардың 

еңбектерін зерттейді.

[4]

 

Абай 



10 тамыз

 

1845



 ж. қазіргі 

Семей облысының

 

Шыңғыс тауларында



 

Қарқаралының

 аға 

сұлтаны 


Құнанбайдың

 төрт әйелінің бірі, екінші әйелі 

Ұлжаннан

 туған. 


Ақынның арғы тегі 

Орта жүз


 Тобықты Арғын ішіндегі 

Олжай батырдан

 басталады. 

Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-

бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, 

Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр 

мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына: 


«Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым, 

Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым, 

Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым, 

Сірә да оңбас торғайым...» 

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде 

Ырғызбай

 ортасынан оза шауып, ел 

басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, 

Өскенбай


 тарайды. 

Өскенбай


 шаруаға 

жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса 

Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады. 

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі 

Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: 

Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі 

Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі 

Нұрғанымнан 

ұрпақ

 жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. 



Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің 

таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі 

көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. 

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл 

Семейдегі 

Ахмет Риза медресесінде

 оқиды. Бұл медреседе 

араб


парсы


 тілдерінде, 

негізінен, 

дін сабағы

 жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар 

ықыласымен беріліп, үздік 

шәкірт


 атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз 

бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, 

араб, 

иран


, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, 

Шығыстың 

Низами



Науаи



Сәғди


Қожа


 Хафиз, 

Фзули


 сияқты ұлы ғұлама, классик 

ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай 

Семей қаласындағы

 

“Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын 



әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы 

аяқталады. 

 

 

Абайдың Алматыдағы ескерткіші. 



Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз 

жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы 

Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың 

қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар 

қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен 

жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының 

залалдарынын айқын түсінді. 

Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті 

би-

болыстардың



 арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, 

соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам 

ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына 

түсіп, жеңіп шығады да, 

1876

-

1978



 ж. 

Қоңыр-Көкше

 еліне болыс боладі. Бұл жылдары 

Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге 

зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты 

жазаға


 тартып, халық қамқорына 

айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген 

шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалган арыз айтушылар 

көбейді. Соның бірі 

Үзікбай Бөрібаевтың

 “Таймақкөл деген жерімді тартып алды ” деген 

жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры 

Е. П. Михаэлистің

 

көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 



1884

 ж. 


27 тамызда

 жалған жала деп 

тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған “Абай барымта алды, ауыл шайып 

әйел қорлады” деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтіжесіз қалды. 

Ақын саяси қызметі үшін 

1870


 жылдары 

Петербургтен

 

Семейге


 айдалып келген 

Михаэлиспен

 , 80-жылдарда орыс демократтары 

Н. И. Долгополов

А. А.Леонтьевпен



 

танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі 

ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, 

демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста 

М. О. Әузовтың

 “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани 

бастаған Абай озгын ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, 

Белинский

Герцен


Чернышевский

Салтыков-Щедрин



Некрасовтардың

 өз мұраларын оқып, кең, терең 

тарбие алды. Абайдың 

классик ақын

 болған маңызын, әлеументтік көзқарасын тек 

Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы 

даналарына қиянат сөз айтқан болар едік ” деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. 

Абай осылайша Европаның '

Гете


Байрон


 сияқты ақындарын, 

Спенсер


Спиноза


Льюис


Дарвин


Дрепер


 сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен 

айтқанда “1884 жылдары, жасы қырыққа таман іліңенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар 

кісі болды.” Абай осы тұста, 1886 ж. досы Михаэлистің ұсынысымен, 

Семей облысы

 

Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. 



1875

 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 

1878

 жылға дейін болыс 



болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік 

білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. 

Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, 

шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, 

Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.

[5]


 

1885


 ж. мамыр айында 

Шар өзенінің

 бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-

губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-

ден астам 

би-болыстары

 бас қосқан төтенше 

съезі


 өткізілді. Осы съезде төбе би болып 

сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу 

тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде 


әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, 

патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да 

ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне 

арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдің атақ-даңқын осынша көкке көтерген 

Қарамола съезінен

 кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 

1890

 ж. Байғұлақ, Кұнту 



деген жуандардан бастаған 16 атқамінер 

Жиренше қыстауының

 шетіндегі Ши деген жерде 

Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 

1891

 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты 



ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан 

кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы 

Әбдірахманнан

 айырылады. 

Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама 

өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын 

баласы 

Мағауия


 да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған 

Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның 

сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі 

Оспанның


 жанына жерленеді. 

Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен 

Шәкәрімге

 деген ұрпақтың 

өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен 

салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр. 

1891

 ж. Оразбай бастаған 



дау

 

1897



 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 

жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын 

бұл жанжалдың барша жиренішті сырын , өзінің ақ екендігін Сенатқа хатында барынша 

айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп 

ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 

1880


-

1997


 ж. аралығында 

көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған 

ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 ж. ескерткен. Ал қара сөзбен 

жазылған 

ғақлия

-өсиеттерін 1890-98 ж. аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. 



Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші 

әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей 

алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ. 

Шығармалары 

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан 

басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — 

«Физули, Шәмси»

«Сап, сап, көңілім»



«Шәріпке»

«Абралыға»



«Жақсылыққа»

«Кең жайлау»



 өлеңдері 1870 

— 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — 

«Қансонарда»

 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем 

әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына 

тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан 

шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе 

Абайдың қара сөздері

) деп аталатын 

прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері. 

Абай өлеңдері түгел дерлік 

лирикадан

 құралады, 

поэма жанрына

 көп бой ұрмағаны 

байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы 

қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай 

өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. 

Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің 

шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және 

«Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. 

Ислам дініне

 өзінше сенген діни таным 

жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы 



көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-

пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-

орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы 

қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді 

түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік 

пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез 

келсеңіз» деп жазады. 

Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір 

салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың 

(идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, 

дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, 

жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік 

емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне 

ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» 

себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде 

қарастыруға жол ашқан. 



Қара сөздері 

Абайдың


 көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі 

- қара сөздері. 

Абайдың

 қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік 



қуатын, 

философиядағы

 даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде 

жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын 

Абайдың

 қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-



жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды 

болып келеді. 

Абай

 өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып 



қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. 

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен 

философиялық

 сананы ұштастырады. 

Абайдың

 қара сөздеріндегі гуманистік, 



ағартушылық, әлеуметтік ойлары 

дін


 туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ 

халқының философиялық концепциясын құрайды. 

Абайдың

 кара сөздері сондай-ақ жалпы 



адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. 

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 

1918

 ж. 


Семейде

 шыққан "Абай" журналында 

жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері 

орыс


қытай


француз


, т.б. көптеген әлем 

тілдеріне аударылды. 



Абай және Пушкин 

Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық 

деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді 

аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, 

шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой 

кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, 

талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар 

Александр Пушкин

 және 

Михаил Лермонтов



Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен 

мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай 

бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын 

қазақтіліне аударған. 


Абай орыс ақыны 

Александр Пушкиннің

 өлеңмен жазылған "

Евгений Онегин

" деген 

романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," 



"Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," 

"Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және 

"Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды 

қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен 

ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас 

еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына 

"Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе 

жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша 

қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа 

дейін барулары керек, айталық 

Қозы Көрпеш-Баян сұлу

 сияқты. Осыны түсінген Абай 



"Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен 

сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.

[8]

 

Музыкалық мұра 



Ұлы ақын, ағартушы 

Абай


 музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. 

Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, 

музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген 

көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік 

қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, 

ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба 

мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың 

халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық 

санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық 

жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік 

алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес 

еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол 

әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі 

де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан 

жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл- аймағына, кейін жалпы 

қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық 

әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше 

отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық 

салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

[6]


 

Абайтану 

Абайтану 

қазақ

 

әдебиеттану



 

ғылымының

 саласы. Абайтану 

Абайдың


 өмірі мен 

шығармашылық өнері, 

философиясы

, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, 

қазақ 

поэзиясындағы



 өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы 

сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын 

зерттеу шын мәнінде 

Әлихан Бөкейханов

Ахмет Байтұрсынұлы



Міржақып Дулатұлы

 

мақалаларынан басталды деуге болады. 



Ахмет Байтұрсынұлы 

1913


 ж. 

«Қазақ» газетінде

 басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» 

атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын 

болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға 

түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын 

дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын 


құрастырылып, 

1909


 ж. 

Санкт-Петербургте

 басылған Абай өлеңдерінің жинағында 

ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», 

«Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының 

көрнектілері түгелге жуық қамтылды.

[10]

 

Абай — ұлы ақын әрі ойшыл 



Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX 

ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан 

«Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — 

«Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі 

«Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара 

сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді. 

Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге 

түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті 

болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде 

жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады. 

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының 

бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, 

алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен 

құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды 

үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды: 

«Егіннің ебін, 

Сауданың тегін 

Үйреніп, ойлап, мал ізде». 

Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт 

қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы 

жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы 

алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері 

қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-

соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс 

шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй 

қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді. 

Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен 

шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп 

түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, 

сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. 

Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып. — авт.) 

жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), 

тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды». 

Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа 

менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде дамыту 

жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал 

адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен 

шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау 

қасиеттерін қолдап отырды. 


Абай және халық ағарту ісі 

Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. 

«Ғылым таппай мақтанба, 

Орын таппай баптанба. 

Құмарланып шаттанба 

Ойнап босқа күлуге... 

Бес нәрседен қашық бол, 

Бес нәрсеге асық бол, 

Адам болам десеңіз, 

Тілеуің, өмірің алдыңда, 

Оған қайғы жесеңіз, 

Өсек, өтірік, мақтаншақ, 

Еріншек, бекер мал шашпақ 

Бес дұшпаның білсеңіз. 

Талап, еңбек, терең ой, 

Қанағат, рақым ойлап қой - 

Бес асыл іс көнсеңіз..., - 

деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер 

мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең 

ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды. 

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі 

надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын 

оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: 

«Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың 

бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту 

қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын». 

 

 

Абай Құнанбайұлы 



Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді 

өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа 

шақырды. 


Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. 

Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік 

жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік 

тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан 

молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты 

ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, 

білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және 

ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз 

жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді. 

Аудармашылық қызметі 

Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны М. Лермонтовтың 

біркатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. 

Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір 

жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» 

(«Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлендерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің 

«Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. 

Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің 

сүйікті әніне айналды. 

Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-

азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әр 

түрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен 

Лермонтовтың

 Абай 


аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз 

жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін 

байыта түсті. Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды. 

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны 

Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің 

барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп 

жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын 

Мәшһүр 

Жүсіп Көпейұлы



 келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де 

санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір 

итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. 

Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің 

әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей 

полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді. 

Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне 

түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең 

жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс 

болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы 

оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де 

қайтыс болды. 

Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері 

Шәкәрім


Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды. 



Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ 

қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып 

отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. 

Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір 

сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы 

Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын 

Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін 

жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ыкпал еткен адал ақын 

Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері 

Әлихан 


Бөкейхановтың

 редакциясымен басылып шықты. 

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың 

ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде 

Шекспир



Пушкин



, Гетелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір 

халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы 

Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, 

Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы 

ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның 

жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және 

республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 

жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.



[12]

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет