Араб және парсы ықпалы: Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері: Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін текжалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс тауып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине. Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер.[6] Абай және Пушкин
Абай.Суретшісі Әбілхан Қастеев. [7] Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармаған одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.[8] Музыкалық мұра