қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі
құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне,
жетер-жетпес болып
жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен.
Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап,
төңіректегі
қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды
сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай,
ақылды
қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер
кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып
кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе,
болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол
алдыңғы есеп алғаннан бергі
өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не
ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен
өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып
өткізгеніңді өзің де білмей
қалыппысың?
1893
Достарыңызбен бөлісу: