Жасушалық цикл
Бөліну арқылы түзілген жаңа жасушаның өзіндік бөлінуге дейінгі кезеңді жасушылқ цикл деп атаймыз. Жасушалық цикл 2 кезеңге: бөлінуге даярлық интерфаза –және бөліну үдерісі митозға бөлінеді. Интерфаза- жаңа жасуша өсетін және келесі бөлінуге дайыдалатын кезең. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық циклдің шамамен 80%-ын алады. Интерфазаның ең маңызды оқиғасы - бұл репликация –ДНҚ молекуласының екі еселенуі. Репликация болмаса жас жасушалардағы хромосома саны бірнеше ұрпақтан кейін бітетін еді. Хромосомасы жоқ немесе олардың саны жеткіліксіз болғанда жасушалар белгілі бір уақыт тіршілік етіп, бірақ бәрібір көбейе алмайтын еді. Демек, ДНҚ молекуласы екі еселенбесе және хромосома саны жеткіліксіз болса, келесі бөліну жүрмей –жасушалар көбейметін еді.
Митоз –бір бастапқы жасушадан 2 жас жасуша түзілетін және олардағы хромосома жиынтығы өзгермейтін жасушалардың бөліну әдісі.
Мейоз-гаплоидты жасушалардың, көбінесе гаметалардың түзілу әдісі. Оны редукциялық бөліну деп атайды. Себебі редукция-бір нәрсенің кему үдерісі. Мейоз кезінде жас жасушалары хромосома саны 2 есе кемиді.
Жаңа жасушалардың түзілуіне дайындық кезеңі
митозB)мейозC) интерфазаD) ДНҚ репликациясыE) цитокинез
2. Бір бастапқы жасушадан 2 жас жасуша түзілетін және олардағы хромосома жиынтығы өзгермейтін жасушалардың бөліну әдісі.
A) митозB) мейозC) интерфазаD) репликацияE) цитокинез
3. Гаплоидты жасушалардың, көбінесе гаметалардың түзілу әдісі.
A) митозB) мейозC) интерфазаD) репликацияE) цитокинез
4. Жасушалық бөліну кезінде хромосома санының кемуі
A) репликацияB) митозC) мейозD) амитозE) редукция
Қозғалыс
Өсімдіктің өсуі – айқын байқалатын құбылыс. Ол жасушалардың көбеюіне және өсімдік құрамына кіретін заттардың қайта бөлініп таралуына байланысты.
Өсімдік тұтас өседі, ал жеке мүшелері әр түрлі өседі. Тамыр мен сабақ – ұшынан, жапырақ – түбінен, ал ағаш биік бойлап өседі.
Өсімдік бастапқы кезде баяу өседі. Кейін оның өсуі тездеп, ең жоғары сатысына жетеді де, қайтадан баяулап барып, мүлде тоқтайды.
Адам өсімдіктің өсуін өзіне қажетті бағытқа қарай өзгерте алады. Соның нәтижесінде өсімдіктің қоректенуіне жақсарып, түсімділігі артады. Түптеу арқылы өсімдіктің өсуін, тыныс алуын жақсартуға болады.
Өсімдіктердің өсуіне топырақтағы су,минералды заттар,ауа,жапыраққа күнің түсуі,жылу және басқа жағдайлар әсер етеді.
Сұрақ
1. Жасушасы үздіксіз бөлініп, саны артып тамыры мен өркені өсетін ұлпа
А.Түзуші ұлпаВ.Тірек ұлпаС. Негізгі ұлпа Д.Жабын ұлпа
2. Көшедегі жарық көздеріне жақын өсіп тұрған ағаштар, күзде тыныштық күйге кешірек көшеді, себебі?
А.Айналасындағы ауа жасанды жарықпен қосымша жылынады
В.Тәуліктік табиғи жарық фазаларының ұзақтығының өзгеруінен
С.Электр өрісі әсеріненД.Дұрыс жауабы жоқ
3. Шырпу әдісін ауыл шаруашылығында не үшін пайдаланады?
А.Өсімдік қалың өсу үшінВ.Жемісін құстардан сақтау үшін
С.Өркен мен тамырдың бойлау өсуін тоқтатадыД.Қоректенуі жақсарады
4. Өсімдік қалай қозғалады?
А.Өсімдіктер қозғалмайды
В.Өсімдіктің жапырағы, сабағы жел әсерінен қимылдайды
С.Өсімдіктің сағақтары иіліп, жапырақтарын күн сәулесіне қарай бұрады
Д.Өсімдік жапырақтарын жарыққа қарай бағыттайды
Достарыңызбен бөлісу: |