Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Әл-Фараби ғылымдардың түрлері жайлы көзқарастары



бет13/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Әл-Фараби ғылымдардың түрлері жайлы көзқарастары. Ғылымдардың жіктелуі Әл-Фарабидің ғылым мен білімді жіктеуін, көзқарасы мен ұстанымы оның «Ғылымдардың жіктелуі» атты шығармасында анық баяндалған. Ғалым ғылымдарды негізгі бес бөлімге бөліп қарастырды:біріншісі – тіл білімі және оның бөлімдері,екіншісі – логика және оның бөлімдері,үшіншісі – математикалық ғылымдар. Бұлар: арифметика, геометрия, оптика, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика.Төртіншісіфизика және оның бөлімдері, діни ілім және оның бөлімдері,бесіншісі – азаматтық ғылым және оның бөлімдері, фиқһ, кәләм. Ғалымның білімдерді бұлай жіктеуі Аристотельдің ғылымдарды сыныптауынан біраз ерекшеленді, яғни ғалым антикалық грек ойшылын қайталамады. Ол өзінің ұстанымына сәйкес дұрыс деп тапқан тізбекті жасап, өзінен бұрынғылардан еткен ғылым тізбегін толықтырып, заманға сәйкес пішін берді. Оның бұлай жасауына оның білімімен бірге жасаған орта мәдениеті де ықпал етті. Мысалы, тіл білімімен фикһ пен кәләм білімдерінің ғылым сыныптамасына енгізілуі осыны көрсетсе керек. Сол сияқты Аристотель физика мен метафизиканы екі жеке ғылым ретінде жіктеді. Ал әл-Фарабидің жіктеуінде физика мен метафизика реттілігі жағынан математика ғылымынан кейін келіп, бір сырадағы екі негізгі теориялық ғылым ретінде баяндалады. Сөйтіп ғылымның жіктелуіне араб-мұсылмандық мәдениетіне сәйкес рең берді. Мұсылман ойшылы ғылым мен білімдерді мынадай реттілікпен жіктеді:лингвистика: жалпы тілдің, ойлау және адамның күнделікті өмірде таптырмас мәнге ие болуына байланысты білімдердің жіктелуін тіл білімі бастайды. Мұнда әр тілдің негізгі екі бөлігі айтылады, сөз және оның мағынасы арасындағы байланыс мәселелеріне мысалдар беріледі. Сондай-ақ сөздерді пайдалану ережелерінің маңызы мен тіл біліміндегі орны да назардан таса қалмаған. Бір тіл бір ұлтқа тиесілі болғандықтан тіл әмбепатты бола алмайды. Өйткені әр халықтың, қауымның өзінің өміріне, салт-дәстүрі мен жағрафиялық орналасуына сәйкес өз тілі бар. Ғалым: «Әрбір халықтың тіл туралы ғылымы үлкен жеті бөлімге бөлінген», – деп тіл білімін әрі қарай былай етіп жіктейді: жай сөздер туралы ғылым, сөз оралымдары туралы ғылым, жай сөздердің ережелері туралы ғылым, сөз оралымдарының ережелері туралы ғылым, дұрыс жазу ережелері (орфография), дұрыс оқу (орфоэпия) ережелері және өлеңді дұрыс шығару ережелер.Мұнан соң ойшыл тілді ортақ етіп қарастыратын пән, бұл – ойлау мен әмбебапты ережелерді белгілейтін логика өнері. Себебі грамматика білімі тілге қатысты болса, логика өнері сол тілдер үшін ортақ ережелерді қалыптастыруға көмек береді деп логика ғылымын екінші кезекке қояды. «Ильм әл-мантық» (логика ғылымы): әл-Фарабиге сәйкес логика өнері ақылды жетілдіруге бағытталған қағидаттар жиынтығын береді. Ол қатеге ұрыну мүмкіндігі бар ақыл нысандарын танудың барлық жағдайларында адамды дұрыс жолға, ақиқатқа бағдарлайды. Логика ақыл белгілі бір нысандар жөнінде қателесуден, мүлт кетуден және адасудан сақтап, қорғайтын ережелерді үйретеді. Бұл ғылымның пайдасын ғалым: «Грамматика ғылымы бізге сөздер туралы барлық ережелерді ұсынса, дәл сондай логика ғылымы ақылмен танылатын нысандар туралы қағидаттарды ұсынады», – деп түйіндеген.математикалық ғылымдар: арифметика, геометрия, оптика, тәлімдік астрономия, музыка ғылымы, салмақ туралы ғылым, механика түрінде жеті бөлімге бөлінген бұл білімдердің әрқайсысы теориялық және қолданысқа байланысты бөлімдерге ие. Әл-Фараби аталмыш ғылымдар мен оның бөлімдерінің әрбіріне әдетінше жеке тоқтап, ашықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет