Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Бұқар жыраудың шығармаларындағы қайшылықты заман шындығының көрініс табуы



бет21/59
Дата22.07.2023
өлшемі452,68 Kb.
#104640
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың Ð

Бұқар жыраудың шығармаларындағы қайшылықты заман шындығының көрініс табуы.2016 ж. Ақпан 1 18.8k Әдебиет тарихынан елеулі орын алы, артынан өшпес мұра қалдырған 18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың бірі- Бұхар жырау Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан. Бұхар жырау- қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Бұхар жырау туралы, оның шығармаларының негізгі сарындары, көркемдік сипаты жөнінде айту- сол дәуірдің поэзичсын тұтас қамтып айту. Бұхар жыраудың поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние, таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс. Жырау шығармалары жеткізер дүние жеке адамның көріп-біліп, көкірекке түйгенінен әлдеқайда кең жатыр, оның шығармалары- тұтас халықтың сзім-күйі, ой-өрісі, тарихы мен тағдыры. Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау тоғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Шығармаларының басым көпшілігін қамтитын насихат толғауларында адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдылық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Жыраудың бір топ жырлары : «Ежелгі дос жау болмас», «Шашырап шыққан қандар көп», «Мырзалық қонаққа пайда,малға қас», «Жар басына қонбаңыз», «Жал құйрығы қаба деп» және тағы басқа толғауларында ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік сәселелерін қамтиды. Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақапаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің,- деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер»- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді. Жырау қарапайым сөздің сыры сезілмес, жымы білінбес шеберлікпен шендестіру арқылы ғаламат қуат күшін оятады. Жай ғана бір сөздің ұйқасы мен үйлесімінің арасына ол тіршіліктің қария даналығын орнықтырады. Бұхар жырау тірліктің, жарық дүниенің сәулелі нұрын құштарлықпен құшақтайды. Оның ойы-аспаннан биік, сезімі- теңізден терең. Ол құйқылжыған, қайшылығы, қарсылық күресі, текетірес құбылысы көп дүниеден тиянақ табуға баулиды. Басу айтып, сабаңа түсіреді. Аласұрған көңіл, арпалысқан сезімді ауыздықтаудың сиқырын, сырын жеткізеді. Пенделіктен жоғары тұрар қасиеттерді сақта дейді. Жыраудың толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл, афоризм көмбесі. Ол өзінің өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет